Сегменттер мен беттерді уақытша сақтау үшін дискіден арнайы облыс немесе файл бөлінеді. Бұларды көптеген операциялық жүйелерде облыс немесе свопинг файл деп атайды. Бұл облыстың келесі бір танымал атауы – беттік файл (page file немесе paging file). Беттік файлдың ағымдағы көлемі операциялық жүйенің мүмкіндігіне зор әсерін тигізетін маңызды параметр боп табылады. Беттік файл неғұрлым үлкен болса, операциялық жүйе біруақытта соғұрлым көп есептерді орындай алады. Дегенмен, біруақытта орындалатын есептердің санын көбейту, олардың жұмыс істеу жылдамдығын шектейтінін ескергеніміз жөн. Өйткені уақыттың маңызды бөлігі программалық кодтар мен деректерді оперативті жадыдан дискіге, қайтіп керісінше көшіруге шығындалады.
7. Беттік үлестіру
9-суретте жадыны беттік үлестіру схемасы көрсетілген.
9-сурет - Жадыны беттік үлестіру
7. Беттік үлестіру
Әрбір процесстің виртуалды адрестік кеңістіктері берілген жүйе үшін фикисрленген тең көлемді бірдей виртуалды беттер деп аталатын бөліктерге бөлінеді. Жалпы жағдайда процесстің виртуалды адрестік кеңістігінің көлемі беттің көлемінен кіші болмайды, сондықтан әрбір процесстің соңғы беті фиктивті облыспен толықтырылады. Машинаның барлық оперативті жадысы да сол сияқты көлемдегі физикалық беттер деп аталатын бөліктерге бөлінеді. Беттің көлемі екілік деңгеймен тең алынады: 512, 1024, 4096 байт т.б. бұл адрестерді түрлендіру механизмін қарапайым ету үшін қажет.
7. Беттік үлестіру
Процесстің құрылуы барысында операциялық жүйе оперативті жадыға оның бірнеше виртуалды беттерін жүктейді (кодтық сегмент пен деректер сегменттінің бастапқы беттері). Барлық виртуалды адрестік кеіңстіктердің көшірмесі дискіде сақталады. Сыбайлас виртуалды беттердің сыбайлас физикалық беттерде орналасуы міндетті емес. Әр процесс үшін операциялық жүйе процесстің барлық виртуалды беттері жайлы жазуды қамтитын ақпаратты құрылым – беттер кестесін құрады.