Байланысты: СӨж тақырыбы «Тәрбиелік жүйенің құрылымдық қағидалары» Орындаға-melimde.com
Тәрбие жүйесін бұлай құру ерекшелігі субъект ретінде барлық жағдай тек бала үшін жасалынады.
Тәрбие жүйесін бұлай құру ерекшелігі субъект ретінде барлық жағдай тек бала үшін жасалынады.
Тәрбие жүйесін құрудағы нәтижелік – бұл мақсатты айқын анықтаумен байланысты болады.
Мақсаттың нәтижелі болуы тек іс-әрекетке байланысты анықталады. Іс-әрекет тәрбие жүйесінің біртұтастығын қамтамасыз етеді. Ол екі блоктан – дидактикалық блок және тәрбие жұмысының блогынан тұрады. Бұлар жүйеқұрушы әрекет деп аталады (танымдық, еңбек, спорт, көркемөнер, шығармашылық және т.б. әрекеттер). Жүйеқұрушы әрекеттер оқушы тұлғасының дамуын қамтамасыз етеді.
Жүйенің іс-әрекетке апаратын маңызды элементерінің қатарына оны ұйымдастыратын формалар мен әдістер де жатады.
Форма (педагогика тұрғысында) – оқу-тәрбие процесінде өмір сүретін тәсіл, оның ішкі мәні, мазмұны мен логикасының сыртқы қабығы (оболочка); педагогикалық процесті барлық компоненттерінің бірлікте аяқталуы. Форма ең алдымен оқушылардың санымен (жеке, топтық, ұжымдық), уақытпен және оқу-тәрбие процесінің орнымен (өткізіліп отырған), оны жүзеге асыру тәртібімен байланысты қарастырылады.
Тәрбие жұмысын ұйымдастыру формасы – бұл соның шеңберінде жүзеге асатын тәрбие процесі; тәлімгерлердің ұжымдық және жеке-дара әрекетін мақсатты ұйымдастырған жүйесі; ұйымдастырылған нақты актілердің (бөлік), жағдаяттардың белгіленген тәртібі, белгілі бір педагогикалық міндеттерді шешуге бағытталған тәрбие процесіне қатынасушылардың өзара әрекеттесуінің тәртібі (процедурасы);

Тәрбие жұмысын ұйымдастыру формасы жіктеледі:
1) тәрбие жұмысының бағытына байланысты: адамгершілік, эстетика, дене және т.б тәрбие салаларын ұйымдастыру формалары;
2) тәрбие жұмысына қатынасушылардың санына байланысты: жеке-дара, топтық, ұжымдық формалар;
3) кез келген тәрбие жұмысының мазмұнына байланысты жалпы формалар (лекция, кездесу, кеш, мәден жорық, ертеңгіліктер, сайыстар, көрмелер, даталы күндер, мейрамдар және т.б.