Химиялық реакциялар, әдетте, аяғына дейін жүрмейді, яғни бастапқы заттар толығымен өнімге айналмайды. Химиялық реакциялар кез келген өздігінен жүретін процестер сияқты, тепе-теңдік күйге жеткенше ғана бір бағытта жүреді. Тепе-теңдік күйде реакция жүруі тоқталмайды, яғни тура және кері бағытта реакциялар жүруін жалғастырады, бірақ концентрациялардың тура бағыттағы өзгерістері кері бағыттағы концентрациялардың өзгерісімен теңдеседі. Нәтижесінде химиялық тепе-теңдік