Слайд-дәріс тақырып: «Жадты басқару»


Жадыны динамикалық бөлімдермен бөлу



бет6/10
Дата09.03.2023
өлшемі0,58 Mb.
#72675
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Д р с 7 42

4. Жадыны динамикалық бөлімдермен бөлу

  • Ұсынылып отырған әдісті игеруге арналған операциялық жүйенің функциялары төмендегідей:
  • Жады аумағының бастапқы адрестері мен көлемдері көрсетілетін бос және бос емес облыстар кестесін құру;
  • Жаңа процессті құру барысында – жадыға қойылатын талаптар анализін жасау және жаңа процесстің кодтары мен деректерін орналастыруға көлемі сәйкес келетін бөлімді кестедегі бос және бос емес облыстарды салыстыра отырып таңдау. Бөлімді таңдау әр түрлі ережелерге негізделуі мүмкін, мысалы «жеткілікті көлемдегі бірінші кезіккен бөлім», «ең кіші жеткілікті көлемдегі бөлім» немесе «ең үлкен жеткілікті көлемдегі бөлім».
  • Таңдалған бөлімге программаны жүктеу, бос және бос емес облыстар кестесіне түзетулер енгізу. Берілген тәсіл программа коды орындалу барысында ауыстырылмайтынын, яғни адрестерді баптау жүктлеумен бірге жүргізілуі мүмкін екендігін көрсетеді;
  • Процесстің яқталуынан кейін бос және бос емес облыстар кестесіне түзетулер енгізу.

4. Жадыны динамикалық бөлімдермен бөлу

4. Жадыны динамикалық бөлімдермен бөлу

  • Фиксирленген бөлімдермен жадыны бөлу әдісіні қарағанда бұл әдіс тиімдірек, бірақ бұл әдіске жадының фрагментациялануы деп аталатын маңызды кемшілік тән боп табылады. Фрагментация – бұл өте кіші көлемдегі жадының сыбайлас (смежный) көп аумақтарының (фрагменттердің) болуы. Олардың кіші болуы соншалықты ешбір программа бұл аумақтардың кез келгеніне сыймайды, бірақ бұл фрагменттердің қосынды көлемі керек жадыдан да асып түсетін үлкендікті беруі мүмкін.
  • Жадыны динамикалық бөлімдермен үлестіру әдісі 60-70 жылдардағы мултипрограммалы операциялық жүйелердің жүйасты жүйесінің көпшілігінің негізі болып келді. Нақтырақ айтсақ OS/360 сияқты кеңінен танымал операциялық жүйелерде.

5. Ауыстырмалы бөлімдер

  • Франментациялаунумен күресудің негізгі жолдарының бірі барлық бос емес аумақтарды үлкен немесе кіші адрестер жағына ауыстыру, яғни бос аумақтар бірігіп жалғыз бос облысты құрайтындай етіп орналастыру (7-сурет). Динамикалық бөлімдерге бөлу әдісі барысындағы орындайтын функцияларымен қоса операциялық жүйе уақыт өткен сайын бөлімдердің қамтитын ақпараттарын бос және бос емес облыстар кестесіне өзгертулер енгізе отырып жадының бір орнынан бір орнына көшіріп отыруы тиіс. Бұл процедура сығу деп аталады. Cығу әрбір процесстің аяқталуы кезінде немесе жаңадан құрылатын процесске жеткілікті орын жетпеген жағдайда жүргізілуі мүмкін. Бірінші жағдайда бос және бос емес облыстар кестесіне өзгертулер енгізу барысында есептеу жұмыстары аз жүргізіледі, ал екінші жағдайда – сығу процесі сирек орындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет