Квалиметрияның негізгі міндеті жəне мақсаттары Квалиметрияның міндеті – сапаны бағалаудың барлық əдістерін əзірлеу мен дамыту. Жоғарыда атап өткен кешенді бақылау əрқашан қажет бола бермейді. Кей жағдайда сапаның тек бір ғана қасиетінің дифференциалды бағасы да жеткілікті (мысалы, жақсы тауарды таңдау мақсатында екі үлгіні салыстыру барысында бір үлгінің барлық басқа қасиеттері екіншісінің қасиеттерімен сəйкес болуы мүмкін).
Квалиметрияның негізгі мақсаттары:
1. Кез келген өнім (бұйым, қызмет, үрдіс жəне т.б.) əртүрлі қасиеттермен сипатталады. МЕМСТ 15467-79 «Өнімнің сапасы. Терминдер». Бұл қасиеттер жай жəне күрделі болуы мүмкін.
2. Сапа бұл өнімнің тұтынушы үшін пайдалылығын анықтайтын күрделі қасиет немесе қасиеттер жиынтығы.
•Сапа көрсеткішінің иерархиялық-абсолюттік мəнін анықтау,
•Сапа көрсеткішінің базалық мəнін анықтау;
•Сапа көрсеткішінің тепе-теңдік коэффициентін анықтау;
•Сапаны бағалаудың сандық кешенді мəнін анықтау.
6. Сапаның абсолюттік мағынасының көрсеткіші əрбір жай жəне күрделі қасиеттермен сипатталады жəне жеке мағынасын көрсетеді. Басқа өнімнің сəйкес (ұқсастық) көрсеткіші арнайы деңгейде қолданылады. Бұл жеке көрсеткіш, яғни абсолюттік мағына көрсеткіші базалық мағына көрсеткішінен қалыптасады жəне сапаны салыстырып бағалаудың негізін құрайды.
7. Абсолюттік жəне жеке сапа көрсеткіштерінің мағынасы əрбір жай жəне күрделі қасиеттермен, өзінің күрделілігімен, маңыздылығымен сипатталады.
8. Өнімнің сапа деңгейі сапаның мөлшерлік сипаттамасы. МЕМСТ 15467- 79 бойынша өнімнің сапасы жеке сипаттамаларымен анықталады.
Сапа – квалиметрияның негізгі нысаны ретінде Сапа - əртүрлі, біртұтас факторларды анықтайтын синтетикалық көрсеткіш.
Өнімнің өмірлік циклі деген не? Өнімнің сандық және сапалық сипаттамалары қандай?
Өнімнің өмірлік циклі – өнімді жобалау, өндіру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу, жою және кәдеге жарату процестері, яғни өнімді өндіргенде және пайдаланғанда болып отыратын өзгерістерге сай өзара байланыстағы процестер жиынтығы болып табылады.(техникалық реттеу заңынан)
Сапа өміршеңдік циклінің сатысына қарай бағаланады:
• Жобалау кезінде құрылғының (құралымның) сапасына сай бағаланады;
• Дайындау кезінде технологияның мүмкіндіктеріне сай келуі;
• Пайдалану кезінде атқарушылық сапасы бағаланады