Сұлтанәлі Балғабаев



бет25/41
Дата04.05.2023
өлшемі66,43 Kb.
#89747
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   41
Байланысты:
С лтан лі Бал абаев Тойдан айт ан аза тар

ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ. Маған неғыл дейсің?! Оның бәрін ойлап тапқан мен емес!.. Взносты да... басқаны да... шығарған мен емес!.. Мен емес!..

Жетінші көрініс


Купенің ішінен Асай Мүсеевичтің «Мэлис Әлібаевич!.. Мэлис Әлібаевич, тұрыңыз.. » деген дауысы естіледі. Содан кейін ол Мэлис Әлібаевичті купеден алып шығады. Мэлис Әлібаевич не аяғын дұрыстап баса алмайды, не дұрыстап жүре алмайды. Тіп-тікесінен ағаш сияқты қатып қалған.
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Мэлис Әлібаевич!.. Мэлис Әлібаевич, қане!.. Қане, тұрыңыз!.. О, көзіңізді ашыңыз!..
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. /Көзін ашпаған күйі./ А-а!.. О-о!..
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Көзіңізді ашыңыз!.. Ояныңыз!..
Пойыздың бастығы мен Жолсерік келіншек оған екі жақтап көмектеспек болады.
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Жо-жоқ, мен өзім... өзім!.. Мэлис Әлібаевич дейім, тұрыңызшы, таң атып қалды!..
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. А-а!.. О-о!..
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Мәке дейім, Мэлис Әлібаевич, ояныңыз!.. Ояныңыз!.. Әне қараңызшы, күн шығайын деп келе жатыр!..
Мэлис Әлібаевич түсініксіз дыбыстар шығарып, ағаш сияқты сірескен қалпынан танбайды. Асай Мүсеевич оның сірескен екі аяғын кезек-кезек көтеріп қозғалтып, купе дәлізінің шетіне дейін алып барады. Сосын оны сәл-пәл еңкейтіңкіреп жіберіп кеп қалады. Мэлис Әлібаевич бөрене сияқты қабырғаны маңдайымен тіреп тұра қалады.
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. /Екі иығынан дем алып/. Ах!.. Ох!.. Болмады!.. Болмады!.. /Пойыздың бастығына қарап/ . Бірдеңе жоқ па?!
ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ. Не?!
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Бірдеңе... жүз грамм!.
ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК. Бар ғой... қалпақтай ұшыратын тағы біреуі бар!..
Жүгіріп кетеді.
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. /Мэлис Әлібаевичті қайтадан оятпақшы болып/. Мэлис Әлібаевич!.. Мэлис Әлібаевич, ояныңыз!.. /Анау былқ етпейді/. Шаршаған ғой... әбден шаршаған!..
ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ. Шаршамай... жұмыстары ауыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет