СөЖ (реферат) Пәні: Қазақ халық ауыз әдебиеті Тақырыбы: «Отбасы ғұрып фольклорының зерттелу мәселесі»



Pdf көрінісі
бет1/12
Дата14.01.2023
өлшемі0,67 Mb.
#61299
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Абдулла Айтумар, 201-топ 2



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
Филология факультеті 
 
 
 
 
 
СӨЖ 
(РЕФЕРАТ)
 
 
Пәні: 
 
Қазақ халық ауыз әдебиеті
Тақырыбы: «Отбасы ғұрып фольклорының зерттелу мәселесі» 
Орындаған: Абдулла Айтұмар 
Тексерген: Дарибаев С. Д.
Алматы, 2021 жыл 



МАЗМҰНЫ
 
I. КІРІСПЕ ............................................................................................................ 3 
II. 
НЕГІЗГІ БӨЛІМ ........................................................................................... 5 
1.1. Отбасылық ғұрып фольклорының зерттелу тарихы .......................... 5 
1.2. Отбасылық ғұрып фольклорының алғашқы үлгілері ........................ 9 
1.3. Қазақ фольклортану ғылымындағы зерттеулер ................................ 11 
III. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ ............................................................................. 15 
IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ...................................................... 15 
 
 



I. 
КІРІСПЕ 
Тақырыптың өзектілігі. Фольклор – әлемдегі барша халықтардың 
ұлттық мәдениетінің қайнар бұлағы, тарихи жадының, дәстүрлi 
дүниетанымының алтын қоры, рухани жан дүниесiнiң айнасы. Елдің ежелгi 
дүние танымын саралауда, өмiр салты мен рухани әлемiн бағамдауда одан 
өткен кенен қазына, құнды да, құнарлы дерек көзi жоқ. Сондықтан да ол - қай 
халықтың болмасын этникалық тек тамырын танып, ұлттық келбетiн айқындап, 
келешекке бағдар түзуде ұстанатын темір қазығы болып табылады. 
Фольклор - өткеннiң елесi ғана емес, ел тұрмысында бүгiн де өмiр сүрiп, 
ұлттық көркемөнердің қанына нәр бере тарап жатқан шығармашылық қайнары, 
халықтанудың оқулығына айналып отырған мәңгiлiк көне, әрі жас мұра. 
Қай кезеңде, қай заманда болмасын қазақ ұлтының да жанына сүйеу, 
рухына медеу болып келген алтын өзегі, таусылмас мәйегі – оның телегей-теңіз 
мол мұрасы - фольклор. Ол - бүгінгі тым жеделдеп кеткен жаһандану үрдісінде 
де ұлттың өз болмысын сақтап қалуға пана болатын алып бәйтерек. 
Сол алып бәйтеректің бір бұтағы - отбасылық ғұрып фольклоры. 
Отбасылық тірлік - адамзаттың саналы ғұмырындағы қол жеткiзген ірі 
мәдени жетiстiгiнiң бiрi болса керек. Оның пайда болуы адамзатты қауымдасып 
өмір сүрудің жаңа сатысына көтерiп, бүгінде «қоғам» деп атап жүрген 
адамзаттық өмiр салтының жаңа биiгiне қадам бастырды. Былайша айтқанда, 
отбасылық өмір адамзат дамуының ұйытқысына, қоғамдық дамудың мәңгiлiк 
мәйегiне айналды. 
Қазақы отбасының бағзы замандардан бергi даму тарихы тұтастай 
алғанда, жалпы адамзат қоғамының даму сатыларымен ортақтаса, сабақтаса 
байланысып жатқанмен, қазақ деген халықтың қалыптасып, өркендеуiндегi 
түрлi тарихи жағдайларға сәйкес өзiнше ерек болмыс танытады. Сондықтан да 
қазақ отбасы жөнiнде жинақталған этнографиялық, фольклорлық материалдар 
мен зерттеулер қомақты көлем құрайды. Сол мол мұраның алтын арқауы -
фольклорлық шығармалар - халық зердесiн заман ағымы, ғылымның жаңа 
талаптары тұрғысынан қайыра саралауға апаратын баспалдақ және осы 
зерттеудiң табан тiрер тұғыры да болмақ. 
Бұл арнадағы шығармаларды фольклордың басқа жанрларынан 
ерекшелейтiн ең басты сипат – оның отбасылық тіршілікпен тiкелей 
байланысты болып келуiнде, яғни адамның дүниеге келуiнен бастап, ер жетiп, 
қоғамның белдi мүшесiне айналу, ақыр-соңы өмiрмен қоштасар сәттегi соңғы 
сапарына дейiнгi аралықты әдет-ғұрыппен әдіптеп, өлеңмен өрнектеп, әнмен 
әрлеп, өмір мен өнердi астастырып тiрлiк сәнiне айналдыруында. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет