Совет–Хан Єаббасов


). Әбу Насыр Әл-Фараби (870-950 ж.ж.)



бет45/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   294
10). Әбу Насыр Әл-Фараби (870-950 ж.ж.)

Әбу Насыр Әл-Фараби – Аристотельден кейін дүниежүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан, энциклопедист ғалым. Оның мұсылманша толық аты-жөні Мұхаммед ибн Узлағ Тархани. Туған жері – Сырдария бойындағы ерте заманда түркі халықтарының орталығы болған Отырар қаласында туған. Отырарды арабтар «Фараб» деп атаған. Қай жерден шыққанын білдіру үшін аты-жөніне өзінің туған мекенінің атауын тіркейтін сол заманның дәстүрімен ұлы ұстаз Фараби аталған.


Әл-Фараби заманында бүкіл орта Азия мен Түркістан Араб халифатының ықпалында болған. Соған байланысты қала халқы сауда-саттық мәселесінде ислам қалыптасып, дамуына зор үлес қосқан араб, парсы, түркі тілдерін қатар қолданған. Соның ішінде рухани, ғылыми тіл араб тілі болған. Сондықтан құмарлығы оянған Әл-Фарабидің осы үш тілді жетік білуі заңдылық еді. Ол кейін білім-ғылым іздеп, көп жерді аралайды.Ақыры сол кезде әлемнің ғылым дүниесінің орталығы болған Бағдатқа келіп, сонда тұрақтап қалады. Сол кездің әйгілі ғалымдарымен кездесіп, олармен сырлас болады. Грек, латын, санскрит және басқа тілдерді үйренеді.
Ол өз заманындағы дамыған ғылым салаларының бәріне өнеріне өзіндік үлес қосып, елеулі із қалдырады. Одан қалған ғылыми еңбектердің өзінің саны жүзден астам. Сол еңбектерді ғылым салаларына қарай бөлетін болсақ, олар мынандай: астрономия, асторология, математика, логика, музыка, медицина, табиғат ғылымдары, социология, лингвистика, поэзия-риторика, философия болып келеді.
ХХ ғасырдың екінші жартысынан бері қарай Қазақстан ғалымдары да ұлы ұстаздың бай мұрасын жинап, зерттеп тануға өз үлестрін қоса бастады. Қазір Қазақстан Ғылым Академиясының кітапханасында Әл-Фарабидің елу шақты еңбегі бар. Олардың ішінде басқа тілге аударылмаған, ғалымдар арасында осы күнге дейін белгісіз болып келген: «Алмагеске түсініктеме», «Геометриялық сызықтар жасаудың әдістері», «Астрология», «Китаб әл-мусики әл-кабир» секілді әрқайсыс бір-бір ғылымның шыңын көрсеткен аса ірі туындылары бар.
Өмірінің соңына қарай Әл-Фараби Мысыр, Шам, Халеб қалаларында болып, ақырында Шам шаһарына келіп, сонда тұрақтайды. Осында қайтыс болады. Оның денесі Шам шаһарының Кіші қақпа жағындағы зиратқа қойылады.
Әл-Фарабидің ісін жалғастырған, ғылымға берілген шәкірттері көп болған. Олардың ішінен, ең алдымен, Орта азияның ұлы ғалымы Әбу Әли ибн Синаның (Авиценна) есімін атауға болады. Кейінгі кездегі шығыс ғалымдары оларды бөліп жармай «Қос Фараби» деп те, атайды. Сондай-ақ еңбектері Ұлы Ұстаз еңбектерімен сабақтасып жатқан ұлы ғалымдар – Беруни, Бозжани, Омар Һайямдар да өздерін Әл-Фарабидің шәкіртіміз деп есептеген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет