частью информационной культуры личности.
Работая по электронным учебникам, студенты учатся накапливать знания, анализировать,
выявлять причинно-следственные связи, обобщать, дифференцировать, сравнивать информацию.
18
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
Педагогические задания в электронных учебниках включают устные и письменные работы,
разноуровневые задания, микроисследования в соответствии с заданной в модуле системой
знаний. Этап составления заданий осуществляется в соответствии с модулем и гипертекстом:
- программы – тренажеры для отработки различных навыков;
- музишион – эта программа включает и тесты для проверки уровня знаний;
- тестирование – достаточно апробированный способ проверки знаний.
Но педагогическое тестирование как способ контроля за усвоением знаний получил
достаточно широкое распространение в других образовательных средах: педагогические тесты
используются для вступительных испытаний, с их помощью осуществляют текущий и рубежный
контроль.
Применение компьютерных технологий в тестировании при сравнении с традиционной
формой контроля имеет следующие преимущества: благодаря случайной генерации примеров,
каждый обучаемый получает индивидуальный набор заданий, освобождая педагога от составления
различного рода карточек; результаты работы и итоговая оценка появляются немедленно,
освобождая педагога от рутинной проверки письменных работ.
Тесты направлены на выявление знаний локального характера; на выявление системы
научно-педагогических знаний системного характера; на осмысление функциональной
взаимосвязи научно-педагогических знаний. Конструирование тестов выявляет уровень осознания
полученной информации и степень овладения соответствующими способами деятельности и меру
заинтересованности студентов в изучаемой проблеме. Фактически тест – это форма контроля
уровня усвоения знаний, где представляется не только вопрос, но и ответ – отвечающему, остается
только указать на правильный ответ. В конце студент может сам увидеть результат своей работы
по выполненному тесту, в соответствии с каждым модулем, после ответа на тест выводится общая
картина усвоения знаний, представленная в виде диаграммы, это и является оценкой уровня
успеваемости студента.
К особенностям учебных тестов относятся наличие у них свойств адаптивности, когда
алгоритм отбора и предъявления заданий строится по принципу обратной связи, принимается в
расчет дифференцированный подход в выполнении заданий, а также особое внимание уделяется
повышению уровня мотивации к тестированию и наличие оперативной обратной связи.
В настоящее время существует несколько классификаций тестовых компьютерных
программ (С.П. Полозов «Обучающие компьютерные технологии и музыкальное образование»).
Предназначение данной программы – традиционный быстрый опрос по принципу «короткий
вопрос – короткий ответ». Основная задача программ данного вида – знание фактологического
материала. Эти программы могут быть использованы в разделе теории музыки для проверки
знания терминологии и в цикле музыкально – исторических дисциплин.
Контрольная программа подвергает проверке практические навыки: воспроизведение
мелодического и ритмического рисунка, определение по слуху, пение, построение интервалов и
аккордов, проверка знания музыкальных понятий и терминов, диапазона, строя и транспозиции
музыкальных инструментов. Контрольная программа заменяет собой такие традиционные формы
контроля как письменная контрольная работа и устный опрос. Применение подобных программ
осуществляется в курсе теории музыки, сольфеджио, инструментовке, гармонии, полифонии.
Музыкальный диктант. Важным качеством этих программ является то, что они
адаптируются к индивидуальным возможностям ученика – он самостоятельно может определять
темп работы, выбирая частоту воспроизведения музыкального материала, предназначенного для
записи.
Программа – викторина предназначена для проведения проверки знания реального звучания
музыкальных произведений, изучаемой в музыкально – исторических дисциплинах. Их
применение значительно облегчает работу по организации и проведению данной формы контроля.
Современный рынок компьютерных программ предлагает широкий выбор уже готовых
тестовых программ. Существуют и так называемые конструкторы (дизайнеры) тестов, которые
позволяют педагогу самостоятельно вносить и редактировать тестовые задания, устанавливать
критерии оценки, временную продолжительность выполнения теста: NsPlayer v2.32 – обладает
возможностью включения текстовой, графической, аудио и видеоинформации; Easytest, GlTests,
Kontrol.
19
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСТАРЫ
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
А.А.Ташетов
Тəрбе ісі- «ой шұңқыры», қыры мен сыры мол, неше түрлі əдіс - тəсілдерді қажет ететін аса
күрделі процесс. Барлығымызға мəлім қазіргі кезде қиын балалар санының артуы, жастардың
бұзылып жатқандығын жасыра алмаймыз.
Қазіргі кездегі халық арасындағы «ХХI ғасыр жастары» деген ой – түйін жастардың
санасында толық мағынасында қабылданбай отыр.
Оқу процесінің күрделенуі мен талаптардың артуына байланысты, мектеп мұғалімдері
баланың теориялық біліміне көп көңіл бөліп, тəрбие жүйесінде аяқтарын алшан басып,
балалардың тəрбиесіне жеткілікті көңіл бөле алмай жүргеніміз жасырын емес. Атақты педагог К.Д
Ушинский былай деген «Тəрбиесіз берілген білім – ең алдымен өзіңнің қас жауын. Осы орайда
атабабаларымыздың жас ұрпаққа мұра етіп қалдырған игі қасиеттерін қастерлеу-өскін буынға
тəлім-тəрбие берудің қуатты құралы болатындығы ешқандай күдік тудырмайтыны ақиқат.
Қай ғасырда болсын ұлт өмірін өркендетуші саналы да сауатты, ұлтжанды рухы биік, ақыл-
парасаты мол, мəдені-ғылыми өрісі кең ұрпақты тəрбилеу-қоғам алдындағы басты міндет. Халық
ұрпағын өзіне дейінгі қоғамда қолы жеткен тəрбиелік жақсы дəстүр атаулыны жинақтап,
пайдалана отырып адамгершілік қасиеттерге баулып тəрбилеуді мақсат еткен. Əрбір қоғам өзінен
бұрынғы аға буынның ақыл-ойын, тəрбиелік тəжірибесін пайдаланбай өмір сүрген емес.
Өскелең ұрпаққа тəлім-тəрбие беріп, олардың жан дүниесін дамыту жайында ұлы орыс
педагогы К.Д. Ушинский: « Əрбір халық пен ұлт өз ана тілі мен салт-дəстүрін қастерлеп, тарихи
даму жағдайына орай білім алып, тəрбилеу керек» деген өзінің ұлағатты ойын « Родная речь»
деген еңбегінде ерекше атап айтады. Халқымыздың ұлы перзенті Ыбырай Алтынсарин өзінің
еңбектерін ана тілінде жазып, « бала тəрбиесі оның табиғи ортасы мен халқының салт-дəстүрі
рухында тəрбиеленетін болса, оның сана-сезімінің дамып жетілуі де ұлты мен халқына қызмет
ететін көкірегі ояу, салауатты азаматтар болып өседі деген ой түйген болатын.
Кешегі кеңестік дəуірде өмір сүрген əлемге аты əйгілі психолог маман Л.С. Выготскийдің
психологиялық көзқарастары адам баласының тарихи дамуын көздеді. Ол тəрбиені мəдени-тарихи
даму тұрғысынан іздестіріп, өзінің психологиялық еңбектерін де осы теорияның талаптарына
негіздеп отырып жазды.
Əрбір халықтың мəдени рухани қазынасы өскелең буынға білім беріп, оларды тəрбиелеуде
ұлттық мінез-құлық пен тілдің орасан зор тағылымдық маңызы болатынын заманында ғұламалар
жақсы түсінген. Өскелең ұрпақ-туған жері мен халықтың перзенті. Ол қайда жүрсе де өз ұлтының
жарқын болашағы əрі өкілі.
Жастарға ата-баба дəстүрлерінің озық үлгілері негізінде тəрбие беріп, олардың бойында
ұлттық қадір-қасиеттерді намысы мен туған елің, халқын құрметтейтін, сөйтіп азаматтық
борышын өтейтін тулға етіп тəрбиелеу-жалпы қоғам дамуындағы ізгі мақсат екендігі кімге болса
да ерте кездерден таныс қасиеттер. Ата-дəстүрді дəріптеу – қазақы тəлім-тəрбиенің іргетасы деуге
болады. Ал, имандылық пен сенім, ел жұртын құрметтеу – саналы азаматтың мінезіндегі ізгі
сипаттар.
Жас ұрпаққа өнеге көрсетіп білім беру – халықтық тағылымды бойына сіңіру, ата-мұраны
құрмет тұту тəлім-тəрбиенің басты өлшемі ретінде əрбір ұстаздың халқы мен ел-жұрты
алдындағы парызы, Отаны алдындағы кəсіби міндеті.
Ұлттық тəрбиені берудің қазіргі таңдағы өзектілігі түрлі əлеуметтік саяси жағдайлар
себебінен ұмытылып кеткен халықтық игі дəстүрлерімізді жаңғыртып, студент жасатардың ата-
салтына, дəстүр тағылымына, өсиет пен нақыл сөздеріне, мақал-мəтелдердің мəн-мағынасына
құрметпен қарауын дамыту. Сөйтіп, ұлттық ойлау жүйесін жандандырса деп ойлаймын.
Адам қоғамы мен табиғи орта арасындағы қарапайым қарымқатынасты өзара үйлестіріп,
олардын тағылым аларлық қазақтың түрлі дəстүрлері, тиым сөздері мен ырымдарының тəрбиелік
мəні ерекше. Ғасырлар бойы табиғатпен етене болу арқылы өмір салтын қалыптастырған көшпелі
халқымыз діни сенім мен шындықтың ара жігін де ажырата білген. Тіршілік бейнесі соқыр
сенімнен гөрі нақтылы өмірмен санасып отыруды қажет еткен. Адамның адаммен, қоғаммен,
табиғатпен қарым-қатынасы, алуан түрлі тиымның туындауына себепші болады.
20
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
Көшпелі қазақта: « Ошақтағы отты су құйып өшірме» деген тиым бар. Осыған байланысты
« Ошағыңның оты өшпесін», « Түтінің түзу түтесін» деген киелі бата сөздер дүниеге келді. Жер
ошақтағы отты өшірмеудің негізгі мəні мынадай: көшіп-қонып жүргенде ошақтағы отты өшірмей,
оны қалың етіп күлмен көміп кететін болған. Себебі, өкше ізбен келе жатқан ел болса, шаршап-
шалдығып қоналқыға жеткенде, қиналмай « от жағып тамағын дəмдеп, ертерек тынықсын» деген
қамқорлық белгісі.
«Үлкеннің алдын кесіп өтпе», «дəмге қарап түшкірме», «босағаны керме», «табалдырықты
баспа», «қолыңды төбеңе қойма», « таңдайынды тақылдатпа» жəне т.б. тыйым сөздердің мəн-
мағынасын түсініп, оларға психологиялық тұрғыдан талдау жасаған жөн. Ата-бабаларымыз бізге
өсиет етіп айтып кеткен əрбір сөзінде терең мағына, үлкен қағида, мол тағылым, психологиялық
мəн бар. Мəселен, «босағаны керме», «табалдырықты баспа» деген тиым сөздің мəнісі мынадай:
«Егер сырттан келген адам есіктің босағасын керіп, бір аяғы табалдырықта, бір аяғы сыртта
қалып, тұрып қалса, онда үй-іші, жақын-туысының, жолаушылап кеткен біреуінің қазаға
ұшырағанын бірден түсінген. Міне, бұл халқымызға қаралы хабар жеткізудің бір тəсілі. Өткен
дəуірдегі бабаларымыз тіл қатпай-ақ, үнсіз, түрлі қимыл əректпен көп нəрсенің мəн-жайын ішкі
сезім көріністері арқылы жеткізе білген.
Тиым атаулыны тану үшін оның мəн-мағыналық ерекшелігі бойынша саралап қарау керек.
Бұл тұрғыдан ағылшын антропологиялық мектебінің өкілі Джеймс Фрезердің тиым атаулына ірі-
ірі төрт салаға бөліп қарастыруын айтуға болады:
1. Іс-əрекетке байланысты тиымдар.
2. Заттарға қатысты тиымдар.
3. Адамға қатысты тиымдар.
4. Тиым салынған сөздер.
Қазақ халқының болмысына тəн адамдарға, қоғалға, табиғатқа қатысты тиын түрлерінің
төл ерекшеліктеррін есте ұстаған орынды. Тиын сөздердің қай-қайсысы болмасын адамды
адалдыққа, , ізгілікке, қайрындылыққа, сауапты айыра білуге сақтыққа тəрбиелейді. Ата-
састынызда баланы жөргегінен бастап, ат жалын тартып, тізгін ұстайтын жасқа дейін үздіксіз
тəрбиелеу жүйесі болған. Бұл – халықтық тəлім-тəрбие үлгісінде қалыптасқан дəстүр. Сол дəстүр
уақыт тізгінінген өтіп ғасырдан-ғасырға, атадан балаға мирас болып, тозбай, қайта жаңа
қырынан жарқырап толса деймін.
Ұлттық тəрбиенің ең негізгі факторларының бірі мəдениет болса – осы мəдениетімізді
шеттен келген мəдениетпен былғап алмасақ деймін.
Əдебиеттер
1. // «Бастауыш мектеп».12-2004ж.
2. Əбеуова И Əбдрахманова Д. Мінез-құлқында қиындық бар оқушыларды анықтау жолдары.
Алматы: Педагогика, АГУ, 2003ж.
3. Липкина А.И. Самооценка школника. ., 1976ж.
4. // «Бастауыш мектеп» 5-2006ж.
5. // «Бастауыш мектеп» 6-2005ж.
ƏОЖ 159.9:802/809.П24
ЖОО-ДА АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ
ИНТЕРАКТИВТІ ФОРМАСЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
А.Қ.Пернебаева
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
Өзара қарым-қатынасты сабақта жүргізудің көптеген жолдары бар. Трансактылы анализ сол
жолдарды қолданғанда жасалады. Мəселен, ағылшын тілі сабақтарында қарым-қатынастың
интерактивті формасын дамыту мақсатында əр түрлі ойындар, əңгіме-дискуссиялар, дөңгелек
үстел басындағы əңгіме, дебат-айтыс, рольдық ойындар, презентациялар жəне т.б. жолдар
қолданылады. Ойындағы қарым-қатынастың мақсатын айқындай келе, осы туралы Х.Адлердің
21
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
айтқан пікіріне тоқталып кетуге болады: «Қарым-қатынастың мəні – оның нəтижесінде» - бұл
баршаға аян. Адам іс-əрекетінің кез-келген саласы сияқты, қарым-қатынастың да өзінің міндеттері
бар: ақпараттандыру, көндіру, айныту, ескерту, қорқыту, т.с.с. Сондықтан да біз мақсат туралы не
білсек, соның бəрі (оларды қалай нақты жəне көзге түсетіндей етуіміз керек) – қарым-қатынасқа
жатады. Кез-келген қарым-қатынастың, оның нақты мақсаттары мен мазмұнына тəуелсіз, негізгі
жағдайларының бірі психологиялық байланыс болып табылады» [1;2]. Ағылшын тілі
сабақтарында қарым-қатынастың интерактивті формасын қалыптастыруда ойындардың атқаратын
қызметі зор. Себебі жақсы ұйымдастырылған ойын қарым-қатынастың интерактивті формасының
орнауына мəн-мағына береді. Ойын – дегеніміз, Э.Берн бойынша, бұл нақты айқындалған жəне
алдын-ала болжалған нəтижесі бар, жасырын өзара қарым-қатынастың түрі. Э.Берн ойынды
жасырын трансакциялардың бірін-бірі толықтырып отыратын үздіксіз сериясы ретінде
қарастырды; ойынның мақсаты – ұтысты жеңіп алу немесе ұпайды өзінің жағына шығару болып
табылады [3].
Оқытушы студенттермен қарым-қатынасқа түсе отырып, олардың өзара қарым-қатынасқа
түсуіне себепші болады. Қатар құрбыларының қарым-қатынасы аса қажет, себебі сол қатынас
арқылы тұлғаның мінез-құлқы қалыптасады, басқалармен қалай қарым-қатынас жасауы жəне кез-
келген қолайсыз жағдайдан шығуы тəжірибе жүзінде іске асады. Студенттер бірлескен əрекетінде
əр түрлі жағдайларға соғуы мүмкін, ондай жағдайды болдырмауда тұлға өз жағдайын ғана ойлап,
көпшіліктің ойынан шыға алмай ерекше мінез көрсетуі мүмкін. Осындай шақта студенттер бір-
біріне жаны ашу, көмектесу сияқты ережелердің қажеттігін түсіне бастайды. Ойын кезінде студент
өзіне лайық роль алу арқылы ережені бұлжытпай орындау жауапкершілігін жүктейді. Кез-келген
ойында жасырын жəне ашық ережелер болады. Ортадағы əрекеттер арқылы студент басқалардың
қатынасына тəуелді екенін түсінеді. Рольдерді ойнау арқылы студент жаны ашу, құрметтеу, аялау
сияқты мінез-құлық əрекеттерін орындай бастайды. Ойынға қызығушылық арқылы студент өз
ролінің қиындығына жəне жаттығуына қарамай, дұрыс орындауға тырысады. Ойын арқылы екі
қарым-қатынас қалыптасады. Бірі – алдамшы ойын ретінде; екіншісі – шындық ойын ретінде. Бұл
екі қарым-қатынас өзара сəйкес келмейді. Ал, іс жүзінде шын қатынаста ойындағы ролі керісінше
болуы мүмкін. Шын қарым-қатынас студенттердің жолдастық іс-əрекеттерінің бір мақсаты
болуынан туындайды. Студенттердің өзара сыйласуы қызығушылықтан пайда болады. Ашу, ыза
кезінде сыйластық қатынасы едəуір жойылуы мүмкін. Сол кезде ренжу, өкпелеу, өзін жоғары
ұстау сияқты сезімдер пайда болады. Оларды адамгершілікке тəрбиелей отырып, қарым-
қатынастың интерактивті формасын орнатуға кірісеміз. Студенттердің бір-бірімен жолдастық
қарым-қатынасы ұжымдық бірлесуге, адамгершілікке тəрбиелеуде негізгі бағыт болып саналады.
Сондықтан да педагогтың негізгі көңіл бөлетіні студентті бірлесіп еңбек етуге, көппен ойнап,
көңіл көтеруіне басты назар аудару болады. Сол үшін педагог əр студентті жан-жақты бағалап,
оның əлсіз жəне жағымды жағын зерттеуі тиіс. Баланың жеке бас қасиеттерін мұғалімнің бағалауы
олардың басқа балалармен қарым-қатынасын кейде қиындатады, кейде жеңілдетеді. Ойын кезінде
тұлғаның ішкі сезімдері анық көріне бастайды. Ойын əрекеті студенттер тобын ұйымдастыруға,
мінез-құлық мəдениетін тəрбиелеуге мүмкіндік береді. Студенттің психикалық жетілуіне,
көпшілікпен əрекетті меңгеруіне, ой-өрісін кеңейтуге жəне еркіндікке тəрбиелеуге əсер етеді.
Көбінесе студенттердің мінез-құлқын тəрбиелеуде оқытушы ережені сөз жүзінде айтады, оның
орындалуы ойдағыдай іске аспайды. Ойынның қай түрі болмасын, адамның мінез-құлқын
тəрбиелеуде белгілі бір ережені меңгеруге, соған бейімделуге үйретеді. Сол ереже адам бойында
өмір бойы сақталады [4]. Белгілі бір себептерге байланысты ойындық терапия студенттік кеңес
беру мен ата-ана немесе ересек адамдар терапиясынан мүлдем ерекше болып көрінуі мүмкін.
Құрылымына қарай ол өте қарапайым жəне біздің өзара қарым-қатынасты анықтау деңгейіміз
туралы айтқандарымыз тең дəрежеде ойындық терапияға да қатысты. Ең көп байқалған ерекшелік
– ойындық терапиядағы өзара қарым-қатынас сөзбен емес, көбінесе іс-əрекетпен анықталуында.
Оқытушының студенттерге деген достық қарым-қатынасы, қызығушылығы мен эмоциялы көңіл
аударуы, ықыласы көп елене бермейтін əрекеттерден көрінеді. Сенімділік қарым-қатынастар
студенттердің көбірек батыл əрі шешуші əрекеттерді істеп көруіне жəне осы əрекеттердің
қабылданып жатқандығын түсінуінің мөлшеріне қарай біртіндеп қалыптасады [5].
Қарым-қатынастардың түрлерін, олардың формаларын, атқаратын функцияларын есекере
отырып, біз М.Монтеньнің айтқанын еске түсіреміз: «Біздің ақылымыздың ең жемісті де нағыз
орынды жаттығуы, меніңше – əңгіме...» [6].
Қарым-қатынастың интерактивті формасын дамытудың жолдары сабақты əңгіме арқылы
жүргізуде мəні зор. Əңгіменің терең интеллектуалды қанағаттанушылық əкелуі үшін оған əр
22
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
студенттің эмоционалды тартылуының дəрежесін анықтауымыз қажет. Əңгіме маңызды ақпарат
берумен басталады. Оның қатысушылары дискуссияның мəдениетін меңгеруі тиіс, олардың
бойында логикалық жəне төзімділік компоненттері болуы қажет, сыртқа өз ойын айта білуге
мүмкіндігі болуы жəне өз пікірінің басқалардың қарым-қатынас процесінде қарастыруына
қорқыныш сезімі болмауы қажет [7]. Əңгімелесу барысында танымдық процесті дамыту
мақсатында бірлескен диалогтық əрекеттер арқылы жүргізудің маңызы расында да зор үлес
қосатыны анық. Оқытушы студенттерге олардың ойын білуі жəне тақырыпты ары қарай өрбіту
үшін сұрақ қоюы арқылы əңгімені бастайды. Мəселен, «Спорт» (Sport and games) тақырыбына
студенттердің білім шеңберін кеңейту жəне жаңа сөздерді еске сақтау үшін оқытушы: «Кəсіптік
спортшы болудың қандай зиянды жақтары бар?» («What are the disadvantages of being a professional
sportsman?»), – деп сұрақ қоя отырып, əңгіменің тақырыбын өрбітеді. Осыдан кейін студенттердің
спортқа деген жалпы қатынасын көруге болады.
Адамдар ойын барысында қарым-қатынасқа түскенде, ережелер тағы өзгереді. Ойын
қатысушылар позициясының жағдайлылығын анықтайды, сондықтан да ойын ережелерін
бұлжытпай орындау қажеттігі туады. Ойын барысында қатаң түрде əңгімелесу орынсыз, керісінше
əзіл сезімі, қиялдың ұшқырлығы, табандылық, тапқырлық қажет.
Ағылшын тілі сабақтарында белгілі қолданысқа ие «Танысу клубы» (The club of
Acquaintances) атты ойында біз сондай мақсаттарды ұстана отырып, қарым-қатынастың
интерактивті формасын дамытудың жолын жетілдіреміз. Бұл ойынның мақсаты: топта
эмоционалдық еркіндіктің, ашықтықтың, бір-біріне сенімділіктің жəне жылы шырайлы
атмосфераны құру; қатысушыларға бір-бірін жақсы тануға көмектесу, қарым-қатынаста
қашықтықты қысқарту; адамның екінші жартысын немесе досын анықтау, шынайы жағдайда
қатысушылардың досты немесе екінші жартысын таңдауда талғамын білу; студенттердің ойлау
қиялын дамыту. Топ көлемі шексіз болуы мүмкін. Ойынның ресурстары əр түрлі адамдардың
(халықтар нəсілдерінің) фото суреттері жəне соған қоса əр адамға сипаттама берілген карточкалар
қолданылады. Ойын уақыты 15 минутқа бағдарланған. Мұндағы оқытушының ролі бақылаушы
ретінде көрінеді. Ойын студенттерді жеке-жеке партаға отырғызудан басталады. Оларға əр түрлі
халықтар нəсілдерінің фото суреттері, оған қоса сипаттама берілген карточкалар бір-бірлеп
таратылып, қолдарындағы суреттерді бір-біріне көрсетпеу қажеттігі айтылады. Студенттер
қолдарында бар материалды қолдана отырып, 1-ші жақтан өздеріне тартымды хабарлама жасайды.
Ендігі кезекте хабарлама даярлау үшін уақыт беріледі. Дайын болған хабарламамен аудитория
бойымен қозғала отырып, өзінің жартысын немесе ары қарай байланысқа түсу үшін досын іздейді.
Ең соңында ойыншылардың барлығы өз жартыларын анықтағаннан кейін, қолдарындағы фото
суреттерді көрсете бастайды. Жаттығудың нəтижесі қарым-қатынасқа түскенде студенттердің
сөйлеу сенімділігі арта түскендігін, талғамдары жəне қасиеттері ортақ достарын немесе өз
жартыларын таба алғандығын, қатысушылардың логикалық ойлауының дамығандығын, фото
суреттерді көрсеткеннен кейін таң қалу эмоциялық процесінің жүргендігін көрсетті.Топ
қатысушылары қарым-қатынас барысында қандай психологиялық ойындарға тартылатыны жайлы
жəне онда қандай манипуляциялық əрекет түрлерін қолдануға болатындығы туралы танып білуге
дағдыланады. Ағылшын тілі сабақтарында интерактивті қарым-қатынас формасын дамытудың
келесі бір жолы «Шынжыр» (Chain) ойыны. Оның мақсаты топта эмоционалдық еркіндіктің,
ашықтықтың, бір-біріне сенімділіктің жəне жылы шырайлы атмосфераны құру; студенттердің
логикалық ойлауын жəне ойлау шеңберін дамыту; бірлескен жұмысқа жұмылдыру, жағдайды тез
арада ары қарай жалғастыруға үйрету; мəселенің шешімін талдау. Топ көлемі шексіз (ол
студенттер контингентіне байланысты). Ойынға қажетті материалдарды – шынжыр бойынша
берілетін етістіктер жазылған карточкалар пайдаланылады. Ойын уақыты 10 минутқа
жоспарланған. Мұндағы оқытушының ролі қатысушы-кеңес беруші ретінде көрінеді. Оқытушы
«Шынжыр» деп аталатын əңгіме құрастыру ойынын бастамас бұрын, келесі өзінен кейін
«Ифинитивті» немесе «Герундийді» қажет ететін етістіктер тізімін қолдану ретімен береді: ұсыну,
өткізу, қажетсіну, үміттену, бір нəрсені істей алу, кеңес беру, жалғастыру, сақтау, келісу, баяулату,
бір нəрсеге жету, əдеттену, тұру, қамтамасыздандыру, бір нəрсе істегісі келу, бір нəрсе істеуден
қашу, қабылдау, ашулану, бас тарту (Suggest, spend, would like, hope, can, advise, continue, keep,
agree, delay, get, used to, stand, arrange, want, avoid, would rather, admit, be angry, refuse). Осыдан
соң, ойынның ережесімен таныстырады. Оқытушы «Шынжыр» ойынын «Tony denied murdering
the old woman», яғни «Тони кемпірді өлтіргендігін мойындамады» - деп əңгімені бастайды [8]. Ал
оқытушының ойын ары қарай жалғастыруы үшін, студент берілген етістікті қодана отырып,
мағынасына қарай сөйлем құрастырады. Мəселен, бірінші студент: «He suggested contacting his
23
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
brother Mark who could prove he was innocent» - деуі мүмкін, яғни етістіктер тізбегінің бірінші сөзін
қолдана отырып, «Ол өзінің кінəсіз екендігін дəлелдейтін ағасы Маркпен байланысуын ұсынды».
Ал келесі отырған студент оның ойын жалғастырып: «He said they had spent the night listening to
records», яғни «Ол екеуінің түнді өлең тыңдаумен өткізгендігін айтты» - деп, келесі студентке
мотивация беруі мүмкін. Ойын етістіктер тізімі біткенге шейін жалғасады. Ал мұндай жаттығу
түрінің нəтижесі ең соңында бір сөйлеммен басталған ситуациялық əңгіме үлкен шығармаға
айналғандығын көрсетеді. Студенттер мен оқытушы мотивация арқылы қарым-қатынасқа түседі.
Студенттердің ойлауы, қиялы дамиды. Аудиторияда көңілді сезімдер орнайды. Студенттердің
осындай жағдайларда қандай табандылық танытатынын, психологиялық күйін, темпераментін
байқауға болады. Бұл ретте, оқытушының атқаратын ролі бағыттаушы, кейде ол студенттің
қиындықпен бетпе-бет келгенде, кеңес беруші ролін де атқарады. Кеңес берудің ең қолайлы
атмосферасын сипаттайтын ең болмағанда төрт анық қасиетін атауға болады. Біріншіден, бұл – екі
арада орнатылған бірте-бірте тереңдетілген эмоциялы өзара байланысқа айналатын рапортты
құруға мүмкіндік беретін, кеңес берушіден көрінетін жылылық пен қайырымдылық. Оқытушы-
кеңес берушінің көзқарасы бойынша, бұл нақты əрі анық бақыланатын, аффективті
байланыстардың белгілі межелері бар қатынастар. Бұл студентке деген шынайы мүдделіктен жəне
оны жеке тұлға ретінде қабылдаудан көрінеді. Оқытушы-кеңес беруші эмоциялы тұрғыдан белгілі
бір деңгейде қарым-қатынасқа түсетінін ашық түрде мойындайды. Ол студенттің қажеттіліктеріне
өте сезімтал, ықыласты болады. Оқытушы-кеңес беруші артық жақындастық немесе суықтық
танытпай-ақ, керісінше, жылылық, қызығушылық, жауапкершілік жəне нақты анық шектелген
эмоциялы жақындық көрсетіп, өзара қарым-қатынас орнатқан болса, онда анағұрлым саналы əрі
нəтижелі болған болар еді. Өзара əрекеттің екінші ерекшелігі – сезімдерді білдірудегі қажетті
бостандықтың берілуі. Оқытушы-кеңес берушінің бүкіл əңгімелесу барысында қандай да бір
моральды жəне мүлдем бағаламайтын пікірсіз, студенттің айтқандарын толығымен түсінген
қатынасының нəтижесінде студент өз сезімдері мен көзқарастары толық айтылу мүмкін екендігін
түсіне бастайды. Эмоцияны көрсетудің толық еркіндігі болуына қарамастан, əңгіме студенттің
ішкі жан дүниесінде өзі үшін жаңалықтар аша отырып, қолдана алатын, құрылым түрінде белгілі
бір шеңберде өрістейді. Осы шек қоюлар кеңес беру ситуациясының үшінші əрі өте маңызды
аспектісі болып табылады. Төртінші сипаттамасы тəжірибелі оқытушы-кеңес беруші өзінің
тілектерін, өз реакциялары мен сенім-нанымдарын енгізе отырып, студентпен қарым-қатынасқа
түседі [5].
Ағылшын тілі сабақтарында танымдық процесті дамытуда бірлескен диалогтық іс-əрекеттер
негізіндегі диалогтық ойынның маңызы өте зор. Мəселен, оқытушы студенттерге «Саяхат»
(Travel) тақырыбында диалог құрастырыңдар деген тапсырма береді [9]. Оқытушы бүкіл
диалогтық ойын барысында бақылаушы ролін атқарады. Студенттер өз қалауы бойынша диалогқа
қатысушыларды, яғни достарын таңдап алады. Диалог екі немесе одан да көп қатысушылардың
көмегімен жүреді. Дайындалуға уақыт беріледі. Əрине, ағылшын тілі сабағы болғандықтан, мұнда
дайындыққа берілетін уақыт өлшемі ұзағырақ болуы тиіс (топ студенттерінің ағылшын тілінде
жетік сөйлеп, түсінуіне қарай). Диалогтың барысы студенттердің өздері таңдаған жəне ойлап
шығарған ролдерді бар эмоциясымен, өздеріне тəн мінез-құлық ерекшеліктерімен жəне
темпераментімен орындауынан көрінеді. Саяхат тақырыбының бірегейлігі диалог барысында
студенттердің қандай қалаларға, елдерге саяхат жасау тілектері мен жігерлері айқын болады.
Ойынның қай түрі болмасын, қатысушылар ойын барысында ерік-жігерлері, тілектері мен
ниеттері жағынан ұқсас өздерінің достарын табады. Бұл жайында Цицерон: «Шынайы достар
кеңес бере де, кеңес тыңдай да біледі», дейді. Ал, В.Г.Белинский: «Мен туралы шындықты досым
айтпағанда кім айтады, ал өзің туралы шындықты басқадан есту қажет-ақ», - деген өз пікірін
айтады. Ағылшын тілі сабақтарында жүргізілетін жұмыстарды сипаттай келе, осы іс-əрекеттер
түрлерін оқытушы мен студент, студент пен студент арасындағы қарым-қатынастың интерактивті
формасын дамытудың жолдары ретінде ұсынып отырмыз. Ағылшын тілі сабақтарында қарым-
қатынстың интерактивті формасын дамыту жолдарын төменде сызба ретінде көрсеттік (1-ші
сызба).
24
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
1-ші сызба
Бұл сызбадан ағылшын тілі сабақтарында қарым-қатынастың интерактивті формасын
дамыту жолдары ретінде іскерлік ойыны, рольдық ойыны, дебат, əңгіме-сұхбат, диалогты
қарастырғанымыз көрініп тұр. Бірақ қарым-қатынастың интерактивті формасын дамытуда бұдан
да басқа көптеген жолдарды ұсынуға болады.
Кез-келген ойын түрі болсын, пəн атауы – «Ағылшын тілі» болғандықтан, оны оқытудың
дидактикалық мақсаты ағылшын тілін жетік меңгеру. Сондықтан да барлық берілген іс-əрекеттер
түрлерінде қарым-қатынас ағылшын тілінде орнатылып, оқытудың дидактикалық мақсаттарын
жүзеге асырады. Мəселен, студенттер берілген тақырып бойынша білім шеңберлерін кеңейтеді,
жаңа сөздерді бекітеді, ағылшын тілінде жетік сөйлеуге қабілеттері нығаяды. Сонымен қатар,
ағылшын тілін оқытудың психологиялық құрылымы да осы аталған бірлескен іс-əрекеттер, қарым-
қатынас арқылы құрылады. Студенттермен қарым-қатынасқа түсе отырып, оқытушы оларды
бірлескен іс-əрекеттерге жұмылдырады. Бұл оның педагогтық шеберлігі арқасында сабақты дұрыс
жоспарлауымен байланысты. Яғни, оқытуды жүзеге асыру үшін педагог ең алдымен оқытудың
психологиялық құрылымын құрастырады. Танымдық процесті дамытуда бірлескен əрекеттердің
жүруі барысында оқытушының бірқатар рөлдерді атқаратыны ағылшын тілі сабақтарында
жүргізілетін жұмыс түрлерін сипаттау барысында анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |