Өнімнің сандық және сапалық сипаттамалары Сапа- бұл өзіне меншікті мінездемелерінің жиынтығының талабын орындайтын дәреже.
Өнімнің сапа көрсеткіштері ГОСТ 15467-79 регламенттелген өнімнің белгісі мен параметрінің түсініктерімен тікелей байланысты. Бұл стандартқа сәйкес, өнім белгісі - өнімнің кез келген қасиеттері немесе күйлерінің сапалық және сандық сипаттамасы, ал өнім параметрі - өнімнің кез келген қасиеттері мен күйлерін сандық сипаттайтын өнім белгісі. Өнім көрсеткіші, белгісі мен параметрі, өнім сапасын бағалау үшін қолданылатын «өлшем» жалпы ұғымының формалары болып табылады.
Өлшем – белгілі бір сапаны нақты санмен байланыстыру қажет болатын, сапалы және сандық жақтар бір-біріне сәйкес келетін, объектілердің сандық және сапалық жақтарының бірлігі.Сапа ұғымымен өнім қасиеті, өнім белгісі, өнімнің техникалық деңгейі, тауардың бәсекегеқабілеттілігі, сапа көрсеткіштері сияқты түсініктер тығыз байланысты.
Өнімнің сапалық көрсеткіштеріне материал түсін, бұйымның формасын, бөлшеу бетінде антикоррозиялық немесе безендіргіш төсемдердің бар болуы,бұйым бөлшектерін бекіту тәсілі, техникалық құрылғыларды жөнге салу мен реттеу тәсілі жатады. Сапалық көрсеткіштер альтернативті сипатқа ие болып, өзара бірін-бірі жоққа шығаратын екі вариантты иеленеді.
Өнімнің сандық көрсеткішіөнім параметрі болып табылады және оның сапа көрсеткіштерінің бірі болуы мүмкін.Өнім сапасының көрсеткіші сапаның құрамына енетін белгілі бір қасиеттің көріну дәрежесін сандық сипаттайды, оның атауы сипатталатын қасиетті анықтайды, мысалы: өлшеу дәлдігі, жиіліктер диапазоны, беріктігі, өміршеңдігі, т.б
Сапа басқарудың ғылымдағы, өндірістегі және жалпы шаруашылықтағы маңызын атап өтіңіз.
Шығарылатын өнімнің сапалы болуы тұтынушыға қандай экономикалық пайда әкелсе, соншалықты өндірушіге де өз пайдасын әкеледі. Тек жоғары сапалы өнімді пайдаланумен байланысты шығындар азаяды, тұтынушы үшін пайдалы әсер өседі, ал өндіруші үшін өнім сапасының жоғары болуы өткізу және сату көлемінің кеңеюі әсерінен табыс пен пaйданың көбеюіне мүмкіндік туғызады. Егер өнім сапасы жоғары болса, табыс пен пайда көбейе түседі. Осы мақсатқа тек кәсіпорын тиімді түрде өнімнің сапасын басқару арқылы ғана жетуге мүмкін екендігі сөзсіз. Өнімнің сапасын басқару – сапа талаптарын қанағаттандыру, оның ішінде жобалау-конструкторлық және өзара шарттық талаптарға сай келуі үшін пайдаланатын әдістер мен қызметтер жиынтығы. Ал сапаны басқарудың нысанына өнімнің сапасына әсер ететін үрдістер жатады. Олар өнімнің өмір сүру циклының өндіріске дейінгі, өндіріс сатысында және өндірістен кейінгі сатыларында кездеседі. Өнім сапасын басқару – оның өңдеуінде, тұтынуында немесе өндірілуінде өнім сапасының қажетті деңгейін ұстау.
Мемлекеттік стандарттарға сай, өнім сапасын басқару - бұл өнім сапасына әсер ететін жағдайлар мен факторларға мақсатты бағытта ықпал ету және сапаны жүйелі түрде бақылау арқылы жүзеге асырылатын өнімді өңдеу, өндіру, айналымы және пайдалану немесе тұтыну кезінде өнім сапасының қажетті деңгейін орнату, қамтамасыз ету және қолдану