Софы Сматаев шахминам – МӘҢгілік махаббатым менің Аса қымбатты Шамшия келінім!



бет12/35
Дата14.07.2022
өлшемі302,94 Kb.
#37662
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35
Сағынып оралам

Келгенде алыстан,


Құшағым табысқан.
Ұмытпан, жан сәулем,
Сертімді алысқан.

Қарағым, жанарың


от боп жанған,
Анарың, жамалың
көзімді алған.

Мұңайма қамығып,


Күрсінбе жабығып,
Сағынып оралам.

Мұңайма қамығып,


Күрсінбе жабығып,
Сағынып оралам.
Жел шайқап сырғаңды,
Көзіңде мұң қалды.
Ұмытпан, жан сәулем,
Сондағы тұлғаңды.

Қымбаттым, сымбаттым


Өмірдегі,
гүл атты, ұнатты
көңіл сені

Мұңайма қамығып,


Күрсінбе жабығып,
Сағынып оралам.

Мұңайма қамығып,


Күрсінбе жабығып,
Сағынып оралам.

Талай түн, талай күн,


Жолыңа қараймын.
Қоштасу, табысу
Тағдыры талайдың.

Арайлым, шырайлым


асқан бағы.
Өзіңсің Күн, Айдың
аспандағы.

Мұңайма қамығып,


Күрсінбе жабығып,
Сағынып оралам.

Мұңайма қамығып,


Күрсінбе жабығып,
Сағынып оралам.
«Сағынып оралам». Сөз құдыреті ғажап-ау! Осы екі сөз көзімнен жас ытқытып,жүрегіме бал тамызды. Құдай қаласа, Шәкеммен кездескенде, «Сағынып ораламын», «Сағынып оралдым» деп күрсінісімді күлкім жеңіп, екі езуімді құлақтарыма жабыстыра қояр-ау деген үмітіме ұласып, тағы бір әуеннің қақпасын түрткілей берді.
Ендігі әурем бұрынғымнан да асып түсіп, Шахминамның жұма сайын ізін суытпай жететін, тұспалдап қана жүрек сырын сығымдап шығаратын хаттарына көбірек үңілдіре берді. Сол жібектей есілген ыстық лепті жолдардан сүйіктімнің әсем жымиған түрін көргендей болам ба, «Қайда жүрсің, аяулым? – Тезірек кездесейікші!!!» дейтін ынтызар тілекті кеудемнен жиі-жиі аулайтын болып алдым. Оңаша қалсам ыңылдауым үдеп, бейдауа халдің шырмауына малтыға берем. Қоштасу мен табысу... тағы да табысу мен қоштасудан жаңылмайтын аңсаумен өтіп жатқан тірлігімізден қалжырап жүргенде екінші саз – мұңымның көкейімнен қыстырыла шығып, кең дүниеге қалтылдап қанат қаққысы келгені ғой. Сол әлжуаз халдің буалдыр уілі мынау еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет