Совет–Хан Єаббасов


Жалпы Табиғаттағы — қ а ғ и д а қатаңдықтары қандай болса, мектеп



бет248/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   294
Жалпы Табиғаттағы — қ а ғ и д а қатаңдықтары қандай болса,
мектеп. биологиялық индивидтегі — физиология заңдылықтары да,
сондай талаппен қызмет атқарады. Адам да ‑ биологиялық индивидке жататындықтан ‑ тікелей физиология заңдылықтары, оның барлық тіршілігінің негізі болып саналатындығы даусыз?! Біздің ұсынып отырған оқу-ағарту үлгіміз бойынша, бастауыш мектеп ‑ 7 жастан бастап 12-13 жаспен аяқталса, ал жалпы мектепте— 16-17 жаста яғни, кәмелетке келген жасымен аяқталуға тиісті. Бұдан, адам тәрбиесінің кәмелеттік кезеңінде де, физиология заңдылығы негізгі мән ретінде әсер етіп тұрғанын анық байқауға болады. Адам ғұмырының бұл кезеңінде, ақыл тәрбиесі мен жүрек тәрбиесіне әбден пісіп жетілген гармональдық жүйе қосылып, осы үш жақты үндестіктің жетілуі мен бір бағытта қызмет істеуінің сипаттары күшейе береді. Сөз жоқ, бұлар тән құрылысындағы жетілу сипаттары болса, жан дүниесінің жетілуі де ‑ білім-ғылым, мәдениет, еңбектің ықпалымен аса терең психологиялық жетістіктерге ұмтылады. Бұл кезеңнің, яғни, орта білім мен кәмелеттік кезеңнің қысқаша жалпы сипаты осылайша тұжырымдалмақ.
Үш кластан, яғни, жетінші, сегізінші, тоғызыншы кластардан тұратын, жалпыға бірдей міндетті, орта білім беретін негізгі мектептің мазмұны мен оқу көлемі ‑ тоғыз класты ‑ тәмәмдаумен аяқталады. Жоғарыда келтірілген VІІІ-ші тараудағы 8-ші схемаға көңіл аударсаңыздар, одан сіздер жалпы мектепті бітіретіндердің жас мөлшерлеріне бірден көңіл бөлетіндеріңіз хақ. Жалпы білім беретін мектепті бітіргенде, жігіттер мен қыздар, тура кәмелеттік жасқа, яки, 15 пен 16-ға толады екен. Олар бұл жаста азаматтық жауапкершілікке жетіп, қолдарына Отанының азаматтығын куәлендіретін паспорттарын алады. Бұл ‑ істің жәй әлеуметтік жағы, ал әр жеткіншектің өзіне лайықты рухани жетілуі өзінше қалыптасып жатады. Кәмелеттікке жетіп азаматтығы танылған сәттен бастап, әр жеткіншек өзінің .келешегін, бойындағы табиғи қабілетіне қарай таңдаулары керек. Сонда ғана өмір талабы мен тіршілік үндестіктері өз орындарында болмақ. Осы уақытқа дейін жоғарыдан зорлықпен танылған он бір жылдық мектептер, баланың өмірге деген құштарлықтарын тоздырып, оларды енжарлық пен әрі-сәрілікке итермелеумен болды. Оның үстіне, он бір жылдық мектепті бітіріп шыққан жас жігіттер мен қыздардың қолдарында еш мамандықтары болмайтындықтан, бірден келіп соғатын тіршілік толқындарында жаңқадай қалқып кете баратындығы еңселерін түсіретін. Жас адамның осыншама дәрменсіз күйге түсуі, олардың жігерін жасытып, намысын аяққа басқандай назалануға душар ететін. Жастықтың алыпқашпа тұлпарына мінгендердің мұншама күйзеліске ұшыраулары заңды да еді. Өйткені, олардың соншама құнары мол он жылдық өмірі белгілі бір мамандықсыз, құмға кұйған судай сіңіп, ештемеге де жарамай босқа өткенін бірден ұқтырады. Олардың қолынан қара жұмыстан басқа ештеме де келмейді. Мұндай қорлаудың жас адам үшін қандай болатындығы айтпаса да түсінікті ғой. Ендеше, тек осынау бір ғана жағдайдың өзі, қазіргі оқу-ағарту жүйесін жедел өзгертумен қоса, оның ғылыми негізделуін талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет