Соңы 5-бетте) (Соңы 3-бетте) Лебіз Бүгінгінің бас тақырыбы АҢдатпа



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата15.03.2017
өлшемі4,46 Mb.
#9528
1   2   3   4   5   6   7

ТАТУЛАСТЫРУ РӘСІМІНІҢ ЖАЙ-КҮЙІ

жәбірленушінің татуласуға де-

ген  ниетін  арттырады.  Тату-

ласу нәтижесінде сотталушы 

қылмыстық  жауаптылықтан 

босатылады. 

АҚШ, Германия, Франция 

және т.б. дамыған шет мемле-

кеттерде дауласушылар саны, 

сотталғандар саны біздің ел-

мен салыстырғанда аз болып 

келеді. Себебі, аталған мемле-

кеттердің сотқа дейінгі бітімге 

келу институттарының жұмы-

сы дұрыс жолға қойылған. Ха-

лықтың сауат тылығын арттыру, 

құқықтық мәдениетін көтеру 

жоғары деңгейде жүргізіледі. 

Жалпы  айтқанда, халық үшін 

ғана жасалған жағдай қоғамның 

жүйкесін тоздыратын мәселе-

лерді жойып, олардың бір-бірін 

құрметтеу, сыйлау қасиеттерін 

тудырады. Ал, өз мемлекетімізді 

салыстырар болсақ, болмашы 

ғана дау үшін жақын туыстар: 

ағасы мен інісі, әкесі мен бала-

сы, анасы мен қызы өштескен 

жауға айналып материалдық та, 

моральдық та шығынға ұшырап, 

күйзеліске түседі. Осыдан кейін 

дауласушы тарапты бітімгер-

шілікке шақыру қиын. 

Түрмесі болмаған қазақ да-

ласы бүгінде түрмесі толық Қа-

зақстанға айналғаны анық. Қа-

зақ даласындағы билер сотымен 

барлық даулар өз шешімін та-

уып отырған. Билердің дана-

лығымен, парасаттылығымен, 

сауаттылығымен екі жаққа да 

тиімді шешімдер қабылданған. 

Сөзімнің дәлелі қазақтың әдет-

ғұрып, салт-дәстүрін терең зерт-

теген орыс ғалымдары «Қазақ 

билер соты – келісім соты» деп 

таңдана жазған. Міне, дуалы 

ауызды қазақ билері тараптарды 

ымырашылдыққа шақырғанын 

анық байқауға болады. Қазіргі 

қоғамымызда билер соты болма-

са да, сол билер сотының ізімен 

медиация институты енгізіл-

ді. Яғни, «Медиация туралы» 

заңға сәйкес, кәсіби және кәсіби 

емес медиаторлар тараптарды 

бір  ымыраа  келтіруге  ықпал 

жасайды. Соның ішінде кәсіби 

емес медиаторлар елдің бел-

сенді, халықты аузына қаратқан 

азаматтар дауды тоқтатуға бар 

ынтасын салады. 

«Медиация туралы» заң қа-

былданған  тұста  барлық  заң 

саласының мамандары медиа-

ция арқылы даулар шешіліп, сот 

жүктемесі азаяды деген сенімде 

болды. Алайда, медиация ин-

ституты халықтың жадына жат 

ұғым болғандықтан ба, халық 

медиаторлардың көмегіне жү-

гінуге аса құлшыныс таныт пады. 

Бірінші сатыдағы соттар қыл-

мыстық және азаматтық істер 

бойынша көрсеткішке сүйе ніп 

жұмыс атқарды. Егер халық бұл 

институтты жақын қабылдама-

са, судьяның оларды күштеп 

медиаторға жүгіндіруге құқығы 

жоқ. Сондықтан, «Медиа ция ту-

ралы» заңды бұқаралық ақпарат 

құралдары арқылы, қала жарна-

малары арқылы болсын халық 

санасына толық сіңіру үшін кең 

насихаттау қажет. Мұндай наси-

хат жұмыстары мемлекет тара-

пынан ұйымдастырылуы тиіс. 

Себебі,  медиаторлар  мұндай 

жарнамалар жасауға қаражат 

жағынан қысылады. Әрі заңды 

қабылдау бір бөлек, оны жүзеге 

асыру бір бөлек екенін қазіргі 

күні байқап отырмыз. 

Жоғарыда  аталған  жайт-

тардың  барлығы  дауласушы 

тараптың бір ымыраға келуге 

ынта  танытпайтынын  байқа-

тады. Демек, дауласқан тарап-

тарды сотқа дейін бітімге кел-

тіріп, татуластыру жолын тауып, 

бітімгершілік жобасын жүзе-

ге асыру қажет. Даудың соңы 

жақсылыққа  апармасы  анық, 

сондықтан, мұндай қасиеттен 

арылып, қоғамдағы дауларды 

медиатордың көмегімен шешуге 

тараптар ынта білдірсе ілгері 

қадам баса аламыз. Қазақ халқы-

ның қанында кішіпейілділік, 

кешірімшілдік, жығылғанға жұ-

дырық жұмсамау, қиналғанға 

қол ұшын беру, иілгенге иілу, 

құрметтеу секілді ізгілікті қа-

сиеттердің іздері әлі жойыла 

қойған жоқ. Тек осы қанға сіңген 

қасиеттерге қозғау салар әділ де 

адал реттелетін заңды тетіктерді 

таба білу қажет. 

Халықтың татулығы тәуел-

сіздігіміздің нық қадам басуына 

жетелейді. Мысал ретінде айта-

тын болсақ, жылына республика 

соттары азаматтық, әкімшілік, 

қылмыстық істерді қоса есепте-

генде, миллионнан астам іс қа-

райды. Орташа есеппен алғанда 

бір жылда 2 миллионнан астам 

адам соттың табалдырығын тоз-

дырып  жүр.  Сонда  халқы  аз 

мемлекеттердің қатарындағы 

Қазақстан халқының татулығы 

мен бірлігі қайда дерсіз. 



А.ТӨРЕМҰРАТОВА, 

Ойыл аудандық сотының 

судьясы 

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

тар, мемлекеттің қылмыс-

тық  саясаты  да  айтар-

лықтай өзгертілді. Ол, бір 

жағынан, адамның өмірі 

мен денсаулығына қар-

сы қылмыстық көрініске 

шыдамдылықты сақтау 

ретінде сипатталса, екін-

ші жағынан, ауыр және 

аса  ауыр  қылмыстарға 

жоғарғы жауапкершілікті 

көздеуінен көрініс тауып 

отыр. Сондай-ақ, террор-

лық  қылмысты  дайын-

дағаны  және  жасағаны 

үшін де жауапкершілік 

ауырлатылған.

Жа ң а   қ ы л м ы с т ы қ 

заңға сәйкес, адам өлтір-

гені, денсаулыққа ауыр 

зиян келтіргені үшін жа-

залау мерзімі ұзартылды. 

Сонымен қатар, қылмыс-

тық  жауапкершіліктің 

жаңа түрлері пайда бол-

ды, олар адамды клондау, 

заңсыз бала асырап алу 

жөніндегі әрекеттер үшін 



Қ

ылмыстық іс жүргізуде тараптарды та-

туластырудың негізгі мақсаты – жәбірле-

нушінің қылмыстық процестегі рөлі мен белсен-

ділігін арттыру, оның бұзылған құқықтары мен 

бостандықтарын тез қалпына келтіру.

№73 (2851)

6 шілде 2016

5

zangazet@mail.ru



СӘТІ ТҮСКЕН СҰХБАТ

Қазіргі кездегі шаруа қожалықтары 

мен ауыл шаруашылығындағы заң­

ды  тұлғалардың  жерлері  түгелге 

дер лік  осы  жер  үлестері  есебінен 

қалыптастырылып отыр. 

Негізі біз ауыл шаруашылығына 

пайдаланатын  жерді  жекеменшік­

ке беру туралы норманы заңға 2003 

жылы ендірдік. Жер 1991 жылға дейін 

толықтай мемлекет меншігінде бол­

ды. Сол жылы бізде 212 млн. гектар 

ауыл шаруашылығы жері болса, қазір 

осының  біз  98,8  млн  гектар  жерін 

пайдаланып отырмыз. Сонда жердің 

жартысынан көбі, нақты айтқанда, 52 

пайызы пайдаланылмай отыр. Кеңшар 

мен ұжымшарларды жекешелендіру ба­

рысында шалғайда (Қызылқұм, Қарқұм, 

Сарықұм,  Бетпақдала)  орналасқан 

жайылымдар  үлеске  бөлінген  жоқ, 

олардың жалпы көлемі 100 млн гектарға 

жуық. Сондықтан да, олар жарамсыз 

болып  қалды  деу  жаңсақ  пікір.  Біз 

жердің барлық мүмкіншілігін пайда­

лануымыз керек. Әсіресе, айналымнан 

шығып қалған жерлердің көбін іске 

асыруға қазір мүмкіндігіміз бар. Оған 

бір жағынан ынта керек. Жекеменшік 

әңгімесі содан шығып жатыр. «Өзім 

дегенде өгіз қара күшім бар» демекші, 

жерді жекеге алғандар жандандырады 

деген үміт бар. 

– 2003 жылдан бері де біраз жер 

жекенің меншігіне өткен шығар?

– Ол заң нормасы күшіне енгеннен 

бері бір процент төңірегінде ғана жер 

сатылған. 



– Заң мүмкіндік беріп отырса, 

халықтың жерді жаппай алып, игеру-

ге атсалыспауының себебі неде?

– Алмаудың екі себебі бар, соның 

алдында жер 49 жылға жалға тегін 

берілді. Сол кездері қолында мүмкіндігі 

барлар шектен тыс алды. Бірақ, ауыл 

шаруашылығы жерлері өзін­өзі ақ тай ал­

мады. Ауыл шаруашылығы өнді рі сінің 

пайдасынан шығыны көбейді. Мысалы, 

біз Дүниежүзілік Сауда Ұйымы  на кірдік. 

Еуропа елдерінде ауылшаруашылық 

өнімін өндіруге шығарған шығынның 

50 пайызын, тіпті, одан артығын үкімет 

субсидия ретінде төлейді. Ал, Скандина­

вия, Жапония елде рінде 70­80 пайызға 

дейін үкімет субсидия береді. Бізде бұл 

тұрғыда бюджеттен шығатын шығын 9 

пайызға жетпейді, яғни, 8,9 пайыз. Егер 

еңбек ақталмаса, одан пайда көрмесем, 

жерім болса оны игеруге құлқым бол­

майтыны айтпаса да түсінікті жағдай. 13 

жылдан бері жұрттың жерді 1 пайызға 

жетер­жетпесінің ғана алуының басты 

себебі осы. 

Одан  кейін  мұның  екінші  жағы 

бар, мысалы, біз кезінде колхоз­сов­

хозды тарқатқанда бәріне жер бөліп 

береміз, әрқайсысы өз үлесін алады 

дедік. Жер тарқатылуын тарқатылды, 

өкінішке қарай, үлес қағаз жүзінде 

қалды. Іс жүзінде нақты шаралар атқа­

рылған жоқ. 70­80 жыл жекеменшік­

тен тыс қалған жұрт, әп дегенде өз 

үлес терін жекеге алуға ұмтылмады. 

Соның салдарынан қолында билігі бар, 

еті тірілер олардың жер үлесін алды. 

Біздің болжамымызша, 70­80 пайыз 

жер колхоз­совхоздар басшыларының 

иелігіне өтіп, қарапайым жұрт түксіз 

қалды. Шаруалардың 10­15­ақ пайы­

зы жерге ие болды. Үшіншіден, 1991 

жылы жерді бөліп бергенімен артынша 

үкімет халықты жауапкершілігі шектеу­

лі серіктестікке немесе кооперативке 

кіруге үндеді. Көпшіліктің үлестері 

соларға бірікті. Кейінгі кездері коопе­

ративтер азайып, керісінше, ЖШС­тар 

көбейді. Жердің бәрі олигархтар иелігі­

не көшті. Жоғарыда айтып өткендей, 

қазіргі кездегі ЖШС­лардың жерлері 

сол бұрынғы жер үлесі иелерінің өз 

үлестеріне  құқықтарын  осы  серік­

тес тіктердің жарғылық қорына беру 

арқылы қалыптасқан және олар заң 

бойынша  олардың  қатысушылары 

болып саналады. Қолданыстағы жер 

заңдарының нормаларына сәйкес, «жер 

үлесі» есебінен қалыптастырылған 

жер пайдалану құқығына иелік жүргі­

зу ­ жер үлесі иелеріне ғана тиесілі. 

Олар өз үлестері есебінен ЖШС құра­

мы нан  шығып,  өз  шаруашылығын 

жүр гізуге  құқылы.  Бұл  ретте,  айта 

кете тін өткір мәселе – осы жер үлесі 

иелерінің өз құқықтарын толық білме­

уі. Сондай­ақ, жеке шаруашылығын 

ұйымдастыру үшін қаржы ресурстары 

мен техникаларының болмауы десек, 

қателеспейміз. 



– Жердің көбісі олиграхтар иелі­

гін де екенін айтып отырсыз, бізде осы 

туралы нақты статистика бар ма?

– Қазір біз қай облыста қанша жер 

бар, олардың көбі кімнің иелігінде 

екенін нақты біле алмаймыз. Ондай 

ақпаратты бізге бермейді. Талай жылдан 

бері сұрастырып келеміз. Қолымыз жет­

пеуде. Кезінде Ауыл шаруашылығы ми­

«АУЫЛ  ШАРУАШЫЛЫҒЫН КЕШЕНДІ 



ДАМЫТПАЙ,  ІС ОҢБАЙДЫ»

нистрлігінен Жер комитетін бөліп алды. 

Қазір қайтадан осы комитетті министр­

лікке беріп жатыр. Ауыл шаруашылығы 

министрлігінің функциясы енді­ен­

ді  түзеліп  келеді.  Алдағы  уақытта 

жер туралы нақты ақпараттарды білу 

мүмкіндігі туарына сенімдіміз.

Бұл ретте, айта кетерлігі, осы жер 

ресурстарын  басқару  саласындағы 

кейбір түсініксіз жәйттар болып отыр, 

яғни, биылғы жылдың 1 наурызынан 

бастап,  бұрыннан  Жер  комитетінің 

басқаруында болып келген, «Мемлекет­

тік ғылыми­өндірістік жерге орналасты­

ру институты» республикалық мемле­

кеттік кәсіпорны Ақпарат және комму­

никация министрлігінің «Азаматтарға 

арналған Үкімет» мемлекттік корпора­

циясы құрамына енгізіліпті. Ал, мұны 

осы МемЖерҒО жүргізетін «мемлекет­

тік жер кадастры», «жер мониторингі» 

және «жерге орналастыру» жұмыстары 

Ауыл шаруашылығы министрлігінің 

Жер комитетінен тыс қалуы деп атауға 

болады.  Бұл  өте  түсініксіз  жағдай. 

Меніңше, аталған корпорацияға тек 

осы жер МемЖерҒО­ның азаматтарға 

көрсететін қызметтерін ғана қалдырып, 

мемлекеттік, стратегиялық маңызы бар 

«мемлекеттік жер кадастры», «жер мо­

ниторингі» және «жерге орналастыру» 

функцияларымен осы мекемені Ауыл 

шаруашылығы министрлігінің Жер ко­

митетіне қайтарған жөн. Жердің есебі 

мен оның сапасына байланысты жұмыс 

жүргізетін мекеменің Жер комитетінде 

болмауы бұл –нонсенс. 



– 49 жыл аз уақыт емес, осы мер-

зімге жалға алғандар жарамсыз жер-

лерді қалпына келтіріп, пайдалануы-

на не кедергі тудырып жатыр? 

– Жер 49 жылға жалға берілсе де 

игерілмеуде. Ретін келтіргендер алды, 

бірақ, игермейді. Жер жай адамдарға 

тиген жоқ, оны бәрі біледі. Басшылар­

мен тіл табысқандар алды. Жерге ие 

керек болған соң жеке меншікке сату 

көзделді, бірақ, оған Елбасы мараторий 

жариялады. Біз 2003 жылы жерді жеке 

меншікке сатқан жағдайда оны тек иге­

ретіндерге беру керектігін айтқанбыз. 

Және заңға да соған сай өзгерістер 

енгізуді көздеп, өз ұсыныстарымызды 

бергенбіз. Мәселен, сол тұста жеке 

шаруа  туралы  заңға  жеке  шаруа  ­ 

«отбасылық еңбек бірлестігі» деген 

ұғым қабылданды. Отбасының қолынан 

келе ме, мүмкіндігі жете ме, жерді 

алып игерсін. Оның шегін белгілеу 

керек. Игере алмаса, жеке шаруалар 

бірігіп, кооператив ұйымдастыруына 

мүмкіндік беру керек, болмаса үкіметке 

қайтарады. Өкінішке қарай, кейін келе 

заңнан отбасы деген сөзді алып тастап, 

еңбек бірлестігін ғана қалдырды. Еңбек 

бірлестігінің құрамында 40­50 адам 

болуы мүмкін. Бұл жерді феодалдық 

тұрғыда басқаруға алып келеді. Бұл 

жеке  шаруаның  атын  пайдаланып 

феодалдарға  салықты  жеңілдетеді. 

Феодалдық  жер  қатынасы  дамыған 

елдердің ешқайсысында жоқ. Бұл бі­

реуге жалданып, еркіңнен тыс жұмыс 

істеу дегенді білдіреді. 1991, 1993, 1996 

жылдары «Жер туралы» заң өзгерді. 

Біз президентпен ақылдаса келе, жер 

мемлекеттің меншігінде қала береді, 

бірақ, пайдалану құқығын басқа біреуге 

беруге (сатуға) болатыны жөнінде де 

өзгеріс енгіздік. Ол да жақсы заң норма­

сы болатын. Бірақ, іске аспады.

– Маман ретінде жерді игерудің 

қандай тиімді тәсілін атар едіңіз? 

– Жерді игеруге ең бірінші, ғылым 

мен техниканың жетістігін енгізуіміз 

керек. Мәселен, 60 пайыз фермердің 

же рі 50 гектардан аспаса, оған техника 

жаңа технология пайдалану қиын. Был­

тыр заңға кооператив түсінігін енгіздік. 

Оның вертикальды және горизантальды 

кооперация деген екі түрі бар. Бізде заң­

ды және жеке тұлға бар. Заңды тұлға 

ЖШС, т.б. болуы мүмкін. Олар өзі­

нің статусын жоғалтпайды. Бірақ, олар 

қосылып, мал зауыт, ет комбинатын не­

месе бір ұйым ұйымдастыра алады. Оны 

өздері орталықтан басқарады. Бұрын 

тұтынушылар кооперативі болатын. 

2001­2004 жылдары депутат кезімде 

оның қате екенін айтқанмын. Тұты­

нушылар кооперативін жабылып, біріміз 

екі сиырымызды, екіншіміз 5 сиыры­

мызды қосып құрғанымызбен, несие 

мүлігі көпке беріледі. Құрылған сүт зауы­

ты несие алған адамның жекеменшігі 

сынды болады. Тек кооперативтің атын 

жамылады. Тұтынушылар коопе ра тиві 

заңда коммерциялық емес ұйым ретінде 

көрсетілген. Сондықтан, табыс деме­

ушілер арасында бөлінбейді. Бұл рейдер­

лік тәсілге ұқсайды. Ауыл шаруа шылығы 

министрлігі көмектесіп, былтыр «Коопе­

рациялар туралы» заң ды қабылдаттық. 

Түскен пайданы коопера тивтердің деме­

ушілері өз үлес ті ріне қарай әділетті бөліп 

алады. Бұл верти кальды кооперация. 

Мұны көбісі түсі ніп жатқан жоқ. Ал, 

горизантальды коопе ратив – ол бұрынғы 

ауыл шаруа шы  лығының өндірістік коо­

перативі. Колхоз­совхоз жабылғанда ел 

малын, же рін қосып бірікті. 50 гектар 

жерден 100 адам қосылса 5 мың гектар 

жер болады. Оған жаңа техника енді­

ру мүмкіндігі бар. 50 гектардан кем 

жер лерді жекеменшікке жалға беріп, 

солар дың басын біріктіріп, кооператив 

құру тиімді. Үкімет оған көмектесуі 

ке рек. Қазір бізде жеке қосалқы ша­

руашы  лық 15­16 пайыз екен. Осы 15­

16 пайыз шаруашылық 60­70 пайыз 

өнім өндіріп, 80 пайыз салық солардан 

ұсталады дейді. Біздің статистиканың 

жалғандығын осыдан­ақ көруге бо­

лады. Жерді жеке меншікке берейік, 

бермейік, егер ауыл шаруашылығының 

тиімділігін арттырғымыз, бар жерді то­

лық пайдаланғымыз келсе, үкіметтің 

міндетті түрде көмегі болуы керек. Ауыл 

шаруашылығы мәселесі кешенді түрде 

қаралмай, іс оңбайды. Біздің көп жеріміз 

орташа жылдық ылғалдылығы 200­300 

млм­ден аспайды. Германияда 700 млм­

ден асады. Олар бір гектарына 400 еуро­

дан көмек береді. 



– Ауылда жұмыс күші жоқ тың 

қасы, жастардың көбісі тұрақта май­

ды, мұндай жағдайда ауыл шаруа­

шылығын дамыту мүмкін бе?

– Осыдан 4­5 жыл бұрын «Ауыл» 

партиясының партияаралық кеңесі бол­

ды. Сол кеңестің бірінші отырысында 

ауыл шаруашылығын дамыту жолдарын 

айтқанбыз, өкіметке партияның атынан 

өз қолыммен табыс еткенмін. Қазір 

ауылда 80 пайыз техника тозған. Жердің 

30 пайызының құнарлылығы төмендеді. 

Ауыл тұрғындары жаппай қалаларға 

көшті. Былай қарасаңыз, шал­кемпір­

ден басқа қалып жатқандар жоқ. Кей­

біреулер мұны урбанизацияға теңейді. 

Урбанизацияның  мағынасы  басқа. 

Дамыған елдерде ауыл шаруашылығына 

ғылым мен білім, техниканың жетістігін 

енгізеді. Мысалы, он адам істейтін 

жұмысты техиканың көмегімен 7 адам 

атқарады.  Бірақ,  өндірген  өнімнің 

көлемі көбейеді. Аз адаммен көп өнім 

шығарады. Өнім көбейгеннен кейін 

оны тасымалдау, сақтап, өңдеу қажет. 

Сату мәселесі бар. Жұмысшылар сол 

жағына көбірек тартылады. Бізде өнім 

1990  жылдан  бері  екі  жарым  есеге 

төмендеді. Демек, 2,5 есе жұмыс оры­

ны кеміді. Еңбекке жарамды жастар 

ауылдан жұмыс жоқ болған соң амал­

сыз қалаға кетуде. Қалада оларды күтіп 

отырған ешкім жоқ. Ауылда қалған әке­

шеше, бала­шағасына көмектесе алмай, 

шақшадай бастары шарадай болуда. 

Жұмыс күшінсіз ештеңе де дамымайды.

– Жастарды ауылға қайтару үшін 

не істеу, қандай қадамдарға бару керек?

– Не істеу керек десек, оларды ауылға 

қайтару үшін ауыл шаруашылығын, 

оның ішінде жер игеруді, мал өсіруді 

қолға алуымыз қажет. Бұрын 50 млн 

мал ұстадық. Қазір мұның жартысы да 

жоқ. Мал басын көбейту үшін жарам­

сыз жатқан жерлерді игеру қажеттілігі 

туады.  Оны  игеру  үшін  игеретін 

жағдай техника, маман керек. Ауыл 

шаруашылығы мамандарын даярлау 

да үлкен мәселе. Жерді игеруге келген 

адамдардың әлеуметтік жағдайы жа­

салуы тиіс. Тұратын үй, т.б. мәселелер 

шешілсе, халық ауылдарға қайта топ­

тасады. Халық топтасқаннан кейін ол 

жерге дәрігер де, мұғалім де, т.б. маман­

дар да қажет болады.

Қазір ескі трафаретпен ауылға ма­

ман бармайдыны жиі айтамыз. Жұмыс 

жоқ болса қайдан барады, жағдайы жоқ 

жас ит байласа тұрмайтын жерге қалай 

тұрақтайды. Егер жаңағыдай халық 

көбейіп, маманға қажеттілік артып 

жатса, олар қуана­қуана жұмыс істейді. 

Ауылға тек мұғалім мен дәрігер емес, 

мәдениет мамандары да көптеп керек. 

– Ауылшаруашылық өнімде рі   мен 

ел халқын қайтсек толық қам та ма­

сыз етеміз?

– Жеріміз үлкен, әлемде 9­орында­

мыз деп мақтанамыз. Біз 50­60 млн. 

адам ды медициналық нормамен ауыл­

шаруашылық өнімдерімен тамақ тан­

дыруға қауқарымыз бар. Қазір 17 млн 

төңірегінде  халқымыз  бар.  Кейбір 

өнім дер ді 60­70 пайызға дейін шетел­

ден са тып алып отырмыз. Сондықтан, 

біз қазір азық­түлікпен қамтамасыз 

етеміз деп толық айта алмаймыз. Кей­

інгі жүз жылдың ішінде жер бетіндегі 

халықтың саны алты еседен аса көбейді. 

Мальтустың  теориясы  келе  жатыр. 

Халық    тың саны геометриялық тұрғыда, 

ал, азық­түлік пайы арифметикалық 

прогрессия жағынан өсіп, дефицит 

көбейе береді. 



– Жер комиссиясының жұмысына 

көңіліңіз тола ма?

– Жер комиссиясы алдымен жоғары­

да айтқан түйткілді мәселелерді анық­

тау керек. Біріміздің сөзімізді біріміз 

қайталаймыз, осындай детальдарды 

ешкім түсініп, біліп жатқан жоқ. Жарай­

ды, жерді сатпайық, сонда жекеменшік­

ке сыйланып кеткендерді не істейміз. 

Кооператив болмаса, бәсекелестікке 

қалай түсеміз. Қазір біз ДСҰ мүшесіміз. 

Дамыған елдер шығындарының 50­60 

пайызын үкімет жауып отыр, олар біздің 

нарыққа арзан бағамен кіреді. Біздің та­

уарлар өтпей қалады. Осылардың басын 

ашып алу керек. Ауыл шаруашылығы 

саласы мамандарының басын қосып, 

аз болса да саз адамдармен отырып, 

осындай мәселелерді шешу керек. Мұны 

жете түсініп жатқандар да аз. Мысалы, 

жекеменшік жерлері барлар оны одан 

ары көбейткісі келеді. Жердің сатылуын 

қолдайды. Кейбірі үкіметтің аз көмегінің 

өзі дер кезінде жетпей жатқанын айтады. 

Жемқорлық бар. Соны тәртіпке келтір­

ген жөн. Жерді жалға алғандарға оны 

сатып ал демей, салық, басқа жағынан 

тағы да жеңілдік жасау керек. Сөйтіп, 

жұмыс істетуге болады. Өкінішке қарай, 

біз бірімізден­біріміз ақылды болып 

көрінгіміз келеді. Нақты істі білмейміз, 

сөзбен бәрін жапырамыз.

–  Мемлекеттік  тілге  қатысты 

айтқан сөзіңіз біраз сынға ұшырады, 

бұл тұрғыда не дейсіз?

– Елімізде де және мемлекеттік ко­

миссияда да қазақтардан басқа да ұлт 

Ғани ҚАЛИЕВ, 

экономика ғылымдарының докторы:

(Соңы. Басы 1-бетте)

өкілдері бар, сондықтан, бәріне түсінікті 

болсын,  әсіресе,  терминология лар, 

оларды  аударып  уақыт  ұтқызбай, 

түсінікті тілде сөйлей берейік деген 

ой  еді.  Халық  түсіну  үшін  екі  тіл­

де  қойыртпақтамай  бірден  орысша 

сөйлеймін дедім. Журналистер менің 

сөзімнің мағынасын бұрып алды. Жур­

налисті қазақ тілін таптады дегені үшін 

сотқа беруге болады. Өйткені, орыс­

ша сөйлегенді қазақ тілін таптағанға 

жатқызуға бола ма? Қазақ тілінің мем­

лекеттік тіл, орыс тілінің ұлтаралық 

тіл  екені  Конституцияда  жазылып 

тұр. Екеуінің қайсысын қолданса да, 

адамның өз құқығы. Бірін айтсаң, екін­

шісін таптағандық емес. 

2004  жылы  Парламентке  жаңа 

сайлауының қарсаңында орыс тілін біл­

мейтіндерді депутаттыққа ұсынбайық 

деген бастама көтерілді. Ол кезде де­

путатпын, бұл елдің ішінде іріткі салу 

екенін айтып, қарсы шықтық. Себебі, 

Конституцияда адамның азаматтық 

құқығын  тіл,  дінмен  байланысты­

рып кемітуге  болмайды.  Одан  кей­

ін «пысықтар» қазақ тілін білмейтін 

қазақтарды депутаттыққа ұсынбау ке­

рек деді. Бұл ұсыныс та орынсыз, қазақ 

жастарына қарсылық дедік. Кезінде 

елімізде қазақ мектептері өте аз бол­

ды.  Амалсыз  жастардың  көпшілігі 

орыс  мектептерінде  оқуға  мәжбүр 

бол ды. Негізі Парламент қазақ тілінің 

үйірмесі емес, ол жерге мықты эконо­

мист, заңгер, халық шаруашылығының 

мамандары керек. Мәселе олардың 

қазақ тілін білгендігінде емес, өз ісінің 

маманы болғандығында. Қазақ тілін 

білмейтіндердің патриоттығы бізден 

кем еместігін ұмытпаған жөн. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет