Соңы 5-бетте) (Соңы 3-бетте) Лебіз Бүгінгінің бас тақырыбы АҢдатпа


АСТАНА ЕРКЕЛІКПЕН  ҚОШТАСЫП,  ЕСЕЙЕТІН



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата15.03.2017
өлшемі4,46 Mb.
#9528
1   2   3   4   5   6   7

АСТАНА ЕРКЕЛІКПЕН 

ҚОШТАСЫП,  ЕСЕЙЕТІН 

ЖАСҚА ЖЕТТІ

ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ ТӘЖІ

СЕН МАҒАН БІР КӨРГЕННЕН 

ҰНАП ҚАЛДЫҢ...

ТЕҢДЕСІ ЖОҚ  БАС ҚАЛАМ

Әрине, кеңестік биліктің бастама­

шысы һәм мұрагері болған Ресейдің 

өзі қызылдар империясы құлаған соң 

Ленинградқа  Санкт­Петербург  деп 

бағзы атын қайтарып жатқанда, тілі, 

діні, тарихы, болмысы, салт­дәстүрі 

бөлек қазақ бодандықтан құтылған 

тұста өткеніне бет бұрмаса, онысы та­

рих алдындағы қылмыспен пара­пар бо­

лар еді. Алайда, араға алты жыл салып 

қаланың аты да, заты да, мәртебесі де 

түбегейлі өзгерді. Президент Нұрсұлтан 

Назарбаевтың шешімімен ел астана­

сы Алатау баурайындағы Алматыдан 

Сарыарқа төсіне көшті. 1998 жылдың 

10 маусымынан бастап ресми түрде 

Ақмола Қазақстанның астанасы атал­

ды. Күтпеген бір жайт, оның мәртебесі 

ғана емес, аты да Астана болып өзгерді. 

Сөйтіп,  бұл  сол  сәттен  бастап  бас 

әріппен  жазылатын  сөзге  айналды. 

Елорда  бейресми  және  балама  аты 

ретінде қалыптасты. 

Иә,  еліміз  бас  қаласын  Арқаға 

ауыстырғаннан ұтпаса, ұтылған жоқ. 

Олай дейтініміз, тың игеру жылда­

рынан  соқаның  ізі  қалған  аймақта 

орыстандыру саясатының салқыны да 

сақталған. Орысы қалың екенін меңзеп 

отырмыз. Әрине, өзге ұлттың өкілдерін 

өз билігіміз өз қолымызға тиген соң 

«тайып тұр» деп қуып шығара алмай­

мыз. Олар да кезінде өз еркімен келе 

қоймағаны анық. Сондықтан, өлкенің 

қазақтануы табиғи процесс ретінде 

жүруі тиіс еді. Тиесілісі, соған жағдай 

жасау.  Сол  қамқорлықтың  үлкені 

Ақмоланы Астана ету болды десек 

қателеспеспіз. Себебі, қазақтың тамыры 

ауылда десек те, тәуелсіздікпен қатар 

келген тоқырау жылдары қалаға ағылу 

үрдісі жүрді. Әлі де тоқтай қойған жоқ. 

Сәл есейсе, үлкен қалаға кеткісі келіп 

тұратын ауыл балалары қазір де көп­ақ. 

Ал, Астана сондай ауыл балаларының 

аңсары ауатын мекеннің бастысының 

біріне  айналды.  Мысалы,  Алматы 

бұрыннан орнығып қалған орыстар 

мен солардың ұрпағы бар демесеңіз, 

бүгінде қазағы қалың қалаға айналды. 

Әсіресе, іргесіндегі елді мекеннің бәрі 

қаракөздеріміз, арасында баспаналысы 

да, баспанасызы да бар. Мұны Астанаға 

да қатысты айта аламыз. Болашағын 

бас қаламен байланыстыратындардың 

дені Арқа төсіндегі қалаға ағылуда. 

Тіпті, қара халық тұрмақ, зиялылары­

мыз бен өнер өкілдерінің бірқатары 

сонда қоныс аударған. Сөйте­сөйте 

қала біршама қазақыланды, табиғаты 

да қатал мінезінен қайта бастады. Бұл – 

ұтқанымыздың бір дәлелі.

Қазақ қашаннан кенже ұлын еркелет­

кен (есіртпеген), бар тәттісін аузына то­

Бүгінгінің бас тақырыбы

6 шілде — Астана күні

сып, ерекше мейіріміне бөлеген халық. 

Астана да сол секілді Қазақстанның 

«ерке»  қаласына  айналғанын  жа­

сыра алмаймыз. Өзге облыстар мен 

қалалар көре қоймаған мемлекеттің 

қамқорлығын  елорда  көріп  келеді. 

Осылайша өзгелердің «қызғанышына» 

айналған Астана биыл кәмелет жасқа 

жетті. Еркелікпен қоштасып, есейетін, 

етек­жеңін жинайтын шаққа аяқ басты. 

Нақ туған күні басқа, бірақ, туу туралы 

куәліктегі датасы басқа адамдар бола­

ды. Бас қаламыз да сондай. Жарлығы 

10 маусымда шықса да, барлығы жапа­

тармағай 6 шілдеде тойлайды. Тек бұл 

күні кім «ерке әрі кенже» қаланың, кім 

Астана авторының туған күнін тойлап 

жатқаны беймәлім. Іштері білсін. 

Айтпақшы, бас қаламыздың биылғы 

жаңалығы  кәмелет  жасқа  толғаны 

ғана  емес.  Балиғат  жасқа  жақында 

тағайындалған Әсет Исекешев сынды 

жаңа әкімімен және миллионыншы 

тұрғынымен келіп отыр. Осы арада 

соңғы ақпарат сынға ұшырағанын еске 

сала кетейік. Соған сәйкес, қала әкімдігі 

қалайша тұрғындар 1 миллионға жеткені 

жайлы түсінік те берді. Қалалық ішкі 

саясат басқармасының мәліметінше, 

2016  жылдың  1  қаңтарында  ресми 

тіркелген қала тұрғындарының саны 

871 200 адам болғанын да көрсеткен. 

Содан жарты жылда туғаны бар, есепке 

тұрғаны бар, миллионға жеткен­мыс. 

Ал,  қаланың  әкімі  Әсет  Исекешев 

жаңа туған миллионыншы тұрғынды 

және ата­анасын перзентханаға келіп 

құттықтап, пәтер кілтін табыстады. 

Бұл ақпаратқа күмәнмен қарағанымыз 

– көбейгенімізді қаламағанымыз емес. 

Керісінше, жаңа әкім Астана авторының 

алдында ұпай жинау үшін жалған цифр 

көрсетіп, елорда жалған сөздің орда­

сына айналмаса екен дегеніміз. Қала 

тұрғындары қалайша демде миллионға 

жеткеніне келсек, бәлкім, Әсет Исе­

кешев бұрынғы қызметінен үйренген 

инновациялық технологияларды шаһар 

демографиясын дамытуға да әкімдікке 

келе сала «қолданған» шығар. 

Елорданың тағы бір көзқуанышы 

– атауы қазақша түрлі ғимараттардың 

бой көтергенінде. Мәселен, Бейбітшілік 

және келісім сарайы, Тәуелсіздік сарайы, 

Бәйтерек, Ханшатыр, тағысын тағылар. 

Елбасы резиденциясының Ақорда ата­

луы да тарихи танымға, атауға, санаға 

бет бұру іспетті. Бұл Ақорданың бұрын­

ғы ордалардан айырмашылығы – мұнда 

мұрагерлікпен келетін хандар емес, 

тәуелсіз қазақтың сайланбалы прези­

денттері отырады. Тек кей кісілер осыны 

шатастырып алмаса болғаны... 



Сәкен ОРЫНБАСАРҰЛЫ,

«Заң газеті» 

О

қтай түзу көшелер, алып ғимараттар, қайталанбас 

кешендер...  Мұның  барлығы  осыдан  18  жыл 

бұрын көрген түстей, ертегіге пара­пар дүниелер 

еді. Бірақ, Мемлекет басшысы осы ертегіні шындыққа 

айналдырды. Расында, Алматыны астана ретінде көңіл 

сендіріп, оның өзгеруін қаперіне алмаған халық үшін 

саяси орталықтың Арқа жаққа ауысуы күтпеген жағдай 

болды. Бұл шешімге үмітпен қарағандардан гөрі күдігін 

айтқандар көп еді. Халықтың пікірін екіге жарған бұл бас­

таманы Елбасының тектен­тек ұсынбағаны тағы белгілі. 

Себебі, елордасын ауыс тыру Президенттің өз атын шығару, 

әлде бір жаңалық енгізу мақсатында туындаған қарабайыр 

ұсыныс емес. Мұның астарында ортаны қазақыландыру, 

Қазақстанның орталық өңірлеріне жан бітіру сияқты игі 

мақсаттың менмұндалап тұрғаны анық. Атын шығарып, 

ұпай жинауға Нұрсұлтан Назарбаев зәру де емес еді. 

Әрі бұл бастаманың аз уақытта халықтан қолдау табуы, 

Астананың әлемнің көрікті қалаларының қатарына қосылуы 

Елбасының өз елінде қаншалықты сыйлы, қаншалықты бе­

делді екенін дәлелдей түсті. Халық Президент ұсынысының 

дұрыстығына толық көз жеткізбесе де, онымен бірге 

тәуекелге бел буды. Көшбасшысының бастаған істі орта 

жолда қалдырмасына сенді. Және жаңа қаланы Елбасымен 

бірге жасады. Ортақ іске барынша үлес қосты. 

Сол кезде Алматыдан Астанаға көш түзеп, жаңа істің 

басы­қасында жүргендердің естелігін оқығанда бүгінгі 

тақтайдай түзу көшелер мен даңғылдардың, мәдениет 

ошақтарының оңай салына қоймағанына көз жеткізесің. 

Қаланың құрылысына Елбасы ерекше мән берді. Мұндағы 

әрбір жаңа ғимараттың ерекше болуына, сонылығына, 

салтанатына жіті назар аударылды. Бас қаланың жоспарын 

жасағанда тек өзіміздің сәулетшілерге иек артпай, өзге 

ел мамандарының да ұтымды идеяларын пайдаланып, 

әлем мойындайтын, сәулеті мен дәулеті сай қала салуға 

басымдық берді. Сәулетшілер арасында ұйымдастырылған 

байқау тек үздік мамандар мен сапалы жобаларды таңдап 

алуға мүмкіндік туғызды. Әлемнің көптеген сәулетшісі 

қатысқан сында Елбасының таңдауы жапондық маманға 

түскен болатын. Сөйтіп, қала жобасымен атақты жапон 

сәулетшісі Кисе Курокаваның айналысқанын бәріміз жақсы 

Есілдің бойында орналасқан әсем 

Астананың бүгінгі көркі көз сүйсінтеді. 

Алып Бәйтеректі айнала шоғырланған жас 

қаланы Қазақстанның алтын тәжі десек тегін-

де артықтық етпес. Бірақ, дәл осындай кел-

бет бір күнде жасалып, қаланың беделі бір 

күнде қалыптаса қалған жоқ. Бұл — Елбасының 

тәуекелшіл әрекетінің жемісі болған, бір 

мақсатқа жұмылған қазақстандықтардың же ңі ­

сі болған қала. Осындай ынтымақ пен бірліктің 

арқасында бой көтерген қаланың келер жылы 

бас қалаға айналғанына 19 жыл толмақ.

Ел Президенті Нұрсұлтан 

Назарбаевтың 1997 жылғы 20 

қазан     дағы жарлығымен 

Ақмола қаласы Қазақстанның 

астанасы болып жарияланды. 

Қазақстан Республикасының 

Жоғарғы Кеңе сі астананы 

ауыстыру туралы шешімді 1994 

жылдың 6 шіл де   сінде қабыл  ­

даған болатын. Осыдан кейін 

дайындық жұмыс тары жүр­

гізіле бастады. Құрылыс 

қарқынын арттыру әрі 

инфрақұры лы мын дамыту 

мақсатында 1997 жылы 

Ақмола қаласында Ақмола 

арнайы экономикалық аймағы 

құрылды. Ол белгілі бір 

деңгейде жаңа елорданың 

дамуына өз септігін тигізді. ҚР 

Прези ден тінің астананы көшіру 

туралы жарлығы жарыққа 

шыққаннан кейін Алматыда 

Ақмолаға мемлекеттік орган-

дарды қоныстандыру 

жұмыстары басталды.

білеміз. Және бұл сәу­

летші өзінің ерек ше ой, 

тың  бастамаларымен 

жұртшылықтың есінде 

қалды.


Осыншама  талпы­

ныс  тың, жұмыс тың қо    ­

ры    тындысы  көп  күт       ­

тірген жоқ. Астана қа­

зақ  стандықтарды ғана 

м о й ы н д ат қ а н   жо қ , 

әлем  нің  таңданысын 

т уд ы р  ғ а н   т а м а ш а 

шаһар  ға айналды. Со­

дан болар, ЮНЕСКО­

н ы ң   ш е ш i м і м е н 

Қазақстанның орта   лығы «Бейбітшілік қала сы», «Әлем 

қала» атақта рына ие болды. Бүгінде астанамыз еліміздегі ең 

iрi iскер, дипло матиялық, сауда және мәдениет орталығы 

болып,  тыныштық  пен  ынтымақтың,  татулық  пен 

бейбітшіліктің бесігіне айналып отыр.

Қазір жастар білімнің, мәдениеттің, үлкен саясаттың, 

еркіндіктің қаласы ретінде Астанаға барып өз туын тігуге, 

өз жұмысын осы жерден бастап, өз арманын осы қалада 

шындыққа  айналдыруға  тырысады.  Өйткені,  Астана 

айналдырған 20 жылға жуық уақыттың ішінде қаншама 

білімді жасты қанаттандырып, қаншама білікті маманның 

өмірден өз орнын табуына ықпал еткеніне бәріміз куәміз. 

Қаншама жас осы жерде отбасын құрып, астаналық атанды. 

Күні кеше сәулетшілер 2030 жылға дейін 800 мың тұрғыны 

болады деп болжам жасаған Астананың халқы қазірдің 

өзінде миллионды межеледі. Мұның өзі қаланың өсіп, 

тоқтаусыз дамып жатқанын дәлелдейді. Ендеше, Астананың 

дамуы да тежеліп қалмасы анық. Бүгінде қаланың көшелері 

тарлық етіп, шаһардың шегін әлі де кеңейте түсу керектігін 

ұқтыруда. Өйткені, түтіні түзу шығып, тіршілігі қызу жүріп 

жатқан ортаға келіп өмір сүргісі келетіндер, осы ортадан өз 

орнын табуға ынталылар көп. Сондай арман қуып Астанаға 

келген жандардың ұрпағы ертең бұл мекенді көркейтуге 

үлес қосары талассыз. Осылай үздіксіз жалғасқан ұрпақтар 

сабақтастығы жас қаламызды бас қалаға, одан кейін әлем 

мойындайтын алып қалаға айналдырарына сенеміз.

 «Астана – бұл менің төл перзентім. Әр адам, тегін­

де, өз қаласын сүйетін шығар. Ал, біз, астаналықтар, 

өзіміздің жас қаламызды үш есе артық сүйеміз, өйткені, 

біз оның құрылысын тақыр жерден бастадық. Мұндағы 

әрбір жаңа мүйіс, әрбір жаңа ғимарат біздің жүрегімізден 

шыққан, өйткені, олар туған сәтінен бастап біздің көз ал­

дымызда», – деген еді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елор­

да туралы естеліктерінің бірінде. Десек те, Елбасының 

ерлігі саналатын бас қаламыз тек астаналықтар үшін ғана 

қадірлі емес, бұл барша қазақстандықтар үшін қасиетті 

де киелі мекен. 

Варшава, Минск, Киев, Анкара, Бан­

гкок және басқалары бар.

Бүгінде Астана түрлі халықара­

лық деңгейдегі шараларлы өткізетін 

орталыққа айналып үлгерді. Мәселен, 

2010  жылы  елордада  11  жылдық 

тоқы раудан  кейін  ЕҚЫҰ  саммиті 

ұйымдастырылып, өте жоғары дең­

гейде өткізілді. VII қысқы Азиада 

ойындары  да  жоғары  талапқа  сай 

ұйымдастырылды.  Әлемдік  және 

дәстүрлі діндер көшбасшыларының 

съезі де тұрақты өткізіліп келе ді. Бұдан 

бөлек, Астана 2017 жы лы EXPO­2017 

Халықаралық  маман дан дырылған 

көрмені жоғары деңгейде өткізуге ба­

рын салуда.

Ұшқан құстың қанаты талып, шы­

ғыс тан шыққан күн батысына әрең же­

тетін кең жазиралы даланы мекен ет­

кен қазақ деген іргелі елміз. Ғасырлар 

бойы бағы мен соры кезектесе отырып 

досқа  ақ  пейілін,  қасқа  найзасын, 

дауға қылышын сілтеген, тағдыры 

қаншама рет тағдыр таразысына түсіп, 

қыл үстінде тұрса да, «құт дарып, 

қыдыр  қонған»  туған  елді  көздің 

қарашығындай сақтай білген елміз. 

«Ерлік – ұрпаққа ұран, елге мұра» де­

ген дуалы ауыз бабалар өсиетін бойы­

на дарытқан халқымыз азамат ұлдар 

тәрбиелеуге де зор көңіл бөлді. Бұған 

Абылайдан кейін қолымыздан сусып 

кеткен тәуелсіздіктің туын ұстап қалу 

үшін, халықтар достығын, татулықты, 

ынтымақтастықты күшей тетін елді 

бастар ер керек еді. Еңселі ел болу елін 

дауға, жерін жауға бермейтін білікті 

басшы  қажет  болды.  Сөз  қадірін, 

ер қадірін білген Төле би бабамыз 

«Басшысы болмаса, ел жетім» деген. 

Ғасырлар бойы күрестермен жеткен 

тәуелсіздікті баянды ету Нұрсұлтандай 

Елбасымыздың еншісіне тиді.

Елбасының  негізгі  мақсаты  ел 

бірлігін сақтау деп түсінемін. Оның 

әр сапарынан, әр кездесуінен осыны 

аңғаруға болады. Көпұлтты Қазақ елі 

ынтымағы орнаған халықтар достығы 

еліне айналып отыр. Тарих дөңгелегі 

толассыз дөңгелеп, уақыт өз дегенін 

жасап  жатыр.  Елбасы  сайланғалы 

25 жылдай уақыт өтті. Осы жылдар 

ішінде асқан төзімділікпен қыруар 

шаруа атқаруда. Ең әуелі өзге ұлт 

өкілдерімен Қазақ елі арасындағы 

саяси  тұрақтылықты  сақтай  оты­

рып халықтың өз қазына сын өзіне 

қайтаруға тырысты. Тілі, ділі, салт­

дәстүрі,  әдет­ғұрпынан  айыры­

лудың аз алдындағы елге азған тай 

уақыттың ішінде асыл мұраларын 

қайтаруға күш салды. Қазақстанды 

Орталық Азия барысына айналдыру 

үшін Елбасымыздың «Қазақстан – 

2030» стратегиялық бағдарламасы бұл 

күнде ұшса қанат талатын кең­байтақ 

өлкемізді шарлап кетті. 

Президент жолдауы – болашаққа 

апарар үлкен жолдың бастауы. Мұнда 

айтылмаған,  еленбеген  сала  жоқ. 

Егемендіктің кілтін ұстар жастардың 

жарқын болашағына апаратын алтын 

сүрлеу. Еліміздің ертеңі – жастарға 

үлкен қолдау көрсетіп, шетелдер де 

білім алуына жағдай жасап, «Бола ­

шақ» бағдарламасын ұсынуы шынайы 

қамқорлық деп білемін. Н.Назарбаев: 

«Жаңа  Астана  –  тарихи  оқиға. 

Бұл – елдің өз тәуелсіздігін алып, 

көк  байрағын  көтергенмен  бір  дей 

қуаныш», – деген болатын. Ас тана 

күннен­күнге құлпырып, өзінің ру­

хани келбетін жаңартып, көз тартар 

алып  ғимараттарымен  жыл  сайын 

өркендеуде. Бозбала жастан нағыз ер­

азаматтық жасқа аяқ басқан айбары 

мықты Астанамыз етегін кеңге жайып, 

өсіп­өркен деп, күннен­күнге гүлденіп, 

қарқынды дамып келеді. Тек сырт 

көздің сұқтанғанынан, жете сіздердің 

арам пиғылынан сақтап, елордамыз 

– Астана мәңгілікке шуағын шашып, 

қадамы қарқынды дами берсін.



Рустам НАБИЕВ,

Шығыс Қазақстан облысының 

соттар әкімшісінің 

кеңсе меңгерушісі

Жеңіс МАҚҰЛБАЕВ, 

Оңтүстік Қазақстан облысы 

Мақтаарал аудандық

 №2 сотының төрағасы

4

№73 (2851) 

6 шілде 2016

zangazet@mail.ru

ТАРАЗЫ

Мәселе


Сәкен АБДУЛЛАЕВ,

Қазақстан Республикасы Әскери сотының төрағасы:

ӘСКЕРИ СОТТАР ТЕРГЕУ БАРЫСЫНДА 

ҚҰҚЫҚТЫҢ САҚТАЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ 

ЕТУ ҚЫЗМЕТІНЕН СЫРТ  ҚАЛҒАН

Пайым

Кез келген қоғамның демокра-

тиялық жолмен дамуы демокра-

тиялық  стандарттарға сәйкес 

келетін сот жүйесі бар болған 

кезде ғана мүмкін болады. Яғни, 

мұндағы  құндылық  адам  мен 

оның құқықтарының сақталуы 

заңмен қамтамасыз етілгенде 

сақталады.  Бұл  орайда,  аза-

маттардың соттарға өздерінің 

құқықтары мен заңды мүдде-

лерін қорғайтын мемлекеттік 

билік ретінде сенім артуы үлкен 

жетістік болып саналады.

Қазақстан Республикасының Прези-

денті – Елбасы Н.Назарбаевтың құқық 

жүйесінің барлық саласын, оның ішін-

де қылмыстық заңнаманы жетілдіру 

бойынша жүргізіп отырған саясаты 

елімізде қалыптасқан құқықтық мәде-

ниет пен құқықтық ой-сана деңгейін 

едәуір деңгейге көтеріп келеді.  Елба-

сының бекітуімен 2010-2020 жылдарға 

арналған Қазақстан Республикасының 

құқықтық саясат тұжырымдамасы қа-

былданды. Қолданыстағы қылмыстық 

заңнаманы кешенді түрде жетілдіру мә-

селесі осы тұжырымдаманың маңыз ды 

бір бөлігі болып отыр.

Сонымен  қатар,  Елбасының  бес 

институционалдық реформасын жүзеге 

асыруға бағытталған «100 нақты қа-

дам» атты Ұлт жоспары да сот жүйесін 

жаңа деңгейге көтеру, заңнамаларды 

жетілдіру мәселелері бойынша кешенді 

іс-шараларды айқындап берген бола-

тын. Осыған сәйкес, Қазақстан Респуб-

ликасының Жоғарғы Соты заңнама лар 

мен  сот  жүйесін  реформалау  үшін 

қыс қа мерзім ішінде ірі көлемді жұмыс-

тар ды атқарып, Елбасының тапсырма-

ларын түбегейлі түрде жүзеге асырды.

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап 

жаңадан қабылданған Қазақстан Рес-

публикасының Қылмыстық және Қыл-

мыстық-процессуалдық кодексі қолда-

нысқа енгізілді. Ал, үстіміздегі жылдың 

1 қаңтарынан бастап сот құрылымы 

өзгертіліп, ол  үш сатылы деңгейде 

жұмыс істей бастады. Сот жүйесіндегі 

жаңалықтар Елбасының сот процеду-

ралары мен инстанцияларын қысқар-

ту, істерді қараудағы әуре-сарсаңды 

азайту, сонымен қатар, азаматтардың 

бостандығы мен құқығын қорғау жүйе-

сін жетілдіру, қылмыстық заңнаманы 

халықаралық құқық нормалары мен 

әлемдік стандарттарға сәйкестендіру 

жөніндегі тапсырмасына сәйкес жүзеге 

асырылды. 

Қылмыстық процесті дамытудың 

үлкен жетістігі қылмыстық-процессуал-

дық  заңға  түбегейлі  өзгертулердің 

енгізілуі болып табылады. Атап айтқан-

да, істерді қосымша тергеуге жолдау 

институтының жойылуы, сотқа дейінгі 

тергеуге сот бақылауының жүргізілуін 

күшейту, яғни, іске қатысушылардың 

тергеу  барысында  конституциялық 

құқығы мен бостандығының қорға-

луын қамтамасыз ету үшін тергеу су-

дьясы лауазымының қолданысқа ен-

гізілуі, күдіктінің, айыпталушының 

Қылмыстық заңнаманың тү-

бегейлі өзгеруі Қазақстанның 

даму жолындағы түйткілді  мәсе-

лелердің түйінін шешуге бағыт-

талған серпіліс деуге болады. 

Сонау тәуелсіздік алғаннан бергі 

Қазақстан мен қазіргі Қазақстан 

түбегейлі өзгерді десек қателес-

песпіз. Қоғамның да құқықтық 

сауаттылығы артып, өз құқықта-

ры мен мүдделерін қорғайтын 

жағдайға жеткенін айтып өткен 

жөн. Жалпы алғанда, құқықтық 

мемлекеттің  негізгі  мақсаты 

еліміздегі сотталушылар санын 

азайтып, заңдарды ізгілендіруге 

бет бұру болатын. Осы бағыт 

негізінде тараптардың татула-

суына да үлкен мүмкіндік туды. 

Қылмыстан келген зардаптар-

дың орнын тез қалпына келтіріп, 

жәбірленушінің кешірімін алу 

сотталушы үшін де маңызды. 

Яғни, сотталушының қылмыс-

тан келген зардаптардың ор-

нын толтырып, көмек көрсетуі 

және сотталушының процессуалдық 

келісім жасау жөніндегі құқы және 

оның қаралу тәртібінің енгізілуі, касса-

циялық сот инстанциясының облыстық 

соттан алынып, Қазақстан Республи-

касы Жоғарғы Сотының құзыретіне 

берілуі болып табылады. Сонымен қа-

көзделінген. Меншікке қарсы құқық 

бұзушылыққа бұдан былай ұсақ ұр-

лықтар да жатқызылатын болады, ескі 

заңда олар үшін әкімшілік жауапкер-

шілік қарастырылған еді.

Қолданыстағы қылмыстық құқық  

бұзу шылыққа  ендігі  жерде  жалған 

ақпарат тарату, қоғамдық орындар-

да нашақорлық дәрілерді медицина-

лық емес мақсатта қабылдау жатады. 

Денсаулыққа  орташа  ауырлықтағы 

зиян келтіру және қозғалыс ережесін 

бұзғаны үшін жауапқа тарту қайта-

рылды. Сонымен қатар, көлік жүргізу 

құқығынан айырылған тұлғаның көлік 

құралын басқарғаны үшін, сондай-ақ, 

мас күйінде көлік басқарғаны үшін 

оған 90 тәулікке дейін қамауға алу 

жазасын қолдану мүмкіндігі берілді. 

Белгілі бір қызметпен айналысуға өмір 

бойына тыйым салу, сонымен қатар, 

Қазақстан Республикасының шегінен 

шетел азаматтарын немесе азаматтығы 

жоқ тұлғаларды шығару туралы жаза-

лардың жаңа қосымша түрлері енгізіл-

ді. Әскери қызметтен шеттету және 

гаупвахтада ұстау сияқты негізгі жаза 

түрлері жойылды.

Қылмыстық  заңға  процессуал-

дық келісімнің барлық жағдайларын 

орындаған тұлғаны қылмыстық жа-

уапкершіліктен босату және аманат 

тағайындау арқылы жауапкершіліктен 

босату негіздерінің жаңа түрлері ен-

гізілді. Алайда, байқаусызда бір немесе 

бірнеше адам өліміне әкеліп соққан 

қылмысты, қылмыстық топ құрамында 

жемқорлықпен байланысты қылмыс 

және кәмелеттік жасқа толмағандарға 

қатысты жыныстық сипаттағы қылмыс 

жасағандарға бітімгерлік құқы беріл-

меген.

Жаңа заңмен 51 қылмыстық теріс 



қылық үшін және 112 әртүрлі ауыр-

лықтағы қылмыстар үшін негізгі жаза 

ретінде  айыппұл  қолдану  қарасты-

рылған. Пара алған кезде қолданыла-

тын айыппұлдың мөлшері параның 

сомасы немесе оның құнының еселік 

мөлшерінде тағайындалады. Сонымен 

қатар, егер бұрынғы рецидив қара-

пайым, қауіпті және аса қауіпті болып 

бөлінсе, жаңа Қылмыстық кодексте 

«қылмыстың рецидиві» деген түсінік 

бірқатар өзгеріске ұшырады әрі тұлға 

аса ауыр қылмыс жасаған жағдайда, 

егер ол бұрын аса ауыр қылмыс жасаға-

ны үшін бас бостандығынан айырылып 

сотталса ғана оны қылмыс рецидиві деп 

тану белгіленді. Қоғамдық қауіптілік  

дәрежесі бойынша бұл критерийлер қа-

рапайым рецидив пен қауіпті рецидивке 

дейін қысқартылған. Бұл – қылмыстық 

заңнама мен жазаның ізгілендірілуінің 

көрінісі. 

Алайда, қылмыстық процестік заң-

намаға енгізілген өзгерістерді қолдану 

барысында кейбір сұрақтардың пай-

да болғанын да айта кетуіміз қажет. 

Атап айтқанда, Қылмыстық-процестік 

кодекстің 7-бабының 47-тармағына 

сәйкес, тергеу судьясы – сотқа дейінгі 

іс жүргізу барысында осы кодексте көз-

делген өкілеттіктерді жүзеге асыратын 

бірінші сатыдағы сот судьясы. Іс жүзін-

дегі заңнамаға сәйкес, тергеу судья-

сы Қылмыстық-процестік кодекстің 

55-бабында белгіленген өкілеттілігі-

не сәйкес, қылмыстық іс өндірісінде 

тұлғалардың заңды қызығушылығы 

мен құқықтарының сақталуына сот-

тық бақылауды жүзеге асырады. Тергеу 

судья сының құзыретіне бұрын аудан-

дық және оларға теңестірілген соттар-

мен, оның ішінде гарнизондық әскери 

соттармен де қарастырылған сұрақтар 

кіреді және олар бойынша қалыптасқан 

сот тәжірибесі де бар.

Өзінің процессуалдық-құқықтық 

мәртебесі бойынша тергеу судьясы 

– бірінші сатыдағы соттың судьясы, 

яғни, аудандық және оған теңестірілген 

соттың судьясы. Ал, Қылмыстық-про-

цестік кодекстің 309-бабының талабы-

на сәйкес, гарнизондық соттар бірін ші 

сатыдағы  сот  ретінде  әрекет  етеді. 

Алайда, гарнизондардың әскери сот-

тарында тергеу судьясы институты 

қарастырылмаған, нәтижесінде әскери 

соттар азаматтар құқықтарының тергеу 

барысында сақталуын қамтамасыз ету 

қызметінен сырт қалған. Соның салда-

рынан әскери құқық қорғау органдары  

тергеу судьясының құзыретіндегі мә-

селелермен аудандық соттарға жүгіну-

ге мәжбүр болады. Яғни, соттылығы 

бойынша әскери соттардың қарауына 

жататын істер бойынша сотқа дейінгі 

тергеуден сот талқылауына дейінгі ара-

лықтағы сот практикасын қалыптасты-

ру мүмкін болмай тұр. Бұл жағдай гар-

низондық әскери соттардың жергілікті 

соттармен құзыреттілігі тең бола тұра, 

аталған қызметтен шет қалуына ықпа-

лын тигізіп, оның әскери құқық қорғау 

органдары мен әскери қызметшілер ал-

дындағы беделіне нұқсан келтіруі мүм-

кін. Осыған байланысты жаңа Қылмыс-

тық-процестік кодекске толықтырулар 

енгізіп, әскери соттарға процессуалдық 

әрекеттерді санкциялау арқылы соттық 

бақылауды жүзеге асыруға, яғни, тер-

геу судьясының функциясын атқаруға 

мүмкіндік беру қажет деп ойлаймыз. 

Әскери соттарға аталған институтты 

енгізу қылмыстық істердің соттылық 

принципінің сақталуын да қамтамасыз 

етуге септігін тигізері анық.

Оған  қосымша,  Қылмыстық  ко-

декс те  әскери  қылмыстар  бойын-

ша белгіленген жазаларға да өзгері-

стер енгізу қажеттілігін айта кеткенді 

жөн деп санаймыз. Мысалы, ҚК-нің 

451-бабында әскери қызметші билікті 

немесе қызметтік өкілеттілігін асы-

ра пайдаланған жағдайда оған 5000 

айлық  есептік  көрсеткішке  дейін 

айып пұл немесе сол мөлшерде түзету 

жұмыстарына немесе бес жылға де йін 

бас бостандығынан шектеу, немесе 

осы мерзімге бас бостандығынан айы-

ру жазасын қолдану көзделген. ҚК-нің 

41-бабына сәйкес, қылмыстық құқық 

бұзушылық үшін айыппұл 500-ден 10 

мың айлық есептік көрсеткішке дейін 

тағайындалады  және  айыппұлдың 

мөлшері жасалған қылмыстық құқық 

бұзушылықтың ауырлығы мен сот-

талушының мүліктік жағдайы ескеріле 

отырып белгіленеді.

Әскери соттардың практикасында 

әскери атағы немесе лауазымы бойын-

ша басшы болып танылатын мерзімді 

әскери қызметшінің ай сайын мемле-

кеттен қамтамасыз етілетін ақшалай 

қаражаты шамамен 12-17 мың теңгені 

құрайды. Егер іс бойынша оған жаза 

ретінде айыппұл тағайындау қажет 

болған жағдайда 500 айлық есептік 

көрсеткіші (айлық есептік көрсеткіш 

2016 жылдың 1 қаңтарынан – 2121 

теңге), яғни, ең төменгі айыппұл мөл-

шері 1 060 500 теңге болады. Мұндай 

жағдайда көрсетілген айыппұл мөлшері 

сотталған әскери қызметшінің мүлік-

тік жағдайына сәйкес келмейді және 

үкімді заңда қарастырылған мерзімде 

орындауға мүмкіндік болмайды, себебі, 

мерзімді әскери қызметшінің басқадай 

ақшалай қаражат көздері жоқ. Сон-

дықтан, аталған бапқа өзгеріс енгізіп, 

айыппұл мерзімі әскери қызметшілерге 

қолданылмайды деп атап көрсеткені 

дұрыс болар ма еді деген ойдамыз.

Сонымен қатар, әскери қылмыстық 

құқық бұзушылық үшін қолданылатын 

«түзету жұмыстары мен бостандығын 

шектеу» жаза түрлері  де көп жағдайда 

әскери қызметшілердің ерекше мәрте-

бесі мен әскери қызмет өтеу қағида-

ларына сәйкес келе бермейтін сияқты. 

Және әскери қызметшіге қатысты  «бас 

бостандығын шектеу» түріндегі жаза 

да әскери қызметші режимдік нысаны 

бар әскери бөлімде қызмет атқарған 

жағдайда немесе сондай қалашықта 

тұрған кезде оның орындалуы әске-

ри  қызмет  өтеу  тәртібін  реттейтін 

жарғылық ережелер мен қағидалар та-

лаптарына қарама-қайшы келуі мүмкін, 

яғни, оның өзіне жүктелген міндеттерін 

атқаруына  кедергі  келтіруі  мүмкін 

екенін де ескергеніміз дұрыс болады. 

Соған орай, Қазақстан Республикасы 

Қылмыстық кодексінің 42, 44-бапта-

рын, оның ішінде әскери қызметшілерге 

қатысты қолдану жағдайын қарастыра-

тын қосымша тармақтармен толықты-

руды ойластырғанымыз жөн болар.

Қорыта  айтқанда,  жаңадан  қол-

данысқа енгізілген қылмыстық және 

қылмыстық-процессуалдық заңнамалар 

азаматтардың заңды мүдделері мен 

құқықтарының сақталуын қамтамасыз 

етуге толығымен қабілетті, ал, оны 

қолдану барысында қалыптасатын сот 

практикасы және заңнамаларды жетіл-

діру қажеттілігін үнемі айқындап оты-

ратыны қалыпты жағдай.

ҚЫЛМЫСТЫҚ  ІСТЕР БОЙЫНША 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет