СөЖ (реферат) Пәні: Қазақ халық ауыз әдебиеті Тақырыбы: «Отбасы ғұрып фольклорының зерттелу мәселесі»



Pdf көрінісі
бет9/12
Дата14.01.2023
өлшемі0,67 Mb.
#61299
түріРеферат
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Абдулла Айтумар, 201-топ 2

[16, 96],
- деуіне қарағанда, бұл екеуін екі жанрлық түр ретінде 
қарастырған болу керек. 
Сәкен «бесік жырын» үйлену салт жырларынан кейін қарастырады. 
Мұнысы үйленгеннен кейін бала сүю – нәсіп деген қарапайым логикадан туса 
керек. Бесік жырында қазақ дәстүрлі қоғамының бала тәрбиелеудегі идеалы 
көрінетіндігін талдай келіп, оның бір үлгісін келтіреді. Кітапта бір шығарма 
ретінде берілген бұл үлгіні барлай қарасақ, әлденеше нұсқадан құралғанын 
байқау қиын емес. 
«Қоштасу мен өсиет» өлеңдері бұрынғы еңбектерде көп айтылмайтын, 
тек М.Әуезов, Х.Досмұхамедов еңбектерінде аталғанмен, Сәкен еңбегінде жеке 
топталып, толығырақ талданады. Қоштасудың ауқымы кең қамтылып, елмен, 
жермен, туған-туысымен қоштасудың бірнеше үлгісі беріледі. Өсиет өлеңдер, 
негізінен, ақындар, билер мен батырлардың артына қалдыратын өнеге сөзі 
екендігін аңдатып, бірнеше өлеңді мысал етеді. Бұлардың кейбіреуі бұрын-
соңды жарияланбаған тың шығармалар. 
«Естіртуді, жұбатып көңіл айтуды кейде домбыраның күйімен де айтқан. 
Өлікке дауыс қылуды, зарлаған үнді шаң қобызбен де айтқан» 
[16,139],
- дей 
отырып, Жошы ханның ұлын естірту жөніндегі аңызды келтіреді және оны бала 
кезінде ет құлағымен естігендігін ескертіп, мәтінін де қағазға түсірген. 
Сонымен қоса көңіл айтудың да тамаша үлгісі бар. 


13 
С.Сейфуллин еңбегінде жоқтауға көлемді орын берілген. «Жоқтау 
жырлары қазақ ескілігіндегі ұзақ дәуірлерде көп шыққан. Рудың үстем табының 
әрбір белгілі адамы өлгенде, жоқтау айтқанда, өлген адамның, рудың үстем 
табына бағалы болған өнерлері айтылады. Батырлығы, ерлігі, шабысқан, 
жауласқан дұшпанға қарсы көрсеткен қайраты айтылады...» 
[16,142],
- дей 
отырып, ғалым өз байламдарын әр кез «таптық тұрғыға» тіреп отырады, 
материал іріктеуде де құлашын кең жая алмайды. Мәселен, кітаптағы жоқтау 
үлгілері түгелге жуық В.В.Радловтан алынған. Әйтпегенде, кешегі 50 жылдық 
тойында өзі дәріптеп мақала жазып жүрген Ахаң мен Әлихан шығарған 23 
жоқтауды немесе Шоқан жазып қалдырған Абылай мен Бөгенбайды жоқтаған 
жырларды Сәкен тамаша білген, бірақ оларға сілтеме жасай алмаған. Саяси 
сергелдеңнің сеңіне соғылған ғалым оларды еріксіз іріккен, «іріктеген». Таптық 
көзқарасты қалқан қыла жүріп Сәкен халық мұрасын ұмыттырмауға, ел 
жадынан айырмауға еңбек еткен және оны зерттеуді дамыта жалғастырады. Бұл 
еңбек кеңестік кезеңнің тар қыспақ уақытында өз міндетін абыроймен атқарған, 
қазақ фольклортану ғылымының бұралаң даму жолын көрсететін елеулі жаңа 
сапалы еңбек. 
Отбасылық ғұрып фольклоры бұдан кейінгі кезеңде жарық көрген іргелі 
еңбектердің қай-қайсысында болмасын жеке сала ретінде қарастырылып келді. 
1948 жылы басылып шыққан Қазақ әдебиеті тарихының тиісті тарауын жазған 
Б. Кенжебаев 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет