СөЖ (реферат) Пәні: Қазақ халық ауыз әдебиеті Тақырыбы: «Отбасы ғұрып фольклорының зерттелу мәселесі»



Pdf көрінісі
бет5/12
Дата14.01.2023
өлшемі0,67 Mb.
#61299
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Абдулла Айтумар, 201-топ 2

[8, 13].
1771 жылы Жоңғарияға ауа көшкен Еділ 
қалмақтарын қуа шыққан Орыс әскерінің құрамында болған капитан 
Н.П.Рычков Ор бекінісінен Ұлытауға дейінгі аралықта өзінің көрген білгенін 
хатқа түсірген. Қалмақтарға жете алмай, арып-ашып әрең қайтқан орыс әскері 
қазақ ауылдарында амалсыз аялдаған және олардың тосын тірлігін таңсық көріп 
хатқа түсіріп отырған. Тілді жетік білмегендіктен болар Н.П.Рычков 
жазбаларында фольклорлық мәтіндер кездеспейді. Бірақ қыз ұзату, өлік 
жөнелту салттарына байланысты рәсімдер баяндалады. «Қазақтардың 
үйлендіру, қыз ұзату тойларындағы ғұрып-салттар олардың ерекшеліктерін 
көрсетеді» 
[8, 62],
- дей келіп, өзі көрген жайлардан біршама мағлұмат береді. 
«Некелесетін күні таңертең қалыңдықты төрт қыз қалы кілемге отырғызып 
көтеріп, барлық құрбыларымен қоштастырады. Бұл қоштасу - оны қыз 
санатынан шығарудың белгісі», - деген сияқты алғаш хатқа түскен қыз ұзату 
рәсімінің бүгінде маңызы зор. Сол сияқты, қазақ зираттарын сипаттаған тұстан: 
«Біз олардың өлген адаммен бірге оның қару-жарағын да көметінін көрдік, 
қабірлердің үстіне тас, не топырақ үйеді, кейде ағаштан не тастан мазар 
тұрғызады. Өлген адамды кілемге салып алып келеді. Осы жерде марқұмның 
туған-туысқандары мен жақындары айнала-қоршап, өздерінің қайғы-қасіретін 
білдіреді» 
[8, 62],
- деген сияқты жолдардан осы кезде тым көне деп жүрген 
көне түркілік жерлеу рәсімдерінің ХҮІІІ ғасырға дейін сақталғанын көреміз. 
Қазақ фольклоры мен этнографиясына қатысты құнды деректер И. 
Георгидің «Описание всех в российском государстве обитающих народов» 
[9]
деп аталатын еңбегінде де бар. Ол қазақтың үйлену тойы жөнінде «Тойды... 
қалыңдыққа жаңа отау тігіп өткізеді. Қалыңдықты ауылға кілемге салып 
көтеріп әкеледі, оның артынан құрбы қыздары қоштасу айтып, жырлап, еріп 
жүреді... Той салтанаты әлденеше күнге созылып, би биленіп, жыр жырланып, 
айтыс, бәйге, күрес, жамбы ату сияқты ойын-сауық болады...» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет