Совет–Хан Єаббасов


- Елдігін ойлаған қыздың - өзі де Ер! -



бет68/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   294
Байланысты:
treatise70934

- Елдігін ойлаған қыздың - өзі де Ер! - деп сұратқандарын түгелдей берген екен"...
Бұдан, қазақ халқы ақылы асқан ару қызынан ештемесін аямайтындығын көрсек, ер елдің игілігіне ғана қызымет ететініне сене білген. Осы тектес, тереңнен тамыр тартқан халық тағылымдары, қайыра жаңғырып өзінің орнына келсе, дәстүрімізге басқа жұрттар да қызығып сыйлайтын болады.
Осылайша жастар шаңырақ көтеріп, тұңғыш перезенттері дүниеге келісімен Қыз - төркініне, Күйеу - қайындай келіп, нағашы жұртына – жаңа туған жиендерін көрсетудің рәсімі жасалынады. Мұның өзі бір дәурендей туысқандық тоғысулардың дәстүрін жалғастырады. Міне, осыдан кейін ғана құдандалы екі жақтың да: ­ "Жас отаудың жалқұйрығы бүтінделді, өмірлері күлтеленді" - десіп көңілдері көншиді екен. Ендеше, жар таңдаудан отау болып шыққанға деиін ‑ толып жатқан дәстүр-салттары мен жөн-жосығын - ырым-кәдесін - тіпті жол-жоралғысына ‑ дейін, ұрпақ тәрбиесінде ескерілгені жөн. Әрине уақыт талабына сай дәстүрдің де өзгеріп отыратыны есте болуы қажет. Әсіресе тозған дәстүрлер мен ескірген салттарды мезгілдері жеткенде, жалтақтамай тұрмыс-тіршілігімізден алып тастаудың өзі де т ә р б и е екені дау тудырмаса керек. Жалпы қазақтың жаңа дәуірдегі жазба әдебиетінде құда түсудің ішкі-сыртқы мәнін ашқан, данышпан жазушымыз М. Әуезовтың "Абай жолы" атты эпопеясынан аз да болса үзінді келтіруді жөн көрдік.


АБАЙ ЖОЛЫ
( М.Әуезов, 4-том, 239 б. )
"Өртеңнің бауырына қонып отырған Ұлжан ауылына Құнанбай екі-үш күндей қонақтады. Күнкенің ауылы да осы арада жақын еді. Абай осы күндерде байқады: әкесінің сақал, шашындағы ақ көбейіп, бетінің әжімдері де молая түскен екен.
Ұлжанның үйінің түстігіне, Күнке, Құдайберді, Айғыздар да жиналып отыр еді. Құнанбай Зереге қарап отырып, осы барлық туысына арнап аз сөз айтты. Онысы - ұзақ жолда көңіліне көп келген мұңуайымының үлкені еді .
Құнанбай өз басының жалғыздығын осы жолы қатты аңғарыпты. Аға, ініде серікке жарар медеу жоқ. Баланы ойласа, бәрі де жас. Және бір өкінгені - көп баланы үйлендіріп, немере сүйетін шағына жетсе де, сол қызықты өзіне-өзі іркіп, кешендетіп кепті. Енді сүйтіп, балаларының қызығын көрмек .
Бұған Зере бастаған бар шеше қуаныш айтқаннан басқа қарсылық білдірген жоқ. Қызық көру дегеннің белгісі не, арты не? Ол ер жеткен балаларды үйлендіру, содан әрі немере сүю. Толып жатқан шексіз бақыт сияқты елестейді .
Әңгіме арасында Құнанбай: - осы жолы құдайдан соңғы қуатым – құдаларым болды. Адал достықты, шын пейілді солардан көрдім деген. Атап айтқандары: - Алшынбай, Тінібек. Онан соң Тобықты ішінде т е р г е у г е кетіп бара жатқан жолында, Тасболат руының ішінде Байтас басынан қатты тілеулестік көріпті.
Бұрын үй ішіне мәлім емес еді. Өзі сол сапарда жалғыз байлаған байлауын білдірді. Байтастың жас қызы бар екен. Соны Оспанға айттырмақ бопты. Сүйтіп тентек Оспанға Байтастың Еркежан деген қызы қалыңдық боп аталыпты. Үй іші, әсіресе шешелер күліп, мәз боп, Оспанның аяғына тұсау түскенін өзіне естірту, түсіндіру жайын ойлап күліскенді .
Осы байлаумен қатар, Құнанбай енді Ұлжанның басқа екі баласы туралы да жаңалық айтты. Оның біреуі – Тәкежан туралы. Былтыр ұ р ы н барып келген Тәкежан енді осы жақында үйленбек. Қайны болса, бар малын алған. Енді несіне созады? Соның отауы түссін. Екінші, әсіресе, осы отырған барлық үй ішіне шынымен үлкен қам болған нәрсе - Абайды қайындату.
Құнанбай осы жолы Алшынбаймен уәделесіп келіпті. Осы көктемге байласыпты. Рас, өзге құдалардың бәрінен жолы бөлек Алшынбай?! Оның үлкен достығынан басқа өзі арғынға белгілі Қазыбек Тіленшінің Алшынбайы. Бұл атыраптағы қазақтың одан үлкен аруағы жоқ. Сондай ауылға бала қайындату, әсіресе, ұрын жіберу осал қам емес. Малдүниенің барлығынан көп үлес, мол шығын шығару керек деген сөз.
Бірақ, Құнанбайдың бұл байлауын да шешелер ақ тілеумен қабыл алды. Тек Зере ғана: - Ел жайлауға шығып, арқа-басы кеңіген соң барғаны лайық болмаушы ма еді? ‑ деп еді. Оған Құнанбай :
­ Оның рас-ау, бірақ Алшынбайдың жазғы жайлауы ары шалқып, ұзап кетеді. Бару, келудің жолы алыстап, мойны қашықтаған соң, жүріс ауыр болады. Айдаған мал да күйзеліп жетеді. Қайындата баратын үлкендер бар, оған да ауыр. Және қыс жақсы бопты, мал тойынтам дейтін емес, ажарлы мал осы күнде де бар. Ендеше, құдай бұйырса, осы бір бес-алтылы күн ішінде қамданыңдар да, сапар шегіңдер. Өзің барасың ғой, Төркініңе өзің бастап бар балаңды! - деп, Ұлжанға бұйырды. Ұлжан бұны да жақсы қабыл алды.Осы әңгіме шыққан соң, үй ішінің барлық кеңесі, ақыл, мәслихаты сол Алшынбай ауылына ұялмай, орнына сай ғып бару турасында болды.*
Байлаған байлауын көп ырғап, көп көпсіте бермейтін Құнанбай сол жерде баратын кісілер жайын, апаратын аяқты мал, ж ы р т ы с жайын, ақша, пұл, күміс қазына жайын кесіп-кесіп, өзі айта бастады.
Үй-ішінің бұл жөніндегі сөздері қалай да болса, аз болған жоқ, ұзақ болған. Өйткені, ж ы р т ы с болсын, толып жатқан ы р ы м, і л у болсын, барлығын да осы арада бір сөйлескен соң, екшеп алысу керек. Ұлжан соның бәрін атап айтып, анықтай бастаған.
***
Осынау Мұхаңның (Мұхтар Әуезовтің ) атақты "Абай жолынан" алынған аз ғана үзінді де, құдандаласу қазақ салтында аса жауапты да, жан-жақты ойланып, есеппен істелетін шаруа екенін көрдік. Тіпті, қазақ болашақ құдасынан арқа сүйер жанашырлықты да, туысқандық мейірімді де, намысын жыртар сүйенішін де іздейді екен. Жалпы, кез-келген адамның с е м ь я құруға дайындалу сәті, оның жеке басының ғана ісі емес екенін анық аңғарамыз. Бүгінгі күнде де осы бір сәтті дұрыс түсінгенде ғана, өмірде болып жататын көптеген кемшіліктерді болдырмаудың амалын көреміз.
Сондықтан да, с е м ь я бүкіл бір халықтың өркенін өсірер қайнар көзі делінсе, сол халықтың мемлекетінің де еңсесін ұстап тұратын, алтын діңгегі болып табылады. Осынша мол қуаты мен құдіретіне орай жан-жақты тоқталып, халқымыздың фальклорынан да, елі елеулі еткен бүгінгі жазушысынан да мысалдар келтіріп отырғанымыз сондықтан болар. Бұдан арыда құдандаласу жайында айтылуға тиісті дәстүр-салттарды, әр қазақтың ар-кітабына айналған "Абай жолынан" оқып-үйренуді болашақ ұрпақтарымыз есінде тұтса екен. Әсіресе, күйеудің қайын жұртына ұрын баруын оған арналып жасалынатын Ұ Р Ы Н Т О Й Ы Н Ы Ң көріністерін де, Мұхаңдай-ғұламаның айтқанынан үйренген жөн. Сондықтан да, бұл тақырыпты арнайы бөліп жазбай, оның құнарлы көзі ретінде осы эпопеяның "ӨРДЕ" деген тарауын зерттей оқуды ұсынамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет