Слайд-дәріс тақырып: «Жадты басқару»


Ауыстырмалы бөлімдер 7-сурет - Жадыны ауыстырмалы бөлімдермен бөліп беру 5. Ауыстырмалы бөлімдер



бет7/10
Дата09.03.2023
өлшемі0,58 Mb.
#72675
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Д р с 7 42

5. Ауыстырмалы бөлімдер

  • 7-сурет - Жадыны ауыстырмалы бөлімдермен бөліп беру

5. Ауыстырмалы бөлімдер

  • Программалар оперативті жадыда орындарын өздерінің орындалуы барысында ауыстыратын болғандықтан, бұл жағдайда адрестер баптауын орын алмастыру жүктеушісі көмегімен ұйымдастыруға болмайды. Бұл жерде неғрұлым тиімдірегі адрстерді динамикалық түрлендіру болып табылады. Сығу процедурасы жадыны үнемдеп қолдануға алып келгенімен, ол айтарлықтай ұзақ уақытты қажет етеді. Бұл әдістің салыстырмалы кемшілігі осы.

6. Свопинг және виртуалды жады

  • Программаның орындалуы үшін оның оперативті жадыда орналасуы керек. Тек осы жағдайда ғана процессор командаларды жадыдан ала алады және берілген әрекеттерді орындау барысында оларға түсінік береді. Компьютердегі оперативті жадының көлемі есептеу процесінің жүру ретіне айтарлықтай әсер етеді. Ол біруақытта орындалатын программалар мен олардың виртуалды адрестік кеңістіктерінің көлемін шектейді. Кейбір жағдайларда, мысалы мультипрограммалаушы қоспаның барлық әрекеттері есептеу болып табылатын болса (яғни процессорды жүктен босататын енгізу-шығару операциялары аз орындалады) , онда процессордың жақсы жұмыс істеуіне тек 3-5 есептің орындалуы жеткілікті болады. Дегенмен егер есептеу жүйесі интерактивті есептерді орындаумен жүктелген болса, онда процессорды тиімді қолдану үшін енді бірнеше ондық, тіпті жүздеген есептер қажет болуы мүмкін. Бұл талдауларды біруақытта орындалатын процесстер санынан және бұл процесстердің енгізу-шығаруды күту жағдайындағы уақыт өлшемдерінен алынатын процессордың жүктелу коэфициентіне тәуелді график бейнеленген 8-суреттен көре аласыз.

6. Свопинг және виртуалды жады

  • 8-сурет - Процессордың жүктелуінің есептер саны мен енгізу-шығарудан тәуелділігі

6. Свопинг және виртуалды жады

  • Қазіргі таңда виртуалды жадыны игерудің алуандылығы үш классқа жүктеледі:
  • Беттік виртуалды жады декректерді жады мен диск арасында алмастыруды беттермен ұйымдастырады. Бұл жердегі беттер дегеніміз виртуалды адрестік кеңістіктің фиксирленген және салыстырмалы түрде кіші көлемдегі бөлімдері;
  • Сегментті виртуалды жады деректердің орнын сегменттермен, яғни деректердің мағыналық мәнін тіркеуден алынған виртуалды адресті кеңістіктің туынды көлемді бөліктерімен алмастыруды ұйымдастырады;
  • Сегментті-беттік виртуалды жады екі деңгейлі бөлуді қолданады: виртуалды адресті кеңістік алдымен сегменттерге, ал осыдан кейін сегменттер беттерге бөлінеді. Бұл жерде деректердің орнын ауыстыру бірлігі беттер болып табылады. Жадыны басқарудың бұл әдісі жоғарыда айтылған екі әдістің барлық элементтерін қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет