Совет–Хан Єаббасов



бет249/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   294
Байланысты:
treatise70934

Жаңа оқу жүйесінің мәні. Біз ұсынып отырған оқу-ағарту жүйесінің құрылысы, негізінен физиологиялық заңдылықтарға бағынса, оның үстіне адамзат қоғамдарының ішкі қатынастарын да ескеретіндігімен құнды. Былайша айтқанда өмір жолын таңдауда, 16 жасқа толған жігіттер мен қыздар өз мүмкіншіліктерін өздері жақсы білетіндігіне сенген жөн. Ендігі кезеңде олар, негізгі білім беретін мектепті біті-рісімен-ақ, бірден өздерінің қалаулары мен қабілеттеріне қарай мамандықтар алуға ұмтылады. Ал, өмір сүріп отырған қоғамның әділеті мен парасаты жетсе, болашақ ұрпағының білім жүйелерімен қоса, оның сан-сала түрлерін де жетілдіріп отыруға тиісті. Қабілеттеріне қарай мамандық таңдайтын жастардың алдында: кәделі-кәсіптік мектептер, әр түрлі мамандық пен орта білім беретін техникумдар, сан-алуан кәсіпшілікке үйретіп шығаратын гимназиялардың есіктері айқара ашылуын уақыт талап етуде. Тап осы кезеңде, айырықша көңіл аударатын бір нәрсе, ол жоғарыда аталған оқу орындарын үздік бітіргендерге, жоғары оқу орындары оң қабақпен қарағандары жөн. Иә-иә, мұның ішінде, кәделі кәсіптік мектептерді үздік бітірушілер де бар. Тек, осы жағдайлар міндетті түрде заңдастырылуы қажет. Міне, осылайша жастарымыз 16-жасқа жетіп, азаматтық борыштарын өздері шешуге мүмкіндік алмақ. Осылай болғанда ғана, 18 бен 19-жастарында өздері қалап алған мамандықтарымен, өмір жолдарын батыл түрде бастан кеше алатын болады. Әрине, бұл үзіліссіз ұрпақ тәрбиесі мен ұлттық оқу-ағарту жүйесінің үздік жетістігі болар еді. Қашан да, тіршіліктің талабынан шыққан жүйенің берер жемісі мол болуға тиісті.
§ 2. КІСІЛІККЕ ЖЕТУ


«Керек іс бозбалаға — талаптылық»
АБАЙ.

Жастардың мектеп қабырғасындағы кезеңдері, олардың нағыз кісілікке ұмтылатын шақтары. Бала б а л и ғ а т жасына жеткеннен кейін, бейне дүниеге е к і н ш і р е т келгендей, яғни жаңғырып қайыра келгендей уәж кешеді. Әуелінде ана құрсағында өсіп жан иесі болып жетсе, жасөспірім кезеңінде, немесе 11 мен 15 жас аралықтарында екінші рет жаңғыра түлеп, к і с і л і к т і ң келбетіне жетуге құлаш ұрған — саналы т ұ л ғ а болуға талпыныс жасайды. Бұл шағында олар, бүкіл айналасындағы болмыстарды ғана емес, ең бастысы өзін-өзі тануға, ішкі жан-дүниелерінің сұраныстарын ұғынуға зер салады.


Адам алғаш дүние есігін ашып туғанда, «өздігімнен еш нәрсеге дәрменім жоқ, мені күні-түні бағыңдар, қараңдар, сақтаңдар» деп з а р қ а ғ а жетсе, ал екінші рет жаңғыра түлегенде кісіліктің келбетін шарқ ұра іздеп, «маған үйретпеңдер, артымнан бағып бақыламаңдар, мен бәрін де өзім шешемін, өз бейнетімді өзім көремін» деуге дейін барып, айналасына жар салуға дайын тұрады. Кез-келген жасөспірімдердің ішкі ойлары, осындай тайталас пікірлерге толы болады.
Осы кезеңде олардың ішкі сезімдері мен жан-дүниелері ғана өзгеріске ұшырап қоймайды, сонымен қоса, олардың дене бітімдері де алуан түрлі өзгерістерге ауысады. Кейбіреуінің денелері өте жылдам сұңғақтанып, тіпті өзіне-өзі ұнамай олпы-солпы сияқтанып та көрінеді. Мұндай үндессіздіктерге риза болмай, іштей уайымдап қапаланумен де күндер кешеді. Сондықтан да, олардың психикасы ұстараның жүзіндей лыпылдап, кейде дұрыс айтылған сөздің өзі шаншудай қадалып, қарама-қайшылығы мол пікірлерге қалай барып қалғандарын, тіпті өздері де аңғармай қалатындықтары жиі ұшырайды. Осының салдарынан, ішкі қуаттарын босқа шығындап, тез шаршап-шалдығатындықтан, кейде күндізгі уақыттарда мезгілсіз ұйықтап қалатындықтары да жиі болады. Өзін-өзі ұстай алмайтын ашуланшақ балалардың қан қысымдары да (140—150/90) жиі көтеріліп кететін сәттері мол. Мұндай құбылыстар ата-аналар мен баланың да көңілдеріне кірбің түсіргенімен, жайлы жағдайларға ауысса-ақ болды, қан қысымы қалыпты мөлшеріне келіп із-түзсіз жоғалып кетеді. Сірә, жастық шақтың құдіреті де осында болса керек?! Бірақ, жастық қуатты қалай болса солай тоздырғанның да, өз кесапаты болатынын естен шығармаған жөн. Жасөспірімдердің осынау күйін айналасындағы үлкендер жағы жақсы түсініп, дер кезінде қайшылыққа жібермей, қол ұштарын беруге тиісті. Тіпті, үлкендердің жанашырлығы да, жасөспірімдердің жанын жараламайтын икемділіктері де, тап осы шақтарда қажет-ақ.
Жасөспірімдердің мінезі мен психикасын жаңаша түрлендіріп, оның жан-дүниесі мен тән құрылыстарына да ерекше өрнек салатын құдіреттің бірі, «шабдалдың үшінші бұтағы» дейтін философиялық трактат немесе жыныс жүйелерінің әсерін барынша терең түсінуіміз керек. Осынау құдіреті мол, табиғи құбылысқа рухани негізде мән беріп, жасөспірім-жеткіншектеріміздің өздері түсініп, өздері ұғына алатындай етіп, инабаты мен имандылығы анық үлгілерді шебер ұсынып, ішкі мәдениетінің жетілуіне ықпал етуіміз қажет. Сөз жоқ, бұл қазіргі кезде оңай да шаруа емес.
Бүгінгі таңда лайлы толқындай боп, Европа елдерінен тарап жатқан не бір сұрқия фильмдер мен жексұрын парнографиялық басыламдардың да азғындық мәнін әшкерелеудің пәрменді жолдарын қарастыру қажет. Тіпті, осылардың өзімен жастардың өздері күрес жүргізетіндей бағдарды ұйымдастырған жөн. Жалпы, бұл — бүкіл халықтық және мемлекеттік іс!
Балиғатқа жеткен жастардың көңіл-күйлері мен ой-толғаныс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет