СөЖ (реферат) Пәні: Қазақ халық ауыз әдебиеті Тақырыбы: «Отбасы ғұрып фольклорының зерттелу мәселесі»



Pdf көрінісі
бет6/12
Дата14.01.2023
өлшемі0,67 Mb.
#61299
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Абдулла Айтумар, 201-топ 2

[9,137-139],
-деп 
жазса, жоқтау жөнінде былай дейді: «Жесір өлікті жоқтай отырып, оған мадақ 
айтады, оның махаббатқа беріктігін, жаны жайсаң, ақылгөй,нын жырға 
қосады…» 
[9,137-139].
Қазақ тұрмыс-салтына қатысты мағлұматтар берілген ХҮІІІ ғасырдағы 
еңбектің бірі - П.С.Паласстың «Путешествия по разным провинциям 
Российского государства» 
[10]
деп аталатын кітабы. Ол 1768-1774 жылдары 
Ресей академиясының Еділ, Каспий, Орал, Сібір өлкесін аралаған ғылыми 
экспедициясын басқарып, сол маңайдағы халықтар жөнінде мол мағлұматтар 
жинаған. Онда қазақтың әдет-ғұрып рәсімдері жөнінде де деректер бар. 



ХҮІІІ ғасырдың аяғында қазақ даласын аралап, бағалы мағлұматтарға 
толы еңбек қалдырған адамның бірі - капитан И.Г.Андреев. Оның «Описание 
средней орды киргиз-кайсаков» аталатын кітабы ХҮІІІ ғасырдың аяғында өте аз 
таралыммен жарық көрді 
[11].
Сібір мен Қазақстан шекарасында елу жылдан 
артық қызмет еткен И.Г.Андреев өмірінің соңына дейін Семей қаласында 
тұрып, қазақтар туралы аса мол деректер жинаған. Оның еңбектері көпке дейін 
беймәлім болып келіп, 1998 жылы ғана толығырақ жарық көрді. Онда баланың 
дүниеге келуі, үйлену тойы, өлікті жөнелтуге байланысты қазақ ғұрыптары 
жөнінде біршама толымды мәліметтер береді. 
ХІХ ғасырдан бастап Қазақстан Ресей елімен бұрынғыдан да тығыз 
қарым-қатынасқа түсе бастағаны белгілі. Қазақ өлкесі ғылыми тұрғыдан 
зерттеліп, көлемді еңбектер дүниеге келе бастады. Солардың ішінде қазақ елі 
жөнінде үш бөлімнен тұратын А.И.Левшиннің «Описание киргиз-казачьих или 
киргиз-кайсацких орд и степей» атты көлемді еңбегі баршаға танымал 
[12]
Қазақ халқының ежелгі тарихынан бастап, тыныс-тіршілігі, әдет-ғұрып, салт-
санасы жөнінде аса мол мағлұмат жинақталған бұл еңбектің үшінші бөлімі 
түгелдей «этнографиялық мағлұматтарға» («этнографические известия») 
арналған. Онда баланың тууына, үйлену салттарына, өлім жөнелтуге 
байланысты ғұрыптық рәсімдерге арнайы тоқталады және екі өлеңнің орысша 
аудармасын келтіреді. Бұл – қазақ өлеңдерінің орыс тіліндегі алғашқы 
басылымдарының бірі. Екі өлең де мазмұны жағынан махаббат лирикасына 
жатады. 
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап Ресей империясы қазақ 
даласына сұғына еніп, оны өз боданына бағындырып, діні мен ділін терең 
бақылап, дендеп зерттей бастағаны белгілі. Осыған байланысты қазақ даласына 
сапарға шыққан орыс зиялылары өз назарына іліккендерін ұқыпты хатқа түсірді 
және оларын Ресей басылымдарында үзбей жариялап отырды. Сонымен қоса, 
Қазақ даласын құрсаулай қоршаған бекіністердегі шекаралық комиссияларда да 
ұлан-асыр материалдар жинақталды. Бұл іске сол кездегі Сібір және қазақ 
өлкелерін басқаруға келген генерал-губернаторлардан бастап, миссионерлер, 
әскери қызметкерлер, фельдшер-дәрігерлер, тілмаштарға дейін шама-
шарықтарынша ат салысты. Олардың еңбектерін жариялайтын басылымдар 
саны да молайды. Сонымен қатар, бұл кезеңдегі жинақталып, жарияланған 
еңбектерде бұрынғыдай қазақ халқының тарихы мен тұрмыс-салтына арналған 
жалпы мағлұматтар емес, отбасының тыныс-тіршілігін тереңірек көрсететін 
арнаулы мақалалар жарияланды. Сол кезеңде жарық көрген М.Киттары, 
Ф.Лазаревский , К.Дужан, И.Ибрагимов, - деп қысқартылған атпен жазатын 
автордың бірді-екілі еңбектерін тізбелесек, ұзын-сонар тізім құрайды. Олардың 
толық көлемін А.Е.Алекторовтың, В.М.Сидельни-ковтың библиографиялық 



көрсеткіштерінен бағамдауға болады. Бұл мақалаларда тек этнографиялық 
материалдар жалаң сипатталып қоймайды, ғұрыптық фольклордың орындалу 
мәнері, мазмұны, ішінара мысалдар келтіріле отырып баяндалады. Әсіресе, 
қазақ халқының төл перзенті Ы.Алтынсарин еңбегінің мәні өте жоғары. Өз 
халқының тұрмыс-салтын жетік білетін, оның мән-мазмұнын, қадір-қасиетін 
терең танитын ғалым «Орынбор қазақтарының құда түсу және той өткізу 
салтының очеркі» және «Орынбор қазақтарының өлікті жерлеу және ас беру 
салтының очеркі» деп аталатын әйгілі екі мақаласында отбасы ғұрыптарының 
ұсақ-түйек детальдарына дейін тәптіштеп жазып, аса құнды жазба мағлұмат 
қалдырған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет