Бүгінде тәрбие процесін іс жүзінде белгілі бір жүйе арқылы құру нәтижелі болады. Бұл мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі буыны болып табылады. Соған орай белгілі танымал ғалымдар В.А.Караковский, Л.И.Новикова, Н.Л.Селиванова әдістер, амал-тәсілдер, құралдар қандай да бір қызығарлықтай (заманчивый) болмасын, тәрбие жүйесі болашақта педагогиканың ең көп тараған негізгі ұғымы болады деп санайды. Бұл жүйеде педагог қаншалықты дарын иесі болмасын, ол жалғыз, тек пікірлес ұжым ғана (коллектив единомышленников) жүйені құрады және оны дамытады [2,С.356]. (Маленкова Л.И.) Сондықтан да тәрбие жүйесінің өзегітәрбиелеуші ұжым болып табылады.
Бұл жүйеде педагогтар мен оқушылар ұжымы өмір сүреді. Педагогтар ұжымы – жүйені басқарушы, ал оқушылар ұжымы – жүйедегі басқарылушы объект және субъект ретінде танылады.
Тәрбие жүйесін құрудағы негізгі мақсат – баланың өзін-өзі дамытуы және өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағымды ортаны қалыптастыру.
Тәрбие жүйесін құрудағы негізгі мақсат – баланың өзін-өзі дамытуы және өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағымды ортаны қалыптастыру.
1) Балаларда әлем жайында біртұтас және ғылыми тұрғыдан дәлелденген көзқарастарды қалыптастыру. Балалар бұл тұтастықты өздері жете түсінуі және нақты сезінуі шарт.
2) Балаларда азаматтық сананы дамыту. Бұл, өз кезегінде елдегі жүріп жатқан түрлі жағдайлар мен құбылыстарға жауапкершілікпен қарайтын азаматты тәрбиелейді.
3) Балаларды жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгеруге тарту және оларда оған барабар мінез-құлық қалыптастыру.
4) Тәрбие жүйесінде маңызды бір міндет – тұлғаның шығармашылық күшін дамыту.
5) Балалардың өздерін және өз мүмкіндіктерін іске асыру және өзін-өзі көрсете білуіне барынша көмектесу.