Отбасын құруға Семя құру — адам ғұмырындағы аса бір жауапты
әзірлік. кезеңнің бірі. Ержеткен жігіт тер мен қыздар, бұл
жауапкершілікті өте жақсы сезінуге тиісті. Сондықтан да, олар өздерінің дене тәрбиесінен бастап, мінез-құлықтары мен іс-әрекеттеріне дейін, үнемі қадағалай тәрбиелеп жетілдіріп отыруға тырысады. Мұндай мақсаттарды мұрат тұтқан жастар, өздерінің рухани жетілулерін кідіртпей, барынша азаматтық бейнелерін қалыптастыруға ұмтылыс жасайды. Осылайша, біртіндеп жетілген имандылық сезімдері мен психологиялық әзірліктері үндесе есейіп, олардың үй болып өркен жаймақ мақсаттарына қызмет етпек. Ең әуелі жастарға семья құру үшін, иман таразылырынан өтіп, ар биігіне көтерілумен қоса, олардың ерлі-зайыптылық өмірлерінде аталық және аналық парыздарын да, толық түсінулерін талап етеді. Бұл да, әлі мәселенің бір жағы ғана.
Екіншісі, жастар семья құруға дайындық жүргізіп, әсіресе психологиялық әзірліктері, барынша үйлесімділік пен кешірімділікке бейімденулері қажет. Тіршілік болғаннан кейін, ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды, осыны асқындырмай тоқтата білу, яки жалпы болдырмауға тырысудың жөні, өз бойларындағы ө з і м ш і л д і к с е з і м д е р і н ауыздықтай білуде жатса керек. Әрине, бұған екі жақтың да шынайы сүйіспеншілікке толы мейірімдері мен жігерлері саналы қызмет етуге тиісті.Жалпы, қай халықтың да ғасырлар бойы қалыптастырған, ерлі-зайыптылар арасындағы зандылықтары мен тұрмыс-салт дәстүрлері бар. Мұндай дәстүр мен тәлімге қазақ халқы да кенде емес. Тіпті, оның қандас т үр к і халықтарынан да ерекшеленетін, өздеріне ғана тән әдет-ғұрыптары көп-ақ. Мәселен, бұрынғы қазақ салтында, оң жақтағы қыз бен жасы жеткен әжеге деген кұрмет, айналасындағы адамдардың үлкені мен кішісіне де қалтқысыз орындалатын заңдай болған. Осындай қатынасқа орай ақ жаулықты әже де, бой жетіп отырған қыз да лайықты мінез-кұлықтар көрсетуге тырысқан. Қазақ әйелдері өздерінің сыпайы қылықтарыменен, зайыптарына өз пікірлерін жай ғана сабырмен-ақ өткізіп отырған. Оның барлығы сөз арасында бүлк еткізіп ескертумен-ақ, ың-шыңсыз ыммен-ақ істелініп жататын еді. Әйелінің мұндай әрекеттеріне, күйеулері де ризашылық сезіммен қараған. Сондықтан да, көп нәрсені қас-қабақпен-ақ түсінісе салуға бейім тұрған. Міне, осындай тәрбиені оң жақтағы қызына жастайынан сіңіруге тырысқан парасатты аналар, уақыттан ешуақытта кешікпеген. Тіпті, халық, даналығында «шешесін көріп — қызын ал» дейтін, мәтелге айналып кеткен қанатты сөз де бар.
Жаңа қосылған жастар арасындағы, алғашқы түннің