Сөйлем мүшелері, оның ҚҰрылысы мен түрлері


Анықтауыш - зат есімдерден не олардың орнына жұмсалатын басқа сөздерден болған сөйлем мүшелерінің әр түрлі сынын, сапасын, меншіктілігін білдіретін тұрлаусыз мүше /ТБТТС, 2005



бет11/20
Дата14.11.2022
өлшемі302,48 Kb.
#50106
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20

Анықтауыш - зат есімдерден не олардың орнына жұмсалатын басқа сөздерден болған сөйлем мүшелерінің әр түрлі сынын, сапасын, меншіктілігін білдіретін тұрлаусыз мүше /ТБТТС, 2005.

Анықтауыш –сөйлемде заттардың әр түрлі сынын, сапасын білдіріп, анықтайтын сөзімен тығыз байланыста айтылатын сөйлем мүшесі /М.Балақаев. Қазіргі қазақ тілі, 1992.

Анықтауыш – cөйлемде зат есім, есімдік немесе зат есім орнына жүрген есімше сөздермен байланысып, олардың түрлі сынын, сапасын білдіретін сөйлем мүшесі /Р.Әміров. Жай сөйлем синтаксисі. –П.2010.

Анықтауыш – зат есімдерден не заттанған басқа сөз таптарынан болған мүшелермен атрибуттық қатынаста болады да, өзі анықтайтын сөздермен интонациялық жағынан бір ритмикалық топ құрайды /ҚГ, 2002.

Сапалық анықтауыш – анықтайтын сөзімен қатар тұрып, қабыса байланысады: осы үй, бесінші пәтер т.б.

Меншікті анықтауыш – ілік септік формасында айтылып, тәуелдік жалғаулы сөзбен матаса байланысады: таудың басы, біздің ойымыз т.б

Анықтауыш (атрибут) – сөйлемде зат есімнен, не заттанған басқа сөз таптарынан болған мүшені сындық, сандық, қатыстық жағынан сипаттайтын сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі.

Сөйлемде іс-оқиғаны мекен, мезгіл, сын-қимыл, мақсат жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүше – пысықтауыш (сирконстант).

Әдетте барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде тұрған сөздер пысықтауыштың мағыналық түрлерін жасауға ықпал етсе, сөйлемдерде көбіне үстеулер пысықтауыш қызметінде өнімді жұмсалады. Сөйлемнің мүшелері өзара синтаксистік байланыста айтылады.

Пысықтауыш сөйлемде, негізінен етістіктен болған мүшеге қатысты болып, сол мүшені мекен, мезгіл, мақсат, орындалу амалы жағынан нақтылап, анықтап тұрады. /ҚГ.,2002.

Пысықтауыш – сөйлемде етістік баяндауыштың жай-күйін, сын-сипатын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын айқындайтын тұрлаусыз мүше /ТБТТС.,2005.

Сөйлемде іс-оқиғаны мекен, мезгіл, сын-қимыл, мақсат жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүше – пысықтауыш (сирконстант).

Әдетте барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде тұрған сөздер пысықтауыштың мағыналық түрлерін жасауға ықпал етсе, сөйлемдерде көбіне үстеулер пысықтауыш қызметінде өнімді жұмсалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет