Совет–Хан Єаббасов


§ 4. ФАРАБИ МЕН АБАЙДЫҢ ЖӘУАНМӘРТТІЛІК ІЛІМІ



бет253/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   294
Байланысты:
treatise70934

§ 4. ФАРАБИ МЕН АБАЙДЫҢ ЖӘУАНМӘРТТІЛІК ІЛІМІ


"Адам жанының кемелденуі – б а қ ы т,
ал оған жетуге бөгет жасайтын әрекет - жаман немесе , сұмпайы әрекет болмақ. Бұл әрекеттерге -пасықтық , кемшілік , кесапат жатады"
Әл-ФАРАБИ.


"...Ары үшін - Ер күреспесе - несі өмір?
Қосып берді - күншілдік пен өсегін.
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Ақыл, білім - құрметті етер халқыңа
Көз жұмылса - айналады даңқыңа
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Туралықпен, ә д і л заңнан жаңылма,
Әділдікпен - тұрар бектік - бабың да /... "
Ж. БАЛАСАҒҰН .


Жәуанмәрттілік ілімін – адам тәрбиесінің кәмелеттік кезеңінде жан-жақты етіп қолданудың маңызын, енді ғана ұсынылып отырғанын қадап айтқымыз келеді.Өйткені , бұл адам болмысындағы ж а н мен т ә н н і ң физиологиялық кемелденуімен қоса, оның психикасында жетілетін – ақыл – әділет – рахым – толық болу үшін, Фараби мен Абай, Баласағұн мен Науаи шығармаларын жаңа көзқараспен пайдаланудың уақыты келген тәрізді. Осы жоғарыдағы айтылған - Халық педагогикасы мен психологиясының VІІ-ші негізіндегі - әрбір тақырыпты талдаған сәттерінде, кісілік келбетінің қалыптасу сәттерімен астарластыра отырып, жәуанмәрттілік ілімінің сипаттарын өмірдегі көріністерімен аңғартуға көңіл бөлдік.
Қазіргі кездегі Абайтану мен Мұхтартанудың ілімдерін жетілдіріп жүрген М.Мырзахметовтың еңбегінен үзінділер ұсынып, Абай танымындағы–хауас мәселесі –имани гүл -жәуанмәрттілік- қағидаларын көрсете отырып, осынау Шығыс философиясының – ғылымдағы інжу-маржандарының адам тәрбиесінен мүлдем қағаберіс қалып қойғанын ашық айттық. Жер бетіндегі тіршілік иелеріндегі ғажайып тылсым сырлардың кілті де, осы ілімдерді - бүгінгі ғылыми технологиялармен жетілдіре пайдаланудың жаңа мүмкіншіліктеріне ерекше мән берілді. Себебі, адам болмысындағы филогенетикалық зердені оята алатын да, кезкелген ұрпақты бір-бірімен жалғастыратын да сайып келгенде, осы үш ілімнің негіздерінде дамитын -түйсіктік ақыл мен түйсіктік тәрбиенің құдіретін де - ашатын тәрбие тәсілдерін терең түсініп қана қоймай, нақтылы тетіктерін де меңгеруге болады. Бүгінге дейін сол тетіктер адамзат қауымдарының қатерінен қалыс қалып келеді.
Бұл мәселе қақында да Ұлы Абайға сүйенсек:‑"Күллі адам баласын қор қылатын ү ш н ә р с е бар. Сонан қашпақ керек?! Әуелі - надандық (ақыл жыймау - С.Ғ.), екінші - еріншектік (рақымсыздық - С.Ғ.), үшінші - залымдық (әділетсіздік - С.Ғ. ) - деп білесің .
Надандық - білім-ғылымның жоқтығы, дүниеден ешнәрсені оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік хайуандық болады.
Еріншектік - күллі дүниедегі ө н е р д і ң дүшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады .
Залымдық - адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан қисабына қосылады" - деп бүкіл жәуанмәрттіліктен ада қалған жандардың сипаттарын салалап береді. Абай ұсынған осы қағидаларды да, "арнайы жазылған педагогикалық еңбектері жоқ" - дейтін ғалымсымақтардың әлі күнге дейін айтқандарына көніп, айдағандарына жүріп жатырмыз-ау ?! Ұрпақтарына зауалдай тиіп отырған соқыр тұжырымдардың бітер сәті болар ма, жақсылыққа толы жаңалығы мол ғылыми көзқарастардың күні туар ма? – деген үмітпен алға қараймыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет