Совет–Хан Єаббасов


Ене екендігін алдыңғы тарауларда салалай талдап сөз еттік. тәрбиесі



бет276/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   294
Ене екендігін алдыңғы тарауларда салалай талдап сөз еттік.
тәрбиесі. Тіпті, халық даналығы ұрпағына өсиет етіп қалдырған: ‑
«Алып анадан туады» ‑ дейтін бағдарлы сөздің мәні мен мазмұнын ашуға да, бірсыпыра күш салғандай болдық. Оның шын мәніндегі жұмбақ сырын шешуге тырыстық. Енді, сол ананың екінші қырын байқататын қолына келіп түскен келініне сыйлар үлгіні, е н е тәрбиесінің ережелеріне қосып айтып беруді жөн көрдік. Мұнсыз ұрпақ тәрбиесінің бір кезеңі түгелдей айтылмай қалған болар еді.
Мүлдем жаңа ортаға келіп түскен біреудің бүлдіршіндей қызының, бірден олардың арасындағы тіршілік тұрмыстағы әдет-ғұрыптары мен психологиялық мәнерлеріне қалыптасып кету оңай шаруа емес. Міне, осынау бір аса қиын кезеңде, қол ұшын беріп көмекке келетін тағы да а н а болмақ. Бірақ, бұл жолы жанын шүберекке түйген жас келіннің жанынан табылатын, өзі сүйіп қосылған жан-жарының анасы, яки оның екінші тіршілігінің тірегі болып табылатын е н е с і н айтамыз. Міне, осыдан бастап жас шаңырақтың дұрыс өркен алуына көмектесетін — ене тәрбиесі басталады. Өйткені, жас әйелдің болашақ өмірінің дұрыс қалыптасуына, енесінің берер жәрдемі көп. Бірден, оның басына ошарылып түскен үй шаруалары да, толып жатқан ізет пен қызмет етер тәрбиені де, тек парасаты мен инабатына орап ұсынатын е н е с і екенін ашып айтқан жөн. Міне, тап осы кезеңде, жаңа түскен келіннің де, қолына келін түсірген ененің де, бойларындағы адамшылық қасиеттері мен ішкі рухани байлықтары с ы н ғ а түседі. Егер, ене де, келін де мінезді болып, барлық жағдайларын парасатпен шеше алатын болса, олар сөз жоқ өз шаңырақтарының б а қ ы т ы н дәуірлетіп, бүкіл сол әулеттің абыройын аспанға көтереді. Ал, керісінше болған жағдайларда, ене мен келін — ит пен мысықтай ырылдасып, шаңырақ шырқын бұзумен қоса, оның астындағы береке-бірліктерін де тоздырып бітіреді. Бұл ауыртпашылық, болашақ ұрпаққа да өз салқынын тидірмей қалмайды.
Қазақ дәстүрінде: — келіннің дастарқан жайып, шай құйып беруінің өзін үлкен өнерге балаған, оның қонақ күтудегі дидары, отырыс-тұрыстары, үйден кіріп-шыққандағы қозғалыс жүрістері, тіл қатудағы мәнері, міне осылардың барлығы да, тәлім мен тәрбиені қажет ететін, жас келіннің алдындағы игеретін игіліктері болып табылады. Осының бәріне де тәрбиелеп үйрететін — жас түскен келіннің е н е с і! Тіпті, парасатты енелердің тәрбиесінде, келініне ерін күтуді де, еппен айтып есіне салып отыратын болған. Мәселен, күйеуінен басқа ер адамдармен қарым-қатынастың жөні; ер адамдардың жолын кесіп өтпеу; үлкендер отырған үйге жөн-жосықсыз кірмеу; жалаң бас — жалаң аяқ жүрмеу; үлкендердің әңгімесіне өздері сұрамаса араласпау; оларға шай құйғанда бір тізерлеп қырын отыру; қазан-ошақтың дыбыстарын қатты шығарып сылдырлатпау; балаларға шаңқылдап ұрыспау; үлкендердің көзінше дауыс көтеріп сөйлемеу; үлкен үйдің төріне шықпау; нанды саусақ арасына салып бір қолмен үзбеу; жер таянып отырмау; желбегей жүрмеу, осы тектес толып жатқан үйренетін іс-әрекеттер негізінен ене тәрбиесінің ауқымына енеді. Кейде, өзара түсінісіп сыйластыққа жеткен енелері, келіндерінің тума-туыстағы үлкен адамдарға үйлесімді етіп ат қоюына да көмектеседі. Себебі, жаңа түскен келін, қайындары мен қайын сіңлілеріне ат қоюға қиналмаса да, ауыл үлкендерінің мән-жәйін енесімен ақылдаса отырып шешеді. Жаңа шаңырақтың иесі, жаңа түскен келін үшін, ене тәрбиесінің қадірі мен қасиетін ештемемен салыстыруға болмайды. Тіпті, халық арасында жиі айтыла беретін: — «Қыз күнінде бәрі жақ-сы, жаман қатын қайдан шығадының» түп төркіні де осы ене тәрбиесінің пәрменділігінде жатса керек. Жаңа шаңырақтың астында тұңғыш дүниеге келген бала, бүкіл ағайын-туғандарының ғана қуанышы емес, рулы елдің жүрек жарды жаңалықтарына айналады. Соның ішінде, егер қатарынан бірнеше ұлды дүниеге әкелсе, жас әйелдің мәртебесі асып, аса ұлағатты сый-құрметтерге бөленеді. Мұндай сәттерде, келініне әбден мейірімі түскен енелер: «Қарағым, сен де ана болдың, енді мүлдем балалықтан қол үздің?! Басы қату болса, аяғы тату болады дейтін осы! Алғашқы келген кезіңде қаталдығым болса, сен тез ширасын деп істеген әрекеттерім еді» деп келініне арнайы тіктірген кимешегін кигізіп, оны төрге отырғызып өзі шайын құйып беріп құрмет етеді. Міне, осы күннен бастап, келінің өзіне сәлем етуден және босағада отырудан босатады. Осылайша, береке бірлігі жарасқан шаңырақтардың астында, дәурені мол айналасына үлгі боларлықтай өмірлері жалғаса береді. Ендігі жерде халқымыздың салып берген тамаша дәстүрлері бойынша, «келін төркіндеп», «күйеу қайындап», «жиен нағашылайтын», арнайы қонақтау мен араласудың жөн-жоралғылары басталады. Халқымыздың ғажайып бір дәстүр-салты, жетпіс жастағы кемпірлер төркініне келгенде, «бәрекелді, төркіндеп қызымыз келіп қапты» деп мәре-сәре болатын қайран жұртымыз, туған қызынан да, туған ұлынан да ештемесін аяп көрген емес. Тек, ұрпағы қайырымды болып, ата дәстүрін бұзбай, ана салтына жауапты болса екен деп тілейді. Онсыз халықтың қасиеті дамып, болашақтары өркен жаймайтындығын үнемі ескеріп отырған жөн.
Әр адамнан, бес жасар баладан да, еркек пен әйелден


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет