Демек, жүйе – белгілі бір қатаң тәртіппен, логикалық тұрғыда өзара байланысты болып келетін элементтердің құрылымы. Құрылым – [структура] (латынша structura – строение) – бұл жүйедегі элементтердің орналасу тәртібі. Жүйенің құрылымын қабылданған өлшем бойынша элементтер (компоненттер) құрайды және олар бір бірімен өзара байланыста болады. Жүйенің компоненттерін педагогтар, тәрбиеленушілер, тәрбие жағдайы құрайды. Бұған Қытай халқының: «Құдықтағы суды мақтағанда, оны тұрғызғандарды ұмытпа» деген мәтелі тірек болады [1,С.245]. (Кукушин В.С.)

Тәрбие жүйесі күрделі әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық білімдердің жиынтығы. Ол өзінде барлық педагогикалық процесті бірлікте қарастырады. Атап айтсақ, оқу және оқудан тыс жұмыстар, мектептің әртүрлі бағыттағы іс-әрекеттері, үлкендер мен балалар, балалар мен педагогтардың еркін өзара қарым-қатынасы және т.б. Тәрбие жүйесі әртүрлі типтегі оқу және мәдениет, спорт, қосымша білім беру мекемелерінде, балалар мен жастардың қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктерінде, олардың демалысы мен денсаулығын жақсартуды ұйымдастыру процесінде және т.б. құрылуы мүмкін.
Олар, бұл жүйеде тек педагогтар мен тәлімгерлерді ғана емес, сонымен бірге мектеп пен әлеуметтік ортаның өзара әрекеттесуін қамти отыра ата-аналарды, қоғамдық ұйымдардың өкілдерін де қатыстыруы мүмкін. Тәрбие жүйесі мүмкін бір сыныпты, болмаса барлық мектепті немесе ықшам ауданды да қамтуы мүмкін.

Тәрбие жүйесі белгілі бір тұжырымдама (концепция) негізінде құрылады: мақсаттар, міндеттер, принциптер, жетекші идеялар, педагогикалық теориялар, жағымды тәжірибелер. Тұжырымдама болашақ тәрбие жүйесінің «үлгісі» (модель) ретінде қызымет етеді, ол өз кезегінде педагогикалық ұжымның әрекетіне бағыт-бағдар береді.
Тұжырымдама – белгілі бір затқа қатысты көзқарастар жиынтығы, негізгі идея, бастапқы ой ретінде түсіндіріледі.
Демек, тәрбие жүйесінің құрылымы өзінде қарастырады: мақсат(бастапқы тұжырымдама немесе идеялар жиынтығы ретінде); іс-әрекет (идеяларды жүзеге асыруды қамтамасыз етуші ретінде); іс-әрекет субъектілері (іс-әрекетті ұйымдастырушы және оған қатысушы ретінде), қарым-қатынас (іс-әрекетте және оқу-тәрбие процесінде туындайды, субъектлерді іс-әрекет барысында қауымдастыққа біріктіреді),