Совет–Хан Єаббасов


Алғашқы мәнін терең сезінген жандар, оның соншама тылсымы түн



бет265/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   294
Байланысты:
treatise70934

Алғашқы мәнін терең сезінген жандар, оның соншама тылсымы
түн. мол, жұмбаққа толы сәттерін мойындамай отыра
алмайды. Ал, түсінуге тырыспаған жандарға, аунап тұрғандай ғана әсерімен, көп толғантып тебірентпегендіктен өмірінің мәніне де айнала қоймайды. Шын мәнінде, ерлі-зайыптылар арасындағы өздеріне ғана аян тыныс тіршіліктері, дәп осы алғашқы түннен бастау алатыны да белгілі ғой. Ұлы Бальзактың сөзімен айтсақ: «Судьба брака решается в первую брачную ночь» деп тұжырымдаған екен.
Өмір кестесін дұрыс түсінетін жастар, өздерінің өмірлерінде бұл түнді, бір-ақ рет болса екен деп, бүкіл жан-дүниесімен тағдырына мінәжат етеді. Осы армандары орындалу үшін, тәлім-тәрбиелерінің жеткенінше әзірленетіні де рас. Ол үшін көп нәрсені, әсіресе, ішкі рухани сезімдердің өркені жайлы білулері шарт. Ең бастысы — сезімде де, іңкәрлікте де, тіпті жалын атқан құштарлықта да — өзегіңді өртер өзімшілдікке бой алдырмағанда ғана, нағыз ләззатқа екі жақтың да бірдей жететіндіктерін естен шығармау керек. Тек, ө з і м ш і л жандар ғана, қандай іс-әрекетте де, асығыс қимылмен, төзімсіз тәсілдерге барады. Бәрінен де «сабыр түбі— сары алтын» дейтін қағиданы ұмытпаған жөн. Әр адам, өзін осыған міндетті түрде тәрбиелеулері керек. Міне, сонда ғана, яғни өзімшіл сезімнен тежелгенде ғана, жыныс қатынастарының шынайы пәктіктегі тылсым жұмбақтары да өзінен-өзі шешіле береді екен. Ендеше, адамға қажет ең үлкен мәдениеттіліктің мәні — өзінің бойындағы өзімшілдікті жеңе алса, күллі тіршіліктегі көптеген қиыншылықтарды қиналмай шешуге болатыны анық.
Екінші бір есте ұстайтын, аса жауапты ұлағат бар? Ол — алғашқы түнде, ерлі-зайыптылардың бір-біріне сыйлайтын ұрық-тарының тазалығы, ешнәрсемен салыстыруға келмейтіндей қалыпта, ішкі қуаты зақымдалмаған нұрлы да сәулелі болуы ауадай қажет. Өйткені, бұл — бүкіл тіршілік тазалығының бастауы. Құнары мен қуаты ештемемен уланбаған ұрықтан ғана, өркені мол келешегі зор ұрпақ тарамақ. Ендеше, бүгінгі жастар арасында, тіпті барлық ерлі-зайыптылардың да, есінен тана ескерусіз жиі пайдаланатын — арақ, шарап, есірткі мен темекіөмірге ұрпақ әкелер сәттерде мүлдем ауызға алмай аластатудың өзі азаматтық парыз болып саналады. Келешек ұрпақтарымыздың қас жауы ретінде, бұл зауалдардан жиіркене бас тартқан жөн. Себебі, «есірік судың» кез-келген мөлшері, адам ұрпағы үшін, теңдесі жоқ тереңнен шалар д е р т екені, ғылыми түрде дәлелденген нәрсе. Бұл зауалдармен ұрығынан уланып туған баланың, ес-ақылдары толық болмайтындығы әбден зерттелген шындық. Олардың бүгінгі таңдағы көрінісі, жан түршігерлік сипатта екенін айтсақ та жетер. Егер, бұл мәселе жайында ашығырақ айтсақ, тіпті еркегі «тәбет» үшін деп түскі астың алдыңда бір шөлмек алғанның өзінде, бұл ерлі-зайыптылардың өмірге бала әкелуге хақылары жоқ. Өйткені, мұның өзіне тән табиғи заңдылығы бар: мәселен, әйелдің — етек кірі 21—28 күнде ауысып тазаратын болса, еркектің — шәукеті де 7—10 күнде бір тазарып тұрады. Манағы тәбет үшін ішкен бір жүз грамм арақ еркектің шәукетінен 7—10 күннен кейін ғана шығып үлгереді екен. Міне, ұрық тазалығына қатты мән беріп, оның келешек ұрпақтың сапасына тигізер әсерін түсінетін мезгіл жеткен сияқты. Өйткені, ұрығынан бұзылып дүниеге келген ұрпақты ештемемен де, сауықтырып алудың жолы жоқ?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет