Справочник по мультимедиа (03) ббк 76. 01 я2 М78



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата04.02.2017
өлшемі5,13 Mb.
#3389
түріСправочник
1   2   3   4   5   6   7   8

өнімнің түрлері: 
 

Орын  алған  оқиғаның  панорамалық  көрінісі  -  http://www.bbc.
co.uk/russian/multimedia/2011/07/110731_v_syria_hama.shtml
 

Оқиға куәгерлерінің немесе арнайы мамандардың пікірі  - http://
kloop.kz/blog/2012/06/15/grazhdanskie-aktivistyi-ustroili-piket-
pered-zdaniem-knb-v-zashhitu-bolata-atabaeva-i-zhanbolata-
mamaya/
 

Мәселеге  қатысты  тұрғындардың  пікірі  -  http://www.bbc.co.uk/
russian/multimedia/2011/07/110725_norway_trial_voxpop.shtml
 

мұрағаттағы 
видео 

http://www.youtube.com/
watch?v=t5n6G5KkXA4 
 

класскикалық  ТВ  жаңалығы  -  http://www.bbc.co.uk/russian/
multimedia/2011/07/110731_v_guyana_plane_crash.shtml
2. ИНФОГРАФИКА (ақпараттық графика)
 
Инфографика  мәтінге  қарағанда  күрделі  ақпаратты  жылдам  әрі 
жақсы түсіндіреді. 
Инфографика төмендегідей міндеттерді жақсы атқарады:
 

қандай  да  бір  тенденцияны  көрсету  (болашақтағысы  немесе 
өткені)
 

қандай да бір жұмыстың алгоритмі
Алайда  инфографикада  көркемдік  емес,  ақпараттық 
элемент  басым  болуы  тиіс.  Бір-екі  абзацпен  түсіндіруге 
болатын ақпаратты инфографикаға айналдырудың қажеті 
жоқ. Инфографиканың басты ұстанымы – «аз уақытта көп 
ақпарат жеткізу» екенін ұмытпаңыз. Ақпаратты визуалды 
формада жеткізу оны оңай қабылдауға септігін тигізеді. 

27 >>
Мультимедиалы журналиске арналған практикалық кеңестер
 

географиялық ерекшеліктері бойынша (елдер, қалалар) оқиғаны 
немесе құбылысты салыстыру
 

ауқымды ақпаратты сығымдап көрсету үшін т.с.с.
Инфографика  қосымша  түсіндіруді  қажет  етпей  түсінікті  болатын 
ақпараттың барлығын қамти алуы керек. 
Инфографикада  сонымен  қатар  ақпараттың  дереккөзін,  төменгі 
жағына көрсетіп қою керек. 
Журналистің өзі инфографиканың визуалды бөлігін әзірлеуге міндетті 
емес.  Бұнымен  дизайнерлер  айналысады.  Журналист  сандарды, 
мәліметтерді жинақтап, құрылымын түзіп, өзінің идеясын ұсынады.
РИА  Новости  агенттігі  мультимедиа  бойынша  әлемдегі 
беделді  ақпарат  құралы  деп  есептеледі.  Статикалық  және 
интерактивті  инфографикаларын  мына  сілтемеден  көруге 
болады. http://ria.ru/infografika
3. ФОТО. Оқиға туралы әңгіме
 

Оқиғаның  қалай  өрбігенін  баяндайтын  фоторепортаж,    (жиі 
қолданылады)
 

фотоэссе,  мәселенің  эмоционалды  қырын  көрсету  үшін 
қолданылады
 

оқиға  өзге  жерлерде  қалай  көрініс  тапқанын  көрсету  үшін 
қолданылады
 
 

оқиғаға қатысушылардың суреттерін көрсету 
 

мұрағат суреттері
 

қарама-қайшы сурет. Мысалы, оқиғаға дейінгі және кейінгі сурет.  
Мысалы, мереке қарсаңындағы және мерекеден кейінгі гүл базар
Үлгі
 http://ria.ru/photolents/20131113/976533118_976524938.html

28 >>
Үшінші бөлім
4. АУДИО. Жиі қолданылмайды
 

Өзге қаладан, шетелден арнайы сарапшының пікірін алу керек 
болған кезде
 

Видео түсіре алмайтындай мүмкіндік туындағанда
 

Нақтылы оқиғаға орай туындаған қажеттілігі   
Қорытындылайық. Қандай да бір іс-шараға бармас бұрын қолыңызда 
бар  аз  ғана  мәліметке  сүйене  отырып,  бірнеше  мультимедиалық 
алгоритм  құрастыру  керексіз.  Оқиға  орнына  барған  кезде  көп 
алгоритмнің ішінен тиімдісін таңдап аласыз.  
Оқиғаға қатысты 
бастапқы ақпарат 
(пресс релиз, 
анонс, жаңалық)
Онлайн жазба
Бастапқы ақпараттың кеңейтілген 
түрі
Видео. Жасауға болатын 1-2 
нұсқа. Мысалы, оқиға панорамасы 
немесе тұрғындардың пікірі
Фото. 1-2 нұсқа ойластыру
Мысалы, портерттер және 
фоторепортаж
Инфографика
Ақпаратты жинақтап, идея 
әзірлеу
Аудио. 1-2 нұсқа ойластыру 
Мысалы, өзге қаладағы 
маманның пікірін жазып алу
Мультимедиалық алгоритмнің үлгісі

29 >>
Мультимедиалы журналиске арналған практикалық кеңестер
(если 
необходимо)
P.S.  Мультимедиаша  ойланудың  басты  мақсаты  -  мүмкіндігінше 
мультимедиалық  өнімдердің  бірнеше  түрін  қолдануға  тырысуды 
бағдарлау. Бірақ іс жүзінде екі-үшеуімен шектеліп қалуыңыз мүмкін 
(мысалы:  мәтін-видео-инфографика,  мәтін-видео-фото,  мәтін-
инфографика).
Үлгі
 (ақпараттық жаңалық пен инфографиканың бірігіп берілуі)
«2013 жылы Ресейде ВИЧ індетімен 54 мың жаңа оқиға тіркелді» (В 
России зарегистрировано 54 тысячи новых случаев ВИЧ в 2013 году) 
- http://ria.ru/society/20131115/977162212.html

30 >>
Үшінші бөлім
Бұл  кеңестер  мультимедиа  журналисі  боламын  деушілерге  көмек 
ретінде жазылған, оқиғаны немесе ақпаратты мультимедиа көмегімен 
дайындаудың артықшылығын түсінетін, «мультимедиа деген не?» деп 
сұрамайтындарға арналған.
1-кеңес. 8-наурызды Жаңа жылда 
жоспарлаймыз
Кез  келген  журналист  жұмысы  жоспарлаудан  басталады.  Ал 
мультимедиалық  хабарларда  жоспарлаудың  рөлі  арта  түседі. 
Материалды  тез  әрі  түсінікті  жеткізу  жұмысты  бастамастан  бұрын 
оқиғаны  нақты  жоспарлаумен  байланысты.  Ол  оқырманға 
қаншалықты қызықты, ол нені білгісі келеді және не пайдалы болады?
Материалды дайындауда мультимедианың қай элементі мен жанрын 
Гүлім Әмірханова
Мультимедиа саласының маманы, журналистерге 
арналған best-app.ru сайтының жетекшісі
Мультимедиа 
журналисіне 9 кеңес

31 >>
Мультимедиалы журналиске арналған практикалық кеңестер
таңдайсыз?  Үнхабарлар, слайд-шоу,  әлде  жақсы  видеоны  ұсынасыз 
ба? Мүмкін сіздің материалыңызға тек түсінікті инфографика қажет 
шығар. Интерактивті фотоны қашан қолдану керек? Ал сіз жазғалы 
отырған оқиғаны комикс түрінде беруге болады ма? Бұл сұрақтарды 
материал  жазбастан  бұрын  өзіңізге  қойыңыз.  Себебі    сіз  таңдаған 
жанр мен элемент қандай ақпарат табу керек екендігіне көмек береді. 
Яғни,  статистикалық  мәліметтерді,  оқиға  кейіпкері  мен  сарапшыны 
таңдауға көмектеседі. Ал ең бастысы,  материалды дайындауға қанша 
уақыт  жұмсалатындығын,  қандай  аппаратура    қажеттігін  анықтай 
аласыз.
Жоспарлау  –  жұмыстың  ең  маңызды  сатысы.  Жоспардың  жоқтығы 
бизнес  процесте  де,  жұмыстың  нәтижесінде  де  бірден  көрінеді. 
Түсініксіз  инфографикамен,    түсініксіз  таймлайнмен  жасалған, 
қызықсыз  фоторепортаждан  құралған  сапасыз  материалды  ешкім 
оқырманға ұсынғысы келмейді.           
 
2-кеңес. Сапа да маңызды
UGC-ң (User-generated content) интернеттегі аудиожазба, видеожазба 
және фотоның сапасына әсері күшті болды. Қазіргі кезде медианың 
сапасына баса назар аударылады. Табиғи апатты оқиға орнынан сол 
сәтте  түсірілген  фото,  видеоңыздың  сапасына  кешіріммен  қарауға 
болады. Бұл орайда он шақты көліктің видеорегистраторы түсірген 
Челябинсктегі  метеориттың  құлауы  туралы  видеосын  еске  алуға 
болады. 
Ақпаратты  тұтынушы  сізден  сапалы  ақпарат  күтеді.  Әлемде  тек  қана 
мағыналы, әрі пайдалы ғана емес сапалы контенттің өтімділігі жоғары. 
Бұл тек үлкен БАҚ қана емес, аймақтық медиа үшін де маңызды.
 
3-кеңес. Ақпараттар лентасы немесе long read
Ақпаратты жылдам тарайтын ақпараттар лентасы түрінде, әлде  үлкен 
формадағы  long read түрінде бере аласыз. Ол сіздің жоспарыңызға, 
мультимедиа құралын таңдауыңызға байланысты. 

32 >>
Үшінші бөлім
Сонымен  қатар,  материалды  дайындауға  жұмсалатын  уақыт  пен 
қолданушыға ұсынылатын материал да маңызды рөл атқарады.
Ақпараттар  лентасы  тез  арада  мультимедиалық  контент  жасауға 
көмектеседі.  Алайда,  кейде  сапасының  нашарлауына  да  әсер  етеді. 
Меніңше, мультимедиалық өнім жасау үшін бір журналистің еңбегі 
жеткілікті.    Ал  үлкен  жобалар  үшін  командалық  жұмыс  қажет. 
Сонымен  қатар,  ақпарат  әр  мультимедиа  құралында  қайталанбас 
үшін логика мен материал құрылымын сақтау қажет. Long read-тегі 
әр  мультимедиа  элементі    оқиғаны  дамытып,  толықтырып,  жаңа 
қырынан танытып отырады.
  
4-кеңес. Аз сөз, көп сан
Журналистикаға  математиканың  кірігуі  журналистер  үшін  аса 
қуанарлық  жаңалық  болмады.    Журналистикадағы  мәліметтер  мен 
визуализация журналистерді әлеуметтану, статистика және мектептегі 
алгебра  сабағын  еске  түсіруге  мәжбүрледі.  Себебі,  мультимедиада 
журналистикалық  сандар  көп.  Журналистік  мәтінмен  жұмыс  жасау 
бәріміздің  қолымыздан  келеді.  Ал  журналист  үшін  сандармен 
жұмыс  жасау  қиындық  тудырып  жатады.  Ол  үшін  бізге  50%  бен  ½ 
айырмашылығын  түсіну  керек.  Себебі,  статистикалық  мәліметтерден 
мемлекеттік  тапсырыс  есептері  арасынан  қызықты,  жаңа  ақпарат 
табуға,  құжаттардың  растығына  көз  жеткізуге  көмектеседі.  Демек, 
журналистер оқиғаны сандарды сөйлету арқылы баяндайды. 
5-кеңес. Мәтіннің аздығы ақпарат пен 
жұмыстың жеткіліксіздігінен емес 
Егер  журналистерге  «адамдар  ақпаратты  аз  оқиды»  десек,  олар 
сараптамалық мақала жазбай қоюлары ықтимал. Егер «тұтынушыларға 
түсінікті ақпараттық тақырыпшалар жазу керек» десек,  «Алматыдағы 
спектакль» стиліне көшіп кетеді. Егер инфографика жасауға болатын 
болса,  графикалық  визуализация  қажет  емес  барлық  жерге 
инфографика сала береді.

33 >>
Мультимедиалы журналиске арналған практикалық кеңестер
Сапалы камерасы бар жақсы смартфондар шықты десең, «фототілшіні 
жұмыстан босатамыз ба?» деп жауап береді. Ал егер, оқиға орнынан 
слайд-шоу,  фотопанорама  жасайтын  бағдарламаларды  көрсетсең, 
«Мен 50демін (45, 60,70), оны жастар жасасын» дейді.
Оқырман  визуализацияны  қалайды  десең,  тағы  да  «ақпарат 
жинамасақ болады ма?» дейді.
Мультимедиалы  журналистикада  ешкім  журналистика  негіздерін 
жоққа шығармайды. Тек ақпаратты беру тәсілдері өзгереді. Ақпарат 
жинау,  сұхбат  технологиясы,    видеотүсірілім  мен  фототүсірілім 
ережелері қаншама жыл бойында өзгермеді. Солай қалады.
Сіздің  жұмысыңызға  мультимедиалы  жоспарлаудың,  материал 
дайындау мен түрлі сервистерді қолданудың енуі журналистиканың 
бағытының өзгергендігін көрсетпейді.
Сондай  ақ,  оқырмандардың  аз  оқуы  сараптамалық  мақалаларды 
қажетсінбейді деген сөз емес. Тек ақпаратты ұсынудың тиімді жолын 
білу  керек.  Қазір  өте  үлкен  көлемді  ақпаратты  түрлі  әдістермен 
қысқаша етіп беруге болады.
Сол себептен де, жұмыс барысында смартфонды қолдану тиімді. Ол 
фототілшіні  жұмыстан  босатып  жіберу  деген  сөз  емес.  Керісінше, 
фототілшінің  бір  сурет  үшін  іс-шараға  бармай,  өзінің  тақырыптық 
фото репортажын жасауға мүмкіндігі болады. 
6-кеңес. Дизайнер мен IT-маманының рөлі арта 
түсті
Егер ақпарат пен IT-саласынан хабары бар, ақпараттарды бір жүйеге 
келтіретін,  визуализацияға  көмектесетін  бағдарлама  жасай  алатын 
дизайнер болса, демек әлемдегі ең мықты редакциямыз деп есептей 
беріңіз.
Мультимедиалық  редакцияда  журналист  пен  редактордың  рөлі 
ауысады. Демек,  журналист пен редактор редакциядағы ең маңызды 
адамдар емес. Себебі ақпараттың берілуін дизайнер немесе IT маманы 
таңдауы  мүмкін.    Қазір  кейбір  ақпарат  құралдарында  инфографика 

34 >>
Үшінші бөлім
үшін қандай ақпарат керек екенін дизайнер журналиске айтады.
Яғни,қазірден бастап өзіңіздің авторлығыңызға ортақтасатын техник 
мамандарды іздей беріңіз. Ол редактор да болуы мүмкін.
7-кеңес. Сервистің көптігі мүмкіндіктің көптігі
Ұялы  телефондар  мен  онлайн  сервистер  арқылы  сюжетке  монтаж 
жасауға,  дизайнер  көмегінсіз  инфографика  сызуға,  тікелей 
видеотрансляция  жүргізуге,  интерактивті  фото  мен  слайд  шоу, 
фотопанорама мен интерактивті карта жасауға болады. Сондықтан, 
аптасына  бір  рет  болсын  жаңа  сервистерді  игеруге  уақыт  бөлу 
керек.  Сіз  меңгерген  сервистердің  саны  мультимедиалық  материал 
дайындауда таптырмас көмек береді.
8-кеңес. Әлеуметтік желілер мен блогтар 
Журналистерге  арналған  мультимедиа  бойынша  өткен  соңғы 
семинарда  Қазақстандағы  аймақтық  газеттің  өкілі  «Неге  әлеуметтік 
желілерді медиаға жатқызасыз? Ол БАҚ емес қой» деді.
Интернет,  әлеуметтік  желілер,  мультимедиа,  гаджеттер  автомобиль 
мен самолет секілді. Сізге ұнамағанымен, діттеген жеріңізге уақтылы 
әрі жылдам жету үшін сіз оларды қолданасыз. Себебі, атпен немесе 
жаяу жүремін дегенше көп дүниеден құр қаласыз.
Меніңше, әлеуметтік желілер медиаға жатады ма деген сұрақ ескіріп 
кетті.  Әлеуметтік  желілерді  өз  жұмысымызда,  журналистикада 
қолдану керек пе деген сұраққа да мың рет жауап берілді. Көптеген 
кеңестер мен нұсқаулықтар жазылды. Фейсбукте, твиттерде аккаунт 
ашайын ба деп сұрамаңыз. Ашыңыз. Байланыс үшін болмаса да, сіз 
ақпарат көзіне қосылулы болуыңыз керек. Әлеуметтік желілер  дерек 
көзі және құрал. 

35 >>
Мультимедиалы журналиске арналған практикалық кеңестер
9-кеңес. Аппаратура
Смартфондардың  дамуынан  әртүрлі  гаджеттердің  көмегіне 
жүгінбеуімізге  болады.  Бізде  мүмкіндік  көп.  Егер  телефонды 
қолданғыңыз  келмесе,  флип-камера  бар.  Мақсатыңызға  лайықтап, 
аппаратураңызды  да  анықтап  алу  керек.  Мәселен,  фотокамера, 
видеокамера,  микрофон,  интернет.  Аппаратураны  пайдаланбастан 
бұрын қуатын, қосымша батарейка т.б. тексеріп алған жөн.
Барлық  мультимедиалық  сервистер  алдын  ала  тексерілген  болуы 
керек.  Оқиға  орнынан  мультимедиалық  жұмыс  жүргізудің  схемасы 
да алдын ала бекітілуі керек. 

36 >>
Үшінші бөлім
ЖАҢА МЕДИА 
МЕН КОНВЕРГЕНТТІ 
ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ 
ҚАЗАҚСТАНДА 
ДАМУЫНА ҚАТЫСТЫ 
ЖАЛПЫ КЕҢЕСТЕР 

37 >>
Мультимедиалы журналиске арналған практикалық кеңестер
Мен  2007  жылдан  бері  радиода  істеп  келемін.  Әуелі  жастар 
бағдарламасында,  кейіннен  жаңалықтарға  келдім.  Радионың 
тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі - бұл радионың интернет 
сайтқа көшуі болды.
2008  жылдың  жазында  радионың  онлайн  журналистика 
принциптеріне негізделген сайты пайда болды. 2003 жылы ашылған 
алғашқы сайт радионың көшірмесі ғана болатын.
Дәл  осындай  кезең  қазір  көптеген  редакцияларда  қайталанып 
жатқандықтан біреу болмаса да біреуге керек болар деген үмітпен 
сол кездегі тәжірибеммен бөліссем деп едім.
Онлайнға  көшкен  кез-келген  медиа  сияқты  бастапқы  кезеңде 
радио  мен  интернет  қатар  (2008-2012)  жүрді.  Интернетке  көшу 
Радиодан интернетке  
Мақпал Мұқанқызы
Жаңа технологиялар, блогосфера, жастар 
өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер 
тақырыбын қозғайтын 
интернет-журналист   

38 >>
Үшінші бөлім
кезінде  редакция  үлкен  өзгерістерге  ұшырады.  Интернет-
ресурстың  жұмысы  тармақталғандықтан  радио  мен  интернетті 
қатар  алып  жүру  редакторлар  мен  тілшілерге  салмақ  түсірді. 
Жұмыстың  көп  болғаны  соншалықты  сол  кездегі  редакторлар 
редакцияға  таңғы  жеті-сегізде  келіп,  түнгі  тоғыз-ондарда  кетіп 
жүрген  кездері  болды.  Тілшілерге  де  талап  күшейе  түсті.  Бұрын 
тек аудио сапасы маңызды болса, енді оған мәтін ғана емес, сурет, 
видео қосылды. Әрине, бұл талаптарды дағдыға айналдыру үшін 
белгілі бір уақыт қажет болғаны рас. Және оған қатысты көптеген 
тренингтер  өтті.  Дәл  сол  кездегі  тілшінің  міндеті  мынадай  еді. 
Айталық, егер тілші аштық жариялаған үлескерлердің акциясына 
барса,  өзімен  бірге  диктофон,  фотоаппарат,  флипкамера  (видео 
түсіретін  құрал)  алып  жүруі  тиіс.  Ол  оқиға  барысын  камераға 
басып,  мүмкіндігінше  суретке  де  түсіруге  тырысатын.  Сонымен 
бірге  керек  жерін  диктофонға  жазып  алады.  Мұнан  соң  болған 
оқиғаны  телефонмен  редакцияға  баяндайды.  Сәйкесінше, 
бірнеше  сағат  ішінде  не  жаңалық  не  дамытып  мақала  жазып 
береді.  Көп  жағдайда  мұндай  оқиғалар  сайттың  мультимедиа 
бөлігіне  келетіндіктен  түсірілген  видеоны  тілшінің  өзі  не  өзге 
әріптесі монтаждап сайтқа салады. Алынған суреттер де арнайы 
сипаттасымен  дер  уақытында  техникке  өткізілуі  тиіс.  Мұнан  соң 
интернет мәтін негізінде кешкі эфирге радиохабар жасап беріп те 
үлгеруі қажет.    
    
Мәтінмен жұмыс    
Сайт жұмыс жасай бастаған кезде онлайн, радио тілшісі деп бөлінген 
жоқ. Радиоға хабар жасаған тілші дәл сол тақырыпты қағазға түсіріп, 
өңдеп сайтқа мақала ретінде өткізіп жүрді. Ол кездері радиоға әбден 
үйренген басым сайтқа мәтінді өте кеш беріп жүрдім. Өйткені,  эфир 
кешкі сағат жетіде. Әуелі радио хабар жасап, интернет мәтінге тек 
содан кейін ғана кірісетінмін. «Эфирге байлану» әдетінен интернет 
тексті  жазудың  жылдамдығы  мәселесі  көтеріле  бастаған  кезде 
құтыла  бастадым.  Айталық,  белгілі  бір  жиын  таңертеңгі  сағат  он 
бірде  болса,  оған  қатысты  мақала  түстен  кейін  дайын  болуы  тиіс 
болды. 
Жалпы,  интернетке  мақала  жазудың  кәдімгі  мақала  жазудан  аса 
кереметтей айырмашылығы жоқ. (Мен бұл жерде тек мәтінге ғана 
қатысты  айтып  отырмын).  Сол  баяғы  объективтілік,  баланс  сақтау 

39 >>
Мультимедиалы журналиске арналған практикалық кеңестер
сияқты ескі журналистика принциптері. Тақырып пен литті бұрыннан 
білесіз. Егер сіз интернетке күнделікті жазатын тілші болсаңыз, сол 
талаптарға тек жылдамдық пен ықшамдылықты қосыңыз. Өйткені, 
интернет  оқырманында  көлдей  мақаланы  оқып  отыруына  уақыты 
жоқ.  Екіншіден,  сіз  барған  жиынға  өзге  де  онлайн  басылымның 
тілшілері  барады.  Сондықтан  оны  неғұрлым  кешіктірмеген  абзал. 
Бұл жағынан алып қарағанда онлайн журналистиканың өнімдерінің 
«мерзімі  тез  өтіп  кетеді».  Әдетте,  интернет  мақаланы  тежейтін 
нәрсе - бұл баланстың табылмауы. Көп жағдайда елдегі мемлекеттік 
органдардан жауап ала алмау мақаланың кешігуіне түрткі болады.
  
Интернет  мәтін  бір  оқығанда-ақ  түсінетіндей  өте  анық,  түсінікті 
тілмен  жазылуы  тиіс.  Сөйлемдер  неғұрлым  жай  сөйлемдерден 
құралса, оқылғанға да жеңіл болады. «Айтты» деп жаза бергеннен 
гөрі  бір  сәт  «хабарлады»,  «баяндады»,  «тоқталды»  сияқты 
синонимдерді  қолданған  дұрыс.  Өзі  «арық»  болса  да,  мағынасы 
«семіз» сөздер мақаланың мәнді әрі ықшамды, жұп-жұмыр дүние 
болып шығуына септігін тигізеді.   
Радиода  ауызекі  лексика  көбірек  қолданғандықтан  оның  әсері 
өзіме  біразға  дейін  байқалып  жүрді.  Естеріңізде  болса»,  «айта 
кетейік»,  «десе  де»  т.с.с  ауызекі  лексикадан  редакторлардың 
көмегімен әрең құтылдым. Онлайн журналистикада мұндай сөздер 
мүлде  қолданылмайды.  Сапалы  интернет  мәтінін  жазатын  тілші 
жалқы есімдер мен терминдерді қолдану тәсіліне де аса мұқиятпен 
қарайды.  Егер  қандай  да  бір  терминге  қатысты  күмәні  болса, 
арнайы энциклопедия мен сөздіктерге жүгінеді. Немесе айталық, 
саясаттанушы  Досым  Сәтпаевтың  тегін  жазған  кезде  ортасында 
«б»  немесе  «п»  жазыла  ма  деген  сұрақты  интернеттен  қараудан 
гөрі өзінен сұрап алған жөн болады. Редакцияда сандарды жазуда 
да  бірізділік  сақталады.  Мысалы,  онға  дейінгі  сандар  әріппен 
жазылады.  Миллион,  миллиард  да  солай.  «Калька  мәселесі»  - 
қазақ журналистикасының «бас ауруы». Бұл ауруға кезінде өзім де 
ұшырағам. Қазақ журналистикасында қалыптасып қалған «калька 
үлгілері» көп қой. «Күтіледі» деген сияқты ең сорақы түрлерінен 
бастап,  «баға  көтеріледі»  сияқты  сәл  «қонымдылау»  түрлеріне 
дейін  ұшыраса  береді.  Тілшілер  мұндай  жағдайда  неғұрлым 
қазақи  сөздерді  қолдануға  тырысады.  Мысалы,  «жарылыс 
орын  алды»  дегеннің  орнына  «бомба  жарылды»  деу  әлдеқайда 
сауаттырақ. Сол сияқты «Баға көтерілмейді» емес – баға өседі не 
қымбаттайды.

40 >>
Үшінші бөлім
Мәтінге сурет қалай табамыз?  
Интернетке жазатын әрбір журналист мәтінге қойылатын суретті де 
табу  өз  мойнында  екенін  жақсы  біледі.  Ал  суретті  қайдан  аламыз? 
Бұл  жағдайда  белгілі  бір  жиын  немесе  оқиға  негізінде  мақала 
жазған  журналистің  «жүгі»  жеңілдеу.  Барған  жерінен  сартылдатып, 
фотоаппаратына  түсіріп  әкеледі.  Ал  егер  ондай  мүмкіндік  болмаса 
ше? Авторлық құқық мәселесіне өте мұқият қарайтын редакция сайты 
тілшіні өзі түсірмеген суретіне авторынан рұқсат сұрауды міндеттейді. 
Бұдан  бөлек,  public  domain  статусындағы  (әлеуметтік  желідегі 
суреттер)  суреттерді  сілтемесін  міндетті  түрде  көрсете  отырып 
қолдану  мүмкіндігі  бар.  Ресми  орындардың  сайтынан  алынған 
суретті  official  website  статусымен  қолдануға  рұқсат  етілген.  Дайын 
суретті  өткізудің  де  қалыптасқан  үлгісі  бар.  Бұл  қордағы  суреттерді 
дер кезінде шатыстырмай табуға мүмкіндік береді. 
Ал сурет түсіру дағдысына келсек, бұл орысша айтқанда «дело вкуса». 
Мамандар «сурет қызықты, қандай да бір көңіл-күйді білдіретін, айтар 
ойы  болуы  керек»  деп  санайды.  Бұл  тұста  Асылхан  Әбдірайымұлы 
сияқты өз ісінің нағыз шеберлерінің дәрісінен қалмаған дұрыс. 
Ең  бастысы,  фотоаппаратыңның  мүмкіндігін  білу  маңызды. 
Камераңызды  жарыққа  сәйкес  бейімдесеңіз,  ағы  -  ақ,  қарасы  – 
қара болып табиғи шығады.   Мамандар «қандай жерге бармаңыз, 
оқиғаның  «жоғары  нүктесін»  табуға»  кеңес  береді.  Өйткені,  ол 
оқырманға  болған  оқиғаны  толық  елестетуге  мүмкіндік  береді. 
(төмендегі суреттерді салыстырып көріңіз)
Негізі суретке түсірудің неше түрлі көркемдік әдістері (художественные 
приемы) бар. 
Бірақ ең маңыздысы суреттің ақпараттық мазмұны (информативность) 
мен экслюзивтілігі  немесе қайталанбастығы,  Меніңше, жаңалықпен 
айналысатын интернет ресурстар үшін де осы нәрсе бірінші орында 
шығар. 
Қазіргі кезде редакцияларда сурет галереясы немесе фоторепортаж 
жасау тәжірибесі жиі қолданылып келеді. Бұл жанр өте сирек болатын 
қызықты  көрмелер,  граффити  конкурсы  сияқты  суретпен  жеткізуге 
ыңғайлы ерекше шараларды оқырманға жеткізуде қолайлы тәсіл.

41 >>
Мультимедиалы журналиске арналған практикалық кеңестер

42 >>
Үшінші бөлім
Қазір қандай да бір мекеменің көшеде көпке көрініп тұрған көрінісін 
оңай  суретке  баса  алғаныңызбен  ішін  түсіре  алмайсыз.  Сондықтан 
егер сізде сурет анық болсын десеңіз, алдын-ала рұқсат сұрап біліп 
алған  дұрыс.  Қоғамдық  орындарда  адамдарды  түсіре  бастасаңыз, 
оған әр адам әрқалай реакция беруі мүмкін. Мұндай жағдайда кейбір 
азаматтарға сәл түсіндіруге тура келеді. Азаматтарға жеке-жеке түсіріп 
тұрмағанын,  жолаушы  немесе  қыдырған  адамдардың  бірі  ретінде 
түсіріп тұрғаныңызды айтып түсіндіріңіз. 12 жасқа дейінгі балаларды 
ата-аналарының рұқсатынсыз камераға түсіруге болмайды. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет