Совет–Хан Єаббасов



бет239/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   294
Байланысты:
treatise70934

ҚАНАҒАТ


И н а б а т (этика) сипаттарының ішінде ерекше мәнге де мазмұнға ие — Қанағат атты қасиетті ұғымның қалыптасуына — Ж ү р е кт і ң де, А қ ы л д ы ң да қатынасы бар.Адам бойындағы бұл с и п а т — Жүрек пен Ақылдың үндесе жетілуінен ғана нәр алады. Тіпті, адам мінездеріндегі Қанағаттық қасиеттері, әбден толыса нұрланған соң, қайыра с ә у л е шашып Жүрек пен Ақылдың өзіне шапағатын тигізеді. Міне, Қанағаттың — құдіреті осындай?! Абай өзінің ұлағатты ұстаздықпен ұрпағына ұсынған 43-ші Қара сөзінде: — «...Әрбір жақсы нәрсенің өлшеуі бар, өлшеуінен асса — жарамайды. Өлшеуін білмек — бір үлкен керек іс. Ойланбақ жақсы, бірақ іске тіпті салынып кеткен кісі, ойын байлай алмай, қияли болып кететіні де болады. Ішпек, жемек, кимек, күлмек, көңіл көтермек, құшпақ, сүймек, мал жимақ, мансап іздемек, айлалы болмақ, алданбастық — бұл нәрселердің бәрінің де өлшеуі бар. Өлшеуінен асырса, боғы шығады.
Мансап сүйгіштік, мақтаншақтық, ашуланшақтық, өтірікшілік, осыған ұқсаған әрбір маскүнемдікке тартып, құмар қылып, ақылдан шығарып жіберетін нәрселер болады. ...Адамшылықтан шығарып, құмарпаздыққа салып жіберетұғын нәрселерден бойды ерте тыйып алу керек. Пайда, залалды айыратұғын қуаттың аты — ақыл еді ғой. Бір ақыл қуаты бірден мұны тоқтатып болмайды. Һәм ақыл, һәм қайрат, — екі мықты қуат қосылып тоқтатады...»1 — деп мөлшерсіздік пен қанағатсыздықтың түбі қайғы-қасірет екендігін аңғартады. Әсіресе, қанағатсыздық тәрізді зауалдың алдын алу үшін, бір ғана а қ ы л д ы ң күші жете бермейтіндігін, Абай ғұлама мәймөңкелемей ашып айтып отыр.
Дәл осындай ұғымды ағылшынның кемеңгер ойшыл педагогі Джон Локк та былайша сипаттайды: — «...От воздержания пред слишком поспешным подчинением своим желаниям, от умерения и сдержки своих страстей, дающей разуму возможность свободного и беспристрастного исследования и суждения. Итак, р а з у м вступает в свои права руководства нашей деятельностью только при условии сдержки наших ж е л а н и й...»2,— деп, адам нәпсісінің қанағатына ерекше мән беретіндігін байқаймыз.
Шындығында да адам нәпсісінің қанағаттылығы — тікелей ж ү р е к тәрбиесі мен а қ ы л тәрбиесі жүйелерінің үндесе әсер етуімен ғана қалыптасатындығын, тек Абай ғана аша білген педагогикалық көзқарас екендігін ашып айтқан жөн. Адам тәрбиесіндегі осыншама күрделі құбылыстарды түсіне алуға, Абайдың құзыры әбден жетіп-ақ тұр?! Өйткені, ол Шығыс пен Батыстың ойшылдарының айтқандарын сыни пікірден өткізіп қана қоймай, ой елегімен дұрыс деп айтқандарын үнемі сабақтастыра қорытып ұштастыруға тырысады. Осындай құнары мол тәсілдерді пайдаланудың арқасында, ол адам тәрбиесі үшін аса қажетті педагогикалық тәлімнің пәрменді сырларын ашады. Бұл — Абайдың педагогикалық еңбектеріндегі әлі күнге дейін, бұрын-соңды сөз болып та көрмеген. тіпті ешуақытта мән берілмей келе жатқан тұсы.
Адам тәрбиесінде жүректің орнын ерекше бағалауды Абай сонау шығыс ойшылдары—әл-Фараби, ибн-Сина, Жүсіп Баласағұн, Ғұламаһи Дауани, Әлішер Навои, Жүсіп Қарабағидан—тарата дамытқан. Адамның дүниетанымдарының дұрыс қалыптасуына, шешуші қызмет атқаратын, түйсік пен ішкі және сыртқы бес сезімдер (хауас, хауас сәлим, хауаси хамса заһири), гуманистік тұрғыдағы үш сүю (имани гүл), сонымен қоса, а қ ы л, әділет, рахым (жауәнмәртлік) ілімдеріне ерекше мән беріп қана қоймай, оны барынша халық педагогикасымен үндестіре қарауға тырысқан. Сайын далада отырып данышпандықтың шыңына шыққан, Абайдай ғұламаның осынау бір өзіне тән жұмбақ сырын алғаш ашушы және бұл жөнінде бағдар беруші, заманымыздық ғұлама-жазушысы М.О. Әуезов болса, сол кезінде тезис ретінде ғана жазуға мүмкіншілігі болған нұсқауларды бірсыдырғы таратып жетілдіре дамытқан, абайтану мен мұхтартануды үндестіре ілгерлетуші, белгілі ғалым М.Мырзахметов екенін айта кеткен жөн.
Адам мінездеріндегі тәрбие күшімен қалыптасатын Қанағаттың бір ұшы, кезінде негізін Фараби қалаған—хауас, имани гүл, жауәнмәртлік—ілімдерінің тәсілдерімен сабақтасып жатқанын көреміз. Ұлы Абайдың кемеңгерлігі сол, осынау замана тосқауылдарына төтеп бере отырып жеткен, үш түрлі ілімнің сырларын терең ұғынып, олардың сипатынан қазақ халқының ежелден келе жатқан тәлімімен етене жақын екенін танығаннан кейін, оның принциптерін өзінің өлеңдерінде де, қара сөздерінде де кең түрде пайдаланған. Ол — осы ілімдерді, келешек ұрпақ тәрбиесінде пайдалануды барынша арман еткен. Бұл туған жұртына тілеген — Абай армандарының бірі ғана десек болады.
Міне, заман өзгеріп, ғасыр ауысып жатыр. Не ықылым ғасырлардан өтіп, не бір сорақы тұрмыстарды кешіп, қазақ халқы арманнан да алыс боп кеткен өзінің дербестігін алысымен-ақ, бұрын ешуақытта ойына кіріп шықпаған, өзінің ұлттық оқу-ағарту жүйесінің үлгісін жасауға кірісті. Халқымыздың болашақ ұрпақ тәрбиесін ғылыми жүйелейтін осы үлгіде — екінші ұстаз атанған Фарабиден бастау алатын, Абайдың педагогикалық еңбектеріндегі ересен мол қазыналар, тереңдей зерттеліп міндетті түрде көрініс табуы қажет. Оны толғандырған «нұрлы ақылға» бай, іштей де, сырттай да жетілген «толық адам», біздің де келешектен күтер арманымыз екенін айтып қою аз, оның ұрпақ тәрбиесіндегі ү л г і с і н жасауымыз керек.
Абай өзінің бүкіл шығармалық еңбектерінде, өлеңдері мен қара сөздерінде де, адам тіршілігіндегі — ж ү р е к т і ң ықпалы, адамның т ә н і мен ж а н ы н ы ң падишасы ж ү р е к екенін — дәлелдеп көп жазған ғұлама еді. Жүректің ізгілікті және махаббатты болу себептері — «...әуелі хауас сәлим (ішкі сезім, жақсы сипат) һәм тән саулық, бұлар туысынан болады...»1 — деп жүрек тәрбиесінің ана құрсағында қалыптасатындығын меңзейді. Абайдың бұл мағынадағы меңзеуін төмендегі өлеңнен де көруге болады:
Алла деген сөз жеңіл 2
Аллаға ауыз жол емес.
Ынталы ж ү р е к, шын к ө ң іл
Өзгесі хаққа қол емес.

Дененің барша қуаты


Өнерге салар бар күшін.
Жүректің ақыл суаты
Махаббат қылса тәңірі үшін.

Ақылға сыймас ол алла,


Тағрипқа3 тілім қысқа аһ!
Барлығына шүбәсіз,
Неге мәужүт4 ол куә.

Ақылмен х а у а с5 барлығын


Білмейдүр, жүрек сезедүр.
Мутәкәллимин б мантикин 7
Бекер босқа езедүр —

деп шығыс философиясындағы мәнді сөздермен сілтеме жасай отырып із тастап жазады. Міне, осы өлеңімен (3 — түсіну, білу, анықтау; 4 — бар нәрсе; 5 — түйсік, сезім сипаттары; 6 — дінді дәлелдеушілер; 7 — қисынсыз сөз;) данышпан Абай терең-терең ағымдарды меңзеп қана қоймай, неше алуан ілімдердегі тұжырымдарға да мән береді. Осылайша, шығыс философиясындағы көне ілімдермен ұштастыра отырып, өзінің жандүниесімен құптаған — жүректің тендессіз ықпалын (культін) үнемі алдыңғы қатарға қоюдан айнымайды. Абайдың осы көзқарастарына сүйене отырып, біздін халық педагогикамыздың арқауы мен арнасы да, осы маңайға көмбесін қалдырғанын аңғаратын мезгіл жетті. Тек, осы құдіретті жүрекпен сезіп, а қ ы л м е н аша ұғынсақ екен.


Арнайы тоқталып сөз етіп отырған, адам мінезіндегі қанағаттылық сипаты, адамдардың адамгершілігі мен кісіліктерін сақтап, аса үлкен мұраттарға жетелейтіндігін халық педагогикасының қағидаларынан да анық байқауға болады. Мәселен, халық даналығы: «Қанағат‑қарын тойғызады,қанағатсыздық‑жалғыз атын сойғызады», — деп өз тұрмысының, жай-күйін тұтас алып сипаттайтын ой түйеді. Егер, қанағатсыздыққа салынып, бір шаңырақтың астындағы жандарда ғана емес, бүкіл ауылды асырап отырған жалғыз атты сойсаң, бірдің, емес, жүздің тіршілігін солдырғанмен бірдей болатындығын ашық айтып тұр. Міне, бұдан көп толғаныстармен толыса, қаншама ілімдермен салыстыра жетілдірген Абайдың педагогикалық көзқарастарының бастауы да халық педагогикасымен біте қайнасып жатқанын аңғару қиын емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет