Соңы 5-бетте) (Соңы 3-бетте) Лебіз Бүгінгінің бас тақырыбы АҢдатпа



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата15.03.2017
өлшемі4,46 Mb.
#9528
1   2   3   4   5   6   7

Алматы қаласы 

мамандандырылған 

ауданаралық әкімшілік соты

Батыс Қазақстан облыстық ішкі 

істер департаментінің қызметкерлері 

комиссия мүшелерінің қатысуымен 

қаруды жою жұмысын жүргізді. 

Аталған іс-шара департамент  

басшылығының төрағалық етуімен 

және  тыл, криминалистика, өзіндік 

қауіпсіздік, тергеу, анықтау салала-

рының, прокуратура, зауыт  қызмет-

керлері қатарынан комиссия құрылып, іске асырылды. 

Шарада қызып тұрған отқа 154 дана тегіс ұңғылы аңшылық қару, 7 дана шолақ мылтық, 

22 дана газды тапанша, 1 дана пневматикалық қару, 6 дана травматикалық қару, 3 дана заттай 

айғақ және 6 дана электрошокер, 1 дана резеңке таяқ жөнелтілді. Ұзын саны 193 бірлік қару 

және 6 электрошокер, 1 резеңке таяқ және қару бөліктері жойылды. 

Қаруды жою жұмысы Орал қаласындағы «КАЗАРМАПРОМ» ЖШС зауытында жүр-

гізіліп, зауыттың шойын балқыту пешінде отқа оранған металдар санаулы сәтте еріп үл-

герді. Шараға прокуратура және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды. 

Аталған шара кезінде жойылған қару бірліктері ерікті түрде тапсырылған және тәркілен ген 

қарулар.


БҚО ІІД баспасөз қызметі

Семинар


Мұрағат жұмысының маңызы зор

Ақмола облыстық сотында облыс судьялары, кәсіби және 

кәсіби емес медиаторлар, нотариустар, адвокаттар, әкімдік пен 

«Қоғамдық келісім» және «Кәсіпкерлер палатасы» үкіметтік емес 

ұйымдарының өкілдері медиация институтын дамыту мәселе-

лерін талқылады. 

Ашық есік күні



Прокуратураға тек лайықты мамандар ғана 

қызметке алынады

Акция

Қару-жарақ 



жойылды

Сот іс қарады

Бала ата-анасын бағуға міндетті

Студенттер 

сот ұжымында 

қонақта

№73 (2851)

6 шілде 2016

3

zangazet@mail.ru



1998 жылдың 6 мамырында Қазақ   ­

стан  Республикасы  Президен ті   нің 

қаулысы  бойынша  Ақмола  атауы 

Астана болып өзгерді. Астана қала­

сының  Қазақ  елінің  жаңа  астана­

сы ретінде халықаралық танысты­

рылымы  1998  жылдың  10  маусы­

мында өтті. Ал, Астана күні 6 шілде 

күні ата лып өтеді. Өйткені, дәл осы 

күні  Қазақстан  Республикасының 

Жоғарғы Кеңесі астананы Алматыдан 

Ақмолаға ауыстыру туралы шешім 

қабылдаған болатын. Бұл күн мемле­

кеттік мереке болып саналады. 1998 

жылы  Астана  еркін  экономикалық 

аймақтың  WEPSA  халықаралық 

қауымдастығына кірді. Әлемнің 15 

қаласы Қазақстан елордасының ба­

уырлас қалалары болып табылады, 

олардың арасында Мәскеу, Берлин, 



Астана – туған елдің текті ұясы,

Даланың көрінбейтін шет қиясы.

Толғансам шаттық сыйлар өлке ғажап,

Жаныма шалқар шабыт кеп құясың.

Жас болып талай жасқа сыр ақтардың,

Әркімге тұрса деймін ұнап бағың.

Маңғаздық бейне менен көркем сәулет,

Сен маған бір көргеннен ұнап қалдың...

Неткен ғажап Отаным, бақытты елім,

Тәуелсіздік сыйлаған уақыт демін.

Ширек ғасыр жартысын шырмалаған,

Астана тамыр жайған бәйтерегім.

Құрғанда төсінде Арқа салтанатын

Ерке Есіл өксіп тұрып шаттанатын.

Бүгінде бар Алаштың жүрегінде

Сезім бар беделіңмен мақтанатын.

Аңсарым армандауға жасқанатын,

Талайдың бақыты айқын басталатын.

Сен ғазиз көңілімде қала бердің,

Аспанда қалықтатар жас қанатым.

Шырқасын аспаныңда асқақ әнің,

Тұғыры биік болғай бас қаланың.

Талайдың тағдырына бұйырмаған,

Тойлайық туған күнін Астананың!

Мирас ҒАБДОЛХАЕВ,

Атырау облыстық сотының 

ақпараттық қамтамасыз ету 

бөлімінің маманы

(Соңы. Басы 1-бетте)

ҚОҒАМ


АСТАНА ЕРКЕЛІКПЕН 

ҚОШТАСЫП,  ЕСЕЙЕТІН 

ЖАСҚА ЖЕТТІ

ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ ТӘЖІ

СЕН МАҒАН БІР КӨРГЕННЕН 

ҰНАП ҚАЛДЫҢ...

ТЕҢДЕСІ ЖОҚ  БАС ҚАЛАМ

Әрине, кеңестік биліктің бастама­

шысы һәм мұрагері болған Ресейдің 

өзі қызылдар империясы құлаған соң 

Ленинградқа  Санкт­Петербург  деп 

бағзы атын қайтарып жатқанда, тілі, 

діні, тарихы, болмысы, салт­дәстүрі 

бөлек қазақ бодандықтан құтылған 

тұста өткеніне бет бұрмаса, онысы та­

рих алдындағы қылмыспен пара­пар бо­

лар еді. Алайда, араға алты жыл салып 

қаланың аты да, заты да, мәртебесі де 

түбегейлі өзгерді. Президент Нұрсұлтан 

Назарбаевтың шешімімен ел астана­

сы Алатау баурайындағы Алматыдан 

Сарыарқа төсіне көшті. 1998 жылдың 

10 маусымынан бастап ресми түрде 

Ақмола Қазақстанның астанасы атал­

ды. Күтпеген бір жайт, оның мәртебесі 

ғана емес, аты да Астана болып өзгерді. 

Сөйтіп,  бұл  сол  сәттен  бастап  бас 

әріппен  жазылатын  сөзге  айналды. 

Елорда  бейресми  және  балама  аты 

ретінде қалыптасты. 

Иә,  еліміз  бас  қаласын  Арқаға 

ауыстырғаннан ұтпаса, ұтылған жоқ. 

Олай дейтініміз, тың игеру жылда­

рынан  соқаның  ізі  қалған  аймақта 

орыстандыру саясатының салқыны да 

сақталған. Орысы қалың екенін меңзеп 

отырмыз. Әрине, өзге ұлттың өкілдерін 

өз билігіміз өз қолымызға тиген соң 

«тайып тұр» деп қуып шығара алмай­

мыз. Олар да кезінде өз еркімен келе 

қоймағаны анық. Сондықтан, өлкенің 

қазақтануы табиғи процесс ретінде 

жүруі тиіс еді. Тиесілісі, соған жағдай 

жасау.  Сол  қамқорлықтың  үлкені 

Ақмоланы Астана ету болды десек 

қателеспеспіз. Себебі, қазақтың тамыры 

ауылда десек те, тәуелсіздікпен қатар 

келген тоқырау жылдары қалаға ағылу 

үрдісі жүрді. Әлі де тоқтай қойған жоқ. 

Сәл есейсе, үлкен қалаға кеткісі келіп 

тұратын ауыл балалары қазір де көп­ақ. 

Ал, Астана сондай ауыл балаларының 

аңсары ауатын мекеннің бастысының 

біріне  айналды.  Мысалы,  Алматы 

бұрыннан орнығып қалған орыстар 

мен солардың ұрпағы бар демесеңіз, 

бүгінде қазағы қалың қалаға айналды. 

Әсіресе, іргесіндегі елді мекеннің бәрі 

қаракөздеріміз, арасында баспаналысы 

да, баспанасызы да бар. Мұны Астанаға 

да қатысты айта аламыз. Болашағын 

бас қаламен байланыстыратындардың 

дені Арқа төсіндегі қалаға ағылуда. 

Тіпті, қара халық тұрмақ, зиялылары­

мыз бен өнер өкілдерінің бірқатары 

сонда қоныс аударған. Сөйте­сөйте 

қала біршама қазақыланды, табиғаты 

да қатал мінезінен қайта бастады. Бұл – 

ұтқанымыздың бір дәлелі.

Қазақ қашаннан кенже ұлын еркелет­

кен (есіртпеген), бар тәттісін аузына то­

Бүгінгінің бас тақырыбы

6 шілде — Астана күні

сып, ерекше мейіріміне бөлеген халық. 

Астана да сол секілді Қазақстанның 

«ерке»  қаласына  айналғанын  жа­

сыра алмаймыз. Өзге облыстар мен 

қалалар көре қоймаған мемлекеттің 

қамқорлығын  елорда  көріп  келеді. 

Осылайша өзгелердің «қызғанышына» 

айналған Астана биыл кәмелет жасқа 

жетті. Еркелікпен қоштасып, есейетін, 

етек­жеңін жинайтын шаққа аяқ басты. 

Нақ туған күні басқа, бірақ, туу туралы 

куәліктегі датасы басқа адамдар бола­

ды. Бас қаламыз да сондай. Жарлығы 

10 маусымда шықса да, барлығы жапа­

тармағай 6 шілдеде тойлайды. Тек бұл 

күні кім «ерке әрі кенже» қаланың, кім 

Астана авторының туған күнін тойлап 

жатқаны беймәлім. Іштері білсін. 

Айтпақшы, бас қаламыздың биылғы 

жаңалығы  кәмелет  жасқа  толғаны 

ғана  емес.  Балиғат  жасқа  жақында 

тағайындалған Әсет Исекешев сынды 

жаңа әкімімен және миллионыншы 

тұрғынымен келіп отыр. Осы арада 

соңғы ақпарат сынға ұшырағанын еске 

сала кетейік. Соған сәйкес, қала әкімдігі 

қалайша тұрғындар 1 миллионға жеткені 

жайлы түсінік те берді. Қалалық ішкі 

саясат басқармасының мәліметінше, 

2016  жылдың  1  қаңтарында  ресми 

тіркелген қала тұрғындарының саны 

871 200 адам болғанын да көрсеткен. 

Содан жарты жылда туғаны бар, есепке 

тұрғаны бар, миллионға жеткен­мыс. 

Ал,  қаланың  әкімі  Әсет  Исекешев 

жаңа туған миллионыншы тұрғынды 

және ата­анасын перзентханаға келіп 

құттықтап, пәтер кілтін табыстады. 

Бұл ақпаратқа күмәнмен қарағанымыз 

– көбейгенімізді қаламағанымыз емес. 

Керісінше, жаңа әкім Астана авторының 

алдында ұпай жинау үшін жалған цифр 

көрсетіп, елорда жалған сөздің орда­

сына айналмаса екен дегеніміз. Қала 

тұрғындары қалайша демде миллионға 

жеткеніне келсек, бәлкім, Әсет Исе­

кешев бұрынғы қызметінен үйренген 

инновациялық технологияларды шаһар 

демографиясын дамытуға да әкімдікке 

келе сала «қолданған» шығар. 

Елорданың тағы бір көзқуанышы 

– атауы қазақша түрлі ғимараттардың 

бой көтергенінде. Мәселен, Бейбітшілік 

және келісім сарайы, Тәуелсіздік сарайы, 

Бәйтерек, Ханшатыр, тағысын тағылар. 

Елбасы резиденциясының Ақорда ата­

луы да тарихи танымға, атауға, санаға 

бет бұру іспетті. Бұл Ақорданың бұрын­

ғы ордалардан айырмашылығы – мұнда 

мұрагерлікпен келетін хандар емес, 

тәуелсіз қазақтың сайланбалы прези­

денттері отырады. Тек кей кісілер осыны 

шатастырып алмаса болғаны... 



Сәкен ОРЫНБАСАРҰЛЫ,

«Заң газеті» 

О

қтай түзу көшелер, алып ғимараттар, қайталанбас 

кешендер...  Мұның  барлығы  осыдан  18  жыл 

бұрын көрген түстей, ертегіге пара­пар дүниелер 

еді. Бірақ, Мемлекет басшысы осы ертегіні шындыққа 

айналдырды. Расында, Алматыны астана ретінде көңіл 

сендіріп, оның өзгеруін қаперіне алмаған халық үшін 

саяси орталықтың Арқа жаққа ауысуы күтпеген жағдай 

болды. Бұл шешімге үмітпен қарағандардан гөрі күдігін 

айтқандар көп еді. Халықтың пікірін екіге жарған бұл бас­

таманы Елбасының тектен­тек ұсынбағаны тағы белгілі. 

Себебі, елордасын ауыс тыру Президенттің өз атын шығару, 

әлде бір жаңалық енгізу мақсатында туындаған қарабайыр 

ұсыныс емес. Мұның астарында ортаны қазақыландыру, 

Қазақстанның орталық өңірлеріне жан бітіру сияқты игі 

мақсаттың менмұндалап тұрғаны анық. Атын шығарып, 

ұпай жинауға Нұрсұлтан Назарбаев зәру де емес еді. 

Әрі бұл бастаманың аз уақытта халықтан қолдау табуы, 

Астананың әлемнің көрікті қалаларының қатарына қосылуы 

Елбасының өз елінде қаншалықты сыйлы, қаншалықты бе­

делді екенін дәлелдей түсті. Халық Президент ұсынысының 

дұрыстығына толық көз жеткізбесе де, онымен бірге 

тәуекелге бел буды. Көшбасшысының бастаған істі орта 

жолда қалдырмасына сенді. Және жаңа қаланы Елбасымен 

бірге жасады. Ортақ іске барынша үлес қосты. 

Сол кезде Алматыдан Астанаға көш түзеп, жаңа істің 

басы­қасында жүргендердің естелігін оқығанда бүгінгі 

тақтайдай түзу көшелер мен даңғылдардың, мәдениет 

ошақтарының оңай салына қоймағанына көз жеткізесің. 

Қаланың құрылысына Елбасы ерекше мән берді. Мұндағы 

әрбір жаңа ғимараттың ерекше болуына, сонылығына, 

салтанатына жіті назар аударылды. Бас қаланың жоспарын 

жасағанда тек өзіміздің сәулетшілерге иек артпай, өзге 

ел мамандарының да ұтымды идеяларын пайдаланып, 

әлем мойындайтын, сәулеті мен дәулеті сай қала салуға 

басымдық берді. Сәулетшілер арасында ұйымдастырылған 

байқау тек үздік мамандар мен сапалы жобаларды таңдап 

алуға мүмкіндік туғызды. Әлемнің көптеген сәулетшісі 

қатысқан сында Елбасының таңдауы жапондық маманға 

түскен болатын. Сөйтіп, қала жобасымен атақты жапон 

сәулетшісі Кисе Курокаваның айналысқанын бәріміз жақсы 

Есілдің бойында орналасқан әсем 

Астананың бүгінгі көркі көз сүйсінтеді. 

Алып Бәйтеректі айнала шоғырланған жас 

қаланы Қазақстанның алтын тәжі десек тегін-

де артықтық етпес. Бірақ, дәл осындай кел-

бет бір күнде жасалып, қаланың беделі бір 

күнде қалыптаса қалған жоқ. Бұл — Елбасының 

тәуекелшіл әрекетінің жемісі болған, бір 

мақсатқа жұмылған қазақстандықтардың же ңі ­

сі болған қала. Осындай ынтымақ пен бірліктің 

арқасында бой көтерген қаланың келер жылы 

бас қалаға айналғанына 19 жыл толмақ.

Ел Президенті Нұрсұлтан 

Назарбаевтың 1997 жылғы 20 

қазан     дағы жарлығымен 

Ақмола қаласы Қазақстанның 

астанасы болып жарияланды. 

Қазақстан Республикасының 

Жоғарғы Кеңе сі астананы 

ауыстыру туралы шешімді 1994 

жылдың 6 шіл де   сінде қабыл  ­

даған болатын. Осыдан кейін 

дайындық жұмыс тары жүр­

гізіле бастады. Құрылыс 

қарқынын арттыру әрі 

инфрақұры лы мын дамыту 

мақсатында 1997 жылы 

Ақмола қаласында Ақмола 

арнайы экономикалық аймағы 

құрылды. Ол белгілі бір 

деңгейде жаңа елорданың 

дамуына өз септігін тигізді. ҚР 

Прези ден тінің астананы көшіру 

туралы жарлығы жарыққа 

шыққаннан кейін Алматыда 

Ақмолаға мемлекеттік орган-

дарды қоныстандыру 

жұмыстары басталды.

білеміз. Және бұл сәу­

летші өзінің ерек ше ой, 

тың  бастамаларымен 

жұртшылықтың есінде 

қалды.


Осыншама  талпы­

ныс  тың, жұмыс тың қо    ­

ры    тындысы  көп  күт       ­

тірген жоқ. Астана қа­

зақ  стандықтарды ғана 

м о й ы н д ат қ а н   жо қ , 

әлем  нің  таңданысын 

т уд ы р  ғ а н   т а м а ш а 

шаһар  ға айналды. Со­

дан болар, ЮНЕСКО­

н ы ң   ш е ш i м і м е н 

Қазақстанның орта   лығы «Бейбітшілік қала сы», «Әлем 

қала» атақта рына ие болды. Бүгінде астанамыз еліміздегі ең 

iрi iскер, дипло матиялық, сауда және мәдениет орталығы 

болып,  тыныштық  пен  ынтымақтың,  татулық  пен 

бейбітшіліктің бесігіне айналып отыр.

Қазір жастар білімнің, мәдениеттің, үлкен саясаттың, 

еркіндіктің қаласы ретінде Астанаға барып өз туын тігуге, 

өз жұмысын осы жерден бастап, өз арманын осы қалада 

шындыққа  айналдыруға  тырысады.  Өйткені,  Астана 

айналдырған 20 жылға жуық уақыттың ішінде қаншама 

білімді жасты қанаттандырып, қаншама білікті маманның 

өмірден өз орнын табуына ықпал еткеніне бәріміз куәміз. 

Қаншама жас осы жерде отбасын құрып, астаналық атанды. 

Күні кеше сәулетшілер 2030 жылға дейін 800 мың тұрғыны 

болады деп болжам жасаған Астананың халқы қазірдің 

өзінде миллионды межеледі. Мұның өзі қаланың өсіп, 

тоқтаусыз дамып жатқанын дәлелдейді. Ендеше, Астананың 

дамуы да тежеліп қалмасы анық. Бүгінде қаланың көшелері 

тарлық етіп, шаһардың шегін әлі де кеңейте түсу керектігін 

ұқтыруда. Өйткені, түтіні түзу шығып, тіршілігі қызу жүріп 

жатқан ортаға келіп өмір сүргісі келетіндер, осы ортадан өз 

орнын табуға ынталылар көп. Сондай арман қуып Астанаға 

келген жандардың ұрпағы ертең бұл мекенді көркейтуге 

үлес қосары талассыз. Осылай үздіксіз жалғасқан ұрпақтар 

сабақтастығы жас қаламызды бас қалаға, одан кейін әлем 

мойындайтын алып қалаға айналдырарына сенеміз.

 «Астана – бұл менің төл перзентім. Әр адам, тегін­

де, өз қаласын сүйетін шығар. Ал, біз, астаналықтар, 

өзіміздің жас қаламызды үш есе артық сүйеміз, өйткені, 

біз оның құрылысын тақыр жерден бастадық. Мұндағы 

әрбір жаңа мүйіс, әрбір жаңа ғимарат біздің жүрегімізден 

шыққан, өйткені, олар туған сәтінен бастап біздің көз ал­

дымызда», – деген еді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елор­

да туралы естеліктерінің бірінде. Десек те, Елбасының 

ерлігі саналатын бас қаламыз тек астаналықтар үшін ғана 

қадірлі емес, бұл барша қазақстандықтар үшін қасиетті 

де киелі мекен. 

Варшава, Минск, Киев, Анкара, Бан­

гкок және басқалары бар.

Бүгінде Астана түрлі халықара­

лық деңгейдегі шараларлы өткізетін 

орталыққа айналып үлгерді. Мәселен, 

2010  жылы  елордада  11  жылдық 

тоқы раудан  кейін  ЕҚЫҰ  саммиті 

ұйымдастырылып, өте жоғары дең­

гейде өткізілді. VII қысқы Азиада 

ойындары  да  жоғары  талапқа  сай 

ұйымдастырылды.  Әлемдік  және 

дәстүрлі діндер көшбасшыларының 

съезі де тұрақты өткізіліп келе ді. Бұдан 

бөлек, Астана 2017 жы лы EXPO­2017 

Халықаралық  маман дан дырылған 

көрмені жоғары деңгейде өткізуге ба­

рын салуда.

Ұшқан құстың қанаты талып, шы­

ғыс тан шыққан күн батысына әрең же­

тетін кең жазиралы даланы мекен ет­

кен қазақ деген іргелі елміз. Ғасырлар 

бойы бағы мен соры кезектесе отырып 

досқа  ақ  пейілін,  қасқа  найзасын, 

дауға қылышын сілтеген, тағдыры 

қаншама рет тағдыр таразысына түсіп, 

қыл үстінде тұрса да, «құт дарып, 

қыдыр  қонған»  туған  елді  көздің 

қарашығындай сақтай білген елміз. 

«Ерлік – ұрпаққа ұран, елге мұра» де­

ген дуалы ауыз бабалар өсиетін бойы­

на дарытқан халқымыз азамат ұлдар 

тәрбиелеуге де зор көңіл бөлді. Бұған 

Абылайдан кейін қолымыздан сусып 

кеткен тәуелсіздіктің туын ұстап қалу 

үшін, халықтар достығын, татулықты, 

ынтымақтастықты күшей тетін елді 

бастар ер керек еді. Еңселі ел болу елін 

дауға, жерін жауға бермейтін білікті 

басшы  қажет  болды.  Сөз  қадірін, 

ер қадірін білген Төле би бабамыз 

«Басшысы болмаса, ел жетім» деген. 

Ғасырлар бойы күрестермен жеткен 

тәуелсіздікті баянды ету Нұрсұлтандай 

Елбасымыздың еншісіне тиді.

Елбасының  негізгі  мақсаты  ел 

бірлігін сақтау деп түсінемін. Оның 

әр сапарынан, әр кездесуінен осыны 

аңғаруға болады. Көпұлтты Қазақ елі 

ынтымағы орнаған халықтар достығы 

еліне айналып отыр. Тарих дөңгелегі 

толассыз дөңгелеп, уақыт өз дегенін 

жасап  жатыр.  Елбасы  сайланғалы 

25 жылдай уақыт өтті. Осы жылдар 

ішінде асқан төзімділікпен қыруар 

шаруа атқаруда. Ең әуелі өзге ұлт 

өкілдерімен Қазақ елі арасындағы 

саяси  тұрақтылықты  сақтай  оты­

рып халықтың өз қазына сын өзіне 

қайтаруға тырысты. Тілі, ділі, салт­

дәстүрі,  әдет­ғұрпынан  айыры­

лудың аз алдындағы елге азған тай 

уақыттың ішінде асыл мұраларын 

қайтаруға күш салды. Қазақстанды 

Орталық Азия барысына айналдыру 

үшін Елбасымыздың «Қазақстан – 

2030» стратегиялық бағдарламасы бұл 

күнде ұшса қанат талатын кең­байтақ 

өлкемізді шарлап кетті. 

Президент жолдауы – болашаққа 

апарар үлкен жолдың бастауы. Мұнда 

айтылмаған,  еленбеген  сала  жоқ. 

Егемендіктің кілтін ұстар жастардың 

жарқын болашағына апаратын алтын 

сүрлеу. Еліміздің ертеңі – жастарға 

үлкен қолдау көрсетіп, шетелдер де 

білім алуына жағдай жасап, «Бола ­

шақ» бағдарламасын ұсынуы шынайы 

қамқорлық деп білемін. Н.Назарбаев: 

«Жаңа  Астана  –  тарихи  оқиға. 

Бұл – елдің өз тәуелсіздігін алып, 

көк  байрағын  көтергенмен  бір  дей 

қуаныш», – деген болатын. Ас тана 

күннен­күнге құлпырып, өзінің ру­

хани келбетін жаңартып, көз тартар 

алып  ғимараттарымен  жыл  сайын 

өркендеуде. Бозбала жастан нағыз ер­

азаматтық жасқа аяқ басқан айбары 

мықты Астанамыз етегін кеңге жайып, 

өсіп­өркен деп, күннен­күнге гүлденіп, 

қарқынды дамып келеді. Тек сырт 

көздің сұқтанғанынан, жете сіздердің 

арам пиғылынан сақтап, елордамыз 

– Астана мәңгілікке шуағын шашып, 

қадамы қарқынды дами берсін.



Рустам НАБИЕВ,

Шығыс Қазақстан облысының 

соттар әкімшісінің 

кеңсе меңгерушісі

Жеңіс МАҚҰЛБАЕВ, 

Оңтүстік Қазақстан облысы 

Мақтаарал аудандық

 №2 сотының төрағасы

№73 (2851)

6 шілде 2016

3

zangazet@mail.ru



1998 жылдың 6 мамырында Қазақ   ­

стан  Республикасы  Президен ті   нің 

қаулысы  бойынша  Ақмола  атауы 

Астана болып өзгерді. Астана қала­

сының  Қазақ  елінің  жаңа  астана­

сы ретінде халықаралық танысты­

рылымы  1998  жылдың  10  маусы­

мында өтті. Ал, Астана күні 6 шілде 

күні ата лып өтеді. Өйткені, дәл осы 

күні  Қазақстан  Республикасының 

Жоғарғы Кеңесі астананы Алматыдан 

Ақмолаға ауыстыру туралы шешім 

қабылдаған болатын. Бұл күн мемле­

кеттік мереке болып саналады. 1998 

жылы  Астана  еркін  экономикалық 

аймақтың  WEPSA  халықаралық 

қауымдастығына кірді. Әлемнің 15 

қаласы Қазақстан елордасының ба­

уырлас қалалары болып табылады, 

олардың арасында Мәскеу, Берлин, 



Астана – туған елдің текті ұясы,

Даланың көрінбейтін шет қиясы.

Толғансам шаттық сыйлар өлке ғажап,

Жаныма шалқар шабыт кеп құясың.

Жас болып талай жасқа сыр ақтардың,

Әркімге тұрса деймін ұнап бағың.

Маңғаздық бейне менен көркем сәулет,

Сен маған бір көргеннен ұнап қалдың...

Неткен ғажап Отаным, бақытты елім,

Тәуелсіздік сыйлаған уақыт демін.

Ширек ғасыр жартысын шырмалаған,

Астана тамыр жайған бәйтерегім.

Құрғанда төсінде Арқа салтанатын

Ерке Есіл өксіп тұрып шаттанатын.

Бүгінде бар Алаштың жүрегінде

Сезім бар беделіңмен мақтанатын.

Аңсарым армандауға жасқанатын,

Талайдың бақыты айқын басталатын.

Сен ғазиз көңілімде қала бердің,

Аспанда қалықтатар жас қанатым.

Шырқасын аспаныңда асқақ әнің,

Тұғыры биік болғай бас қаланың.

Талайдың тағдырына бұйырмаған,

Тойлайық туған күнін Астананың!

Мирас ҒАБДОЛХАЕВ,

Атырау облыстық сотының 

ақпараттық қамтамасыз ету 

бөлімінің маманы

(Соңы. Басы 1-бетте)

ҚОҒАМ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет