Соңы 5-бетте) (Соңы 3-бетте) Лебіз Бүгінгінің бас тақырыбы АҢдатпа


-параграф. Конкурс тәсілімен электрондық сатып алуға қатысуға өтiнiмдерді



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата15.03.2017
өлшемі4,46 Mb.
#9528
1   2   3   4   5   6   7

9-параграф. Конкурс тәсілімен электрондық сатып алуға қатысуға өтiнiмдерді 

ашу және қарау, конкурсқа қатысуға рұқсат беру тәртібі

135. Конкурс тәсілімен электрондық сатып алуды жүргізу кезінде конкурсқа қатысуға

өтінімдерді конкурстық комиссияның хатшысы сатып алу порталында ашады. Бұл ретте

конкурстық баға ұсынысы ашылмайды және әлеуетті жеткізушіге конкурсқа қатысуға рұқсат

берілген соң ғана не конкурсқа қатысуға кем дегенде екі өтінім берілген жағдайда қолжетімді

болады.


Конкурстық комиссияның хатшысына конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашуға рұқсатты

сатып алуды ұйымдастырушы конкурс тәсілімен электрондық сатып алуды жүзеге асыру

туралы хабарландыруда көрсеткен күні және уақытта, сатып алу порталы автоматты түрде

береді.


136. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу хаттамасын Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес

нысан бойынша сатып алу порталы автоматты түрде қалыптастырады және конкурсқа

қатысуға өтінімдер ашылған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей сатып алу

порталында  жарияланады.  Бұл  ретте  сатып  алу  порталы  конкурстық  комиссияның,

сараптама комиссиясының мүшелеріне (сарапшыға), конкурсқа қатысуға өтінім берген

әлеуетті жеткізушілерге автоматты түрде хабарлама жібереді.

137. Егер конкурсқа (лотқа), конкурсқа (лотқа) қатысуға бір ғана өтінім ұсынылса, ол

ашылады және әлеуетті жеткізушінің біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың

талаптарына сәйкестігіне қаралады.

138. Конкурстық комиссия сатып алу порталында біліктілік талаптарына және олардың

конкурсқа қатысуға өтінімдері конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін

әлеуетті жеткізушілерді анықтау мақсатында конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарайды және

конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша:

1) әлеуетті  жеткізушілер  біліктілік талаптарына  және  олардың  конкурсқа  қатысуға

өтінімдері конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда Қағидаларға

11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасын;

2) әлеуетті  жеткізушілер  біліктілік талаптарына  және  олардың  конкурсқа  қатысуға

өтінімдері конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес болған жағдайда Қағидаларға

12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы

ресімдеу жолымен шешімдердің біреуін қабылдайды.

139. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешімі

конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашқан күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қабылданады

(күрделі техникалық сипаттамасы және ерекше нұсқамасы бар тауарларды, жұмыстарды,

көрсетілетін қызметтерді күрделі сатып алу жүргізілген жағдайда, мұндай өтінімдер элек-

трондық конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашқан күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде

қаралады).

140. Конкурстық комиссия біліктілік талаптарына және олардың конкурсқа қатысуға

өтінімдері конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті жеткізушілерді

анықтаған жағдайда, осындай әлеуетті жеткізушілерге конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат

беру туралы хаттаманы сатып алу порталында жариялаған күннен бастап үш жұмыс күні

ішінде конкурсқа қатысуға өтінімді біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың

талаптарына сәйкес келтіру құқығы беріледі.

141. Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы Қағидаларға 11-қосымшаға

сәйкес нысан бойынша ресімделеді және оның ішінде:

1) олардың сәйкес келмеу себептерін көрсете отырып, біліктілік талаптарына және

олардың конкурсқа қатысуға өтінімдері конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес кел-

мейтін;

2) біліктілік  талаптарына  және олардың  конкурсқа  қатысуға  өтінімдері  конкурстық

құжаттама талаптарына сәйкес келетін конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынған әлеуетті

жеткізушілер туралы ақпаратты қамтиды.

142. Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасына сатып алу порталында 

конкурстық комиссияның мүшелері қол қояды және конкурстық комиссияның хатшысы

осындай шешім қабылданған күні конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық дерлік әлеуетті

жеткізушілерді электрондық пошта бойынша автоматты түрде хабардар ете отырып, сатып

алу порталында орналастырады.

143. Конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда осы конкурстық комисси-

яның кез келген мүшесінің ерекше пікірі конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы

хаттамаға құжаттың электрондық көшірмесі нысанында қоса беріледі.

144. Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттама әлеуетті жеткізушілер

біліктілік талаптарына және олардың конкурсқа қатысуға өтінімдері конкурстық құжаттама

талаптарына сәйкес келген жағдайда ресімделмейді.

145. Конкурстық комиссияның хатшысы сатып алу порталы арқылы конкурсқа қатысуға

алдын ала рұқсат беру хаттамасында көрсетілген мерзімде біліктілік талаптарына және

конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайта

қарау рәсіміне бастамашы болады.

Конкурстық  комиссия  Қағидалардың  116,  117,  118-тармақтарында  көзделген  іс-

шараларды жүзеге асырады.

146. Әлеуетті жеткізуші, егер:

1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері не қоса орындаушы мынадай негіздер бой-

ынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін болып анықталса:

жеке тұлға болып табылатын әлеуетті жеткізуші тиісті мемлекеттік орган берген, заңды

тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың көшірмесін

ұсынбаса;

жеке тұлға болып табылатын әлеуетті жеткізуші жеке басын куәландыратын құжаттың

көшірмесін ұсынбаса;

әлеуетті жеткізуші қызметін Үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын жағдайды қоспағанда,

заңды тұлға болып табылатын әлеуетті жеткізуші жарғының көшірмесін не мемлекеттік және

(немесе) орыс тілдеріне аудара отырып, сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді-көшірмені

ұсынбаса;

заңды тұлға болып табылатын әлеуетті жеткізуші, егер заңды тұлға қызметін Үлгі жарғы

негізінде жүзеге асырса, заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу

(қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін немесе мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің көшір-

месін немесе заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы

анықтаманың көшірмесін ұсынбаса;

заңды тұлға болып табылатын әлеуетті жеткізуші құрылтайшы немесе құрылтайшылардың

құрамы туралы мәліметтері бар құрылтай құжаттарының үзінді-көшірмесін (егер жарғыда

құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтер болмаса) не конкур-

сқа қатысуға өтінімдерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кешіктірілмей берілген, белгілен-

ген тәртіппен қол қойылған және мөрмен (ол болған кезде) расталған акционерлік қоғамдар

үшін бағалы қағаздар ұстаушылары тізілімінен үзінді-көшірмені немесе жүргізілуін тіркеуші

жүзеге асыратын серіктестікке қатысушылардың тізілімінен үзінді-көшірмені ұсынбаса;

әлеуетті жеткізушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге

және  өткізуге,  жұмыстарды  орындауға,  қызметтерді  көрсетуге  құқығын,  оның  ішінде

бірлескен шаруашылық қызмет (заңды тұлғалардың уақытша бірлестігінің (консорциум)

қатысуы кезінде) туралы шартта көзделген лицензиялауға жататын қызмет бойынша тауар-

ды жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызмет көрсетуге құқығын растайтын электрондық

құжат түріндегі лицензия (немесе) патенттер, куәліктер, сертификаттар, басқа құжаттар

ұсынылмаса;

лицензия электрондық құжат түрінде ұсынылған кезде мемлекеттік ақпараттық жүйеде

мәліметтер болмаса;

заңды тұлғалар (консорциум қатысушылары) (заңды тұлғалардың уақытша бірлестігінің

(консорциум) қатысуы кезінде) арасында жасалған бірлескен шаруашылық қызмет туралы

шарттың көшірмелері ұсынылмаса;

конкурсқа қатысуғаөтінімдерді ашу күні алдындағы бір айдан ерте емес берілген, элек-

трондық үлгі конкурстық құжаттамаға 3-қосымшағасәйкес әлеуетті жеткізушіге қызмет көр-

сетілетін банктің немесе банк филиалының, анықтаманы берген күннің алдында үш айдан

астам мерзімге созылған банк немесе банк филиалының алдындағы әлеуетті жеткізушінің

міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы туралы

анықтамасының қол қойылған және мөрі бар (ол болған кезде) көшірмесі ұсынылмаса (егер

әлеуетті жеткізуші бірнеше екінші деңгейдегі банктердің немесе филиалдардың, сондай-ақ

шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтамаларды осындай банктердің әрқай-

сысынан ұсынбау);

банктің  немесе  банк  филиалының  қол  қойылған  және  мөрі  бар  анықтамасында

әлеуетті жеткізушінің осы анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған

міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегі туралы мәліметтер болса;

салық  берешегі  және  міндетті  зейнетақы  жарналары,  міндетті  кәсіптік  зейнетақы

жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешек туралы мәліметтерде 1 (бір) 

теңгеден асатын және одан көп (төлем мерзімі 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық

және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан

Республикасының Кодексіне сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) сома болса;

біліктілік талаптары туралы бойынша шынайы емес ақпаратты ұсыну фактісі анықталса;

банкроттық не тарату рәсіміне жатқызылса;

2) егер оның конкурсқа қатысуға өтінімі мынадай негіздер бойынша конкурстық құжаттама

талаптарына сәйкес келмейтін болып анықталса:

конкурсқа қатысу туралы келісімде көрсетілген мәліметтерде дәйексіз ақпарат болса;

техникалық ерекше нұсқама ұсынылмаса;

анағұрлым жақсы техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары бар техника-

лық ерекше нұсқаманы ұсыну жағдайларын қоспағанда, әлеуетті жеткізуші конкурстық

құжаттаманың техникалық ерекше нұсқамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін

техникалық ерекше нұсқама ұсынса;

конкурста сатып алу мәні болып табылатын жұмысты орындау бойынша мердігерлер

(қызметті көрсету кезінде қоса орындаушылар), сондай-ақ электрондық үлгі конкурстық

құжаттамаға 4-қосымшаға сәйкес әлеуетті жеткізушінің қосалқы мердігерлерге (қоса орында-

ушыларға) беретін жұмыстар мен қызметтер түрлері туралы мәліметтер (әлеуетті жеткізуші

қосалқы мердігерлерді (қоса орындаушыларды) тартқан жағдайда) берілмесе;

әлеуетті жеткізуші қосалқы мердігерлер туралы мәліметтер ұсынылған жағдайда, қо-

салқы мердігерлерге (қоса орындаушыларға) жиынтықта жұмыс (құрылыс құны), қызметтер

көлемінің үштен екісінен асатын бөлігін қосалқы мердігерлікке (қоса орындауға) берсе;

конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз

ету ұсынылмаса;

конкурс, екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып өткізілетін конкурс тәсілдерімен

электрондық сатып алу бойынша конкурстық баға ұсыныстары ұсынылмаса, конкурсқа қа-

тысуға жіберілмейді және конкурсқа қатысушы болып танылмайды.

147. Сарапшы не сараптама комиссиясы белгіленген мерзімде, бірақ конкурсқа қатысуға

өтінімді қарау мерзімінен кешіктірмей, өтінімдерді қайта қарайды және Қағидалардың 120

және 121-тармақтарына сәйкес қорытынды береді.

148. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайта қарау нәтижелері бой-

ынша:


1) біліктілік  талаптарына  және  олардың  конкурсқа  қатысуға  өтінімдері  конкурстық

құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті жеткізушілерді айқындайды және конкурсқа

қатысушылар деп таниды;

2) конкурс қатысушыларына, бағаны төмендетуге бағытталған сауда-саттықтар қолда-

нылған конкурсты қоспағанда, Қағидалардың 49-тармағында көзделген критерийлердің

салыстырмалы мәндерін қолданады.

149. Біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтірілген

конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижесі бойынша біліктілік талаптарына және кон-

курстық құжаттама талаптарына сәйкес келтірілген, әлеуетті жеткізушілердің конкурсқа

қатысуға өтінімдерді қайта ұсынуының соңғы мерзімі біткен күннен бастап күнтізбелік бес

күн ішінде Қағидалардың 12-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға рұқсат

беру туралы хаттама ресімделеді.

Конкурсқа қатысуға рұқсат беру хаттамасына құжаттың электрондық көшірмесі нысанын-

да сараптамалық қорытынды, сарапшының (сараптама комиссиясы мүшесінің) (ол болған

кезде) ерекше пікірі қоса беріледі.

Егер конкурс тәсілімен сатып алу лоттардан тұратын болса, онда конкурсқа қатысуға

рұқсат беру туралы хаттамада конкурсқа қатысушылар әрбір лот бойынша көрсетіледі.

Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы жалпы хаттаманы онда конкурсқа қатысушыларды

әрбір лот бойынша көрсеткен кезде ресімдеуге рұқсат етіледі.

150. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға конкурстық комиссияның барлық

мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы сатып алу порталында қол қояды

және конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешім

қабылданған күні конкурсқа қатысуға өтінім ұсынған барлық дерлік әлеуетті жеткізушілерді

электрондық пошта бойынша автоматты түрде хабардар ете отырып, сатып алу порталында

жариялайды.

Конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда осы конкурстық комиссияның

мүшесі конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға құжаттың электрондық көшірмесі

нысанында ерекше өз пікірін қоса береді.

 

(Жалғасы бар)

(Жалғасы. Басы газеттің №70, 72 сандарында)


№73 (2851) 

6 шілде 2016

7

zangazet@mail.ru



ӘРТҮРЛІ

ТАРАТУ


9.  «Нұртазаев»  ЖШС 

(БСН 141140011069) – өзінің 

таратылатындығы туралы ха-

барлайды. Талап-шағымдар 

осы  хабарландыру  жария-

ланған  күннен  бастап  2  ай 

мерзім  ішінде  мына  мекен-

жайда  қабылданады:  Қа-

зақстан  Республикасы,  Қы-

зылорда қаласы, Саулет 30 

көшесі, 21-үй.

Көзқарас


БАНКРОТТЫҚ

5.  «Компания  Аркона» 

жауапкершілігі  шектеулі 

серіктестігі, 15.06.2016 жылы 

Алматы  қаласының  маман-

дандырылған  ауданаралық 

экономикалық сотының қау-

лысымен «Компания Аркона» 

ЖШС-ін  банкрот  жариялау 

туралы азаматтық іс қозғауы-

ның басталуын хабарлайды.

10. Алматы қ., МАЭС-ның 

27.06.2016  жылғы  ұйғары-

мымен    «ARINAS»  ЖШС-ін 

БСН  060  740  007  805,  бан-

крот деп тану туралы өндіріс 

қозғалды.

АЖЫРАСАМ ДЕГЕНДЕРГЕ 

СЫЛТАУ ДАЙЫН

2. «Мунай инвестмент груп» АҚ Директорлар кеңесі (бұрынғы «Мунай 

инвест», лицензия №157» 2016 жылы 08 тамыз сағат: 10.00-де (тіркеу сағат 

9.00-де) мына мекенжайға: ОҚО, Шымкент қ., Тәуке хан даңғ., 49, акционер-

лердің Жылдық жалпы жиналысына шақырады. 

Күн тәртібі:

«МИГ»  АҚ-ның  2015  жылғы  басқарма  есебі  және  жылдық  қаржылық 

есептілігін бекіту.

2015 жылға арналған аудиторлық қорытындыны бекіту.

2015 жылға арналған таза пайдасын бөлу тәртібі.  

Қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттері туралы  акцио-

нерлердің  ұсыныстарын және оның қорытындысын қарау. 

Кворум болмаған жағдайда акционерлердің жиналысы қайтадан 2016 

жыл 09 тамыз сағат: 10.00-де өтеді. Жалпы жиналыс күн тәртібіне қатысты 

ақпараттарды жоғарыда көрсетілген мекенжайдан алуға болады. «МИГ» АҚ 

акционерлерінің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің 

тізімі, 2016 жыл 08 шілде жасалған. 

Білген жөн

ОРТАҚ  МҮЛІКТІ БӨЛУ 

ТУРАЛЫ ӨТІНІШ 3 ЖЫЛ 

ІШІНДЕ  ҚАРАЛАДЫ

11. «Эпицентр К» ЖШС БСН 120840017831 жарғы капиталындағы 

100% үлесінің сатылатыны туралы хабарлайды. Мына мекенжайға 

хабарласуға болады: Алматы қ., Жамбыл к., 93А үй, 1 пәтер. Тел.: 8 

(727) 267 48  57, ұялы тел.: 8 777 747 44 40. Е-mail: Dima.008@mail.ru

Маңғыстау облысының Судьялар қауымдастығы Маңғыстау 

облыстық сотының судьясы 



Мақсат Зұлқашұлы 

БИСЕМБАЕВТЫҢ

мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына, 

туған-туыстарына, жақындары мен әріптестеріне қайғыларына 

ортақтасып көңіл  айтады. 

4. ҚР «Оңалту және банкроттық» туралы Заңының 11-бабы 2-тар-

мағын орындау және ҚР Азаматтық Кодексінің 49-бабын және «KUAT 

корпорациясы» АҚ жарғысының 15.2.1. тармақшасы, 21-тармақшасын 

басшылыққа ала отырып «KUAT корпорациясы» АҚ-ның жалғыз ак-

ционерімен 2016 жылдың 1 маусымында, «KUAT корпорациясы» АҚ 

салық және бюджетке төленентін басқа да міндетті төлемдері есеп-

тегенге дейінгі күннен бастап 6 (алты)  ай мерзім ішінде  төленбесе 

«KUAT корпорациясы» АҚ-ын банкрот деп тану жөнінде сотқа жүгіну 

туралы шешім қабылдады.  

8. БҚО МАЭС ұйғарымымен «Орал-дизайн-стройсервис» ЖШС оңал-

ту рәсімін қолдануымен іс қозғалды. Заңды мекенжайы: Орал қаласы, 

Мұхит көшесі, 57-4. 

Несиегерлердің наразылығы уақытша басқарушының бір айлық 

уақытымен қабылданады.

6. «AltyntauKokshetau» ЖШС, заңды мекенжайы: 021216, Қазақстан Республикасы, Ақмола 

облысы, Зеренді ауданы, Қонысбай ауылдық округінің өнеркәсіптік алаңы, БСН 101040011256, 

Серіктестіктің ұйымдастырушылық-құқықтық формасын қайта құру арқылы акционерлік қоғамға 

қайта ұйымдастыру рәсімін бастағаны жайында хабарлайды. Қайта құру рәсімінің аяқталуы 

нәтижесінде «Altyntau Kokshetau» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің барлық құқықтары мен 

міндеттері, сонымен қатар, тараптар, келіспейтін міндеттемелер  «Altyntau Kokshetau» Акционер-

лік қоғамына өтеді. Заңды мекенжайын өзгерту жоспарланбаған. Қайта ұйымдастыру «Altyntau 

Kokshetau» ЖШС жалғыз қатысушысының 05.07.2016 ж. шешімімен жасалды.  

Кредиторлардың талаптары осы хабарландыру шыққан күннен кейінгі 2 (екі) айдан кешіктіріл-

мей жазбаша түрде берілуі мүмкін.  Талаптар осы хабарландыру шыққан күннен бастап жоғарыда 

берілген мекенжай бойынша жолданып, mail@altyntau.com электрондық мекенжайға көшірмесі 

жіберілуі керек, телефон: 8 (7162) 59-55-29.

7. Тендер өткізу тәсілімен сатып алуларды жүзеге асыру туралы хабарландыру

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, 010000, Қазақстан Республикасы, Астана 

қ., Иманов көшесі, 11, электрондық мекенжайы: info@agrocredit.kz «ҚазАгро» 

ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, «ҚазАгроӨнім» АҚ, «Азық-түлік келісім шарт 

корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, 

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ үшін 

2016 жылғы 1-ші жарты жылдыққа арналған аралық қысқартылған, оның ішінде 

шоғырландырылған қаржылық есептілікті шолу бойынша қызметтерді сатып алу 

жөніндегі тендерді өткізу туралы хабарлайды.

Сатып алынатын қызметтің толық тізбесі, көлемі, қызметтерді көрсету орны, 

қызметтерді көрсетудің талап етіліп отырған мерзімі және оның нақты ерекшелік-

тері тендерлік кұжаттамада көрсетілген.

Тендерлік құжаттама көшірмесінің пакетін күн сайын (сенбі мен жексенбіден 

басқа) 2016 жылғы 6 шілдеден бастап, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін келесі 

мекенжай бойынша алуға болады: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., 

Иманов көшесі, 11, «Нұрсәулет 1» БО, № 710-кабинет немесе келесі интернет-ре-

сурс бойынша: www.kazagro.kz.

Тендерге қатысу үшін конверттерге жапсырылған тендерлік өтінімдерді әлеует-

ті қызметті жеткізушілер «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамына 

келесі мекенжай бойынша ұсынады (жібереді): 010000, Астана қ., Иманов көшесі, 

11, «Нұрсәулет 1» БО, № 710-кабинет.

Тендерге қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2016 жылғы 21 шілде 

сағат 11:00-ге дейін.

Тендерге қатысу үшін өтінімдер бар конверттер 2016 жылғы 21 шілдеде сағат 

12:00-де келесі мекенжай бойынша ашылады: Астана қ., Иманов көшесі, 11, 

«Нұрсәулет 1» БО, № 614-кабинет.

Тендерге қатысу үшін тендерлік құжаттаманың көшірмесін алған және өтінім-

дерді ұсынған кезде әлеуетті қызмет көрсетуші өкілінің қолында сенімхат болуы 

тиіс.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы келесі телефон бойынша алуға болады: 8 



(7172) 559-979.

Бүгінгі қоғамда бір-бірінің қадіріне 

жете алмай, сыйластығы мен өзара құрметі 

солғындап, қиын-қыстау күн кешіп жүр-

ген ерлі-зайыптылар аз емес. «Тіпті, жаңа 

құрылған отбасылардың үштен бірі жанұя-

ларына бір жыл толмай жатып ажырасуда» 

деген дерек бар. Біздіңше, мұның көптеген 

себептері бар. Мінез-құлық, материалдық 

жағдай, жұмыс, карьера, баспана, перзент 

сүйе алмау, маскүнемдік, құмарлық, өзара 

сенімсіздік, ата-ене, қайын жұрттың әсері, 

санай берсек, тауысу қиын. Бірақ, негізгі 

себебі Ислами құндылықтарға, ұлттық құн-

дылықтарға мән бермеу, Батыстық мәдени-

етке еліктеу болса керек. Сондықтан бүгін 

жанұяның шаттығына бөгет болып, отба-

сының ажырасуына себеп болып жатқан 

жағдайлардың бірқатарына тоқталайық.

Бүгінгі қоғам тұрғысынан алғанда, ажы-

расуға соқтыратын басты себептердің бірі 

материалдық жағдай. Мысалы, ер  адамның 

өз отбасын дұрыстап асырамауы, олардың 

күнделікті қажеттіліктерін толық қамта-

масыз ете алмауы шаңырақты шайқалтпай 

қоймайды.  Отбасының  бұзылуына  көп 

жағдайда ерлі-зайыптылардың бір-бірін ал-

дап, өтірік айтып, өзара сенімнен айырылуы 

да себеп. 

Ерлі-зайыптылардың перзент сүймеуі де 

шаңырақтың шайқалуына әкеліп жатады. 

Өйткені бала – ата-ананың көз қуанышы. 

Перзентсіз отбасында уайым-қайғы көп 

болады. Кейде ер мен әйелдің бойдақ кез-

деріндегі арман-қиялдары отбасы құрған 

кездерінде жүзеге аспай қалса, соған бола 

ажырасып кететіндер де бар. Мысалы, тұр-

мыс құрған соң, тек күйеуімен жеке өмір 

сүруді, тапқан табыстарын тек өздеріне ғана 

жұмсауды армандаған қыз баланың 

алдынан ата-ене, қайын жұрт деген 

мәселелер шығады. Күйеуі жас келін-

шегіне емес, ата-анасына қарауға, 

олардың қас-қабағын бағуға көңіл 

бөледі. Көптеген ұрыс-керістер осы-

дан басталады. Ал, негізінде, әрбір 

адам отбасындағы берекенің қайнар 

көзі қария кісілер екеніне көңіл бөл-

гені жөн. 

Күйеуінің өз әйелін жөн-жосық-

сыз ұрып-соғып, орынсыз тоқпақтай 

беруі де бір күні әйелдің ажырасуға 

тілек білдіруіне алғышарт болары 

анық. Негізінде, әйел ұрып-соғумен 

тәрбиеленбейді. Үй иесінің маскү-

немдікке немесе нашақорлыққа салы-

нуы, құмар ойындарына беріліп кетуі, 

ұрлық жасауға әдеттенуі, бала-шаға-

ның қажеттіліктерін мүлде ұмытып 

кетуі көп жағдайда отбасының ажы-

расуымен  аяқталады.  Сондай-ақ, 

кейде  жаңа  құрылған  отбасының 

бұзылуына екі жастың туыстарының 

арасындағы түсініспеушілік те себеп бола-

тыны өкінішті. Дұрыс той жасамады, жақсы 

киіт кигізбеді, құдалықты жақсы күтпеді де-

ген секілді болмашы сөздер ерлі-зайыпты-

лардың бүкіл өмірін қор етеді. Отбасылық 

тату-тәтті өмірмен салыстырғанда бұл кәде-

лердің түкке алғысыз екендігін құдандалы 

ата-аналар естен шығармаса екен.

Отбасын құрған ер мен әйелдің бірі өз 

бақытын сырттан, көшеден, өзге адамнан 

іздейтін жағдайлары да бүгінгі қоғамда 

жоқ емес. Ер адамның өз отбасын тастап, 

өзге әйелмен қол ұстасып кетуі де көп кез-

деседі. Бала-шағасын қараусыз қалдырып 

кету – ата-ананың қай-қайсысына болса 

да сын. 

Кеңес заманында қыздарды малға сатқан 

деп айыпталған қазақтың бұрынғы қоға-

мында некенің бұзылуы деген атымен бол-

маған. Қазақта, тіпті ажырасу деген түсінік 

жоқ. Ата-бабаларымыз отау құрса, өле-өл-

генше бір шаңырақта өмір сүрген. Бұрынғы 

қазақ қоғамында ата-ана қызын жастайынан 

дұрыс келін болуға тәрбиелесе, ұлды шаңы-

рақ иесі болуға баулыған. Бұл арада мәселе 

түсінікті: шаңырақ иесі ер адам болады. 

Әйел күйеуіне көмекші және отбасының 

ұйытқысы болуы керек. Еркек пен әйел 

бір-бірімен тайталаспай, бір-бірін сыйласа, 

отбасындағы өз орнын білсе, ажырасу азаяр 

ма еді. Сондықтан да, әр шаңырақта келер 

ұрпаққа саналы тәрбие беріп, ел азаматы, 

иманды да ибалы қыз балаларды тәрбиеле-

уге көңіл бөлгеніміз жөн.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет