Жігіттік жүректі — ғылым-білімге билетіп, өзінің тіршіліктегі орнын
шақ. тауып қана қоймай, оған қоса пісіп жеткен жемістерінен сыбаға үлестіре бастайтын сәті дер едік. Ол үшін жігіттік шақтың өзінде-ақ, жастық дәурен мәуелі баққа айналып, нәрі мен сөлі толысқан жемісті болуы керек. Мәуелі бақтың бұлбұлындай сайрап, жігіттік шақтың жетістіктерінің қыры мен сырын, үні мен әуенін өзгеге де естірте алатындай мүмкіндіктерге қол жеткізгенде ғана жұлдызды сәтін байқатпақ. Ол үшін Абай-ғұлама айтқандай: «Ақылмен тауып айласын, ‑ мен қалайға? ‑ салынбай...», тек еселі еңбекпен сегіз қырлы бір сырлы қасиетке жетпей болмайтыны анық. Мінеки, осыншама мол сан-сала бағыттарды игергенде ғана, жігіттік шақтың мәнін ашып, теңіздей толқыған сабасымен самалдауға болады екен.
Жігіттің — өз басының құнын да, істеген іс-әрекеттерінің мәнін де, нағыз нәрлі мазмұнға айналдыратын бір құдірет бар.Ол ‑ жігіттің ақ босағасы, шаңырағының астындағы кұты мен ырысы болып табылатын ‑ дұрыс тауып қосылған сүйген жары екені айдан анық. Тек, сүйген жардың сүйеніші ғана, не бір қилы қиындықтардан алып шықпақ. Бұл жағынан бағы байланған жігіттің қанша өнерлі болса да өмірдегі ү р д і с т е р і онша ұзаққа бармайды. Соры қалың жігіттің түптің түбінде сүрінер жері де осы?! Көбінесе жастық шақтарын тек с е з і м г е сеніп өткізіп алса, онда бұл шырғалаңнан шығып кету жігіттікке үлкен сын болмақ.
Жігіттікке толдың ба? ‑ деген тақырыпқа ой толғағанда, тағы сол Абай өнегелеріне үңілуді ұсынар едік. Сонау, Фараби бабамыздан жалғасып жатқан тәрбие арқауын, Ж.Баласағұнның «Құтты білігін» оқымай, ұлы Абайдың шығармаларындағы «жәуанмәрттілік пен толық адамның» мәнін түсінбей, ұрпақ тәрбиесін дұрыс жолға қоюдың өзі мүмкін емес. Өз «қағынан жеріген ‑ кұландай» едіреңдей берудің уақыты да біткен тәрізді. Ендеше, сәл болса да сабырлықка бой алдырып, ата-бабамыз қалдырған тозбайтын ұлағаттарға мойын бұрған жөн. Егер оны жетілдіруге парасатың жетсе, сөз жоқ, күллі адамзаттың игілігіне жарар асыл мұра ғой.