Сөж тақырыбы: «Тәрбиелік жүйенің құрылымдық қағидалары»



бет4/36
Дата02.11.2022
өлшемі160,12 Kb.
#46897
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
СӨж тақырыбы «Тәрбиелік жүйенің құрылымдық қағидалары» Орындаға-melimde.com

8. Тәрбиенің сатылығы. Бала тәрбиенің бастапқы кезеңінде отбасында, мектепте этикалық түсініктерін қалыптастырады, адамгершілік нормаларын меңгереді, нәтижесінде қоғамға, туған жеріне, Отанға, адамдарға, мұраттарына жағымды қарым-қатынасы пайда болып, сенімдері мен көзқарастары орнығады, соның барысында оның мінез-құлқы тәрбиеленеді. Олар тәрбие жұмысының мазмұнында айрықша мәнге ие болып, көрініс табады.

Дегенмен де, баланың ұлттық және жалпыадамзаттық мораль нормаларына қатысты білімдер жүйесін меңгеруі, оның әлеуметтік мәнге ие сапасының дамуы мектептегі өмірінің барлық кезеңдерін қамтиды. Бірақта, оның әрбір кезеңдерінде, баланың жас ерекшеліктеріне сай тәрбие жұмысының мазмұны өзгеріп, жетіліп, жаңарып отырады.


  • Дегенмен де, баланың ұлттық және жалпыадамзаттық мораль нормаларына қатысты білімдер жүйесін меңгеруі, оның әлеуметтік мәнге ие сапасының дамуы мектептегі өмірінің барлық кезеңдерін қамтиды. Бірақта, оның әрбір кезеңдерінде, баланың жас ерекшеліктеріне сай тәрбие жұмысының мазмұны өзгеріп, жетіліп, жаңарып отырады.

    9. Тәрбие процесінің екі жақты және белсенді болу сипаты. Тәрбие процесіне негізінен педагогтар мен оқушылар қатысады. Субъективтік көзқараста педагог оқушылардың тәрбие процесін басқарады, яғни тәрбие процесінің мененджері болса, балалар сол процестің субъектілері ретінде оның жұмысын ұйымдастыруға белсенді қатысушылар ретінде саналады.

    10. Тәрбие процесінің нәтижесінің анық болмауы. Оның мәнісі, тәрбиенің белгілі бір нақты жағдайда болғанымен де, оның нәтижесі әртүрлі болып келуі. Себебі оған әртүрлі субъективтік факторлардың ықпалы, оқушылардың жеке-дара ерекшеліктері, әлеуметтік тәжірибесі мен даярлық деңгейінің әртүрлі болуы, олардың тәрбиешілерге қарым-қатынасы және педагогтардың бұл процесті басқару біліктілігі әсер етуі себеп.

    11. Тәрбие процесінің біртұтастық (комплекстік) сипатының болуы. Олбұл процестің мақсаты, міндеттері, мазмұны ұйымдастыру формалары мен әдістерінің бірлікте, біртұтастықта болуын көздейді. Осының бәрі тәрбиенің біртұтастығы және түлғаны жан жақты дамыту идеясына бағынуын міндеттейді. Бұл ерекшелік тәрбие процесін ұжым болып жоспарлауда айрықша мәнге ие болады.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет