В.Соловьев: чайно заинтересована в рождении какого‑нибудь человека, она должна принять черезвычайные меры для обеспечения желанного результата, т.е., по смыслу теории.. должна возбудить в родителях черезвычайно сильную страсть, способную сокрушить все препятствия к их соединению...
В действительности, однако, мы не находим ничего подобного, никакого соотношения между силою любовной страсти и значением потомства. Прежде всего мы встречаем совсем необъяснимый для этой теории факт, что самая сильная любовь весьма часто бывает неразделенною и не только великого, но и вовсе никакого потомства не производит. Видеть смысл половой любви в целесообразном деторождении — значить признавать этот смысл только там, где самой любви вовсе нет...
Сильная индивидуальная любовь никогда не бывает служебным орудием родовых целей, которые достигаются помимо нее...»
(Вопросы философии и психологии,. 1892, Кн., 14).
Л. Толстой: Лев Толстой так же клеймит позором половую любовь.
Например: «...Вступление в брак, — пишет Толстой, — не может содействовать служению богу и людям, даже когда вступающие в брак имели целью продолжение человеческого рода...».
Супруги, по мнению Толстого, могут поддерживать половые отношения только до тех пор, пока не будет зачат ребенок. После этого они должны «избегать всяких плотских соблазнов», «жить как брат и сестра».Понимая неосуществимость подобных задач, Толстой подчеркивает: «целомудрие не есть правило или предписание, а и д е а л». «Только с женщиной можно потерять целомудрие, только с нею можно соблюсти его...».
(Л. Толстой. О половом вопросе. изд. В. Чертковым, 1906).
ЖҮСІП БАЛАСАҒҮН — «ҚҰТТЫ БІЛІК», 1986
(қандай әйелді алу керектігі айтылады)
Әйел алмақ болсаң, егер, қарарсың,
Жіті бағып таңдаулысын аларсың
Жақсы болсын — т е г і, з а т ы, ұ р ы ғ ы,
П ә к, ұ я т т ы, — болсын жанның т ұ н ы ғ ы.
Д ұ р ы с үйдің қызын ал, қ о л т и м е г е н,
С е н е н өзге е р к е к жүзін көрмеген.
Сені сүйіп, б а с қ а жанды білмесін,
Жаман, тексіз кылық істеп жүрмесін.
(Сөздерді ашып жазушы — Совет‑Хан Ғаббасов). 4480
К ө р к і н емес, ізгі құлқын қаларсың,
Жақсы болса, е р і р с і ң де ж а н а р с ы ң!
К ө р к і н қуып, алма к ұ л қ ы кемісті,
Құлқы жақсы болса — кемел, келісті!
Сұлу құмар, сұлуды а ң с а п с о р қума,
Қызыл жүзді сарғайтпа һәм қор қылма.
4500 Ж і б е к мінез — қыз-келіншек шырыны,
Біле білсең, әйел көркі — қ ы л ы ғ ы!
Ақылды, п ә к болса, асылға баларсың,
Үш сипаттың бәрін содан табарсың!
Сезім тәрбиесі туралы жоғарыда айтылған, қым-қиғаш пікірлерді әдейі келтіріп отырмыз. Бұл жайында айта берсе пікірлер де көп-ақ. Бұдан шығатын қортынды біреу, ол — жыныс қатынасы жайлы тәрбие, аса күрделі мәселе екендігі айдан анық. Шынында да, тіршіліктің бұдан басқа ешқандай мәселесі жайлы шым-шытырық пікірлер мен неше түрлі қате тұжырымдар айтылып көрген емес. Ал, өмір тәжірибесінде және күнделікті тұрмыста бұл мәселені ерекше күрделі де қиын деп айтуға келмейді. Тіршіліктегі мың-миллиондаған шаңырақтың астында, әр семья өздерінше түсіністікпен ешқандай шәлдір-батпақсыз, ерлі-зайыптылар өз қатынастарын өздері шешіп жататыны белгілі ғой. Қайта, олар өздерінің жыныс қатынастарын барынша қымтап ұстауға тырысады. Сондықтан да, «түйсіктік сезім» қақында түбіне жеткізе зерттеген француздың ойшыл-ғалымы Анри Бергсонның: «Тіршілік тылсымын, тек түйсік (инстинкт) қана таба алады, бірақ ол оны ешуақытта іздеп жатпайды» деген тұжырымының астында ұлан-ғайыр сыр жатыр. Осындай шынайы ғылыми негіздерге дес бермейтіндер ғана, жыныс қатынасындағы имандылық пен ізгілікті бұзбаудың орнына, қайта бар болмысын ашық жариялап, көзге көрсетіп, құлақпен дыбысында естітіп үйреткілері келеді.Мұндай әрекеттен жануарлардың өзі де жаны қалмай қашатынын ескерсе етті. Сондықтан да, Зигмунд Фрейдтің «Психология бессознательного» немесе «Очерки по психологии сексуальности» (Минск, 1990).., тағы да Р. Нойберттің он бесінші рет басылып отырған «Новая книга о супружестве» (Волгоград, 1983) атты еңбектерін сын көзбен қарайтын да мезгіл жеткен сияқты. Мүмкін, бұл еңбектерді жалпы көпшілік үшін емес, арнайы психология мамандарына ғана, ұсынған жөн болар. Өйткені, бұл кітаптар адам анатомиясы мен физиологиясы жайында жақсы хабары бар оқырмандарға, тек т ә н құмарлықтарын қоздыратын кұралдар тәрізденіп көрінеді. Олардың ішіндегі жыныс қатынасы кезіндегі қолданатын сан алуан іс-қимыл әдістері, сөзсіз ақыл тоқтатқан ересек жандардың рухани мәдениетін қорласа, ал сезім тәжірибелері жетілмеген жастарды ерекше имансыздыққа жетелейді. Өйткені, олар осындай кітаптарды оқып алғаннан кейін, барынша қымтап ұстайтын қылықтарын айрандай төгіп, ашықтан-ашық сөз етіп және оқығандары бойынша іс-әрекет жасауды, бүгінгі күннің тәлімі (этикасы) деп санайды. Жоғарыда айтылған авторлардың пікірінше, жыныс қатынасын жақсы білген адамдар, өмірде тату-тәтті тұрып, тек бақыт кұшағында өтетіндей дәріптейді. Міне, қазіргі адам тәрбиесіндегі ең бір көңіл бөлетін мәселе осы.
Бұл мәселені байыпты ғылыми негіздерге сүйене отырып, жан-жақты қамтып қарайтын болсақ, оның ерекше қиын сияқтанып көрінетін себебі ‑жыныс қатынасын тым өрескел дәріптеп, тек біржақтылыққа бой ұрып, тіршіліктің басқа да күрделі мәселелерімен үндестіре және біртұтас ғылыми негізде қарамаудан екендігі анық байқалады.
Иә, сөз жоқ, адам баласы кәмелеттік жасқа жеткеннен кейін, саналы түрде жыныс қатынасында болатындықтары анық. Әйтсе де, осынау аса күшті инстинктінің ықпалында тек адам баласы ғана емес, бір клеткалы қарапайымдардан бастап, күллі тіршілік иелерінің де, жыныс жүйесінің әсері мен ықпалына көнбейтіндері жоқ. Бірақ адамдардың арасындағы жыныс қатынастары, жан-жануарлармен салыстырғанда, оларға ұқсамайтын өзіне ғана тән өзгеше сипаттары бар. Адамның бұл салыстырмалы сипаттары, жақсылыққа толы ізгі қасиеттерімен емес, қайта қанағатсыз нәпсіден туындаған өрескел өнегелерінің көптігімен оқшауланады. Мұндай шектен шыққан әдеттер, жұқпалы аурудай тарап, бүкіл адамзат қоғамына қауіп төндіреді. Мыңдаған адамдарға бақытсыздық әкеледі. Міне, сондықтан да жыныс қатынасының тәрбиесін айтқанда, оның имансыздық пен құмарлыққа жетелейтін жақтарын дәріптемей, қайта қымтап ұстауға тиісті рухани қылықтарына ерекше мән беруіміз керек. Ішкі сезіммен көркейетін сүйіспеншіліктің ләззаты, әлдеқайда бай да, бақытты сәттерге бөлейтінін түсіндірген жөн. Әйтеуір, қалай болғанда да жыныс қатынасының тәрбиесі, жалпы ұрпақ тәрбиесінің ішінде қамтылуды қажет етеді екен, міне, бұл мәселеде, халқымыздың ғасырлар бойы жасаған — халық п е д а го г и к а с ы н д а ғ ы тәрбие көлемінде қарастырудың мәні зор демекпіз. Мәселен, ұлды — аймағы болып тәрбиелеумен қоса, әке тәрбиесі, жезде және жеңге тәрбиесі, аға тәрбиесі, құрбыластарының тәрбиесі болып жіктелсе, осы айтылған тәрбие түрлерінің әрқайсысының да, өте қатаң түрде сақтайтын әдебіне лайықты к ө л е м і мен өздеріне тән ә д і с т е р і бар. Ал, қыздарды—қырық үйден тыйым сала отырып, шеше тәрбиесі, апа тәрбиесі, құрбыластарының тәрбиесі, жеңге тәрбиесі, ене тәрбиесі болып жіктелсе де, мұнда да әр тәрбиенің өзі әдептен озбауды қатты қа-дағалайды. Мінеки, өздеріңіз де байқап отырғандай, халық педагогикасындағы ең басты мәселе — ә д е п, ізгілік, үлкенді тыңдау сияқты «адамның күні — адаммен» дейтін қағиданы басты нысана етеді. Сөйтіп, жасөспірімдердің бойындағы ө з і мш і л д і к пен өзім білемнің бас көтермеуіне пәрменді ықпал жасайтынын көреміз.
Ендеше, басқа жұрттар қызығатындай ел болғымыз келсе, өзгеге қарап өңешімізді соза еліктей бергенше, өзіміздегі бар асылдың көзін ашып, халықтық тәрбиемізбен үлгілі болудан артық не бар?! Әрине, бұл ұлы мақсат! Бірақ, халық болып қамданып ата-баба мұраларын ғылыми негізде шешіп алсақ, аңсаған мұратымызға да жетеріміз хақ. Халқымыздың т е г і н е тартқан табиғаты өзі-ақ жігер беріп жетелеп кетеді.
Ежелден келе жатқан, халқымыздың ұрпақ тәрбиесінің үлгісіне үңілсек, онда баланың б а л и ғ а т ж а с ы н а жеткенге шейін, жыныс қатынасы жайында сөз етпек түгіл, әрбір ерлі-зайыптылардан да, күллі үлкендер жағынан да балалардың көзінше зинақорлық әрекеттерге сақ болуды өте қатаң талап еткен. Осы тәртіптің сақталуын, жаңадан ұсынылып отырған ұрпақ тәрбиесінің үлгісінде, біздерде сол халық тағылымының үлгісінде қалғанын қалаймыз. Жалпы, ержете бастаған балалар, өздерінің ішкі түйсіктері арқылы, былайша айтқанда, табиғат сыйға тартқан жаратылыстарындағы инстинктерімен сезініп, жыныс қатынастарын бірте-бірте айналасынан түсінгендері жөн. Мұндай тәсілдің берер жақсылығы сол, олар бойындағы инабаттан аттап кетпей, жан сезімдеріндегі имандылықты сақтай отырып, түйсіктік ақылдың жетегімен өмір тәжірибелерін молайта береді. Міне, жасөспірім балалардың табиғат танымдары өз еркімен жетілсе, олардың рухани сезімдері сыртқы әсерлермен жараланбай, тек іштей қалауына орай үндесе қалыптасатындығын танытады. Табиғат аясындағы басқа тіршілік иелері мен жан-жануарлардың қатынастарын байқап, сезіну мен түсіну арқылы біртіндеп ашылған, балиғат жасындағы жасөспірімдердің — махаббат сезімі жайындағы түсініктері де қомақты болып келеді. Сонда ғана олар, махаббат сезімдерін, тек жыныс қатынастары тұрғысынан қарамай, ішкі сезімдері мен түйсіктік ақылдары арқылы күллі тіршілік құбылыстарының мазмұны мен мәні екендігін аңғарады. Олар өздері таныған тіршілікте өзімшіл сезімнен гөрі, өміршең өркендердің әлдеқайда басым жатқанын айқын сезінеді. Осылайша, жасөспірімдердің жан-дүниелерімен өздері түсініп, өздері ұғынып тапқан тәлімдері, ойлануға мұршалары жетпей оқып үйренген, нақтырақ айтқанда, сырттан тықпаланған жыныс қатынастарының мәнінен, әлдеқайда маңыздырақ болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |