Совет–Хан Єаббасов



бет139/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   294
Қозғалысы. тым елгезек күйге де ауысады. Ол тiптi еңбектеудің
де түрлерiн көбейтедi. Мәселен, ол етпеттей еңбектеу арқылы – көбiне қолдарына күш түсiредi, ал төрт тағандай қозғалуымен – аяғы мен қолдарын бiрдей жұмсайды. Нәрестенiң құйрығымен сырғанай қозғалуы – оның әлденендей әлсiреудiң бар екенiн аңғартса керек. Қалай болғанда да, еңбектеудiң арқасында нәрестенiң дене мүшелерi жылдам жетiлiп, қимыл әрекеттерi үлкен белсендiлiкке ауысады. Оның белдеме мен омыртқа сүйектерiне жалғасқан ет талшықтары да жақсы жетiлiп, тiк отыра алуымен қоса, еркiн ойнауды да жақсы меңгере бастайды. Нәрестенiң 9-10 айлықтарында тақтай жағалап, апыл-тапыл жүре бастағанына мәз-мәйрам болып, тiптi қуанғанынан ышқына дауыстап сақылдай күлетiн сәттерi де, ересен ерлiкке толы күйлерi де жиiлей бередi. Еңбектеуге әбден жаттығып алған нәресте айнала жортып, үйдiң iшiн аралап үнемi қозғалыста болады. Кейде онысымен үйдегiлердi артық мазалауы да ғажап емес. Ендi ол өзiнiң 11 айлығында қаз тұруға бiр-екi аттап жүруге де, талпыныс жасай бастайды. Сөйтiп, бала қалыпты жағдайда өсiп келе жатса, бәлендей қиындықсыз ж а с қ а толар-толмастан-ақ, жүрiп кете бередi. Әрине, алғашында қалтақтай басып бiрден жүрiп кету қиынға түседi. Бiрақ, күн өткен сайын қимылдары ширай түседi. Қазақтың т ұ с а у к е с е р дәстүрi осы кезде жасалынады. Оның балаға тигiзер психилогиялық әсерi өте үлкен болғандықтан, оған қалай болса солай емес, жақсылап нәрестенiң өзiн қатыстыра отырып әзiрлену керек.
Нәресте жетi айлығынан бастап дыбысы мен уiлiн көбейтіп
Тілі. тiлiн шығарудың қауырт әрекеттерiне көшедi.
Табиғат шебердiң адам үшiн тартқан ең ұлы сыйы, нәрестенiң тiлдi табиғи қажеттiлiк тәрiздi, өз ынта-жiгерiмен талпынып үйренуi болып табылады. Егер бала тiл үйренуге өзi талпынбаса, оны жаттатып немесе зорлап үйрету еш мүмкiн болмас едi. Нәресте 9-10 айлығында кейбiр жеке сөздердi: “апа” – “ата” – “ат” – “дала” – деп анық айтатын болады. Оның айтатын сөздерi аз болғанымен, түсiнетiн сөздерi әлдеқайда мол болатындықтан, олар ата-анасының айтқандарын бiрден түсiнгенiн байқату үшiн, томпаң қағып елгезек орындауға жанын салады. Ал ж а с қ а толар шақтарында, олардың қызықты қылықтары тым-ақ көп. Бұл кезде қысқа қайырым – сұрақ пен жауап – ретiнде тiлдескеннiң пайдасы зор. Мәселен, оның қолындағы – иә көзiн, иә құлағын немессе аузы мен мұрнын сұрасаң, ойланбастан бiрден көрсетiп бере алады. Баланың сөйлей алатын сөзiнен, түсiнетiн сөздерiнiң мол екенiн осы тәжiрибеден-ақ аңғаруға болады. Ол осы сәттен бастап-ақ “жақсы” мен “жаман” дейтiн ұғымдарға құлақ аса бастайды.
О й ы н – нәресте үшiн – о й л а у ғ а да, с ө й л е у г е
Ойыны. де, е ң б е к т е н у г е де – ү й р е н е т i н тәжiрибе
алаңы десек, ешқандай артық айтқанымыз емес. Мәселен, нәресте 7 айлығында қолындағы ойыншықтарын салыстыра қарауға көп уақыт жiберсе, ал 9-10 айлықтарында ойыншықтың бөлшектерiне мән берiп, ойлана қарауға әдеттене бастайды. Жасқа толған баланың ойындары бұрынғысынан күрделене бередi. Ендi ол ойыншықтарын дөңгелетiп те, сырғанатып та, тiптi бiрiнiң үстiне бiрiн қойып та – ойнауға бар ықыласымен кiрiседi. Кейде ол ойыншығының iшкi тетiктерiн қолымен ұстап көру мақсатымен, әдейi сындырып та байқайды. Бiрақ, оның ләззатынан гөрi ренiшi көбейетiндiктен, көңiл-күйлерi бұзылып жылауға дейiн барады. Егер ойыншық қайыра жөндеуге келетiн болса, оны түсiнiп жасай бiлген нәрестенiң шаттығында шек жоқ. Олар ойын үстiнде қара терге түсiп қатты шаршайтындықтан – бала үшiн ойын аса ауыр еңбек екендiгiн үлкендер жағы түсiнгендерi дұрыс.
Нәресте алты айлығынан еркiн отырып, онан кейiнгi


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет