Соңы 5-бетте) (Соңы 3-бетте) Лебіз Бүгінгінің бас тақырыбы АҢдатпа



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата15.03.2017
өлшемі4,46 Mb.
#9528
1   2   3   4   5   6   7

–  Ұлттық  академияны  ұйым­

дас   тырып, «Ауыл» партиясын бас­

қар дыңыз. Қазір Ұлттық аграр лық 

ғылыми білім орталығына жетек-

шілік етудесіз. Жауапты жұмыс тар 

жемісін қалай беруде?

– 1991 жылы Қазақстан Ауыл  шар ­

уа шылық академиясының ұйым дас­

тыру комиссиясын басқардым. Онда 

11 мыңнан аса адам еңбек етті. 2600­ге 

жуық ғалым болды. Қазір ғалымдар 

саны,  ғылымда  жұмыс  істейтін­

дер екі есеге кеміді. «Ауыл» парти­

ясын  Фермерлер  федерациясы  мен 

Ауыл шаруашылық  академиясының 

ғалымдары «Ауылды қорғау үшін жеке 

саяси күш болуы керек» деп ұйым­

дастырдық. Партияны құрғанда пре­

зидент шақырып, сұрады. Мән­жайды 

айтып, «Партия мүшелері Әбдіжәміл 

Нұрпейісов, Дулат Исабеков, бәріміз 

ауылдан шықтық. Ауылдың кешегісін 

көрдік, енді бүгініне куә болып отыр­

мыз.  Ауылға  жанымыз  ашу  керек. 

Әбдіжәміл ауылда туды, дүниежүзіне 

белгілі классик. Оның да ауылға жаны 

ашиды» дегенімде, президент «мен де 

ауылда тудым» деді. Үкіметке саладағы 

кемшілікті жеткізетінімізді айттым, ол 

кісі сол кезде «дұрыс, үкімет кемшілікті 

түзеу үшін керек» деген еді. Одан бері 

15 жыл өтті. «Ауыл шаруашылығы 

мен ғылымды және бизнесті біріктіру 

керек» дейтін ұсыныс жасағанымызға 

көп болған. Жақында «Ұлттық аграр­

лық ғылыми білім орталығы» респуб­

ликалық коммерциялық емес акцио­

нерлік қоғамын құру жөнінде үкімет 

қаулысы шықты. Мені осы ұйымның 

директорлар кеңесінің төрағасы етіп 

сайлады. Оның құрамына үш аграрлық 

(Алматыдағы, Астанадағы, Оралдағы) 

университеттер мен 24 ғылыми зерттеу 

институты және Қазақстандағы барлық 

тәжірибе шаруашылықтары кірді. Ауыл 

шаруашылығын кешенді дамытудың 

жолдарын қарастырып жатырмыз.



– Бір сөзіңізде Қазақстанның сая-

си құрылысына реформа керектігін 

айттыңыз.

– Шынында да Қазақстанның саяси 

құрылысына реформа керек. Әсіресе, 

Парламенттің құзырын күшейту қажет. 

Жемқорлықты Парламент комиссиясы 

тексерсе, күрес нәтижелі болады. Қазір 

шенеуніктер өздері заңды дайындай­

ды, өздері «тағайындаған» депутат­

тар  арқылы  өткізеді.  Сосын  өздері 

талап жеп, өздері жемқорды іздеген­

сиді. Мұндай жолмен біз ешқашан да 

жемқорлықты жоя алмаймыз.



– Ой­пікіріңізге үлкен рақмет.

Сұхбаттасқан 

Түймегүл ИБАШЕВА,

«Заң газеті»

6

№73 (2851) 

6 шілде 2016

zangazet@mail.ru

НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ»

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ

Алматы қаласы

19 желтоқсан 2015 жыл

№ 237


Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның

ведомстволарының, оның құрылымына кіретін

ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының

(жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және

одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік

басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен

үлестес заңды тұлғалардың тауарларды,

жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі

қағидаларын бекіту туралы



7-параграф. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізу тәртібі

98. Әлеуетті жеткізуші конкурс тәсілімен өткізілетін сатып алуға өтінімді қамтамасыз

етуді, оның:

1) конкурсқа қатысушы ретінде танылған жағдайда өзінің конкурстық баға ұсынысын

белгіленген уақытта ұсынып, ал кейін қайтарып алмауына;

2) оны конкурстың жеңімпазы ретінде анықтаған кезде шарт жасауына;

3) шарт жасаған жағдайда конкурстық құжаттамада белгіленген шарттың орындалуын

қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талапты уақтылы және

тиісінше орындауына кепілдік ретінде енгізеді.

99. Әлеуетті жеткізуші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді Қағидалардың

177-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, конкурсқа (лотқа) туарларды, жұмыстар-

ды, қызметтерді сатып алуға бөлінген соманың 1 (бір) пайызы мөлшерінде не Қағидалардың

30-тармағында көзделген жағдайда өткізілетін сатып алу сомасының 100 (бір жүз) пайызына

тең мөлшерде енгізеді. Әлеуетті жеткізуші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді

конкурсқа қатысуға өтінім ұсынылған лоттарға ғана енгізеді.

Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді өтінімді конкурстың барлық лоттарына

толық ұсынбаған кездегі лоттардан тұратын конкурсқа бөлінген жалпы сомаға енгізуге

рұқсат беріледі.

100. Әлеуетті жеткізуші конкурс тәсілімен өткізілетін сатып алуға қатысуға өтінімді

қамтамасыз етудің мына түрлерінің бірін таңдайды:

1) кепілдік берілген ақша жарнасы, ол сатып алуды ұйымдастырушының банк шотына не

тапсырыс берушінің шотына енгізіледі;

2) банк кепілдігі:

үлгі конкурстық құжаттаманың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша;

электрондық үлгі конкурстық құжаттаманың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша.

101. Әлеуетті жеткізушінің үшінші тұлғалардың конкурс тәсілімен өткізілетін сатып алуға

қатысуға оның өтінімінің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін енгізілген кепілдік берілген

ақша жарнасына тұтастай не бір бөлігіне талап ету құқығының туындауына апаратын іс-

қимылдарды жасауына рұқсат етілмейді.

Сатып алуды ұйымдастырушының немесе тапсырыс берушінің әлеуетті жеткізуші енгізген

кепілдік берілген ақша жарнасын пайдалануына рұқсат берілмейді.

102.  Банк  кепілдігінің  қолданылу  мерзімі  конкурсқа  қатысуғаөтінімнің  қолданылу

мерзімінен кем емес мерзімге белгіленеді. Банк кепілдігінің қолданылу мерзімін өтінімді

ұзарту мерзіміне ұзартуға рұқсат беріледі.

103. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуі жоқ барлық

конкурсқа қатысуға өтінімдерден конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келмейтін

өтінім ретінде бас тартады.

104. Сатып алуды ұйымдастырушы:

1) конкурсқа қатысушы ретінде танылған әлеуетті жеткізуші, бағаны төмендетуге сау-

да-саттық қолданылған конкурсты қоспағанда, өзінің конкурстың баға ұсынысын белгіленген

мерзімде бермеген не қайтарып алған;

2) әлеуетті жеткізуші бағаны төмендетуге сауда-саттық қолданылған конкурсты қоспаған-

да, конкурсқа қатысуға өтініммен бірге конкурс тәсілімен электрондық сатып алу бойынша

конкурстық баға ұсынысын бермеген;

3) әлеуетті жеткізуші конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғаннан

кейін конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алған не өзгерткен және (немесе) толықтырған;

4) конкурстың жеңімпазы болып айқындалған әлеуетті жеткізуші шартты жасаудан

жалтарған;

5) конкурсқа қатысушылардың еш біреуі сауда-саттық басталғаннан кейін он минут ішінде

бағаны төмендетуге сауда-саттықты қолдана отырып, жүргізілетін конкурстың мәні болып

табылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағасы туралы ұсынысты

бермеген. Бұл жағдайда конкурстың барлық қатысушыларына сатып алуды ұйымдастырушы

өтпеді деп танылған лоттың сомасынан 1 (бір) не 100 (бір жүз) пайызға тең бағаны төменде-

туге сауда-саттықты қолдана отырып конкурсқа қатысуға өтінімнің қамтамасыз ету сомасы

қайтарылмайды;

6) конкурс тәсілімен электрондық сатып алуға қатысушылардың еш біреуі сауда-саттық

басталғаннан кейін отыз минут ішінде бағаны төмендетуге сауда-саттықты қолдана отырып,

жүргізілетін конкурстың мәні болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін

қызметтердің бағасы туралы ұсынысты бермеген. Бұл жағдайда конкурстың барлық қаты-

сушыларына сатып алуды ұйымдастырушы өтпеді деп танылған лоттың сомасынан 1 (бір) не

100 (бір жүз) пайызға тең бағаны төмендетуге сауда-саттықты қолдана отырып конкурсқа

қатысуға өтінімнің қамтамасыз ету сомасы қайтарылмайды;

7) конкурстың жеңімпазы шарт жасап, конкурстық құжаттамада белгіленген талаптарды

орындамаған не тиісінше орындамаған, оның ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді

енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы уақтылы орындамаған жағдайларда конкурс

тәсілімен өткізілетін сатып алуға қатысуға өтімді қамтамасыз етуді әлеуетті жеткізушіге

қайтармайды.

Көрсетілген жағдайлардың бірі басталған кезде конкурс тәсілімен өткізілетін сатып

алуға  қатысуға  өтінімді  қамтамасыз  етудің  сомасы  тапсырыс  берушінің  (сатып  алуды

ұйымдастырушы) тиісті бюджетіне кіріске алынады.

105. Сатып алуды ұйымдастырушы:

1) осы әлеуетті жеткізуші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурсқа қатысуға өтінім-

дерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін қайтарып алған;

2) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған жағдайбасталған

күннен бастап бес жұмыс күні ішінде әлеуетті жеткізушіге ол конкурс тәсілімен өткізілетін

сатып алуға қатысуға енгізген өтінімді қайтарады. Көрсетілген жағдай конкурсқа қатысушы

ретінде танылған әлеуетті жеткізушілерге қолданылмайды;

3) конкурс тәсілімен өткізілетін сатып алудың қорытындысы туралы хаттамаға қол

қойылған жағдай басталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде әлеуетті жеткізушіге ол

конкурс тәсілімен өткізілетін сатып алуға қатысуға енгізген өтінімді қайтарады. Көрсетілген

жағдай конкурстың жеңімпазы деп танылған конкурс қатысушысына қолданылмайды;

4) шарт күшіне енген және (немесе) конкурстың жеңімпазы конкурстық құжаттамада

көзделген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген;

5) әлеуетті жеткізушінің конкурсқа қатысуға өтінімінің қолданылу мерзімі аяқталған

жағдайлардың бірі басталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде әлеуетті жеткізушіге ол

конкурс тәсілімен өткізілетін сатып алуға қатысуға енгізген өтінімді қайтарады. Көрсетілген

жағдай конкурстың жеңімпазы деп танылған конкурс қатысушысына қолданылмайды.

8-параграф. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу және қарау, 

конкурсқа қатысуға рұқсат беру тәртібі

106. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық комиссия мүше-

лерінің жай көпшілігінің қатысуымен конкурстық құжаттамада көрсетілген күні, уақытта және

орында ашады және қарайды.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімі бар әрбір конвертті ашқан кезде кон-

курсқа қатысуға өтінімде қамтылған құжаттардың және материалдардың тізбесі туралы

ақпаратты жариялайды.

107. Конкурсқа қатысуға өтінімді ұсынған әлеуетті жеткізушінің және (немесе) оның

уәкілетті өкілінің конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуға қатысуына

рұқсат етіледі.

Конкурстық комиссияның отырысы басталғанға дейін конкурстық комиссияның хатшысы

конкурсқа қатысуға өтінімі бар конверттерді ашу рәсімдерін жүзеге асыру кезінде әлеуетті

жеткізушілердің мүдделерін білдіруге әлеуетті жеткізушілер өкілдерінің құжаттамалық негіз-

де ресімделген өкілеттіктерін тексереді.

108. Егер конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу белгіленген күні кон-

курстық комиссия мүшелерінің жеткілікті саны, конкурстық комиссияның хатшысы болмаса,

конкурстық комиссияның төрағасы, ал ол болмаған кезде конкурстық комиссия төрағасының

орынбасары конверттерді ашу белгіленген уақытқа дейін үш сағаттан кешіктірмей сатып

алуды ұйымдастырушыға бұл туралы жазбаша не ауызша хабарлайды, ол конверттерді ашу

рәсімі басталғанға дейін конкурстық комиссия құрамына конкурстық комиссия мүшелерін,

конкурстық комиссияның хатшысын ауыстыру бөлігінде осындай ауыстырудың себебін көр-

сете отырып, өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдайды.

109. Конкурс тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыруда және кон-

курстық құжаттамада белгіленген мерзімдерде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімдер

салынған конверттер ашылуға жатады.

Конкурсқа қатысуға өтінім конкурсқа (лотқа) бір ғана өтінім ұсынылған жағдайда ғана

ашылады және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігіне қаралады.

110. Конверттерді ашу бойынша конкурстық комиссияның отырысында:

1) конкурстық комиссияның төрағасы не оның орынбасары конкурстық комиссияның

қызметін басқарады, сондай-ақ сатып алу рәсімдерінің тиісінше орындалуына бақылауды

қамтамасыз етеді;

2) конкурстық комиссия мүшелері қатарынан төраға ретінде белгілеген адам қатысушы-

ларға мыналар:

конкурстық комиссияның құрамы, конкурстық комиссияның хатшысы туралы;

әлеуетті жеткізушілердің конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру бойынша сұра-

туларының болуы не болмауы;

конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактілерінің болуы не бол-

мауы, сондай-ақ себептері туралы;

конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында тіркелген, конкурсқа қатысуға өтінім-

дерді белгіленген уақытта ұсынған әлеуетті жеткізушілер туралы хабарлайды;

осы конкурс бойынша өзге де ақпаратты жариялайды;

хронологиялық тәртіппен конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген,

конкурсқа қатысуға өтінімді ұсынған әрбір әлеуетті жеткізуші туралы мәліметтерді жария-

лайды;


конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашады және өтінімде қамтылған,

оның ішінде өтінімге Қағидалардың 49-тармағында көзделген критерийлерді қолдануға

болатынын растайтын құжаттардың тізбесін және олардың қысқаша мазмұнын жариялайды;

3) конкурстық комиссияның хатшысы:

Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді

ашу хаттамасын ресімдейді;

әлеуетті жеткізушілерді немесе олардың уәкілетті өкілдерін тапсырыс берушінің (сатып

алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған

конверттерді ашу хаттамасының мәтінін жариялау мерзімі туралы хабардар етеді;

әлеуетті жеткізушілердің уәкілетті өкілдерінен конкурстық комиссияның іс-әрекеттеріне

және (немесе) әрекетсіздігіне шағымдарының немесе қарсылықтарының болуы туралы

сұратады.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдер болмаған жағдайда конкурс тәсілімен

сатып алу қорытындылары туралы хаттама жасайды.

111. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасына отырысқа

қатысушы конкурстық комиссияның барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның

хатшысы қол қояды және әр парағына бұрыштама қояды.

112.  Сатып  алуды  ұйымдастырушы  конкурстық  комиссияның  көрсетілген  отырысы

өткен күннен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей, тапсырыс берушінің (сатып алуды

ұйымдастырушының)  интернет-ресурсында  конкурсқа  қатысуға  өтінімдер  салынған

конверттерді ашудың қол қойылған хаттамасының мәтінін жариялайды.

113. Конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерді ашқан күннен бастап бір жұмыс

күнінен кешіктірмей конкурстық комиссияның хатшысы:

1) конкурстық комиссияның төрағасымен, ол болмаған жағдайда конкурстық комиссия

төрағасының орынбасарымен конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау бойынша конкурстық

комиссияның отырысын өткізу күнін және уақытын келіседі;

2) конкурстық комиссия мүшелерін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау бойынша конкур-

стық комиссияның отырысын өткізу күні және уақыты туралы хабардар етеді;

3) конкурстық комиссияның қарауына Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша

әлеуетті жеткізушілердің өтінімдерін уақытша беру журналына қол қойғыза отырып, конкур-

сқа қатысуға өтінімді қарауға ұсынады;

4) сарапшыға (сараптау комиссиясына), олар тартылған жағдайда, қарау үшін әлеуетті

жеткізуші ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық

құжаттаманың талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды Қағидаларға 15-қосымшаға

сәйкес нысан бойынша әлеуетті жеткізушілердің өтінімдерін уақытша беру журналына қол

қойғыза отырып ұсынады.

114. Конкурстық комиссияның мүшелері, сарапшы (сараптау комиссиясының жетекшісі)

құжаттардың, әлеуетті жеткізушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін оларды қарау кезінде

оларды конкурстық комиссияның хатшысына қайтарғанға дейін сақталуын қамтамасыз етеді.

115. Өтінімдерді қарау бойынша конкурстық комиссияның отырыстары конкурстық комис-

сия мүшелерінің жай көпшілігінің қатысуымен өткізіледі.

Конкурстық комиссияның отырысын өткізбестен конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауға

рұқсат етілмейді.

116. Конкурстық комиссия:

1) конкурсқа қатысуға өтінімдерді құрайтын құжаттар топтамасының толықтығын және

тиісінше ресімделуін қарайды;

2) құжаттар тізбесін толық емес ұсынған және (немесе) тиісінше ресімделмеген құжаттар-

ды ұсынған әлеуетті жеткізушілерді анықтайды;

3) конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті жеткізушілерден конкурсқа қатысуға өтінім-

дерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін олардың өтінімдеріне байла-

нысты материалдарды және түсіндірмелерді жазбаша нысанда сұратады;

4) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында конкур-

стық комиссия тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпа-

ратты жазбаша нысанда сұратады. Конкурстық комиссияның Қағидалардың 128-тармағына

сәйкес шешім қабылдауын қоспағанда, конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімді

конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестендіруге байланысты сұратуларына және

өзге де іс-қимылдарына жол берілмейді;

5) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін

әлеуетті жеткізушілерді анықтайды және оларды конкурсқа қатысушы ретінде таниды.

117.  Конкурстық  комиссия  әлеуетті  жеткізушілердің  біліктілік  талаптарына  және

конкурстық  құжаттама  талаптарына  сәйкестігін  нақтылау  мақсатында  тиісті  уәкілетті

органдардың интернет-ресурсында не мемлекеттік ақпараттық жүйесінде орналасты рылған

ақпаратты төмендегілерге қатысы:

1) банкроттық не тарату рәсімдеріне қатысты болмау;

2) атқару құжаттары және борышкерлердің тиісті тізіліміне енгізілмеген орындалмаған

міндеттемелердің болмауы;

3) 1 (бір) теңгеден артық салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті

кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болмауы;

4) әлеуетті жеткізушінің және (немесе) оның қосалқы мердігерінің (қоса орындаушысы-

ның) Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде болуын немесе олар

туралы мәліметтердің болмауын тексеру бөлігінде қарайды.

118. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімнің енгізілген қамтамасыз етуін:

1) банк кепілдігі түрінде ұсынылған конкурсқа қатысуға енгізілген өтінімнің қамтамасыз

етілуінің қолданылу мерзімі жеткіліксіз болған;

2) конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тиісінше ресімделмеген жағдайда, ол

төмендегі мәліметтердің:

банк уәкілетті тұлғасының банк кепілдігіне қолының қойылмауын мен банк мөрінің (ол

болған кезде) болмауын;

қатысу үшін банк кепілдігі түрінде ұсынылған өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін конкурс

тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу атауының;

банк кепілдігі түрінде және (немесе) өтінімді қамтамасыз ету сомасы түрінде ұсынылған

конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімінің, сондай-ақ оны ұсыну

талаптарының;

конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету берілген адам туралы;

пайдасына  конкурсқа  қатысуға  өтінімді  қамтамасыз  ету  енгізілетін  адам  туралы

мәліметтердің болмауын білдіреді;

3) конкурсқа қатысуғаөтінімді қамтамасыз етуді конкурсқа (лотқа) бөлінген соманың

кемінде 1 (бір) пайызы мөлшерінде не өткізілетін сатып алу сомасының кемінде 100 (біржүз)

пайызы мөлшерінде енгізген жағдайларда, конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес

келмейді деп таниды.

119. Әлеуетті жеткізуші, егер:

1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері не қоса орындаушысы мынадай негіздер

бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін болып анықталса:

жеке тұлға болып табылатын әлеуетті жеткізуші тиісті мемлекеттік орган берген заңды

тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың нотариат куәлан-

дырған көшірмесін ұсынбаса;

жеке тұлға болып табылатын әлеуетті жеткізуші жеке басын куәландыратын құжаттың

нотариат куәландырған көшірмесін ұсынбаса;

заңды тұлға болып табылатын әлеуетті жеткізуші, егер заңды тұлға қызметін «Заңды

тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы»

1995 жылғы 17 сәуiрдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес үлгі жарғының

(бұдан әрі – Үлгі жарғы) негізінде жүзеге асыратын болса, заңды тұлғаны (филиалды, өкіл-

дікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариат куәландырған

көшірмесін немесе мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің көшірмесін немесе заңды тұлғаны

(филиалды, өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың не электрондық

анықтаманың көшірмелерін ұсынбаса;

әлеуетті жеткізуші қызметін Үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын жағдайды қоспағанда,

заңды тұлға болып табылатын әлеуетті жеткізуші жарғының нотариат куәландырған көшір-

месін не мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне аудара отырып, нотариат куәландырған

сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді-көшірмені ұсынбаса;

заңды тұлға болып табылатын әлеуетті жеткізуші құрылтайшы немесе құрылтайшы-

лардың құрамы туралы мәліметтері бар нотариат куәландырған құрылтай құжаттарының

үзінді-көшірмесін (егер жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы туралы

мәліметтер болмаса) не конверттерді ашу күні алдындағы бір айдан кешіктірілмей берілген,

белгіленген тәртіппен қол қойылған және мөрмен (ол болған кезде) расталған акционерлік

қоғамдар үшін бағалы қағаздар ұстаушылары тізілімінен үзінді-көшірмені немесе жүргізілуін

тіркеуші  жүзеге  асыратын  серіктестікке  қатысушылардың  тізілімінен  үзінді-көшірмені

ұсынбаса;

әлеуетті жеткізушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге

және өткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге құқығын, оның ішінде бірле-

скен шаруашылық қызмет (заңды тұлғалардың уақытша бірлестігінің (консорциум) қатысуы

кезінде) туралы шартта көзделген лицензиялауға жататын қызмет бойынша тауарды жет-

кізуге, жұмыстарды орындауға, қызмет көрсетуге құқығын растайтын лицензиялардың және

(немесе) патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, рұқсаттардың, басқа құжаттардың

нотариат куәландырған көшірмелері ұсынылмаса;

лицензия электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түрінде ұсынылмаса, сондай-ақ лицензи-

яны электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түрінде ұсынған кезде мемлекеттік ақпараттық

жүйеде мәліметтер болмаса;

заңды тұлғалар (консорциум қатысушылары) (заңды тұлғалардың уақытша бірлестігінің

(консорциум) қатысуы кезінде) арасында жасалған бірлескен шаруашылық қызмет туралы

шарттың нотариат куәландырған көшірмелері ұсынылмаса;

конверттерді ашу күні алдындағы бір айдан ерте емес берілген, үлгі конкурстық құжат-

тамаға 4-қосымшаға сәйкес әлеуетті жеткізушіге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк

филиалының, анықтаманы берген күннің алдында үш айдан астам мерзімге созылған банк

алдындағы немесе банк филиалының алдындағы әлеуетті жеткізушінің міндеттемелерінің

барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы туралы анықтамасының қол

қойылған және мөрі бар түпнұсқасы ұсынылмаса (егер әлеуетті жеткізуші бірнеше екінші

деңгейдегі банктердің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып

табылса, осы анықтамаларды осындай банктердің әрқайсысынан ұсынбау);

банктің немесе банк филиалы анықтамасының түпнұсқасында әлеуетті жеткізушінің осы

анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған міндеттемелерінің барлық

түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің болуы;

салық  берешегі  және  міндетті  зейнетақы  жарналары,  міндетті  кәсіптік  зейнетақы

жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешек туралы мәліметтерде 1 (бір) 

теңгеден артық (төлем мерзімі 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке

төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының

Кодексіне сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) сома болса;

біліктілік талаптары туралы шынайы емес ақпаратты ұсыну фактісі анықталса;

банкроттық не тарату рәсіміне жатқызылса;

2) егер оның конкурсқа қатысуға өтінімі мынадай негіздер бойынша конкурстық құжаттама

талаптарына сәйкес келмейтін болып анықталса:

үлгі конкурстық құжаттаманың 2, 3-қосымшаларына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінім

ұсынылмаса;

Қағидалардың 83 және 84-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін

конкурсқа қатысуға өтінім ұсынылса;

конкурсқа қатысуға өтінімде көрсетілген мәліметтерде дәйексіз ақпарат болса;

техникалық ерекше нұсқама ұсынылмаса;

анағұрлым жақсы техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары бар техникалық

ерекше  нұсқаманы  ұсыну  жағдайларын  қоспағанда,  әлеуетті  жеткізуші  конкурстық

құжаттаманың техникалық ерекше нұсқамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін

техникалық ерекше нұсқаманы ұсынса;

үлгі конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алу мәні болып

табылатын  жұмысты  орындау  бойынша  мердігерлер  (қызметті  көрсету  кезінде  қоса

орындаушылар), сондай-ақ әлеуетті  жеткізушінің  қосалқы мердігерлерге (қоса орын-

даушыларға)  беретін  жұмыстар  мен  қызметтер  түрлері  туралы  мәліметтер  (әлеуетті

жеткізуші қосалқы мердігерлерді (қоса орындаушыларды) тартқан жағдайда) берілмесе;

әлеуетті жеткізуші қосалқы мердігерлер туралы мәліметтер ұсынылған жағдайда, қосалқы

мердігерлерге (қоса орындаушыларға) жиынтықта жұмыс (құрылыс құны), қызметтер

көлемінің үштен екісінен асатын бөлігін қосалқы мердігерлікке (қоса орындауға) берсе;

конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімді қамтама-

сыз ету ұсынылмаса конкурсқа қатысуға жіберілмейді және конкурсқа қатысушы болып

танылмайды.

120. Сарапшы не сараптама комиссиясы конкурстық комиссияның төрағасы немесе оның

орынбасары белгілеген мерзімде, бірақ әлеуетті жеткізушілердің конкурсқа қатысуға ұсынған

өтінімдерін қарау мерзімінен кешіктірмей:

1) өз құзыреті шегінде әлеуетті жеткізушілер ұсынған тауарлардың,  жұмыстардың,

көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін растау үшін

олардың толықтығы мен тиісті түрде ресімделуіне қатысты құжаттарды қарайды және

зерделейді;

2) әлеуетті жеткізушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызмет-

тердің конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекше

нұсқамаға сәйкес келуі не сәйкес келмеуі туралы сараптама қорытындысын ресімдейді және

оған қол қояды;

3) қол қойылған сараптама қорытындысын ұсынады, сондай-ақ әлеуетті жеткізушілердің

құжаттарын конкурстық комиссияның хатшысына береді.

121. Сарапшының (сараптама комиссиясының) қорытындысына, сарапшы ерекше өз

пікірін білдірген жағдайларды қоспағанда, сарапшы (сарапшылар) қол қояды және әр па-

рағына бұрыштама қояды.

122. Сарапшының (сараптама комиссиясының) қорытындысын алғаннан кейін конкурстық

комиссияның хатшысы:

1) бұл туралы конкурстық комиссия төрағасын, ал ол болмаған жағдайда конкурстық

комиссия төрағасының орынбасарын хабардар етеді және конкурсқа қатысуға өтінімдерді

қарау қорытындыларын шығару үшін конкурстық комиссия отырысы өткізілетін күнді және

уақытын онымен келіседі;

2) конкурстық комиссияның мүшелерін, сондай-ақ сарапшыны (сараптама комиссиясын)

конкурстық комиссия отырысы өткізілетін белгіленген күн мен уақыт туралы хабардар етеді.

123. Конкурсқа қатысуға өтінім, егер онда ұсынылған өтінімнің мәніне тиіспей жөндеуге

болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық құжаттаманың

талаптарына жауап береді деп танылады.

124.  Конкурстық  комиссия  конкурсқа  қатысуға  өтінімдерді  қарауды  әлеуетті  жет-

кізушілердің және оларға ұсынған өтінімдердің біліктілік талаптарына, конкурстық құжаттама

талаптарына сәйкестігін анықтау, оларды конкурсқа қатысушылар деп тану мақсатында

жүзеге асырады.

125. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді әлеуетті жеткізушілердің

біліктілік талаптарына және олардың конкурсқа қатысуға өтінімдері конкурстық құжатта-

маның талаптарына сәйкес болу мәніне қарау нәтижелері бойынша:

1) әлеуетті  жеткізушілер  біліктілік талаптарына  және  олардың  конкурсқа  қатысуға

өтінімдері конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес болмаған жағдайда Қағидаларға

6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы

хаттаманы;

2) әлеуетті  жеткізушілер  біліктілік талаптарына  және  олардың  конкурсқа  қатысуға

өтінімдері конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес болған жағдайда Қағидаларға

7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы

ресімдеу арқылы шешімдердің біреуін қабылдайды.

126. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттер ашылған күн-

нен бастап күнтізбелік он күн ішінде әлеуетті жеткізушілерге конкурсқа қатысуға алдын

ала рұқсат беру не рұқсат беру (конкурсқа қатысушылар деп таниды) туралы (күрделі

техникалық сипаттамалары және ерекше нұсқамалары бар тауарларды, жұмыстарды,

көрсетілетін қызметтерді күрделі сатып алу жүргізілген жағдайда, мұндай өтінімдер кон-

курсқа қатысуға өтінімдері бар конверттер ашылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн

ішінде қаралады) шешім қабылдайды.

Егер  конкурсқа  (лотқа),  конкурсқа  (лотқа)  қатысуға  бір  ғана  өтінім  ұсынылса,  ол

әлеуетті жеткізушінің біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына

сәйкестігіне қаралады.

127. Әлеуетті жеткізушілер біліктілік талаптарына және олардың конкурсқа қатысуға

өтінімдері конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес болған жағдайда, конкурсқа

қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттама жасау талап етілмейді.

128.  Конкурстық  комиссия  біліктілік  талаптарына  және  конкурстық  құжаттаманың

талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті жеткізушілерді анықтаған жағдайда, осындай

әлеуетті жеткізушілерге конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттаманың

мәтіні жарияланған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысуға өтінімді біліктілік

талаптарына  және олардың конкурсқа  қатысуға  өтінімдері конкурстық  құжат таманың

талаптарына сәйкес келтіру құқығы беріледі.

129. Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы Қағидаларға 6-қосымшаға

сәйкес нысан бойынша ресімделеді және оның ішінде:

1) олардың сәйкес келмеу себептерін көрсете отырып, біліктілік талаптарына және

олардың  конкурсқа  қатысуға  өтінімдері  конкурстық  құжаттама  талаптарына  сәйкес

келмейтін;

2) біліктілік  талаптарына  және  олардың  конкурсқа  қатысуға  өтінімдері  конкурстық

құжаттама талаптарына сәйкес келетін конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынған әлеуетті

жеткізушілер туралы ақпаратты қамтиды.

Егер конкурс тәсілімен сатып алу лоттардан тұратын болса, онда конкурсқа қатысуға

алдын  ала  рұқсат  беру  туралы  хаттамада  әлеуетті  жеткізушілер  әрбір  лот  бойынша

көрсетіледі. Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру жалпы хаттамасын онда әрбір лот

бойынша әлеуетті жеткізушілер көрсетілген жағдайда ресімдеуге рұқсат етіледі.

Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасына отырысқа қатысқан конкурстық

комиссияның барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы әлеуетті

жеткізушілерге конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешім қабылданған күні қол қояды,

әрбір парағына бұрыштама қояды және конкурстық комиссияның хатшысы хаттаманың

мәтінін оған қол қойған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырыс берушінің

(сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында орналастырады.

130. Сарапшы не сараптама комиссиясы белгіленген мерзімде, бірақ конкурсқа қатысуға

өтінімді қарау мерзімінен кешіктірмей, өтінімдерді қайта қарайды және Қағидалардың 120

және 121-тармақтарына сәйкес қорытынды береді.

131. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайта қарауды біліктілік та-

лаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтірілген өтінімдерді ұсыну

мерзімі аяқталған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде жүргізеді, оның нәтижелерібойынша

конкурстық комиссия:

1) біліктілік  талаптарына  және  олардың  конкурсқа  қатысуға  өтінімдері  конкурстық

құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті жеткізушілерді айқындайды және конкурсқа

қатысушылар деп таниды;

2) конкурс қатысушыларына, бағаны төмендетуге бағытталған сауда-саттықтар қолда-

нылған конкурсты қоспағанда, Қағидалардың 49-тармағында көзделген критерийлердің

салыстырмалы мәндерін қолданады;

3) баға ұсыныстарын қарау бойынша конкурстық комиссияның отырысына қатысуға ниет

білдірген әлеуетті жеткізушілерді соңғы тіркеу мерзімін көрсете отырып, конкурсқа қатысуға

рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдейді.

132. Егер конкурс тәсілімен сатып алу лоттардан тұратын болса, онда конкурсқа қатысуға

рұқсат беру туралы хаттамада конкурсқа қатысушылар әрбір лот бойынша көрсетіледі.

Конкурсқа қатысушыларды әрбір лот бойынша көрсеткен кезде конкурсқа қатысуға рұқсат

беру туралы жалпы хаттаманы ресімдеуге рұқсат етіледі.

133. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға отырысқа қатысқан конкурстық

комиссияның барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы әлеуетті

жеткізушілерге конкурсқа қатысуға рұқсат беру (конкурсқа қатысушылар деп тану) туралы

шешім қабылданған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей қол қояды, әр парағына

бұрыштама қояды. Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамаға бар болса,

сараптама қорытындысы не конкурстық комиссия мүшесінің ерекше пікірі, сарапшының

(сараптама комиссиясы мүшесінің) ерекше пікірі қоса беріледі.

134. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттама-

ның мәтінін оған қол қойылған күні тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының)

интернет-ресурсында жариялайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет