Сөйлем мүшелері, оның ҚҰрылысы мен түрлері


Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері өз бетімен сөйлем құрай алмайды, тұрлаулы мүшелерге бағынышты болады, өзі байланысқа түскен мүшелерді анықтап, толықтырып, пысықтап тұрады



бет10/20
Дата14.11.2022
өлшемі302,48 Kb.
#50106
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
Байланысты:
Қазіргі қазақ тілі синтаксисі-2022-3

Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері өз бетімен сөйлем құрай алмайды, тұрлаулы мүшелерге бағынышты болады, өзі байланысқа түскен мүшелерді анықтап, толықтырып, пысықтап тұрады.

Толықтауыш –қимыл процесінің обьектісі болатын мүше /М.Балақаев. ҚҚТ.,1992.

Толықтауыш – субьект қимылының жүзеге асуына себепші, соған тікелей де, жанама да қатыты болып, субьект әрекетін толықтырып, нақтылай түсетін обьектіні білдіреді /ҚГ.,2002.

Толықтауыш – сөйлемде баяндауышқа тән іс-қимыл процесінің нысанын білдіретін немесе іс-қимылдың ықпалына ұшырайтын тұрлаусыз мүше /ТБТТС., 2005.

Сөйлемде іс-оқиғаны заттық мағына жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүше – толықтауыш. Ол тұлғалық жағынана барыс, табыс, жатыс, шығыс және көмектес септіктерінің жалғаулары жалғанған сөздер болады. Сондай-ақ, толық мағыналы сөзден кейін туралы, жөнінде, жайында тәрізді септеулік шылаулардың бірі тіркеседі.

Табыс септік тұлғасын қажет етсе, тура толықтауыш, ал табыстан басқа септік тұлғаларында және туралы, жөнінде тәрізді шылаулардың тұлғасында келсе жанама толықтауыш болады.

Тура толықтауыш – мағыналық жағынан етістіктің сабақты түрінен болған іс-әрекетке тікелей байланысты болып, онымен бір тіркес құрайтын заттық-обьектілік қатынастағы толықтауыш түрі.

Табыс септік тұлғасын қажет етсе, тура толықтауыш, ал табыстан басқа септік тұлғаларында және туралы, жөнінде тәрізді шылаулардың тұлғасында келсе жанама толықтауыш болады.

Тура толықтауыш – мағыналық жағынан етістіктің сабақты түрінен болған іс-әрекетке тікелей байланысты болып, онымен бір тіркес құрайтын заттық-обьектілік қатынастағы толықтауыш түрі.

Жанама толықтауыш өзін меңгеретін сөздермен (сөйлем мүшелерімен) атау, ілік және табыс септігінен басқа септік жалғаулары арқылы байланысып, сөйлемді мағыналық-мазмұндық жағынан қосымша, жанамалай толықтырып тұратын толықтауыш түрі.

Тұрлаусыз мүшелер тұрлаулы мүшелердің айналасына топтасып, соларға қатысты болатын, сөйтіп заттың сындық, сапалық, заттық т.б. қасиетін, қимылдың тарау аумағын, көлемін, бағытталған обьектісін т.б. білдіріп, сөйлемді семантикалық жағынан кеңейтіп тұратын сөйлем мүшелері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет