Г.УСЕНОВА,
Ақтөбе қалалық сотының
бас маманы
Некеге отырғанда некедегі мүлік-
тің тиістілігі және оны ажырасу
кезінде бөлу керектігі туралы ойла-
натындар жоқ шығар. Әрине, бұл
сияқты маңызды сәтте жаман ойла-
маған да дұрыс. Аталмыш мақалада
біз ерлі-зайыптылардың жеке және
жалпы мүліктері туралы неке шарты-
ның қандай рөл атқаратыны, мүліктік
үлестер қалай бөлінетінін және неке
бұзылғанда меншікті бөлуге қандай
талаптар ықпал ететіні туралы ай-
тамыз.
Неке және ерлі-зайыптылық тура-
лы кодекстің 32-бабының 1-тармағы-
на сәйкес, ерлі-зайыптылар мүлкі
олардың ортақ бірлескен меншігі
болып табылады. Некеде жиналған
мүлік ортақ болып табылады, алайда
ерлі-зайыптылардың әрқайсысы жеке
мүлікке ие болуы мүмкін.
Ортақ мүлік үлестердің бөлін-
бейтінін болжайды. Ортақ мүліктен
жекенің айырмашылығы оның бір
адамға толығымен тиістілігімен ерек-
шеленеді және сәйкесінше некені
бұзуда бөліне алмайды. Неке (ер-
лі-зайыптылық) және отбасы туралы
кодекстің 18-бабына сәйкес, жалпы
мүлікті бөлуге қатысты даулар сот
тәртібінде қаралады.
Мүлікті бөлуге өтініш жауап-
кердің (яғни, мүліктік талаптар қой-
ылатын ерлі-зайыптының бірінің)
тұрғылықты жері бойынша сотқа
беріледі. Мүлікті бөлуге сотқа өті-
нішті тікелей ажырасқанда және
ажырасу тіркелгеннен кейін беру-
ге болады. Некені бұзуға өтінішті
бергенде ерлі-зайыптылар мүлік-
тік шағымдардың болуын немесе
жоқтығын көрсетеді. Мүлікті бөлуге
қатысты өтінішті ұзаққа созбау
керек, себебі, талап ету мерзімі шек-
теулі – 3 жылды құрайды. Осы уақыт
ішінде мүлікті бөлуге қатысты тала-
быңызды сот қарайды. Демек, ажы-
расқанда сіз еріңізге/зайыбыңызға
мүліктік талаптар қоймасаңыз, бірақ
соңынан өз пікіріңізді өзгертсеңіз өз
мүддеңізді қорғау үшін үш жыл бар
екенін қаперіңізден шығармаңыз.
Сотқа мүлікті бөлу туралы талап-
ты беруге қажетті құжаттар:
1. Некеде бірге жинаған және
сатып алған, сіз алғыңыз келетін не-
месе бөлгіңіз келетін мүліктің тізімі.
Егер сіз барлық мүлікті бөлуге талап
арыз берсеңіз, онда ерлі-зайыпты-
лардың әрқайсысының жекеменшігі
болып табылатындардың тізімін
құрастыру қажет – себебі бұл мүлік
бөлуге жатпайды.
2. Бөлінуге жататын, мүлікке мен-
шік құқығын растайтын құжаттар.
Жылжымайтын мүлік үшін – құқық
белгілейтін құжаттар, автокөлік
үшін – көлік құралын тіркеу туралы
куәлік, тұрмыстық керек-жарақтарға
– чектер және түбіртектер, техникаға
паспорт және өзгелері. Бұнда егер
құжат ерлі-зайыптының екіншісінде
болса, онда аталмыш фактіні сот про-
цесінде талап ете алатындай дәйекті
өтініште көрсету қажет.
3. Бөлу үшін мүліктің құнын
рас тайтын құжаттар. Бұл чектер
және бағалық анықтамалар, лицен-
зиясы бар бағалаушының есебі. Егер
ерлі-зайыптылардың бірі бағамен
келіспесе, онда сот тәуелсіз сарапта-
маны тағайындай алады.
4. Егер сіз өтініш берсеңіз қандай
мүлікті қалай бөлгіңіз келетіні ту-
ралы нақты білуіңіз керек, яғни, сот
қарастыратын нұсқа – өзіңізге не қал-
дырғыңыз келеді, ақшалай эквива-
лентте не қабылдай аласыз, ал қандай
соманы бұрынғы зайыбы ңызға төлей
аласыз? Сот нұсқаларды қарайды
және екі тараптың мүдделерін еске-
румен оңтайлысын таңдайды.
5. Мүлікті бөлу туралы талапты
қарау үшін мемлекеттік баж алымды
төлеу чегі (соттардағы мемлекеттік
баж алым мөлшерлемелерінің мөл-
шерін білу). Бұл жағдайда баж алы-
мының мөлшері талап сомасынан 1
пайызын құрайды.
6. Некені бұзу туралы куәлік-
тің түпнұсқасы және көшірмесі
(жоғалған немесе бүлінген жағдайда
некені бұзуды тіркеуге өтініш беру
немесе некені бұзу туралы қайтадан
куәлік алу).
Н.ШУАЛКАНОВА,
Есіл аудандық сотының
судьясы
АСТАНА ҚАЛАСЫ
А
д
ам барлық жақсы мен жаманды отбасындағы тәлім-тәр-
бие арқылы бойына сіңіреді. Себебі, отбасы жеке тұлғаны
қалыптастырудың маңызды орны. Әрі халықтың әлеуметтік
қайта жандануына және белгілі бір өмір салтын жасауға жауап
беретін тәрбиелеудің басты институты болып табылады. Қа-
зақстанда жасы 29-ға толмаған ерлі-зайыптылар жұбы жас от-
басы болып саналады.
Редакторлар кеңесiнiң
төрағасы – президент
Досымбек ӨТЕҒАЛИЕВ
Бас редактор
Бекжан ӘШІРБАЕВ
Бас редактордың орынбасары
Айнұр СЕМБАЕВА
Жауапты хатшы-дизайнер
Нұрбек ХАЛЫМ
Нөмiрдiң кезекшi редакторы
Камила ЫСҚАҚОВА
Астана
Алматы
Атырау
Ақмола
Ақ төбе
Қызылорда
Оңтүс тiк
Қазақстан
Шығыс
Қазақстан
Газет бетiндегi жарияланымдардың
пози циясы мен фактiлерi үшiн редакция
жауап бермейдi.
Жарнама мен хабарландырулардың
маз мұнына жарнама берушi жауап ты.
Жарнама берушi нiң жiберген қа телiгiне
байланысты талап-тiлектер хабарлан-
дыру жарияланған күн нен бастап екi ай
мерзiм iшiнде қа былданады.
Газеттi есепке қою туралы
№12292-Г
куәлiктi 2012 жылғы 20 ақпанда Қа-
зақстан Респуб лика сының Мәде ниет
және ақпарат министрлiгi берген.
Газеттiң терiмi мен бет қаттау жұ мыс-
тары «Заң» Медиа-корпорация» ЖШС
компьютерлiк орта лығында жа салды. Ал-
маты облысы, Iле ауданы, Өтеген батыр
ауылы, Сейфуллин кө шесi, 2«б», «Принт
плюс» ЖШС баспаханасында басылып
шығарылды. Тел.: факс. 8 (727) 51-78-27,
8 (727) 51-78-31
Алматы қаласы
Тел: 8(727) 292-29-27, 292-40-89
факс: 8 (727) 292-29-92
E-mail: zanreklama@mail.ru
Астана қаласы Абай көшесі, 78,
105-кеңсе
тел: 8 (7172) 34-58-28
Меншiк иесi:
«ЗАҢ» МЕДИА-КОРПОРА ЦИЯ»
ЖАУАПКЕРШIЛIГI ШЕКТЕУЛI
СЕРIКТЕСТIГI
Айша Құрманғали,
8 707 851 91 13;
Айтақын Бұлғақов,
8 701 139 57 71
Құралай Қуатова
8 701 678 9077
Қалкөз Жүсiп,
8 701 300 14 74.
Бақыт Жаншаева,
8 701 255 76 39.
Нағымжан Сауяев,
8 778 282 77 82.
Шадияр Мекен бай ұлы,
8 778 282 77 82.
Азамат Қасымов,
8 702 276 93 76
МЕНШIКТI ТIЛШIЛЕР:
ЖАРНАМА БӨЛІМІ:
«ÞðÑëóæáà» ÆØÑ
Êөêøåòàó қ., М.Горьêий êөøåñi, 37,
107-бөлмå.
Òåл.: 8 (7162) 25-77-17
«Âåðñèÿ-Ïðåññ» ÆØÑ
Ïàâлоäàр қ., Åñòàй êөøåñi, 40.
Òåл.: 8 (7182) 32-47-67, 32-49-04
«Àéäè» ÆØÑ
Қàрàғàíäû қ., Æàмбûл êөøåñi, 11.
Òåл.: 8 (7112) 42-00-71
Қàëèàñқàðîâ Íұðëàí
Íұðғèñûíұëû ÆÊ
Ïåòроïàâл қ., Ê.Ñүòiøåâ êөøåñi, 58,
30-бөлмå, 3-қàбàò
Òåл. 8 (7152) 46-02-57, ұÿлû òåл.:
8 (777) 572-29-91, 8 (701) 315-54-59
Ìèõååâà Îëüãà Ñòàíèñëàâîâíà ÆÊ
Қоñòàíàй қ., Гоголь êөøåñі, 110, ВÏ
67 (Чåхоâ-Гоголь êөø. қиûлûñû),
8-714-2-50-97-07, 8-7758847211,
8-7053506918
«Îçàò-1» ÆØÑ
Àқòөбå қ., Àлòûíñàриí êөøåñi, 31.
Òåл.: 8 (7132) 40-41-05, 87774348344
жәíå Àқòàó қàлàñû
ИП «SAPA KZ» Аòûðàу қàëàñû,
87781063779, e-mail:zan-at@mail.ru
Åðøîâà Ëþäìèëà ÆÊ
Øûмêåíò қ., Æåлòоқñàí êөøåñi, 20 б.
ÆØÑ «Íàçàð-1 фèðìàñû» ÆØÑ
(«РУТÀ» ÆÀ)
info@nazar1.kz
Øûмêåíò қ., Èлÿåâ êөøåñi, 47,
à/ж 144.
Òåл.: 8 (7252) 53-40-48, 30-12-10
«Þðèäè÷åñêàÿ фèðìà
«Êîíñуëüòàíò» ÆØÑ Îрàл қ.,
Ë.Òолñòой, 28.
Òåл.: 8 (7112) 50-88-05
«Ðåêëàìà» ÆØÑ
Îрàл қ., Äоñмұхàмåäоâ êөøåñі, 43/1.
Òåл.: 8 (7112) 50-47-34
«Ëèð» ÆØÑ
Қоñòàíàй қ., Áàйòұрñûíоâ êөøåñi,
67, 417-ïәòåр. Òåл.: 8 (7162) 54-57-03
«Êîìпàíèÿ Æåòå» ÆØÑ
Òàлäûқорғàí қ., м-оí Молоäåжíûй
3 үй, 1 ï. Òåл.: 8(7282) 24-29-66,
87058147221
ÆÊ Гàâðèëåíêî И.И. Қоñòàíàй қ.,
ïр. Àль-Фàрàби 119 үй, êàб.407-À
òåл/фàêñ: 8 (7142) 53-63-21.
«Æàñ Îòàу» ÆÊ Қûäûðбàåâà Í.Í.
Қûзûлорäà қ., Әйòåêå би ê-ñі., 27,
òåл: 26-45-89, ұÿлû òåл: 8 (777)402-
28-28; 8 (700) 332-24-78.
ÆÊ Тàжèбàåâà, Òàрàз қàлàñû
Қойêåлäі êөøåñі 158 à, ХҚÎ àóмàғû
òåл.: 87017268772, 87054422939
ИП Íîâîñåëîâà Ïåòроïàâл қàлàñû,
Êоíñòиòóциÿ Қàзàқñòàí êөøåñі,
28 үй, 1-қàбàò òåл: (87152) 46-74-77
«Вåðñàëü Бèçíåñ» Àòûрàó қàлàñû,
Мàхàмбåò êөøåñі, 107-à, 2-êàб., òåл:
32-14-29, 30-65-24, 8701 920 45 38
ÆÊ «Ìàðцåфåй», Өñêåмåí қàлàñû,
60 òåл, 8(7232) 578414, 87772256506
ÆÊ «Бàõäàуëåòîâà А.» Àлмàòû
қ., Æібåê жолû ê., 55, Àлмà ñàó-
äà орòàлûғû, 4-қàбàò, 426-íүê-
òå. Òåл: 2714939. 87052083694
Email:ardawka_94@mail.ru.
ЖАРНАМА
ҚАБЫЛДАЙТЫН ОРЫНДАР:
050012, Алматы қаласы,
Х.Досмұхамедұлы көшесi
(бұрынғы Мичурин), 68 «б»-үй.
Қабылдау бөлмесi:
292-43-43; 292-79-61 (факс);
Астана қаласы, Абай көшесі, 78,
105-кеңсе
факс: 8 (7172) 34-58-28
E-mail: zan@zanmedia.kz
«Заң газеті» аптасына 3 рет –
сейсенбі, сәрсенбі, жұма күндері
жарық көреді.
РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
Жеке таралым 10253 дана
Апталық таралым 30759 дана
Тапсырыс №144 Индекс 65921
Газет Қазақстан Республикасы
бойынша таралады
8
№73 (2851)
6 шілде 2016
zangazet@mail.ru
ТҰҒЫР
ЖАҢА ҒАСЫРДЫҢ ЖАСАМПАЗ ОРДАСЫ
ЕСІЛ ЖАҒАСЫНДАҒЫ ЕҢСЕЛІ
ШАҺАР
ТАРИХИ ШЕШІМ
Ел тәуелсіздігі түске енбеген, қиялға
жеткізбеген жасампаздықты паш етті.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастаған
қазақ елі нұрлы болашаққа еркін самғап
келеді. Сарыарқа төскейіндегі ежел-
гі - Ақмола, кеңес заманында тың
өлкесінің орталығына айналған Це-
линоград шаһары тәуелсіздік тұсында
қайта түлеп, Еуразия құрлығының
жүрегіндегі қазақтың Елордасына, ХХІ
ғасырдың ғажайып әлем шаһарына
айналды. Ресми деректерге жүгінсек,
қазір Астана халқы мен аумағы жөнінен
Қазақстанда Алматы қаласынан кейінгі
екінші орында.
Астананың атауын табуда да көре-
ген дік танытылды. Бейресми түрде
әркім нің тіл ұшына үйіріліп тұратын
«елдің бас қаласы» немесе «астана»
деген ұғым, жалпы есім, аяқ астынан
жалқы есімге ие болып, халықаралық
дәстүрлерде бар үрдіс бойынша Елор-
даның атауына айналдырылды. Астана
сөзінің төркіні қазақ тіліне парсы тілі-
нен ауысқан. «Киелі орын», «босаға»
деген мағыналарды білдіреді екен. «Бір
күні түнде, дәлірек айтқанда түнгі екіде
жаңа астананың аты Астана болады де-
ген ой келді маған. Астана ол – Астана!
Қай тілде де, ұғымды, ұран тәрізді»,
– деді кейін өз шешімі туралы Елбасы.
«Мен сол кезде Елбасының жанында болған адам-
мын. Елдің ыңыршағы айналып тұрған өтпелі кезеңде,
екі ғасыр тоғысып, екі мыңжылдық – екі дәуір алмасып
тұрған кезде Астананы көшіру әлемдік деңгейде кейін
зерттелетұғын тарихи шешім болды ғой деп ойлай-
мын. Сонда бәріміз ойладық. Елдің тапқан-таянғаны,
мемлекеттің қалтасына түскен қаржының бәрі Астана-
ны салуға кетеді дедік. Қалғанының бәрі құриды деп
ойладық. Бір Ресейдің шекарасының өзі – жеті жарым
мың шақырым. Ол кезде Ресейде аймақтарда губерна-
торды сайлау жүріп жатқан кез еді. Бетін әрмен қылсын,
сол кезде Өскемен, Павлодар, Қарағанды, Петро-
павл, Көкшетау қалалары «біз референдум өткіземіз,
өз тағдырымызды өзіміз шешеміз, қай мемлекеттің
қарамағында болуды өзіміз таңдаймыз» десе, кейінге
не бетімізді айтар едік. Біз ата-бабадан қалған байтақ
жерден айырылып қалуымыз мүмкін еді. Осы тұрғыдан
келгенде Елбасының бұл шешімі тарихи шешім болды»
дейді Мырзатай Жолдасбеков.
Сол бір сындарлы шақтарда Елбасының қасында
болған қоғам қайраткерінің сөзін Мемлекет басшысының
мына бір толғанысы да қуаттай түседі.
«Астананы көшіруді Қазақстанның жаңа талпыны-
сының бір белгісі деп қарадым. Қаныш Сәтбаевтың
айтқан сөзін де ескердім. Кейбір ақпарат құралдарына
ұсыныс жасадым: «Осыны айтайықшы, жазайықшы, ел
не дер екен?» – деп. Әуелде ел онша елеңдей қоймады.
Депутаттармен де сөйлестім. Олар да қозғала қоймады.
Алматыға қарасақ, жағдай анау. Таудың қуысына сый-
май отырған қала, қыс ауасы – көк түтін. Былай қарай
шығайын десең, Қаскелеңге тірелесің, мына жағында
– Талғар. Баяғыда Ақмешіттен көшіп келгенде Іленің
бойына жаңа қала салмақ болған, вокзалының орнына
дейін бар. Өте жақсы идея, бірақ жүзеге аспай қалған.
Сонан болашақ астана бола алатын жерлерді қарастыра
бастадым. Ел ортасы – Жезқазған. Жер жағдайы онша
емес. Қарағандыны да, Көкшетауды да қарадық, айналып
келгенде Есілдің бойында тұрған, баяғы Геродот айтатын
Батыстан Шығысқа баратын жолдың бойында жатқан
Ақмолаға тоқтадық», – деген еді Елбасы бір сұхбатында.
Иә, содан бері Ақмола, бүгінгі Елорда әрдайым
Елбасының қамқорлығында. Сары балшықтан жайқалған
жасыл желекке айналған жылдар да Президенттің көз
алдында. Иә, Астананың тәй-тәй басқаны да, аяғынан
қаз тұрғаны да – Мемлекет басшысының қырағы наза-
рында.
«Астана – бұл менің төл перзентім. Әр адам, тегін-
де, өз қаласын сүйетін шығар. Ал біз, астаналықтар,
өзіміздің жас қаламызды үш есе артық сүйеміз,
өйткені біз оның құрылысын тақыр жерден бастадық.
Мұндағы әрбір жаңа мүйіс, әрбір жаңа ғимарат біздің
жүрегімізден шыққан, өйткені олар туған сәтінен бастап
біздің көз алдымызда», – деген еді Елбасы.
Елбасының төл перзенті Астананы астаналықтар
ғана емес, бүкіл қазақстандықтар да сүйеді. Мақтан
тұтады. Мақтан тұтар Елордамыз елдің мерейіне айнала
берсін.
Талғат ДАНИЯРОВ,
Шығыс Қазақстан облыстық
сотының судьясы
А
стана күні әрбір астана-
лық тың жүрегіне қуаныш
ұялатып, ер теңге де-
ген сенімін шыңдай түсуде.
Жас Елорданың көз сүріндірер
келіс ті келбеті күн санап жаса-
рып, көркейіп, гүлденіп келе ді.
Ол жаңаша қарқын алған құры-
лы сымен ғана емес, соңғы техно-
ло гиялар негізінде салынып
жат қан гүлзарларымен сырттан
келу шілердің назарына ілініп,
шетелдіктер ді таңқалдыруда. Сайын
Сарыар қаның төсінде тотыдайын
таран ған әз Астанамыз жылдар өте
Б
үгінде күллі қазақстандықтардың
мақтаны шына айналған Елордамыз
туралы қызықты деректер де аз емес
екен. Айталық, 1998 жылы ЮНЕСКО шешімі-
мен Астана қаласы «Бейбітшілік қаласы»
деген атауға сай деп танылған. Бразилияда
өткен дүниежүзілік байқауда әлем бойын-
ша 12 жас қаланың ішінен Астана жоғары
атақты иеленген. Астанамыз әлемдегі суық
астаналардың қатарында. Әлемдегі екі елдің
бас қаласы Солтүстік Мұзды мұхит бас-
сейнінде орналасқан. Мәселен, Моңғолия
астанасыҰлан-Батор қаласы Енисей, ал Астана
Есіл өзені жағасында бой көтерген.
Түрлi халықаралық форумдар, көрмелер,
конференциялар, музыкалық шаралар және
фестивальдардың ордасына айналған шаһары-
мыз дағы заманауи сәулетті құрылыс жобалары
оны күннен-күнге көркейте түсуде. Жалпы
биіктігі 105 метр, салмағы 1000 тоннадан асатын
«Астана-Бәйтерек» кешені, Қазақ жерінің сұлу
табиғаты бейнеленген ашық аспан астындағы
«Атамекен – Қазақстан картасы» этно-мемо-
риалды кешені, «Қазақ елі» мәрмәр монументі,
биіктігі 150 метрлік «Хан-шатыр» сауда және
ойын-сауық орталығы, ТМД-дағы алғашқы
мұхит а ралы бар үлкен кешен – «Думан» ойын-
сауық орталығы, Жоңғар шапқыншылығы
мен Ұлы Отан Соғысы кезінде ерлікпен қаза
тапқан жандардың құрметіне салынған «Отан
Ана» кешені және қоладан тұрғызылған деко-
ративтік мүсіндер... Аталған теңдессіз сәулеттік
ғимараттардың барлығы қаланың сәнін кіргізіп,
көпшілік қауымның сүйікті демалыс орындары-
на айналған.
Сарыарқаның төсіндегі жаңа Астанамыздың
келешегі кемел екеніне сенім мол. Оның
ертеңгі еңсесін биіктетер бақытты да алаңсыз
балдәурен шақтары бар бүгінгі жас жеткіншек-
теріміз неткен бақытты еді!
Асем УВАЛИЕВА,
Семей қалалық сотының судьясы
Нұрлан ҚАЖҒАНОВ,
Батыс Қазақстан облысы бойынша
Соттар әкімшісі басшысының
орынбасары
Астана тарихына көз жүгіртсек,
оның төркіні тым әріде. Сонау Ұлы
даланың «Алтын ғасырына», қыпшақ
дүниесіне жетелейді. Есілдің сол
жағалауында Қыпшақ сұлтанның
қ о с ы н ы б о л ғ а н д ы ғ ы ж а й ы н д а
мәліметтер бар. Археологтар даладағы
көшпенділер қорғандары, соның ішін-
де сонау оныншы ғасырлар бедерінде
өмір сүрген Боз – оқ қалашығы туралы
мәліметтерді келтіреді. Баршаға анық
мәлімі Ресейдің отарлаушылық саяса-
ты кезінде бой түзеген Ақмола уъездік
қалашығы туралы деректер. Ресей им-
периясы отарындағы алыс мекендерін
бақылайтын осындай әскери қамалдар
салғаны тарихтан белгілі.
Бір кездері осы тұстағы Қараөткел
арқылы Есілдің суы сарқырап ағып
жататын деседі. Ежелгі Сарыарқаның
төсіне қоныстанған қазақтар жылдың
қай мезгілі болса да Қараөткелдің
тайыздау жерімен өтіп, жаз жайлауға,
ал қысқа қыстауға көшіп-қонып
жүреді екен. Өзеннің осы тұстағы
арнасын көмкерген қара түсті құмнан
Қараөткел пайда болған. Ал одан Нұра
өзеніне қарайғы он сегіз шақырым
жер, өңірдің даңқты биі болған Нияз
би мазарының (зиратының) ұғымымен
«Ақмола» деп атанып кеткен. Зама-
нында даналығы мен әділдігімен бүкіл
сахараға әйгіленген Нияз би кейінірек
Абылай ханның беделді кеңесшілерінің
бірі болған деседі. Сөйтіп, күмбезі киіз
үйдің шаңырағына ұқсайтын, ақ кір-
піштен тұрғызылған би кесенесі осы
өңірдің атауына айналды.
Астана жай қала емес. Бұл еліміздің
бүкіл тарихын, бүкіл болмыс-бітімін
бойына сіңірген аспанмен астасып
жатқан ертегілер елі. Астана барда
Қазақ елі бар. Астана – қазақтың жүрегі.
Елдің құт-береке дарыған Ақордасы.
Елдігіміздің, бірлігіміздің ұйытқысы.
Көк туы асқақтай желбіреген қазақ-
тың Ақордасы – Қазақстан Респуб-
ли касы Президентінің резиденциясы
рухты көтереді. Бәйтерек – Астананың
басты символына айналды. Тәуелсіздік
сарайы – мемелекеттік ресми іс-ша-
раларды, форумдарды, мәжілістерді,
кездесулерді, съездерді өткізу орны
болса, айрықша шешіммен салынған
Бейбітшілік пен келісім сарайы –
достық пен ынтымақтастықтың жиын-
дарына арналған ғимарат. Хан-Шатыр
– Астананың ең үлкен ойын-сауық
орталығы. Бүгінде жаңа Астана өзінің
ғажайып сәулетімен бүкіл әлемнің на-
зарын өзіне аударып отыр. Астанадағы
ерекше нысандарының бірі – Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Сотының
ғимараты.
Астана қазір саяси, экономикалық
және әлеуметтік-мәдени мәселелер
бойынша түрлі кездесулер, халықаралық
жиындар өтетін Еуразия кеңістігінің
орталығы болып саналады. Бұл
тұрғыдан алғанда, еліміздің бас қаласы
кез келген әлем шаһарларымен бой
теңестіреді. Дәстүрлі діндер съездерінің
Астанада өткізіліп, көзқарастары мен
ұстанымдары бір-біріне қабыса бермей-
тін ағым иелерін бір шаңырақтың астын-
да, бір үстелдің басында мәмілеге кел-
тіру дегенің – ғаламат дипломатия! Ол
– Астанадай арайлы орталықтарда ғана
мүмкін болатын жағдай. Халықаралық
«ЭКСПО – 2017» көрмесінің Астана-
да өтетін болып белгіленуі Ұлы дала
жауһарына айналған Елордамыздың зор
жеңісі!Еуроазиялық идея рухында са-
лынып, жаңа ғасырға қарыштай қадам
басқан Астананы ортазиялық теңдесі
жоқ құбылыс деп бекер айтпайды.
Астананың туған күнін атап өту
– Қазақстан халықтарының жылма-
жылғы дәстүріне айналды. Тәуелсіз
Қазақстанның барша ізгілікті бастама-
лары, ішкі және сыртқы саясаты Елорда
жүрегінен жаралып, жаһанға тарала-
ды. Бүгінде Ата Заңы әлемге шұғыла
шашқан әлемдік қауымдастықтан
лайықты орнын тапқан Қазақстан ір-
гелі мемлекет. Ұзақ мерзімдік даму
бағдарламалары жасалып, «Мәңгілік ел»
идеясымен нұрланған, таяу болашақта
әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің
сапына қосылуды мұрат тұтқан ел.
Заманына жарасымды, әлеуеті асқан
Ата Заңымыз аясында жаңғыртылып,
құқықтық реформалардың қазығына
айналған заңдарымыз аясында қызмет
етіп, қоғамның сеніміне бөленген елдің
сот жүйесі бүгінде даму көшінің жол-
басшысына айналып отыр.
6 шілде — Астана күні
Осыдан бірнеше жыл бұрын белгілі қоғам
және мемлекет қайраткері Мырзатай
Жолдас бековтің бір басылымға берген
сұхбатын оқып едім. Сол сұхбатта Мырзатай
ағамыз бүгінгі Астананың қалай таңдалғанын,
қандай қиын дықтар болғанын, Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаевтың қандай қадамдарға
барғанын ағынан жарыла әңгімелепті.
Әрбір қазқстандық үшін
Астана мемлекетіміздің
дамуы мен көркеюінің
символы болып табылады.
Біз Астананың қалыпта
суының куәгері болып, осы
ауқымы зор жобаны жүзеге
асыру мүмкіндігін көзбен
көру бақытына ие болып
келеміз. Өз қаласына
ерек ше сүйіспеншілікпен
қарайтын адамдар – Елор
даның басты байлығы, олар
күнбекүн өз жұмыстарын
атқара отырып, Астананың
қалыпта суына орасан зор
үлес қосуда.
Есіл
жағасындағы
еңселі қала
Астана – Тәуелсіз
Қазақстанның
символына
айналған.
Небәрі екі
онжылдыққа
жетержетпес
мерзім
аралығында
әлемге танылған
бас қала
Елбасымыздың
батыл
қадамымен, бар
ерікжігерімен
кіріскен
қажырлы
еңбегімен бой
көтергенін
мойындауымыз
керек.
келе алып Азия мен Еуропаның
шоқтығы биік қалаларының бірі-
не айналатынына, алдағы ғасыр
үлесінен орын алып, батыл үміт пен
нық сенімнің тұлғалы тірегі болары-
на сенімдіміз. 2017 жылы Астана-
мызда ЭКСПО өтетіні белгілі. Ол да
бір жағынан біздің Елордамыздың
келбетін әлемге танытады.
«XXI ғасырдың табалды ры-
ғында біз өз таңдауымыз – көне
Са рыарқаның киелі аспаны ас-
тын да қоныс тепкен жаңа Астана-
мыз туралы мәлімдейміз. Бұл таң-
дау астарында еліміздің қазіргі
басшылығының айқындамасы ғана
тұрған жоқ. Бұл таңдауда Тәукенің
кө регендігі мен Абылайдың ұлы-
лы ғы, есімдері аңызға айнал ған
би лердің даналығы мен 1986
жыл дың желтоқсанында ұлттық
қадір-қасиет дегеннің не екенін
күл лі әлемге паш еткен сол бір
жас жүректердің қаһармандығы
тоғысып жатыр. Бұл таңдауда өз
тағдырының қожасы болу құ қығы
үшін өмірін қиған миллион даған
қандастарымыздың ерік-жі гері бар.
Осы таңдауға дәйім лайық болайық.
Астананың қа зір гі күн санап биіктей
түскен еңсесінен тәуелсіздігіміздің
тегеурінін, еліміздің елдік қасиетін,
жасампаздықтың жаңғырығын
айқын байқағандайсың. Ерке Есіл-
дің жағасында жаңаша сәулет-
тік нақышпен бой түзеп жатқан
әсем қаланың сұлу бейнесі алыс-
тан көз тартып, көңіл баурайды.
Сондықтан, оның ертеңіне де бар -
лық қазақстандықтар үлкен үміт пен
қарап, бүкіл әлем қызыға көз тігу-
де», деген еді Елбасы бір сөзінде.
Міне, бүгінгі Елордамыз
Ел ба сының түпкі мақсатының
орындалғанын айғақтайды. Ен-
деше, тәуелсіз Қазақстанның бас
қаласы Астананың әлеуметтік-
экономикалық жақтан өсіп-өркен-
деуіне қосқан қомақты үлесі, ерен
еңбегі, азаматтық қоғам құруға бел-
сене қатысқаны, бейбітшілік пен
келісімді сақтауға атсалысқаны
үшін барша отандастарымызға
шынайы алғысымызды білдіреміз.
Д.ДОСЫБАЙЛЫ,
Жамбыл облысы
Жуалы аудандық сотының
бас маманы
ТАҢДАУДЫҢ ОРТАЛЫҚҚА ТҮСУІ
ТЕГІН ЕМЕС