Қазіргі педагогика «технология» сөзі секілді «жүйе» сөзін де жиі-жиі қолданады. Бұл заңдылық қазіргі ғылымның негізгі принципі – жүйелік принципіне сай келеді.
Педагогикалық феномен ретінде тәрбие жүйесін зерттеу жұмыстары 1970 жылдардың басынан үзіліссіз жүргізілуде. Бүгінде тәрбие жүйесінің біртұтас тұжырымдамасы жасалды, солардың ішінде Л. И. Новикова, В. А. Караковский, A. M. Сидоркин, Н. Л. Селиванова және т.б. құрған жүйелерін атауға болады. Олардың зерттеулерінде тәрбие жүйесі біртұтас әлеуметтік-педагогикалық ағза және өзара әрекеттесу жағдайындағы тәрбиенің қалыптасқан негізгі компоненттері (субъектілер, мақсаты, мазмұны және іс-әрекет, қарым-қатынас тәсілдері), сондай-ақ ұжым болып өмір сүру, ондағы психологиялық ахуал ретінде қарастырылады (Л.И.Новикова).
Тәрбие жүйесі «педагогикалық жүйе», «дидактикалық жүйе», «тәрбие жұмысының жүйесі» секілді ұғымдардың ішінде маңызды орын алады. Өйткені бұл кең көлемді ұғым. Ол өзінде жоғарыда аталған үш жүйені өзінің компоненттері ретінде қарастырады.
Тәрбие жүйесі «педагогикалық жүйе», «дидактикалық жүйе», «тәрбие жұмысының жүйесі» секілді ұғымдардың ішінде маңызды орын алады. Өйткені бұл кең көлемді ұғым. Ол өзінде жоғарыда аталған үш жүйені өзінің компоненттері ретінде қарастырады.
Егер тәрбие жағымды жағдай тудыра отыра тұлғаның даму процессін басқаруды қарастырса, тәрбие жүйесі – педагогикалық әрекеттің компоненттерінің (мақсаты, тәрбие субъектілері, олардың іс-әрекеттері, қарым-қатынасы, ортасы, жүйені басқару т.б.) белгілі бір тәртіппен орныққан жиынтығы ретінде тәрбие процесінің мақсатын нәтижелі жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Компоненттердің өзара әрекеттесуі және кірігуі бала тұлғасының қалыпты дамуына мақсатты және нәтижелі түрде ықпал етеді. Соған орай мектеп педагогикалық әрекетте логикалық тұрғыдан өзара байланысты өмір сүретін және дамитын біртұтас әлеуметтік ағза ретінде танылады. Бұл жүйе педагогикалық әрекетте өзін-өзі басқаратын және өзін-өзі ұйымдастыратын процесс ретінде қарастырылады.