Слайд-дәріс тақырып: «Жадты басқару»



бет3/10
Дата09.03.2023
өлшемі0,58 Mb.
#72675
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Д р с 7 42

1. Адрестер түрлері

  • Программаның виртуалдық адрестер жиынтығы виртуалды адрсетік кеңістік деп аталады. Вируалды адрсетер кеңістігінің диапазоны барлық процестерде бірдей болады. Мысалы, 32-разрядты виртуалдық адрестерді қолданғанда диапазон мына шекаралармен беріледі 0000000016 және ҒҒҒҒҒҒҒҒ16. Соған қарамастан әрбір процестің өзіндік виртуалдық адресті кеңістігі бар. Оны транслятор айнымалыларға меншіктейді және ол программа кодына байланысты болмайды.

1. Адрестер түрлері

  • 1-сурет - Адрестер түрлері

1. Адрестер түрлері

  • 2-сурет - Бірнеше программаның виртуальді адрестік кеңістігі

1. Адрестер түрлері

  • Екі бөлек процесстердің айнымалылары мен командаларының виртуалды адрестерінің бірдей болуы конфликт тудырмайды. Өйткені бұл адрестердің бір уақытта жадыда болғанымен, операциялық жүйе оларды әр түрлі физикалық жадыда1 бейнелейді.
  • Әр түрлі операциялық жүйелерде виртуалды адрестік кеңістіктің құрылымы әр түрлі болады. Кейбір операциялық жүйелерде процесстің виртуалды адрестік кеңістіктері физикалық жады тәрізді виртуалды адрестердің үзіліссіз сызықтық тізбегі ретінде беріледі. Адрестік кеңістітіктің мұндай құрылымын сонымен қатар жазық деп те атайды. Бұл жағдайда виртуалды адрес ретінде виртуалды адрестік кеңістіктің басына қатысты жылжуды білдіретін сан меншіктеледі (әдетте бұл мән 000...000). Мұндай түрдегі адресті сызықтық виртуалды адрес деп атайды (сурет 3-а).

1. Адрестер түрлері

  • Басқа операциялық жүйелерде виртуалды адрестік кеңістіктер сегменттер (немесе секциялар, немесе облыстар, немесе басқа да терминдер) деп аталатын бөліктерге бөлінеді. Бұл жағдайда сызықтық адрестің орнына қос санмен (n,m) анықталатын виртуалды адрес қолданылады. Мұндағы n сегментті, ал m сегмент ішіндегі жылжуды білдіреді (сурет 3-б).
  • Виртуалды адрестер үш немесе одан көп сандардан құралған жағдайда виртуалды адрестік кеңістіктің құрылымы жоғарыда аталғандардан да күрделі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет