СөЖ (реферат) Пәні: Қазақ халық ауыз әдебиеті Тақырыбы: «Отбасы ғұрып фольклорының зерттелу мәселесі»



Pdf көрінісі
бет2/12
Дата14.01.2023
өлшемі0,67 Mb.
#61299
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Абдулла Айтумар, 201-топ 2


Зерттеу нысанасы.
Жұмыста қазақтың отбасылық ғұрып фольклорының зерттеу мәселесін 
тереңірек
 
қарастыру нысанға алынды. Отбасылық ғұрып фольклорының 
түрлері, зерттелу және жиналу мәселелерін талқылау мақсат етілді. 
 
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті.
Жұмыстың негізгі мақсаты –
Отбасылық ғұрып фольклорының зерттелу 
ерекшеліктерін, түрлерін және олардың бір-бірінен айырмашылығын таныту 
және талдау жасау. 
Зерттеу жұмысының осы мақсатынан туындайтын мынадай
 негізгі міндеттер 
жүйелі түрде қарастырылды: 
- Отбасылық ғұрып фольклорына жалпы сипаттама; 
- Аталмыш жанрдың зерттелу мәселесі; 
- Отбасылық ғұрып фольклорының түрлері және олардың ерекшеліктері; 
- Қорытынды анализ. 
Зерттеудің дереккөздері.
Жұмыста негізінен Кенжехан Ісләмжанұлы. «Қазақтың отбасы фольклоры» 
еңбегі, отбасылық ғұрып фольклорына қатысты теориялық кітаптар басты 
назарда болды. 
 
Зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздері. 
Жұмыста шетел және қазақ фольклортанушы, әдебиеттанушылардың 
монографиялық, диссертация авторефераттары, республикалық басылымдарда 
жарияланған ғылыми - әдістемелік еңбектері молынан пайдаланылды, бағыт- 
бағдар ретінде басшылыққа алынды. 
Зерттеу әдісі. 
Салыстырмалы талдау, жүйелілік, жинақтау, тұжырым жасау әдістері 
пайдаланылды. 
Жұмыстың құрылымы. 
Еңбек кіріспеден, негізгі бір тарау және үш тараушадан, қорытынды, 
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. 



II. 
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 
Жалпы сипаты. Отбасылық ғұрып фольклоры үш үлкен салаға бөлінеді. 
Бірі - үйлену ғұрып фольклоры, бұның өзі салт-дәстүрге байланысты бірнеше 
кезеңнен тұрады. Айталық, құда түсу, тойбастар, жар-жар, сыңсу, аушадияр, 
беташар, некеқияр болып бөлінеді. Балалар фольклорын ересектер тарапынан 
жасалатын салт-дәстүрлердегі ерекшеліктерді (бесікке салу) ескеріп, осы топқа 
қостық. Ал отбасылық ғұрып фольклорының тағы бір саласы - жерлеу салтына 
қатысты ырымдар, салттар, рәсімдер, өлең-жырлар. Бұл салада ескі дәстүрлі 
шамандық ұғымдармен бірге ислам дінінің әсері ғұрыптардың өткізілу 
барысына да өзіндік таңбасын қалдырған. Сөйтіп, өткен ғасырлардағы 
ғұрыптарды өткізу мақсатында айтылатын өлең-жырлар соны сипат қабылдаған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет