§3. ЖІГІТТІККЕ ТОЛДЫҢ БА?
«Жігіттік шақ — жәуанмәртлікке, яғни ақыл, әділет, рахым — атты адамдықтың үш сипатына ұмтылу.»
ҰЖДАН.
Адам баласы шыр етіп дүниеге келісімен-ақ, мынау пәни жалғанда тіршіліктің алма-кезек ауысып жататын кезеңдерін бастарынан кешеді. Бұл кезеңдердің мөлшерлі уақыты ұзақ па, әлде қысқа ма бәрібір, оның өсу жолдары мен сапасы сол кезеңдерге берілген уақыт пен кеңістіктің ішінде, пісіп жетілуге кешігіп қалмай үлгіріп отырулары шарт. Осыған орай, әр кезеңнің өзіне тән сипаттары болатындықтан, өз уақытында дұрыс қалыптаспаған тәрбие, келесі кезеңге еріксіз ауысқанымен сапалы түрде жетіле алмай ақсап жатады екен. Ендеше, жігіттікке жетіп жігерге толы парасатымыз толу үшін, соған дейінгі кезеңдердің барынша нәрлі болуын қадағаласақ қана, толған айдай толықсыған нұрлы сипатқа жетеріміз анық. Егерде адам тәрбиесінің кезеңдерін еске түсірсек, ең әуелі ‑ұрық тазалығы ‑ ана құрсағындағы тоғыз ай ‑ нәресте ‑ балбөбек –сәбилік ‑ балиғаттық –кәмлеттік ‑ жігіттік шақ ‑ жігіт ағасы болып жалғаса береді. Міне, осы кезеңдердің әрқайсысына тиесілі уақыт мөлшерлері бар екенін есімізде қатты сақтауымыз керек. Өйткені, ол тікелей тәрбие әдістеріне ықпал етпек, оның үстіне, бұл физиологиялық кезеңдер ‑ халық педагогикасының негіздері ‑ болып табылатындығын алдыңғы тарауларда егжей-тегжей баяндадық.
Бұл кезең — адамзат ғұмырының көктемі тәрізді. Оның
Жасөспірім төрт құбыласы түгелдей жапырақ жайып, жастықтың бүр‑
кезеңі. шік ата гүлдене көктеген сәті. Жас жүректің нұрлы сезім
(кәмлет) деріне бөленген жасөспірімдердің ‑ ақыл-ойлары алғыр да, қиялшыл келеді. Олардың көңілдері мен көкірек көздерінде арманның ақша бұлттары қалықтап, ерінбей еткен еңбектерінің құнарлы жемістері қатарласа бой түзеп иық тіреседі. Күллі жасөспірімдерге тән құбылыс, әркім сезім-күйлерін өзінше шертіп, өзгеге ұқсамас өз өнерінің жыраулық сәттерін бастарынан кешеді. Ұлы Гетенің сөзімен айтсақ: «Адамзат ғұмырының асқар шыңы — Ж а с т ы қ !», — деген тапқыр тұжырымға қосылмасқа шараң жоқ.
Жалпы осынау жасөспірім кезеңі —15 пен 19-дың аралығындағы азғана жылдарға иек артады. Дала жүзін жабатын көктемдегі гүл тәрізді, оның да ғұмырының қысқалығын анық аңғаруымызға болады. Сондықтан, да жасөспірім кезеңінің әрбір сәті, пәктікке толы болса екен деп тілейміз. Осы сәтін көзінің қарашығындай ардақтай білген жандар ғана, өмір бойы өз пәктігі мен адалдығынан, мезгіл-мезгіл сусындап, жанға қуат берерлік рухани нәр алып отырады. Осынау асыл да өркенді кезеңге, данышпан Абай да ерекше мән берген:
Жастықтың оты жалындап,
Жас жүректе жанған шақ.
Талаптың аты арындап,
Әр қиынға салған шақ.
Уайым — аз, үміт — көп,
Ет ауырмас бейнетке,
Бүгін-ертең, жетем деп
Көңілге алған дәулетке.
Қайратпен кіріп, жалынбай,
Ақылмен тауып айласын,
«Мен қалайға?» салынбай,
Жылы жүзбен жайнасын.
Жалыны қайтар дененің,
Үнемі тұрмас осы шақ.
Талайға кәрі дүниенің
Бір тетігін ұстап бақ.
Досыңа достық — қарыз іс,
Дұшпаныңа — әділ бол.
Асығыс түбі — өкініш,
Ойланып алмақ — сабыр сол.
Ақ көңілді — жақсыдан,
Аянбай салыс ортаға.
Ақылы, ары — тапшыдан,
Қу сөзін алма — қолқаға.
Сұм, сұрқия, қу заман,
Гүл көрінер — жігітке.
Қызықты өмір жайнаған
Кеудесі толып үмітке.
Бір нәрсені ұнатса,
Қайта ойланып қарамас.
Мақтанып жұртты шулатса,
Құмары сол қызба бас.
Сенісерге келгенде,
Сене берер талғамай.
Жұрты құрғыр сенгішке
Тұра ма құлық жалғамай?!
Ары кеткен алдағыш,
Мені-ақ алда, сөкпейін.
Балы тамған жас қамыс
Ормасаңшы, көктейін?!
Сені жақсы көрмесе,
Сенер ме еді сөзіңе?
«Япырмай» деп терлесе,
Ар емес пе өзіңе?! ‑
деп қиналған кемеңгер ақынның бұл өлеңі ‑ бүкіл жастық кезеңнің тұжырымдамасы десек те болады. Уа-а, жасөспірім ‑ жауқазын, бар сөзіне тұшынып, әр тармағын жаттап ал! Ішіндегі мазмұны мен мәнін— жүрегің мен санаңа сіңіре қанып, бойтұмар еткейсің?! Сонда ғана, жастық шаққа жала жауып өкінбей, адамшылық мұратына алқынбай жай жетерсің дегіміз келеді.
Жасөспірім кезеңнің тағы да бір ерекше қасиеті, балалық шақтарының базары тарқай бастаған ұл мен қыздарымызға жаңаша сипатпен ат беріп, айдар таға бастауын айтар едік. Бұл кезеңді аттаған ұлдарды ‑бозбала атандырып, қыздарды‑бойжеткен деуге әзірленеміз. Осы сәттен бастап, бозбала атаулы, жігіттіктің соқпағына түсіп, салтына көшеді. Қыз балаға лайық мінез-құлығы мен парасаты мәуелесе, жұрттың ілтипатына бөленген бойжеткендеріміз а р улық т ы аңсайды. Сөз жоқ, жасөспірім қауым осы айтылған мұраттарға бет бұрса, ұрпағынан кісіліктің келбетін күтетін туған елі арманына жеткендей ағынан жарыла рахат күйге бөленеді. Бұл тәріздес үрдіс жетістіктер, тек үзіліссіз ұрпақ тәрбиесінің әр кезеңі, өз мәресінен шыққанда ғана, қол жеткізуге болатын құбылыс екенін түсінуге тиіспіз. Ұрпақ тәрбиесінің жаңа үлгісін жасап, халық педагогикасына ғылыми негізде мән бере бастаған жұртымыздың мақсаты да осы болса керек.
Бұл кезеңнің адам ғұмырындағы мәні —а қ ы л, қайрат,
Достарыңызбен бөлісу: |