Операциялық жүйеге жұмыс істеу барысында жиі процестер мен ағындар сипаттаушылары, ресурстарды бөліп берудің түрлі кестелері, деректер алмасуын болдыратын процестерге қолданылатын буферлер, синхронизациялаушы объектілер және т.б. жаңа қызметтік ақпараттық құрылымдар құруға тура келеді. Осы жүйелік объектілердің барлығы жадыны талап етеді. Кейбір операциялық жүйелерде (орналастыру барысында) алдын ала жадының кейбір белгіленген көлемі жүйелік қажеттіліктер үшін қолданылатын қор ретінде сақталады (резервируется). Ал басқа операциялық жүйелерде жүйелік мақсаттар үшін жадыны динамикалық түрде бөлу сияқты қолайлы тәсілдер қолданылады. Мұндай жағдайда операциялық жүйенің әр түрлі жүйеасты жүйелері өздерінің кестелерін, объектілерін, құрылымдарын және т.б. құру барысында жадыны басқарушы жүйеасты жүйесіне сұраныс салады.
Кіріспе
Жадыны қорғау – операциялық жүйенің орындалып жатқан процестің басқа процеске арналған деректерді жадыдан оқуына немесе жазып алуына мүмкіндік бермейтін маңызды міндеті болып табылады. Ережеге сәйкес, бұл функция аппараттық жабдықтармен өзара тығыз байланысқан операциялық жүйенің программалық модульдеры арқылы жүзеге асады.
1. Адрестер түрлері
Командаларды және айнымалыларды программаның негізгі циклының әр түрлі кезеңдерінде идентификациялау үшін символдық атаулар, виртуалды және физикалық адрестер қолданылады (1-сурет).
Символдық атауларды қолданушы программаны алгоритмдік тілде немес ассемблерде жазу барысында меншіктейді;
Кейде математикалық немесе логикалық адрестер деп аталатын виртуалды адрестерді программаны машиналық тілге аударатын транслятор меншіктейді. Жалпы жағдайда трансляциялау кезінде программаның оператитвті жадының қай жеріне жүктелетіні белгісіз болғандықтан транслятор айнымалылар мен командаларға виртуалды (шартты) адрестерді меншіктейді. Әдетте, бұл әдістер үнсіз келісім бойынша саналу арқылы беріледі. Программаның бастапқы адресі нөлдік адрес болады.
Физикалық адрестер оперативті жадының айнымалылар мен командалар орналасқан немесе орналасатын ұяшықтары нөміріне сәйкес келеді.