Тәрбиесі. айларда – еңбектеп, бiр жасында тәй-тәй басып, жүре
бастауының арқасында, ол айналасымен жiтi қарым-қатынастарға түсiп, өзiнiң қозғалысы мен әрекеттерiнiң көкжиегiн әлдеқайда кеңейтiп жiбередi. Үйдегі бөлмелер мен ондағы мүлiктердi түгелдей аралап көрiп, қайбiр мүлiктердi өзiнiң ойыны үшiн пайдалануға тырысады. Мiне осы шақтарында нәресте сағат сайын жаңалық ашып, оның iшкi т ү й с i к т е р i мен с а н а л ы қабiлеттерi ересен жылдамдықпен есейе бередi. Бұрынғыдай емес, оның әрбiр ойынындағы әрекеттерiнен с а п а л ы мақсаттарды жиi аңғаруға болады. Көбiнесе ол салыстырып ойнауды ұнатады. Мәселен, түрлi түспен боялып, ағаштан жасалынған дөңгелектердi арнайы дiңгегiне кiргiзгенде олардың өзара дұрыс орналасуларын түсiнiп қана қоймай, тiптi түрлерi мен көлемдiк реттiлiктерiн де дұрыс ұғына алғанын байқауға болады. Бұл айтарға болмаса, нәресте үшiн аса үлкен жетiстiк. Әрине, бiр жасар бала үшiн бұл мысалда толып жатқан қиыншылықтардың бар екенi рас, бiрақ ол одан жалықпай қайталау арқылы, бiртiндеп үйрене бастағанына өзi де мәз. Нәрестенiң әрбiр жеткен жетiстiктерi оны үнемi қанаттандырып отырады. Баланың осын-дай iзденiстерiн ата-анасы дер кезiнде көрiп, оны жiгерлендiрiп отырудың пайдасы айтпаса да түсiнiктi.
В) БІР МЕН БІР ЖАРЫМ ЖАС АРАЛЫҒЫ
“ Бүлдiрген беттi бөбектiң,
Қолында отыр сылдырмақ.
Өзi сақ-сақ күледi,
Сылдырмақтай сылдырлап”
Мағжан.
Баланың бiр мен бiр жарым жас аралығында, оның
Психика. алдыңғы айларымен салыстыруға келмейтiн, аса күрделі
ғажайып өзгерiстерi болады. Әсiресе, оның п с и- х о л о ги я л ы қ түйсiк-танымдары мен дене құрылыстарындағы к ү р д е л i л i к, күн өткен сайын жетiле өзгерiлiп жаңа деңгейiмен көрiне бередi. Әлі де нәрестелiк сипаттарын мүлдем өзгертiп кетпегенiмен, бiртiндеп өз дегенiне келе жатқан с а н а – сан қилы қылықтарымен, оның м i н е з i мен т е м п е р а м е н т т е р i н д е г i өзiне тән ерекшелiктерiн де айқындай бередi. Осы психикадағы өзгерiстер, баланың дене құрылыстарының жетiлуiне де үлкен әсерлерiн тигiзе бастайды. Нәрестенiң бiр жасына дейiнгiдей денесiнiң с а л м а ғ ы мен т ұ р қ ы алдыңғы айлардағыдай ересен жылдам өспесе де, баланың аяқ-қолдары сұңғақтанып, кеуде қуысының ауқымдалуымен көкiрек кеңiстiктерi кемелдене түседi. Денесiнiң тұрқы – бiр жастағысынан 10-12 см. ұзарып, салмағы – 2-3 кг. өседi. Оның басты ерекшелiгi – с е р г е к сезiмдiлiгi мен үздiксiз қ о з ғ а л ы с т а р ы және б i л у г е құштар қағылездiгiн айтқан жөн.
Ол өзiнiң бар қуаты мен күшiн тәй-тәй басқан денесiн, тiк те дұрыс меңгеруге жұмсайды. Бiрақ, тiк жүру де оңайлықпен келе қалмайды. Осы сәттерiнде бала жүргенде дедек қаға қалтақтап, денесiнiң тепе-теңдiктерiн ұстай алмай, ұзақ жүруге шамасы жетпей отыра кететiнi де жиi болады. Әйтседе, бала бiр жарым жасында әжептәуiр ширап, бұрынғыдай емес, жүрiс-тұрыстары да көп икемдiлiкке келе бастайды.
Бұл шағында баланың – е с т у, к ө р у, с е з i н у,
Достарыңызбен бөлісу: |