11
болғанда арнайы жоқтайтындығын ескерткен. Жалпы, бұл мақалада қазақ
отбасылық ғұрып фольклорының басты-басты жанрларына шолу жасалған
және ол – орыс тілінде жарық көрген алғашқы толымды зерттеулердің бірі.
Қазақ мәдениетінің зерттелу тарихы сөз болғанда Ш.Уәлиханов есімін
аттап өте алмайтынымыз анық. Оның қазақ әдебиеті туралы белгілі еңбектерін
былай қойғанда, отбасы ғұрпына қатысты ұрымтал ойлары аз емес. Мәселен,
«Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» атты мақаласының өзі отбасы
ғұрыптарының арғы тегін ашады, оған қатысты фольклорлық шығармалардың
орындалу мәнерін баяндайтын тұстар да жеткілікті. Шоқанның қолымен хатқа
түскен Бұхар жыраудың Абылайға шығарған жоқтауы, қазақ жоқтауларының
озық үлгісі ғана емес, барша көркем табиғатымен жоқтау жанрының әлеуметтік
мәртебесін танытатын озық шығарма. Сонымен қоса, Шоқан өзінің «Қазақ
халық поэзиясының түрлері» атты мақаласында «жылауды» халық
поэзиясының жеке бір түрі ретінде бөліп көрсететіні бар, «Оны (жылауды.К.І.)
әдетте әйелдер шығарады және көбінекей суырып салып айтады. Өлең өлшемі
жыр тектес болып келеді. Әйгілі жылаулардың ішіндегі Орта жүзге белгілі
және һте шерлісінің бірі – Айғанымның үлкен ұлы Мәмекені жоқтауы...
Достарыңызбен бөлісу: