Совет–Хан Єаббасов



бет219/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   294
Байланысты:
treatise70934

Психологиялық түзету. Адам баласы өзiнiң тiршiлiк ғұмыры ұзақ па, әлде қысқа ма бәрiбiр, оның биологиялық және психикалық қуат күшiнiң аса мол қоры, сонау нәресте кезінен бастап жинақталуға тиiстi. Ондай мол қуат бала болмысында, тек еркiн де жасқанбай жiгерлi өскенде ғана жетiлмек. Ата-ананың қайырымы да, төзiмдi тәрбилерiнiң арқасында, баланың көңiл-күйi мен түйсiк-сезiмдерiнiң қанағаттануы ғана емес, сонымен қоса оның интелектiсiнiң де еркiн дамуына мүмкiндiктер алады. Түсiнiскен ортада тәрбиеленген балаларда ғана төзiмдi де жiгерлi психика қалыптасатыны белгiлi. Жоғарыда айтылғандай, сәби шағынан психикасы қатты дөрекiлiктерге ұшырап, үлкен зардап шексе, ондай балалардың психикасын орнына келтiрудiң өзi қияметтей қиындықтарға соқтырады. Тiптi, ондай балалардың көпшiлiгi неврологиялық клиникада жатып та емделедi. Жалпы, мұндай балаларға психологиялық түзету жасаудың жолы, қанша ауыр болғанмен де, әртүрлi әдiстердi қолданып көмекке келмей болмайды.Сонда, ең әуелi мұндай жағдайда не iстеу керек?
Бәрiнен бұрын баланы жайына қалдырған жөн.
Әрине мұндай кеңес, ата-ананың көңiлiн алақұйын етiп, не iстерiн түсiнбей абдыратары да, тiптi көңiлдерi қалғандай өкпе-наздарын да айтқызбақ. Бiрақ, басқа iстер шара жоқ. Егер, баланың тән құрылысы жарақаттанса, оны тыныштандырып жатқызуды ата-ананың өзi де бiледi. Осы тәрiздi, жандүниесi жарақаттанған балаға да, керегi тек қана белгiлi уақытқа дейiн тыныштық екенiн түсiнуiмiз керек. Үлкендер жағы өзiнiң қателiктерiн дереу мойындауымен қоса, мұндай сәттегi тәрбие берудiң әдiстерiн үйренгенше, баланы тыныш қалпында қалдырғаннан артық шара жоқ. Мiне, осы қателiгiн өзгертуi – психологиялық түзетудiң пәрмендi бiр тетiгi болып табылады. Әрине, мұндай бетбұрыс ата-ана мен тәрбиеге қатысы бар үлкендерге де оңай емес. Бiрақ, баланың келешегi үшiн ешқандай мәймөңкесiз, дереу ұстамдылық пен мейiрiмдiлiкке ауысу қажет. Ендiгi жерде, бала мен ата-анасының түсiнiскен достық қатынастары ғана iстiң жайын оңғара алады. Осының бәрiн табиғи қалыпта дамытуды ескерген жөн. Әйтпесе, көсеудiң екiншi басын басып қалған тәрiздi, тағы да маңдайыңа аңдаусыз соққы тиюi ғажап емес. Сондықтан, бала тәрбиесiне жас қосылған ата-аналар кәдiмгiдей-ақ дайындалмай болмайды. Шындап келгенде, адам тәрбиесiнiң қыр-сырынан қиын өнердiң болуы мүмкiн емес. Оның қажеттiгiн қабiлетiңе қарай емес, тыныстауына қажет ауадай мiндеттi түрде игеруiң керек.
Мұндай өзгерiстер мен игерулердiң жалпы жағдайы, мөлшермен төмендегiдей сипатта болуы мүмкiн:

  1. Баланы мiндеттi түрде тәрбиелеу керек. Ал, қайыра жаңа көзқараспен тәрбиелеу үшiн, үлкендер жағы үзiлдi-кесiлдi өздерiн тексеруi қажет. Баланың келешегiне керек ендiгi тәрбие, соншама үлкен тазалықты талап етедi.

  2. Егер үлкендер жағы, өзiн-өзi баланың ыңғайына орай өзгерте алмаса, ары қарай баланы тәрбиелеуден өз ықтиярларымен бас тартқан дұрыс.

  3. Еш қандай күш көрсету тәлiмiн жүргiзуге болмайды. Бұл баланың келешегiн сындыру мен құрту деген сөз.

  4. Үлкендердiң қатаңдығы мен қатыгездiгi арқылы баланы жасытып жөндеймiн деу, барып тұрған надандық.

  5. Тек қана мейiрiм мен сүйiспеншiлiк, екi жақты да адамдық сипатқа жеткiзетiнiн бiрден ұққан жөн.

  6. Психологиялық түзету жүргiзетiн кезеңдердiң бәрiнде де, басынан бастап, тек қана төзімділік керек! Тәрбиелiк iс-әрекет үстiнде – сабырлы iлтипат, салқындылық, ұстамдылық қажет.

  7. Баланың саналы түсiнгендiгiне сенiм көрсете отырып, өзара қарым-қатынастың жетiстiгi дәлелдi де, мазмұнды болғаны дұрыс. Жеткен жетiстiктер әдiлеттi бағаланғанымен, тым асыра мадақтаудың да орын алмауын қадағалау есте болсын. Артық айтқан мақтау сөз, ешқашанда жақсылық әкелмейдi.

Осылайша, психикалық зардап шеккен балаға психологиялық түзетулер жасаудың жолдары көп. Бiздер келтiрген басқа да, толып жатқан тәсiлдердiң болуы әбден мүмкiн. Бұл жағдайды азды-көптi сөз етудi, жас ұрпақтың тәрбиесiндегi соңғы жылдарда ерекше белең алып отырған психикалық зардапты ескертудi парыз санадық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет