1. Ең алдымен, бұл мақсатты процесс (тәрбиенің мақсаты баланың жүрегіне жақын әрі түсінікті болуы міндетті).
2. Тәрбие процесінің жан-жақтылығы. Өйткені оған жанұя, мектеп, қоғам, жекелеген тәрбиешілер, мектептен тыс мекемелер қатысады. Дегенменде, бұл процесте олардың бала тәрбиесіндегі әрекеттерінде үйлесімділік барлық жағдайда бірлікте бола бермейді.
3. Тәрбиелеушінің әрекеті, оның бала тәрбиесіндегі жетістігі тек оның тәрбие саласындағы біліміне ғана емес, сонымен бірге оның шеберлігіне де байланысты болады. Өйткені, тәрбие бұл - өнер.
4. Бұл процестің нәтижесі оқыту процесіне қарағанда әрқашанда сезіле бермейді, олар көзге онша көрінбей өтіп отырады.
5. Бұл процесс әр кезде тұрақты болдамйды, керісінше динамикалық, яғни өзгермелі, қозғалмалы жағдайда болады.
6. Бұл процес ұзақ мерзімді қамтиды. Өйткені тәрбие адамның туғаннан өлгенге дейінгі барлық өмірін қамтиды. Соған орай бала адам өміріндегі оның әлеуметтік тәжірибесін (білімі, мінез-құлқы, көзқарасы, сенімі, мұраты, ұстанымы және т.б,) бойына сіңіріп өтеді. Нәтижесінде оның жеке басы әлеуметтенеді.
Яғни, тәрбие процесі, ең алдымен, баланың әлеуметтік дамуына бағытталған. Бұл міндетті нәтижелі шешу үшін тәрбие процесін біртұтас жағдайда жүзеге асыру қажет. Іс жүзінде ол тәрбие жүйесін құру арқылы жүзеге асады.
Яғни, тәрбие процесі, ең алдымен, баланың әлеуметтік дамуына бағытталған. Бұл міндетті нәтижелі шешу үшін тәрбие процесін біртұтас жағдайда жүзеге асыру қажет. Іс жүзінде ол тәрбие жүйесін құру арқылы жүзеге асады.
7. Тәрбие процесінің үзіліссіздігі. Баланың отбасында алған жанұялық тәрбиесі келесі кезекте балабақшада, мектеп қабырғасында жүйелі, мақсатты түрде тәрбиешілермен өзара әрекеттесуі негізінде болса, одан кейінгі өмірі өзін-өзі тәрбиелеу барысында жүзеге асады. Оған ықпал ететін ішкі және сыртқы факторлар көтеп саналады. Сондықтан да бұл процесте міндетті түрде жүйеліктің болуы, керісінше кездейсоқтың болмауы шарт.