Сот сараптамасы бойынша есептер



бет28/76
Дата15.04.2023
өлшемі1,44 Mb.
#82767
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   76
Байланысты:
Сот сараптамасы бойынша есептер

10 Есеп.
Алматыдан-Новосибрскіге жүретін поездың №6 вагонында (5 купе, 22 орын, отыратын жердің астында) кедендік қарау жүргізгенде газетпен оралған және жасыл жіппен байланған оралым табылды. Оның салмағы 28 гр., мөлшері – 16,2х145х175 мм. Пакетпен бірге, оның салмағы -27,8 гр құрады.
Азамат П. Савицкиге жеке тінту жүргізу кезінде, кеудешенің ішкі қалтасында ақ түсті заттардың бөлшектері табылды. Сөмкесінің түбінде «Философия» М:1999, Норма оқу орындарына арналған оқулық табылды. Оқулықтың ішінде мөлшері 70х190х290 мм. қалташа сияқты жасырын жер табылды, оның ішінде газеттердің қалдықтары мен жасыл жіптің оралымы табылды.

  1. Қандай мән-жайларды анықтау үшін сараптама тағайындау қажет ?

  2. Сараптаманы тағайындау кезінде, қандай заттай дәлелдемелер және материалдар қажет ?

  3. Сарапшының алдына қандай сұрақтар қою керек ?



11 Есеп.
«Ника» фирмасының президентінің және оның жүргізушісі азамат В. өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға болған жерді қарау кезінде, ұзындығы 64 см., жалпақтығы 6,2 см. жіптің кесіні табылды, екеуінің өлімі механикалық асфиксияның нәтижесінен пайда болды, өйткені мойын жақтарында странгуляциялық іздер орын алды.
Істің тергеу материалдары іс бойынша, азамат М. мен Д. күдіктенуге негіз болды. Олардың үйлеріне тінту жүргізгенде, теріден жасалған қолғап табылды. Сараптамаға куәландыру кезінде, олардың тырнақтары мен тырнақ астындағы заттар алынды.

  1. Қандай мән-жайларды анықтау үшін сараптама тағайындау қажет ?

  2. Сараптаманы тағайындау кезінде, қандай заттай дәлелдемелер және материалдар қажет ?

  3. Сарапшының алдына қандай сұрақтар қою керек ?



12 Есеп.
Н. поселкісінде өзі тұратын зейнеткерді өлтіріп кетті. Қарау кезінде, қылмыскер пәтердің едеңіне қызыл түсті ұнтақтарды (қызыл бұрышқа ұқсас) сепкен. Ас бөлмесінде қызыл бұрыш салатын ыдыс төңкеріліп жатыр, ал оның қалдықтары үстөлде шашылып жатыр. Тергеуші, мәйіттің қасында шашылып жатқан қызыл ұнтақты және ас бөлмесіндегі үстөлде шашылып жатқан қызыл бұрышты сараптамаға жіберді. Бірақ, сараптаманың нәтижесі, мәйіттің жанында жатқан қызыл түсті ұнтақтың арнайы компоненті бояғыш затқа ұқсас. Ал ас бөлмеде алынған қызғылт түсті ұнтақ дүкеннен сатып алынған қызыл бұрыш болып шықты.
Жедел әрекеттері арқылы, көрші поселікте П. отбасылары қызыл бұрышты үйінде өсірумен айналысады. Күдік сол үйдің иесінің ұлына бағытталды. Тінтудің мақсаты сол жерде оқиға болған жердегідей қызыл түсті ұнтақты табу болып табылды. Сарайда кептірілген қызыл бұрыштар және ас үйде сондай зат табылды.

  1. Қандай мән-жайларды анықтау үшін сараптама тағайындау қажет ?

  2. Сезіктіні анықтау кезінде, қандай мақсатпен сараптаманы тағайындау жүргізілді?

  3. Сараптаманы тағайындау кезінде, қандай заттай дәлелдемелер және материалдар қажет ?

  4. Сарапшының алдына қандай сұрақтар қою керек ?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет