Программаны бөлімдердің біреуі мен адрестер баптауына жүктейді. Бұл жағдайда программаны өндеуші программаның орындалу бөлімін трансляция кезеңінде өзі көрсете алады. Бұл ауыстырушы жүктеуішті қолданбай-ақ жадының нақты бір облысына бағытталған машиналық кодты бірден алуға мүмкіндік береді.
Игеру қарапайымдылығы сияқты айқын басымдылықта, бұл әдістің айтарлықтай кемшілігі бар. Ол оның қаттылығы, яғни әрбір бөлімде тек бір процесс ғана орындала алады және бұл мультипрограммалау деңгейінің бөлімдер санымен шектелуіне алып келеді. Программаның көлеміне тәуелсіз ол бүкіл бөлімді қамтиды. Мысалы, үш бөлімді жүйеде өте аз мөлшердегі жады керектігіне қарамастан үш процесстен артық процесс орындалмайды. Тағы бір қырынан жадыны бөлімдерге бөлу программалары жеке бөлімдердің кез-келгеніне симайтын, бірақ бүкіл бөлімді қосқандағы жадыға сиятын процесстерді орындауға мүмкіндік бермейді.
3. Жадыны фиксирленген бөлімдермен үлестіру
Жадыны басқарудың мұндай әдісі ертеректегі мультипрограммалы операциялық жүйелерде қолданылған болатын. Дегенмен, жадыны фиксирленген бөлімдерге бөлу әдісі өзінің игерілуіге деген аз шығындылығымен қазіргі таңдағы кейбір операциялық жүйелерде өз қолданысын тауып жүр.
Бұл жағдайда машина жадысы алдын-ала бөлінбейді. Бастабында қосымша әрекеттерге сақталған барлық жады бос болады. Жаңадан орындалуға келіп жатқан әр қосымшаға процессті құру кезеңінде қажет болатын барлық жады бөлінеді (егер жадының көлемі жетпесе, онда қосымша қабылданбайды және оған процесс құрылмайды). Процесстің аяқталумен жады босатылады және босаған орынға басқа процесс жүктеле алады. Осыған орай, оперативті жады кез келген сәтте кез келген көлемдегі бос және бос емес аумақтардың кездейсоқ тізбегін береді. 6-суретте динамикалық бөлуді қолдану барысындағы уақыттың әр сәтіндегі жадының күйі көрсетілген. Сонымен t0 болған сәтте жадыда тек операциялық жүйе ғана орналасады, ал t1 болған сәтте жады 5 процесс арысында бөлінген және П4 процесс жұмысын аяқтап жадыдағы орнын босатуда. П4 процесстен босаған орынға t3 болған сәтте П6 процесс жіүтелуде.