Справочник по мультимедиа (03) ббк 76. 01 я2 М78



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата04.02.2017
өлшемі5,13 Mb.
#3389
түріСправочник
1   2   3   4   5   6   7   8

Алғашқы сәтсіз тәжірибе 
Ғалымдар адамның бойында қандай да бір дағдыны қалыптастыру 
үшін үш компонент болу қажет деп санайды. Ниет, білім мен білік. 
(«Хочу»,  «знаю»,  «умею»).  Осы  үш  компонент  тоғысқан  кезде 
дағды  пайда  болады.  Мұндағы  айтпағым,  менімен  қызмет  ететін 
әріптестерімнің  барлығы  видео  түсіру  дағдысын  меңгерген.  Бұл 
тренингтер мен практикалардың жемісі.  
Видео  түсірудегі  алғаш  сәтсіз  тәжірибесі  әлі  есімде.  2008  жылы 
болатын. Дәл қай күні екені есімде жоқ. Бір күні Алматыда қоғамдық 
көліктердің  жүргізушілері  наразылық  акциясына  шығып,  жұмысқа 
шықпай қойды. Таңертең «Саяхат» автовокзалына келсем, бірде-бір 
автобус жоқ. Аялдамада құжынаған халық. Жұмысқа, оқуға асыққан 
жұрттың  кейбірі  дегбірсізденіп,  ашулана  бастады.  Дәл  сол  кезде 
қалтамда  түсіретін  құрал  болмағандықтан  көргенімнен  еш  пайда 
болған жоқ. Редакцияға келгеннен кейін арнайы штативі бар камера 
алып бірнеше сағаттан кейін қайта бардым. Сөйтсем, елдің бәрі тарап 
кеткен. Таңертеңгідей сабылған жұрт жоқ. Икемсіз күйде штативімді 
бұрап,  орнатам  дегенше  айналамда  тұрған  бірнеше  адамның  бәрі 
кетіп  қалды.  Ары-бері  өткен  адамдардан  сұрай  бастадым.  Бәрі 
тартыншақтайды.  Осылайша  редакцияға  бос  күйде  қайтқаным 
бар. Егер дәл осы жағдай қазір қайталанса, одан бір сапалы видео 
шығарар ма едім деп ойлаймын.  
Қандай  да  бір  шарадан  көп  видео  түсіру  керек  пе  әлде  аз  түсіру 
керек  пе?  Бұл  сұраққа  қатысты  мамандарда  кесімді  пікір  жоқ. 
Тым  көп  видео  немесе  тым  аз  видео  да  монтажды  қиындатады. 
Аптасына  бірнеше  күн  түсіріп  жүрген  журналист  келе-келе  қанша 
видео  түсіру  керектігін  алдын-ала  сезіп  біліп  отырады.  Ол  шара 
кезінде-ақ  видеоны  ойша  монтаждап,  дайындап  қояды.  Неғұрлым 

43 >>
Мультимедиалы журналиске арналған практикалық кеңестер
әртүрлі  пландағы  кадрлар  видеоны  түрлендіріп,  ақпаратты 
толықтыра  түседі.  Қазір  редакциядағы  видеолар  Adobe  Premiere 
бағдарламасымен  монтаждалады.  Интернетте  бұл  бағдарламаны 
үйретуге арналған видеокурстар бар. Өз басым редакциядағы техник 
пен  видеожурналистен  үйрендім.  Соңғы  тәсіл  тиімділеу.  Себебі, 
бағдарламада күнделікті қолдана бермейтін «артық» тетіктер өте көп. 
Егер  тез  арада  видео  монтаждауды  үйренгіңіз  келсе,  редакциядағы 
адамның  үйреткені  қолайлылау.  Әдетте,  шарадан  жасалатын 
видеоның ұзақтығы әрі кетсе үш минуттан аспайды. 
Қазір  видеоны  монтаждайтын  әртүрлі  қосымшалар  бар.  Бұл  оқиға 
орнынан бірден жіберуге мүмкіндік береді. Бірақ мұндай жағдайда 
видео өте қысқа болуы тиіс. Әйтпесе, жүктелуіне тым ұзақ уақыт кетеді. 
Дәл осы кедергі де әлі күнге дейін видеолардың редакцияға келуін 
бөгеп  жатады.  Редакциямызға  күн  сайын  аймақтағы  тілшілерден 
видеолар  түсіп  жатады.  Бірақ  олардың  жүктелуіне  әлі  күнге  дейін 
ұзақ уақыт кетіп жүр.  
Әлеуметтік желімен жұмыс   
Онлайн  басылымдары  қазір  барлық  әлеуметтік  желілерде  бар. 
Сондықтан интернетке жазатын журналиске әлеуметтік желілермен 
де жұмыс істеу дағдысын меңгеру артық етпейді.
Өз  басым  Facebook-тан  2008  жылы  аккаунт  аштым.  Алғашында 
паролімді  ұмытып  қалатын  деңгейде  қолдандым.  Кейінірек 
белсендірек қолдануға көштім. Әлеуметтік желі – бұл да журналист 
үшін  сайт  сияқты  жазған  мақаласын  тарататын  алаң.  Бірақ 
онымен  жұмыс  істеудің  өз  ерекшелігі  бар.  Мұнда  автоматты  түрде 
мақалаңызды  көпке  тарата  беруге  болмайды.  Сайтқа  қарағанда 
мұнда  журналист  еркіндеу.  Сондықтан  ол  осы  артықшылығын 
пайдаланып,  аккаунтын  неғұрлым  қызықты,  уникалды  етуге  күш 
салуы керек. Айталық, ол онда сайтқа сыймаған нәрсесін жаза алады. 
Мұнда  көрген-білгенімен  бөлісіп,  қалжыңдай  алады.  Керек  кезде 
көмек  сұрай  алады.  Қандай  да  бір  пайдалы  ақпаратымен  бөлісе 
алады.  Өзгенің  қызықты  мәліметтерімен  бөлісудің  де  пайдасы  бар. 
Онда  өзіңізге  бағытталған  кез-келген  пікір,  сын,  мақтауға  реакция 
танытқан  дұрыс.  Егер  қолданушылар  сұрап  жатқан  ақпараттың 
сайтта бар екенін білсеңіз, сайт сілтемесін көрсетіп, көмектесуден де 
тартынбау керек. 

44 >>
Үшінші бөлім
Қолдана білген адамға әлеуметтік желілер бұл өнімді тарату құралы 
ғана  емес,  ақпараттың  қайнар  көзі.  Өз  басым  күнделікті  оқитын 
ақпаратымның  40-50  пайызын  осы  әлеуметтік  желілер  арқылы 
табам.  Бұл  жағдайда  «Мой  мир»-дан  гөрі  Facebook  пен  Twitter-дің 
көмегі ұшан-теңіз. Қажетті аккаунтқа жазылып, қадағалап отырсаңыз, 
интернетті  шарламай-ақ,  іздемей-ақ  ақпараттар  өз-өзінен  ағылып 
келіп отырады. 
Дегенмен әлеуметтік желімен жұмыстың қатып қалған ережесі жоқ. 
Оны  әркім  пластилин  сияқты  икемдеп,  өзіне  керек  құрал  жасайды. 
Неғұрлым  белсенді,  неғұрлым  шынайы  болсаңыз,  достарыңыз 
сәйкесінше, оқырмандарыңыз да көп болады. 
Қолданушылар контенті 
Қолданушылар  күшімен  жасалатын  қандай  да  бір  контент  User 
generated content деп аталады. Сайтымыз алғашқылардың бірі болып 
оқырмандарына  осындай  мүмкіндік  беріп  келеді.  Осыдан  бірнеше 
жыл бұрын сайтта «Хабар сізден» айдары пайда болды. Бұл айдарда 
кез-келген қолданушының ақпаратымен, жаңалықтарымен бөлісуіне 
мүмкіндігі бар. Ол үшін сурет немесе видеоны сипаттамасымен бірге 
компьютер  немесе  сайттың  қосымшасына  жүктесе  жетіп  жатыр. 
Модерациядан кейін ол сайтқа жол тартады. Осы уақыт бойы әртүрлі 
аймақтардан  жүздеген  фото,  видео  түсті.  Кейбірі  мақалаларға  да 
негіз  болды.  Айталық,  2013  жылы  сәуірде  Маңғыстау  облысынан 
оқырманымыз  Каспий  теңізінің  жағасына  шығып  қалған  алты  өлі 
итбалық  табылғанын  суретке  түсіріп  сайтымызға  жолдады.  Бұл 
жаңалықты білісімен сол аймақтағы тілшіміз жергілікті табиғат қорғау 
мекемелері мен экологтарға шығып, себебін анықтауға тырысты. 
Радиомыздың  эфирі  2012  жылдың  көктемінде  тоқтатылып,  радио 
толықтай  онлайнға  көшті.  Қазіргі  кезде  сайттың  жұмысы  толықтай 
жүйеленген. Мыңдаған тұрақты оқырманы бар.  
Күнделікті  жұмысымда  қолданып  жүрген  формалардың  барлығына 
тоқталып,  оны  бірнеше  бетке  сыйдыру  мүмкін  емес.  Инфографика, 
саундслайд,  liveblogging  т.б  барлығы  да  контенттің  оқырманға 
неғұрлым  қолайлы,  сапалы  болуы  үшін  жасалып  отыр.  Қазір  бір 
тақырып  пайда  болса,  бірінші  ойға  келетіні  «оны  қандай  формада 
берген дұрыс?» деген сұрақ. 

45 >>
Мультимедиалы журналиске арналған практикалық кеңестер
Кейбір оқиғаларды мақаламен тәптіштеп жазғанша инфографикамен 
жинақтап беру әлдеқайда тиімдірек. Ал кей кезде екеуін біріктірген 
тиімді  болып  жатады.  Кейде  оқырмандар  тарапынан  сұрақтар 
жиналып қалса, белгілі бір маманмен онлайн-конференция өткізген 
ыңғайлырақ болып шығады. Бастысы форманы дұрыс таңдау керек.

46 >>
Үшінші бөлім
Осыдан 5-6 жыл бұрын әлеуметтік желілермен байланысты әлемдік 
жаңалықтар  қазақстандықтар  үшін  шетелдің  киносы  сияқты 
таңқаларлық  әсер  қалдыратын.  Мысалы,  «YouTube  көмегімен 
Оксфорд соты 28 жастағы мотоциклист Сандор Ференчиді жауапқа 
тартты»  немесе  «Мэриленд  штатында  жарылғыш  затты  қолдан 
құрастырған жасөспірімдер MySpace.com сайты көмегімен полиция 
қызметкерлерімен ұсталды», сол сияқты «Ұлыбританияның Жасырын 
тергеу қызмет басшысы Джон Соерстың әйелі Шелли өз профайлында 
отбасы жайында ақпарат жариялап, барлау басшысы болып қызмет 
атқарып жүрген күйеуінің фотоларын Facebook-ке жүктегені...», айта 
берсек көп.
Сол  кездері  қазақстандықтар  үшін  әлеуметтік  желілер  рекреативті 
функция  ғана  атқарып  келген,  яғни  ойын-сауық,  танысу  мен 
Әлеуметтік 
желілердің 
зиянынан пайдасы 
көп заман
Әлия Сембай
2008 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін 
журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. 
Yvision.kz сайтының экс-редакторы, 
«Екпін.кз» мәдени-танымдық жобасының жетекшісі.

47 >>
Мультимедиалы журналиске арналған практикалық кеңестер
бос  уақытты  көңілді  өткізуге  арналған-тын.  Қылмыс  ашу  немесе 
айыптыны  жауапқа  тарту  деген  мысалдардың  актуальдығы  бізге 
енді ғана жеткендей. Алайда, алдымен жоғарыда аталған әлеуметтік 
желілердің тарихы мен ерекшеліктеріне тоқталып кетсек.
Facebook (2004 жылы Гарвард университетінің студенттері ашқан) -  
1,2 миллиард
(1)
 қолданушысы бар ең танымал әлеуметтік желі. Сайтта 
өз профайылыңызды тіркеп болған соң, фото, биографияңызды қоса 
аласыз,  сонымен  қатар,  өзіңіз  ұнататын  музыка,  кітап,  кино  және 
басқа да қызықтарды Like түймесі арқылы анықтап ала аласыз.
Бастапқыда  желіні  байланыс  орнату  мен  танысу  үшін  пайдаланып 
келсе,  көп  кешікпей  Facebook  өмірдің  басқа  салаларында  да 
пайдалы  бола  алды.  Мысалы,  2011  жылы  Мысырдағы  революция 
Facebook көмегімен басталды деуге болады. Үкіметке қарсы алғашқы 
наразылық үндеулер, виртуалды жиналыстар мен кездесулер, жалпы 
революцияның  ұйымдастырылуы  желіде  өткен  болатын.  Сонымен 
қатар,  Facebook  бизнес  саласында  да  үлкен  рөл  атқарып  келеді, 
мысалы, Coca Сola секілді ірі брендтерден бастап, кішігірім іскерлік 
(мысалы, қолөнер) аталмыш желі арқылы нарықта өзін таныстырып, 
аудиториясын  үлкейтіп,  тұтынушысымен  үнемі  байланыста  бола 
алады.
Енді  Facebook-тағы  қазақтандықтарға  келетін  болсақ,  бастапқыда 
желіге шетелде оқитын студенттер мен ағылшынды меңгерген жастар 
қолданатын, әрине, олардың саны аз болғандықтан, отандастарымыз 
сайтта  айтарлықтай  белсенділік  танытпады.  Кейін  келе  сайттың 
интерфейсі  орыс  тілінде  «сөйлей»  бастады,  Facebook-тың  әлемдік 
танымалдығы да өсті, қазақстандықтар бірте-бірте қосыла бастады. 
Осылайша 
2011 
жылы 
Facebook-та 
340660
(2)
 
қазақстандық  жиналды.  Ал 
2012  жылы  Facebook-тағы 
қазақстандықтар  саны  452 
мыңға  жетті
(3)
.  Қазіргі  кезде 
желінің  45%  -  ер  адамдар, 
ал  55%  -  әйелдер  құрайды, 
ең  белсенді  аудиториясы 
25-34 жастағылар
(4)
.

48 >>
Үшінші бөлім
Бренд пен бизнеске келетін болсақ, соңғы 3 жылдың ішінде көптеген 
ірі  компаниялар  мен  сауда  маркалары  желіде  тіркеліп,  Facebook-
ті  сенімді  маркетинг  пен  PR  құралына  айналдыра  білді,  осыған 
байланысты  арнайы  жарнама  агенттіктер  де  ашылды.  Төмендегі 
кесте елімізде шоғырланған брендтердің үздік ондығын көрсетеді
(5)
:
Енді қоғамдық белсенділігіміз туралы айтар болсақ, еліміздің қазақ 
аудиториясы дәл осы желіні таңдап, белсенділігі күннен-күнге артып 
келеді, осының арқасында елдегі кез келген маңызды оқиға міндетті 
түрде  Facebook-та  талқыланатын  болды.  Әлеуметтік  проблемалар, 
күнделікті  жаңалықтар,  тарихи  фактілер  мен  экономикалық 
өзгерістер ресми бұқаралық ақпарат құралдарымен қатар Facebook-
та міндетті түрде жарияланып отырады. Және де сайттағы маңызды 
ақпарат ресми БАҚтар үшін «инфоповодқа» (жаңалыққа негіз) айналу 
үрдісін  жиі  көріп  жатамыз.  Мысалы,  отандық  әуе  компаниялары, 
несие беретін банктер, шырын шығаратын брендтермен байланысты 
кикілжіңдер әлеуметтік желілерде кең талқыланғандықтан, Facebook 
тұтынушы  мен  компания  арасында  диалог,  мәмілеге  келу  немесе 
керісінше сотқа шағымдануға себепші болған алаңға айналды.
Сайттың  аудиториясымен  сөзге  келіп  қалған  ірі  компаниялар 
бастапқыда абдырап, тұтынушылардың негативті пікірлеріне қандай 
реакция жасау керек екенін білмей, қателік жіберетін. Осыған орай, 
кризис менеджмент немесе антикризистік PR-дың қажеттілігін түсінген 
компаниялар  отандық  нарықта  алғаш  рет  арнайы  тактикаларды 
ұйымдастыру жолдарын қарастырып, кәсіби мамандардың жоқтығын 
сезінді. Осыдан біз еліміздің маркетинг пен PR дамуы Facebook-пен 

49 >>
Мультимедиалы журналиске арналған практикалық кеңестер
бір сапта келе жатқандығын байқаймыз. Әрине, бұл сапта Facebook 
жалғыз желі емес, оның өзі сияқты танымал әрі маңызды бәсекелесі 
Twitter бар.
Twitter  (2006  жылы  Калифорнияда  Джек  Дорси  құрған)  - 
микроблогингке  арналған  сервис,  яғни  сайтқа  тіркелген  соң  бір 
хабарламаға (немесе твитке) 140 символдан аспайтын мәтін жазуға 
мүмкіндік  береді.  Мәтінмен  қоса  фото  немесе  сурет  іліп  қоюға 
болады. Әрине, сервис бірден танымал бола қоймады, басында оны 
программистер, IT саласының мамандары мен блогшылар қолданды, 
ал 2011 жылдың басында қолданушы саны 200 млн-ға өсті
(6)
. Twitter-
ге  көптеген  журналистер  мен  танымал  тұлғалар  қосылғаннан  соң 
медиа персоналардың твиттерін оқу үшін желіге көптеген қарапайым 
адамдар  тіркеле  бастады.  Қолданушылардың  көбі  профайылында 
күнделікті өмірі мен жеке басына қатысты жаңалықтарымен бөлісіп 
отырса, басқалары маңызды деп санайтын әлеуметтік проблемалар 
мен әлемдік және локальді жаңалықтарды жазып отырады.
Twitter-дің  қоғамдағы  рөлі  туралы  айтатын  болсақ,  2008  жылы 
Мысырда жүрген жас журналист Джеймс Бакты жергілікті полиция 
ұстап алған кезде жігіт өз Twitter-іне «қамауға алындым» деп жазып 
қояды.  Бұл  хабарламаны  көрген  оның  әріптестері  лезде  Қаирдағы 
АҚШ  елшілігіне  хабарласып,  Бакқа  адвокат  жалдап,  түрмеден  алып 
шығады.  Сол  сияқты  аталмыш  сервис  блогшыларды  жаңа  сатыға 
көтеріп,  азаматтық  журналистиканы  дамытуға  зор  үлесін  қосты. 
Себебі  микроблог  сервисі  әлемде  болып  жатқан  кез  келген  оқиға, 
жаңалық,  төтенше  жағдай  туралы  ақпаратты  ресми  БАҚ-тардан 
бұрын жедел таратуға тамаша мүмкіндік берді. Қазақстанды мысалға 
алатын болсақ, 
2011  жылдың  қараша  айында 
Таразда  болған  жарылыс  туралы 
алғашқы  хабарламалар  Twitter-
де жарияланды, кейін ғана ресми 
ақпаратты  БАҚ-тар  жаза  бастады. 
Соған қарамастан қазіргі дәстүрлі 
БАҚ-тар  Twitter-де  өте  белсенді, 
Socialbakers.com 
сараптамасы 
бойынша ең танымал медиа тізімі 
төмендегідей:

50 >>
Үшінші бөлім
Статистикаға келетін болсақ, 2012 жылдың сәуір айында қазақстандық 
твиттершілер саны 18 566 жетті
(7)
 деген ақпарат жарияланды, бірақ 
бұл нақты сандар емес, себебі сервис үшін арнайы сараптама жасау 
өте қиын. Сенімді ақпарат көздерінің айтуынша қазіргі кезде сервисте 
қазақстандық  қолданушылар  саны  500  мыңнан  асты,  соның  ішінде 
белсенділер 200 мыңнан - 300 мыңға дейін.
Белсенді твиттершілер Алматы, Астана және Қарағанды қалаларында 
тұратыны белгілі.
Әлеуметтік желілердің тағы бір алыбы YouTube (Калифорнияда 2005 
жылы  PayPal  төлем  сервисінің  авторлары  құрған)  -  бейнехостинг 
қызметін ұсынатын сервис. Бұл сервиске тіркелген соң бейнежазбаны 
қосуға,  көруге,  оған  пікір  қалдыруға  мүмкіндік  беріледі.  Сервисте 
көптеген  музыкалық  бейнежазбалар,  күлкілі  роликтер,  қарапайым 
адамдардың  жеке  бейнебаяндары  жетерлік.  YouTube  арқылы  кез 
келген (әрине, сервистің өз цензурасы да бар) бейнежазбаны жүктеп, 
оны бар әлемге көрсетуге болады. Соңғы жылдары сайттан концерт, 
сериал,  тв-шоу  мен  кинотуындыларды  да  тамашалауға  мүмкіндік 
туды.  Қазіргі  кезде  сервистің  өз  жұлдыздары  бар,  мысалы,  соңғы  5 
жылда  танымал  болып  кеткен  әншілердің  біразы  YouTube  арқылы 
танылды.
Канадалық  әнші  Джастин  Бибер  өз  шығармашылығын  YouTube-тан 
бастады.  Алғашқыда  Джастиннің  анасы  баласының  видеоларын 
сайтқа  салып  отырған  екен,  біраздан  соң  видеоларды  байқаған 
Скутер  Браун  деген  продюсер  әншімен  келісім-шартқа  отырып, 
ақыры Биберді әлемдік жұлдызға айналдырды.
YouTube  көмегімен  өз  бизнесін  бастап,  жұлдызға  айналған  басқа 
саланың өкілдері де бар. Мысалы, бьютиблогшы әрі визажист Мишель 
Фан  бастапқыда  сайтқа  өз  макияждары  мен  сұлулық  сабақтарын 
жүктеп отыратын, кейін келе видеолары танымалдылыққа ие болып, 
блогшының аудиториясы күрт өсе бастайды. Мишельдің ең танымал 
видеосы - «Lady Gaga - Poker Face Tutorial», қазіргі қаралым саны - 
34  125  721
(8)
.  Бүгінде  Мишель  Нью-Йоркта  жеке  бизнесін  ашып, 
өзінің косметикалық брендін шығарып отыр. Қазақстандық танымал 
бьютиблогшылар  қатарында  Евгения  Гейнді
(9) 
атап  өтуге  болады. 
Евгенияның профиліне 61 500 адам жазылған.
Әлеуметтік  проблемаларды  көрсетіп,  азаматтық  журналистер 
қатарына жатқызуға болатын қазақстандық қолданушылардың ішінде 

51 >>
Мультимедиалы журналиске арналған практикалық кеңестер
«Көз ашу» блогының авторын атап өтуге болады
(10)
. Автор аты-жөнін 
ашып айтпаса да, әр видеосында шындықты іздеп, әділетсіздікке қарсы 
тұруға тырысады. Алайда, аталмыш жоба отандық бьютиблогшыдан 
танымалдылық жағынан әлде қайда қалып қойған.
Келесі  ірі  әрі  Қазақстанда  аса  танымал  сервис  Mail.ru  -  ресейлік 
интернеттің  үлкен  коммуникациялық  порталы.  2012  жылдың  қазан 
айында  жасалған  статистикалық  сарап  бойынша  ай  сайын  сервис 
31,9 млн
(11)
 аудиторияға ие болады.
1998 жылы пошта қызметі ретінде ашылған Mail.ru кейін сапалы әрі 
сұранысқа ие жобаға айналды, ал 2000-жылдары инвестицияларға 
қол  жеткізіп,  поштамен  қатар  блог,  фото,  контенттік  жобаларды 
іске  қосты.  2007  жылы  «Мой  мир»  атты  әлеуметтік  желі  өмірге 
келіп,  ресейлік  және  ТМД  елдерінің  қолданушыларын  бірте-бірте 
бір  сайтта  жинай  бастады.  «Мой  мирмен»  байланысты  сервис 
«М-агент»  (чат  немесе  хабарлама  алмасу  сервисі)  қолданушылар 
арасында кең танылып, көп ұзамай веб-нұсқа ретінде жарық көрді.
«Мой мир желісі арқылы қолданушы туысын, әріптесін, сыныптасын 
тауып  алып,  олармен  хабарлама  алмаса  алады,  сонымен  қатар, 
профиліне фото, музыка, видеоны жүктей алады. Сервистің әлемдік 
танымалдылығын төмендегі картадан көруге болады:
Қазіргі кезде күн сайын желіге 1 млн 562 қазақстандық қолданушы 
кіреді екен
(12)
.

52 >>
Үшінші бөлім
«Мой  мир»  сияқты  Ресейде  де,  Қазақстанда  да  танымал 
әлеуметтік желі - VK.com (немесе Вконтакте). VK.com 2006 жылы 
Санкт-Петербор  қаласында  Павел  Дуров  құрды.  Қазіргі  кезде 
интерфейсі  Facebook-қа  ұқсас  желі  Белорусь,  Ресей,  Украина, 
Қазақстан  жерінде  өте  танымал,  2013  жылдың  ақпан  айындағы 
статистика  бойынша  Вконтактеның  күнделікті  аудиториясы  43 
млн-ға жеткен
(13)

Әлеуметтік  желінің  бір  жақсы  жері  -  ақпаратты  тез  әрі  оңай 
жүктеп, тура солай тауып алуға болатыны. Кино, музыкалық клип, 
тв-бағдарламалар, тілді үйренуге арналған топтар, спорт, сұлулық, 
аспаздық кеңестер және де достармен үнемі байланыста болуға 
арналған жүйе көп жастардың жүрегін жаулап алған. 
Соңғы екі жылда желіде паблик деген ұғым пайда болды, пабликті 
кез келген қолданушы жасай алады да, қалаған тақырыпта өзінің 
медиасын  аша  алады.  Қазақстандық  ең  танымал  пабликтің  аты 
«За  тебя,  Бәке»,  қазіргі  кезде  364  мыңдай  қолданушысы  бар
(14)

Пабликте  алғашқы  кезде  қазақ  менталитеті,  дәстүрі,  болмысына 
сай  әзілдер  жарияланып  тұрса,  қазіргі  кезде  нағыз  медиа 
ресурстағыдай елімізде болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтар, 
тарихи фактілер мен музыкалық видеолар көптеп жарияланады. 
Өкінішке  қарай,  паблик  авторлық  құқықтарды  сақтамай,  өзге 
сайттардың ақпараты мен фотоларын рұқсатсыз пайдаланып жүр. 
Монетизация  жағына  келетін  болсақ,  коммерциялық  ақпаратты 
тарату үшін «За тебя, Бәке» иелерінің арнайы прайс парағы бар. 
Аталмыш  паблик  сияқты  Вконтактедағы  қазақстандық  танымал 
беттер:  «Типичная  Алма-Ата»,  «Под  небом  Казахстана»,  «Kazakh 
Pie» және т.б.
Сонымен,  Қазақстандағы  шетелдік  әлеуметтік  желілердің 
қорытынды  статистикасын  шығаратын  болсақ,  еліміздің  ең 
танымал сайттар тізімінің ондығы төмендегідей (статистика Alexa.
com сайтынан алынған):

53 >>
Мультимедиалы журналиске арналған практикалық кеңестер
Қазақстандық  әлеуметтік  желілерге  келетін  болсақ,  2008  жылы 
алматылық  ҚБТУ  студенттері  құрған  Yvision.kz  блог-тұғырнамасы 
бүгінде  238  900  қолданушыны  тіркеп  үлгерді.  Блог  жүргізуге 
арналған сервиске әрі ақпараттық порталға сайттың өзінен тіркеліп 
немесе VK.com, Facebook, Mail.ru желілері арқылы тіркелуге не пікір 
қалдыруға болады. Сайттағы блогшылардың арасында журналист, pr 
және маркетинг мамандары, программист пен студенттер өте көп. 
Мысалы, 2011 жылы қостанайлық блогшы Рудный қаласының әкімі 
Николай  Денинг  мемлекет  ақшасына  қымбат  лексус  автомобилін 
сатып алмақшы болғанын жазды, осы жазбаны оқыған журналистер 
ақпаратты  растап,  жаңалықты  әрі  қарай  таратады,  ақыры  әкім 
қызметінен босатылып, автомобильсіз қалады
(15)

Әлеуметтік  желілерді  тек  қана  көңіл-көтеретін  алаң  ретінде  емес, 
кәсіби    біліктілігін  дамытуға  немесе  әлеуметтік  мәселені  көтеруге 
септесетін құрал ретінде танитын белсенді интернет қолданушылар 
бар. 
Сол сияқты, медицина, білім беру, қаржы, сауда-саттық салаларындағы 
сервиске наразылық білдіру, экологиялық проблемаларды талқылау 
секілді әлеуметтік мәселелер жиі кездеседі. 

54 >>
Үшінші бөлім
Отандық  видеосервистердің  бірі  -  Kaztube.kz.  Сайт  2008  жылы 
пайда  болды.  Бүгінде  сервиске  тіркеліп,  видео  жүктеуге,  көруге, 
радио  тыңдауға,  кино,  видеоспектакльдер,  тв-бағдарламаларды 
тамашалап,  тв-арналарды  онлайн  қарауға  болады.  Сонымен  қатар, 
сайтқа  электронды  кітаптар  жүктелген.  Сайттағы  контенттің  біраз 
бөлігі қазақша. 
Биылғы жылы қазақстандық әлеуметтік желілердің тізіміне тағы бір 
сайт  қосылды.  El.kz  блог  жазу,  танысу,  хат  алмасу,  жаңалықтармен 
танысу және ойын ойнауға мүмкіндік береді. Сайтта түрлі байқаулар 
өтіп тұрады және де оқушыларға арналған тесттер, видеолекциялар 
топтамасы да бар. 
Сервистің  ерекшелігі  -  білім  беруге  назар  аударуы,  себебі  ҰБТ-ға 
дайындалумен  қатар,  сіз  программалауды  үйрететін  видеоларды 
тамашалап,  қазақ  тілінде  жазылған  аудиокітаптарды  тыңдап, 
зияткерлік  ойындар  арқылы  өзіңізді  сынай  аласыз.  Ойындарға 
тоқталатын  болсақ,  Ән  жұмбақ,  Күміс  алу,  Қыз  қуу,  Бәйге,  IQ  дода, 
Тоғызқұмалақ және тағы басқа қызықты ойындар кішкентай балалар, 
оқушылар, студенттер мен ересектер үшін қызықты болмақ.
   

55 >>
Мультимедиалы журналиске арналған практикалық кеңестер
1.  http://ru.wikipedia.org/wiki/Facebook#cite_note-2
2.  http://yvision.kz/post/204270 
3.  http://tengrinews.kz/internet/kitay-ustupaet-kazahstanu-po-chislu-
polzovateley-Facebook-210028/
4.  Socialbakers (october 2013)
5.  Socialbakers (october 2013)
6.  http://bit.ly/hFwLbp 
7.  http://yvision.kz/post/244770
8.  http://www.youtube.com/watch?v=YFMaLuI1uxc
9.  http://www.youtube.com/user/jeniakyn/
10.  http://www.youtube.com/user/kozashu/videos
11.  http://ru.wikipedia.org/wiki/Mail.Ru
12.  http://bit.ly/1a0wCvc
13.  http://bit.ly/IqON6C
14.  http://vk.com/bake_kz
15.  http://yvision.kz/post/173628

ТӨРТІНШІ БӨЛІМ
Интернеттегі авторлық құқық мәселелері: 
еркін контент дегеніміз не?
Мультимедиалы өнім жасаудың қандай жолдары 
бар?

58 >>
Төртінші бөлім
Интернеттегі авторлық құқық 
мәселелері: еркін контент 
дегеніміз не?
Еркін  контент    (ағыл.    free  content),  еркін  ақпарат  (free  information), 
сонымен бірге еркін мазмұндағы/еркін материалдар – еркін мәдени 
шығарма анықтамасына сәйкес келетін кез келген төлтума шығарма, 
өнер туындысы немесе басқа да шығармашылық контент. 
Анықтама
Еркін мәдени туынды - адамдар құқығын заңды түрде шектемейтін 
туынды, яғни:
- контентті пайдалану және оны пайдаланудан олжа табу,
- контентті зерттеу және білгеніңді қолдану,
- контенттің көшірмелерін жасау және тарату,
- контентті өзгерту, жақсарту және туынды шығармаларды тарату. 
Еркін  контент  дегеніміз  -  бұл  лицензия  бойынша  оның  мазмұнын  кез 
келген  мақсатта  (коммерциялық  мақсаттарда  да)  пайдалануға,  яғни 
көшіруге,  өзгертуге  және  өзгертілген  нұсқаларды  таратуға  болатын 
мәтіндер, суреттер, әндер, т.б. қызмет түрлері. 
Еркін контент ұғымына қоғам игілігіндегі барлық туындылар, сонымен 
бірге жоғарыда аталған шарттарды қорғайтын лицензиясы бар, авторлық 
құқықпен қорғалған туындылар да кіреді. Көптеген елдердің авторлық 
құқық туралы заңдары шығармашылық құқық иелеріне өз туындыларын 
пайдалануға  жеке  дара  бақылау  жүргізу  мүмкіндігін  беретіндіктен, 
қорғауға жататын контент арнайы түрде еркін деп жариялануы тиіс. Бұл 
шара негізінен туындыда лицензиялық ережелерді атап көрсету немесе 
енгізу арқылы жүзеге асырылады.
Ашық контент
Ашық  контент  (Open  content)  -  open  source  ұғымына  сәйкес  ойлап 

59 >>
Интернеттегі авторлық құқық мәселелері: еркін контент дегеніміз не?
табылған  неологизм,    жарияланған  ақпаратты  тек  қана  жабық 
ұйым, кәсіпорын немесе жеке тұлға ғана емес, кез келген адамның 
көшіруіне  және  өзгертуіне  рұқсат  беретін  лицензия  бойынша 
жарияланған шығармашылық туынды немесе контент. Ашық  контент 
-  бұл  монополия  жасау  үшін  копирайтты  қолданудың  балама  түрі. 
Ашық контент білімді демократияландыруға көмектеседі.
Анықтама
OpenContent сайты «ашық контент» деген тіркеске «Open Source/
Free Software қауымдастығында қолданылатын лицензияға сәйкес 
таратылатын,  өзгерту,  қолдану  үшін  қолжетімді»  деген  анықтама 
береді.  Алайда, мұндай анықтама Open Content License-ге қатысты 
емес, себебі бұл лицензия бойынша ашық контент үшін төлемақы 
талап етілмейді, басқа бағдарламалық жасақтамалардың тәуелсіз 
және ашық лицензияларында бұл құқық сақталған. 
OpenContent  сайтында  контенттің  қолжетімділігін  бағалауға  негіз 
болатын 4 тармақ бар:
1.  Қайыра  пайдалану  -  контенттің  өзгертілмеген/дәлме  дәл 
үлгісін қайыра пайдалану құқығы (мысалы, деректердің сақтық 
көшірмесін жасау)
2.  Модификация  -  деректерді  бейімдеу,  түзету  немесе  өзгерту 
құқығы (мысалы, басқа тілге аудару)
3.  Араластыру (ремикс) - түпнұсқаны немесе қаралған деректерді 
басқа деректермен араластырып, жаңа мәлімет жасау (мысалы, 
жаңа деректерді Мэшап-қа қосу)
4.  Тарату  -  контенттің  түпнұсқасының  көшірмесін,  өзіңіз  жасаған 
өзгертулерді  немесе  өзіңіздің  ремикстеріңізді  басқалармен 
бөлісу  құқығы  (мысалы,  деректердің  көшірмесін  досыңызға 
жіберу).
Еркін лицензия дегеніміз не?
Еркін лицензия (ағыл. free license) - құқық иеленушінің өз туындысына 

60 >>
Төртінші бөлім
қолдану  тәсілдерінің  нақты  тізбесі,  яғни  пайдаланушыға  төрт 
маңызды құқық (немесе осыған негізделген және туындының түріне 
және  қойылатын  талаптарға  сәйкес  берілетін  құқықтар)  беретін 
шарттар  қарастырылған  лицензиялық  шарт  (бұрын  -  «авторлық 
келісімшарт»). Лицензия еркін болып саналу үшін ол: туындыны кез 
келген  мақсатта  пайдалануға,  зерттеуге,  туындының  көшірмелерін 
жасауға және таратуға, оған өзгертулер енгізуге, өзгертілген туынды 
шығармаларды жариялауға және таратуға рұқсат беруі керек.
Копилефт 
Копилефт (ағыл. copyleft), авторлық тұжырымдама және түпнұсқалық 
шығарманы  тарату  және  онымен  жұмыс  жасау,  сонымен  бірге 
одан кейін  де модификация  (түпнұсқалық  шығарманың  өзгертілген 
нұсқалары) жасау бойынша бірыңғай және өзгертілмейтін құқықтар 
көрсетілген  авторлық  құқық  заңдарын  пайдалану  тәжірибесі.  
«Копилефт»  термині  екі  негізгі  белгісі  бар  лицензиялар  тобына 
жатады:  1)  авторлық  құқық  иесінің  рұқсатынсыз  түпнұсқалық 
шығармалардан  жаңа  туындылар  жасауға  мүмкіндік  беретін 
лицензия;  2)  шығармамен  жүргізілетін  барлық  жұмыс  түрлерін 
түпнұсқаға сәйкес лицензияландыруды талап ететін қағида бойынша 
осы  мүмкіндікті  басқа  да  туынды  жұмыстарға  аударуға  мүмкіндік 
беретін лицензия.
Копирайт
 
Копирайт  (ағыл.  copyright,  «көшіру»  және  «құқық»  сөздерінен) 
мағынасы  бойынша  «авторлық  құқықтың»  дәлме-дәл  түсіндірмесі 
емес.  Себебі  «авторлық  құқық»    сабақтас  құқықтарды  есепке 
алмайды.
Лицензия түрлері
Creative Commons, қысқаша CC (ағыл. creative - шығармашылық, авторлық; 
ағыл.  commons  -  қарапайым  адамдар  және  олардың  заңды  мүлкі: 
бірлескен  иелік  құқығы)  -  2001  жылы  Стэнфорд  заң  академиясының 
профессоры, сандық технологиялар саласы бойынша туындайтын заңдылық 
мәселелерінің  сарапшысы  Лоуренс  Лессиг  негізін  қалаған  авторлық 
құқықтардың реформасын жақтайтын коммерциялық емес ұйым. Аталмыш 

61 >>
Интернеттегі авторлық құқық мәселелері: еркін контент дегеніміз не?
ұйым әзірлеген лицензия Копилефт санатына жатады.
Лицензия элементтері  
Заңгерлердің 
заңгерлерге 
арнап 
жазған 
лицензиялардың 
шарттарын  білу  үшін  лицензияның  мәтінін  оқу  керек.  Creative 
Commons лицензиясының олардан айырмашылығы оның шарттары 
лицензияның  атауынан  айқындалып  тұрады  (мысалы,  авторын 
көрсеткен  жағдайда  шығарманы  коммерциялық  емес  мақсатта 
пайдалануға  рұқсат  беретін  лицензия  нақты    -  «Attribution  - 
Noncommercial»  деп  аталады).  Лицензияның  шарттары  әр  қайсысы 
сурет түріндегі шартты белгісі бар «лицензия элементтерінің» түрінде 
көрсетілген.
Лицензияның  осы  элементтері  негізінде  Creative  Commons 
лицензиясы құралады.
Лицензиялардың тізімі және сипаттамасы  
6  заманауи  лицензия  ресми  сайттағыдай  қолдану  құқығына 
жүктелетін шектеулердің жоғарыдан төмен қарай өсу реті бойынша 
орналасқан,  яғни  жоғарыда  ең  рұқсат  етілетін,  ал  төменде  ең 
тыйым салатын  (бірақ кей жағдайларда CC BY-NC[-SA] CC BY-ND-қа 
қарағанда анағұрлым еркін):
Элементтер тізімі  
Attribution 
(қысқаша BY)
Share-alike 
(қысқаша SA)
Noncommercial 
(қысқаша NC)
No Derivative Works 
(қысқаша ND)
Қолданушы  шығарманың  авторын 
көрсетуі керек.
Туынды  шығармалар  міндетті  түрде 
дәл  осы  лицензияның  шарттары 
бойынша  таратылуы  керек    (тағы  да 
қара: копилефт).
Шығарманы  пайда  табу  мақсатында 
қолдануға тыйым салынады.
Осы  шығарманың  негізінде  туынды 
шығарма жасауға тыйым салынады.

62 >>
Төртінші бөлім
CC Attribution (қысқаша CC-BY)
CC Attribution Share Alike (қысқаша CC-
BY-SA)
CC Attribution No Derivatives (қысқаша 
CC-BY-ND)
CC Attribution Non-Commercial 
(қысқаша CC-BY-NC)
CC Attribution Non-Commercial Share 
Alike (қысқаша CC-BY-NC-SA)
CC Attribution Non-Commercial No 
Derivatives (қысқаша CC-BY-NC-ND)
Төменде  келтірілген  лицензияның  шарттары  ресми  емес 
болғандықтан,  қарапайым  адамдардың  түсінуіне  ыңғайлы.  Creative 
Commons  сайтының  құрастырушысы  Лоуренс  Лессиг  оларды 
«human  readable»  (ағыл.  адамдарға  түсінікті)  деп  атайды.  Алайда 
олардың  заңды  күші  болмағандықтан,  олардың  әрқайсысы  үшін 
жергілікті  заңнама  негізінде  Лессигтің  айтуынша  «lawyer  readable» 
(ағыл.  заңгерлерге  түсінікті)  айқындамалар  ойлап  шығарылған. 
Сондықтан,  бұл  лицензиялар  жүйесі  қолданушылар  үшін  де, 
заңгерлер үшін де ыңғайлы.
Еркін
Еркін  мәдени  шығармаларды  анықтайтын  өлшемдер  бойынша 
Creative Commons лицензияларын еркін  және еркін емес деп екіге 
бөлуге  болады.  Анықтамаға  сай  лицензиялар  creativecommons.
org. ресми сайтында өзіне тиісті белгімен таңбаланған. Төменде ең 
алдымен еркін лицензиялар тізімі берілген. 
GNU  тәуелсіз  бағдарламалық  жасақтама  қорының  жобасының 
сайтында  CC-BY  и  CC-BY-SA  лицензиялары  еркін,  яғни: 
«шығармашылық және көңіл көтеретін туындылар мен білім көтеру 
жұмыстары үшін таптырмайтын ерікті лицензия» деп сипатталады.
Соңғы  жылдары  Creative  Commons  еркін  лицензиялары  бойынша 
қол  жетімді  шығармалар,  сондай  ақ  қоғамдық  игіліктер  СС-

63 >>
Интернеттегі авторлық құқық мәселелері: еркін контент дегеніміз не?
туындыларының  жалпы  көлемінің  40  %-ын  құрайды.  Жоба  алғаш 
құралған жылдары шығармалардың тек 20 %-ы тәуелсіз болатын.
       
         CC Attribution (қысқаша CC-BY).  
        «Авторлығы көрсетілген» лицензия.
Лицензияның қағидасы - «менің шығармаммен не істесеңізде де өз 
еріктеріңіз, тек менің авторлығымды көрсетуді ұмытпаңыз».
Аталмыш лицензия шығарманың авторын көрсеткен жағдайда өзге 
адамдардың  оны  таратуына,  өңдеуіне,  түзетуіне  және  дамытуына, 
тіпті коммерциялық пайда табу мақсатында пайдалануына мүмкіндік 
береді.  Бұл  шығармаларды  қолданушылардың  еркін  пайдалануына 
мүмкіндік беретін ең еркін лицензия. 
CC Attribution лицензиясын көп жағдайда өзі жүктеген шығармамен 
не  істесе  де  ең  бастысы  авторын  көрсетсе  болды  деген  адамдар 
таңдайды.  
Бұл  лицензия  бойынша  Викиқоймасындағы  медиафайлдардың 
біраз  бөлігі,  Jamendo  сайтындағы  музыка,  Flickr-дегі  біраз  суреттер, 
Викижаңалықтар, Дербес Тілші, Александр Долгиннің «Символикалық 
айырбас  экономикасы»  кітабы,  Көпшілік  ғылыми  кітапханасының 
(PLoS) материалдары қолжетімді.
              CC Attribution - Share Alike (қысқаша CC-BY-SA). 
«Авторлығы көрсетілген  - Шарттары сақталуы тиіс» лицензиясы 
Бұл 2009 жылдың шілде айында көш бастаған ең танымал лицензия. 
Бұл лицензия басқаларға авторлығын көрсеткен жағдайда және дәл 
осы  шарттар  бойынша  туынды  жұмыстарды  лицензияландырғанда 
пайда  табу  мақсатының  өзінде  шығарманы  өңдеуге,  түзетуге  және 
дамытуға  мүмкіндік  береді.    Бұл  лицензия  копилефт-лицензия. 
Түпнұсқаға  сәйкес  лицензияландырған  жаңа  шығармалар  дәл 
осы  лицензия  бойынша  таратылады,  сондықтан  барлық  туынды 
шығармаларды коммерциялық мақсатта өзгертуге және пайдалануға 
рұқсат етілген.  
Attribution  Share Alike лицензиясының негізгі талаптары - (авторлықты 
көрсету  және  копилефт,  контенті  өзгертуге  рұқсат  беру)  осыған 

64 >>
Төртінші бөлім
ұқсас  GNU  FDL  лицензиясының  шарттарымен  сәйкес  келеді  (тек 
қана шығармада өзгертілмейтін бөлімдер мен алғашқы және соңғы 
беттерде  орналастырылған  мәтіндер  берілмеген  жағдайда  ғана), 
сондықтан олар ұқсас, алайда бірін-бірі алмастырмайды. 
CC Attribution - Share Alike лицензиясы туынды шығарманың тәуелсіз 
болуын  талап  етеді  (оның  Attribution  пермессивті  лицензиясынан 
айырмашылығы  осында).  Бұл  лицензия  шығарманың  өзі  тәуелсіз 
болып, басқа да тәуелсіз шығармалар тудыра алады деген көзқарасты 
ұстанады,  яғни  лицензия  тәуелсіз  туынды  негізінде  басқа  тәуелді 
туындылар  жасауға,  яғни  шығармаларды  «жабуға»  жол  бермейді 
(лицензия  CC  Attribution  -  ShareAlike  лицензиясы  «Егер  мен  өз 
шығармамды  тәуелсіз  қылсам,  онда  одан  туындайтын  шығармалар 
дә тәуелсіз болуға тиіс» дегенді білдіреді), шығармалар қоғам игілігі 
үшін жұмыс істейді және оларды түпнұсқалық шығарманы жақсарту 
үшін  қолдануға  болады.  Көп  жағдайда  CC  Attribution  -  ShareAlike 
лицензиясын өз шығармасының тағдырына немқұрайлы қарамайтын 
авторлар таңдайды.  
Лицензия  CC  Attribution  -  Share  Alike  лицензиясы  біреулердің 
шығармаға  жеке-дара  үстемдік  етуіне  жол  бермейді.  Бұл  лицензия 
барлық  қолданушылардың  мүмкіндіктерін  бір  деңгейге  келтіріп, 
шығарманы бір деңгейде қол жеткізуіне мүмкіндік береді.  
Бұл    лицензия  бойынша  Викиқоймасындағы  медиафайлдардың 
біраз  бөлігі,  Jamendo  сайтындағы  музыка,  Flickr-дегі  біраз  суреттер, 
Википедия,  Wikia, Wikitravel, OpenStreetMap  қолжетімді.
Еркін емес
 
Аталмыш  лицензияға  жататын  шығармалар  еркін  мәдени 
шығармалар  анықтамасына  жатпайды.  Олар  қолданушыларға 
қажетті еркіндіктер бермейді және оларға еркін лицензия бойынша 
берілетін мүмкіндіктерді шектейді.
               
               CC Attribution - No Derivative Works (қысқаша CC-BY-ND)
«Авторлығы көрсетілген - Туындыларсыз» лицензиясы

65 >>
Интернеттегі авторлық құқық мәселелері: еркін контент дегеніміз не?
Бұл лицензия шығарма өзгеріссіз қалатын және авторы көрсетілген 
жағдайда  оны  коммерциялық  та,  коммерциялық  емес  мақсаттарда 
таратуға мүмкіндік береді. 
Бұл лицензия шығарманы өзге тілдерге аударуға тыйым салады. 
Аталмыш  лицензия  бойынша  Flickr-дегі  суреттердің  біраз  бөлігі, 
Jamendo-дағы  музыканың  едәуір  бөлігі,  тәуелсіз  бағдарламалық 
жасақтама  Қорының  сайты  (сонымен  қатар    GNU  жобасы  да)  қол 
жетімді.
               CC Attribution - Noncommercial (қысқаша CC-BY-NC)
«Авторлығы көрсетілген - Коммерциялық емес» лицензиясы
Бұл  лицензия  өзгелерге  коммерциялық  емес  негізде  шығарманы 
өңдеуге,  түзетуге  және  дамытуға  мүмкіндік  береді,  алайда  туынды 
жұмыстар  үшін  авторлардың  нұсқаулары  мен  коммерциялық  емес 
пайдалану  шарттары  сақталғанымен,  үшінші  тұлғалар  үшін  өзге 
туынды шығармалар үшін құқық беру көзделмеген.  
 
Аталмыш  лицензия  бойынша  Flickr-дегі  суреттердің  біраз  бөлігі, 
Jamendo-дағы  музыканың  едәуір  бөлігі,  Лоуренс  Лессигтің  «Еркін 
мәдениет» кітабы қол жетімді
                     CC Attribution - Noncommercial - Share Alike  
(қысқаша CC-BY-NC-SA). 
«Авторлығы  көрсетілген    -  Коммерциялық  емес  -  Талаптардың 
сақталуымен» лицензиясы
Бұл  лицензия  Creative  Commons  құрылған  бастапқы  кезеңде  аса 
танымал болды, бірақ кейін BY-SA тәрізді анағұрлым еркін лицензияға 
орнын берді. 
Бұл лицензия нақты автор көрсетілмей тұрғанға және туынды жұмыстар 
сәйкес лицензиялық шарттар бойынша лицензияландырғанға дейін 
комммерциялық  емес  мақсатта  өзгелердің  шығарманы  өңдеуіне, 
өзгертуіне  және  дамытуына  мүмкіндік  береді.  Қолданушылар  осы 
лицензияға («by-nc-sa») ұқсас талаптар бойынша шығарманы алуға 
және  таратуға  ғана  емес,    сонымен  бірге  оны  аударуға  және  осы 
шығармаға  негізделген  туынды  шығармалар  жасауға  мүмкіндік 
береді.  Осы  шығармаға  негізделген  барлық  жаңа  шығармалар 

66 >>
Төртінші бөлім
бірдей лицензияға ие болады, сондықтан барлық туынды жұмыстар 
бейкоммерциялық сипатта. 
Аталмыш лицензия бойынша Flickr-дегі суреттердің біраз бөлігі, 
Jamendo-дағы музыканың едәуір бөлігі қол жетімді.
                     
                     CC Attribution - Noncommercial - No Derivative Works  
(қысқаша CC-BY-NC-ND). 
«Авторлығы  көрсетілген    —  Коммерциялық  емес  —  Туындысыз» 
лицензиясы.
Аталмыш лицензия шығарманы еркін таратуға рұсат беретін барлық 
алты лицензиялардың ішінде ең көп шектеулер қоятын лицензия. Бұл 
лицензияны көбінесе «тегін жарнама» лицензиясы деп атайды, себебі 
ол  өзгелердің  шығарманы  коммерциялық  мақсатта  өзгертуге  және 
пайдалануға  тыйым  салумен  қатар,  авторды  көрсетіп,  оған  сілтеме 
жасағанға  дейін  шығарманы  жүктеуге  және  таратуға  мүмкіндік 
береді.  
Кейбіреулер  бұл  лицензияны  тек  қана  коммерциялық  мақсатта 
пайдалануға тыйым салатын CC BY-NC и CC BY-NC-SA лицензияларына 
қарағанда жақсы деп санайды, себебі оны қолдану құқық иеленушісі 
анықтауға болмайтын тәуелді шығармалардың өсуіне жол бермейді.

67 >>
Интернеттегі авторлық құқық мәселелері: еркін контент дегеніміз не?
Мультимедиалы 
өнім жасау
1. Үнхабар
Үнхабар (ағыл. podcast)– аудио немесе бейнежазба. Басты ерекшелігі 
- арнайы ресурсте сақталуында. Ол үнхабарларды сақтауға арналған 
сайт,  блог,  әлеуметтік  желі  немесе  арнайы  сервис  болуы  мүмкін. 
Автор  оны  өзінің  сайтына  немесе  осындай  сервиске  жүктесе,  бұл 
жазбаны барлық қолданушылар тыңдай алады.
Үнхабарды жасаудағы алғашқы қадам – аудио жолақты жазу. Сіздің 
микрофоныңыз нашар деп қорқудың қажеті жоқ, жазба бәрібір де 
ешқандай шусыз және шиқылсыз жазылады.

68 >>
Төртінші бөлім
Сонымен, кеттік:
1.  http://audacity.sourceforge.net/  cілтеме  арқылы  өтіп,  өзіңіздің 
операциялық  жүйеңізге  сәйкес  келетін  Audacity  бағдарламасының 
нұсқасын жүктеп алыңыз. 
Бағдарламаны орнатыңыз.
2. Енді тікелей интернеттегі параққа көшіп, LAME кітапханасын (MP3 
форматындағы аудиофайлдарды экспорттау үшін) жүктейміз. 
3. LAME кітапханасын орнатамыз. 
4.  Енді  Audacity  бағдарламасын  іске  қосып,  мәзірден  «Түзету» 
->«Параметрлер» деген бұйрықтарды таңдаймыз

69 >>
Интернеттегі авторлық құқық мәселелері: еркін контент дегеніміз не?
5.  Ашылған  терезенің  ішінен  «Кітапханалар»  деген  қосымша  бетті 
тауып,  «Көрсету»  батырмасын  басқаннан  кейін,  алдында  жүктелген 
LAME кітапханасын таңдайсыз. Енді «ОК» батырмасын басыңыз
 
6.  Кітапханалар  орнатылды,  енді  аудио  жолақты  жазуға  кірісеміз. 
Аудио  жазу  үшін:  микрофонды  іске  қосыңыз,  сосын  Audacity 
бағдарламасындағы  «REC»  батырмасын  басыңыз.  Аудиожолақты 
жазып шығыңыз.
 
7. Жолақты жазып болғасын, оны біраз өңдеуге, кейбір шуылдарды 
алып тастауға тура келеді. Ол үшін жазбадағы шуыл бар жерді белгілеп, 
мәзірден «Әсерлер» -> «Шуды жою» пәрмендерін таңдайсыз.
 

70 >>
Төртінші бөлім
8. Жаңадан ашылған терезенің ішінен «Шу моделін құру» батырмасын 
басыңыз. 
 
9.  Енді  жолақты  түгелдей  белгілеңіз  (ол  үшін  Ctrl+A  пернелерінің 
жиынын  пайдаланыңыз).  Мәзірден  «Әсерлер»->«Шуылды  жою» 
пәрмендерін таңдап, «ОК» батырмасын басыңыз. 
10.  Алынған  жазбаны  MP3  форматында  экспорттаңыз.  Ол  үшін 
мәзірден «Файл» -=> «Экспорттау» пәрмендерін таңдаңыз.

71 >>
Интернеттегі авторлық құқық мәселелері: еркін контент дегеніміз не?
11. Жаңадан ашылған «Файлдың түрі» деген алаңнан «Mp3 файлдар» 
деп көрсетіп, «Сақтау» батырмасын басыңыз.
Болды.  Енді  «Үнхабар  қалай  жасау  керек?»  деген  сұраққа  толық 
жауап беру үшін, MP3 файлды Сіздің блогыңызға қалай орнату керек 
екендігін түсіндіру қалды.
Үнхабарды блогта жариялау
Әзірлеген  үнхабарды  блогта  жариялау  үшін  flv-mp3  сервисін 
қолданамыз. 
1. Ол үшін flv-mp3.com сайтына көшеміз. 
2. Жаңадан құрылған mp3 файл үнхабарына сілтеме енгіземіз (ол сіздің 
серверге жүктелуі тиіс), қалған тармақтарды өзгеріссіз қалдырамыз. 
3.  Беттің  төменгі  жағына  түсіп,  «HTML  кодын  құру  және  алу» 
батырмасын басамыз.
4.  Алынған  кодты  көшіріп,  өзіңіздің  блогыңыздағы  тиісті  орынға 
орналастырамыз.  
http://gavrilov.enterbook.ru/kak-sdelat-audio-podkast-i-opublikovat-
ego-v-bloge

72 >>
Төртінші бөлім
2. Youtube көмегімен онлайн трансляция құру
Қазіргі  уақытта  түрлі  іс-шаралардың,  мәселен  конференциялар, 
көрмелер,  концерттер,  спорттық  шаралар,  семинарлардың  онлайн 
трансляциясын  (Webcast)  жүргізу  кеңінен  таралуда.  Онлайн 
трансляцияны  Youtube.com.  сайтында  құруға  болады.  Соңғы 
жылдарда YouTube видеоның сапасын жақсартудан бастап жүктелетін 
контентті  заңдастыру  бойынша  көптеген  жетістіктерге  жетті.  Ендігі 
жерде YouTube онлайн трансляция жасау мүмкіндігін ұсынып отыр. 
Төмендегі  сілтеме  бойынша  Сіз    Youtube.com  сайтында  онлайн 
трансляция жасау мүмкіндігімен таныса аласыз. 
 https://support.google.com/youtube/answer/2853700?hl=ru

73 >>
Интернеттегі авторлық құқық мәселелері: еркін контент дегеніміз не?

74 >>
ҚОРЫТЫНДЫ
Медиадағы конвергенция құбылысы оқырманға 
ақпаратты  жылдам  әрі  тартымды  жеткізудің 
жолын  көрсетті.  Нәтижесінде  мультимедиалық 
контент  пен  мультимедиа  журналистері  пайда 
болды.  

75 >>
Әрбір  оқырман  әлеуметтік  желіде  тіркеліп,  блогын  ашып,  жеке-
дара  медиасын  жүргізіп  отыра  алады.  Алайда,  ақпарат  тасқыны 
күшейген  сайын  ақпараттың  дұрыс-бұрыстығына  қатысты  көптеген 
сауалдар  туындамақ.  Сондықтан  да,  жаңа  медиа  әрбір  адамға 
оқырман болумен қатар оқиғаны өзі баяндауға мүмкіндік беріп отыр. 
Дегенмен,  ақпаратты  тексеріп,  саралап,  тартымды  жеткізе  алатын 
журналистерге деген сұраныс артпақ. 
Ең бастысы журналистика өзгерген жоқ, бар болғаны оқырманның 
ақпаратты  қабылдау  талғамы  өзгеріп  жатқанын  ескеруіміз  керек. 
Мультимедиа  келді  екен  деп,  жаппай  мультимедиалануымыз  шарт 
емес. Алайда мультимедиалық өнімді жасаудың жолдарын түсінуіміз 
шарт. Бір журналист фото да түсіріп, видео да түсіріп, мәтін де жазуға 
машықтануы  мүмкін.  Бірақ  ақпарат  таратқанда  медианың  қай  түрі 
қажет  екенін  түйсіне  алатын  мультимедиалық  түйсіктің  болуы  одан 
да маңыздырақ.  
Мультимедиалық  контент  әзірлеуде    жоспар  құрып  жұмыс  істеу 
көп  көмектеспек.  Сонымен  қатар  үнемі  жаңа  мультимедиалық 
құралдарды қадағалап отыру да маңызды. 
Бұл  шағын  кітапшада  конвергенция  мен  мультимедиаға  қатысты 
бастапқы түсінікпен, кеңестерімізбен бөлістік. Ақпараттық технология 
жылдам  дамып  жатқандықтан  бұл  кеңестер  де  аз  уақытта  өзгеруі 
мүмкін. 
Ең  бастысы  –  журналист  күн  сайын  шығып  жатқан  гаджеттердің 
құлына  айналмай,  ақпараттық  технологиялық  құрылғыларды  өзіне 
бейімдеу жағын ойластырғаны жөн. 

76 >>
1 Google Media 
Google  компаниясының  журналистерге  ұсынатын  өнімдері. 
Төмендегі  сілтемеден  мультимедиалық  өнім  жасауға  көмектесетін 
бағдарламалармен  қатар,  мақала  жазып,  хат  алмасатын  желіге  де 
тіркелу мүмкіндігі бар. http://www.google.com/get/mediatools
2. Audacity
Audacity  деген  сөзді  кез-келген  іздеу  жүйесіне  салып,  дыбыстық 
файлдарды  жазуға,  өңдеуге,  әртүрлі  дыбыстық  форматта  сақтауға 
арналған  бағдарламаны  қондыра  аласыз.  Open  Source  негізіндегі 
бағдарламаны тегін жүктеп алуға болады.
3. Windows Movie Maker
Windows  бағдарламасының  бір  бөлігі  саналатын  Windows  Movie 
Maker  бағдарламасы  видео  файлдарды  өңдеуге,  сақтауға  арналған. 
Бұл  бағдарламаны  орнату  үшін  іздеу  жүйесіне  Windows  Movie 
Maker деп жазып, Windows компаниясының сайтынан тегін жүктеп, 
қондыруға болады.
4. Wordpress.com
Әлемдегі үздік блогтұғырлардың бірі – Wordpress.com. Бұл блогтұғырда 
сізге блог ашу міндетті емес. Алайда блог ашып, жүргізетін болсаңыз 
қарапайым  сайттың  құрылымын  түсінуге  көмектеседі.  HTML  қалай 
жұмыс  істейтінін  көресіз.  Сонымен  қатар  өзіңіз  мақаланы  сайтқа 
қалай орнатып, интернеттегі видео, суретті блогқа жариялау тәрізді 
мультимедиалық  журналиске  қажетті  дағдыларды  өз  бетіңізше 
үйренесіз. 
Пайдалы сайттар тізімі

77 >>
5. Dropbox.com
Бұл  бағдарлама  сізге  файлдарыңызды  компьютеріңізге  емес, 
виртуалды  серверге  сақтауға  көмектеседі.  Нәтижесінде  сіз 
файлдарыңызды  жоғалтып  аламын  деп  алаңдамайсыз.  Әрі 
файлдарыңызды Интернеті бар кез-келген құрылғымен ашып, жұмыс 
істеу мүмкіндігі қарастырылған.  
6. 1st Video - Video Editor
Репортаж  жүргізу  жағдайында  тестілеуден  өткен  iPhone  үшін 
құрастырылған  танымал  қосымшалардың  бірінде  өзіңіздің  видео 
және фотосуреттеріңізді қиюға және өңдеуге болады.     
Қосымшаның  функционалды  мүмкіндіктерінің  ішіне  өзара  
араластыруға  болатын  екі  видеожол  және  аудио  мен  кадрдан  тыс 
әуендерді жазуға арналған екі қосымша жолдар, сонымен бірге кадр 
сыртында қосымша дауыс және сценарий жазу мүмкіндігі бар. 
7. SoundCloud
iPhone  және  Android  бағдарламаларына  бейімделген  қосымшалар 
компьютер  үшін  жасалған  қосымшаларға  қарағанда  аса  көп 
мүмкіндік бермейді, алайда оқиға орнында дыбыс  жазғыңыз немесе 
сұхбат  алғыңыз  келсе,  аталмыш  тегін  қосымша  таптырмас  көмекші 
бола алады. 
Телефонға  жазып  алған  деректерді  дәл  сол  жерде  өңдеуге  немесе 
жазбаларыңызды  телефоннан  өзіңіздің  әлеуметтік  желідегі 
аккаунтарыңызға дереу немесе кейінірек жүктеуіңізге болады.  
8. YouTube Capture
Бұл 
қосымшаның 
көмегімен 
мобильді 
құрылғыңызға 
бейнежазбаларды  түсіріп,  оларды  қолма  қол  YouTube  сайтына 
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз. Өзінің көп жүйелі мүмкіндіктері үшін 
тұтынушылардың алғысын алған тегін қосымша суреттердің сапасын 

78 >>
жақсартуға, оны әрлендіруге, қиюға және кадр сыртынан дыбыс жазу 
мүмкіндігін ұсынады.  
9. Instagram (фото)
Түсірген  суреттеріңізді  сүзгіден  өткізіп,  өзіңіздің  Facebook, 
Twitter  немесе  Tumblr  сайттарындағы  парақтарыңызда  тамаша 
фотосуреттеріңізді жариялауға болады.
10. Google Goggles
Көзбе  көз  іздеу  үшін  арналған  қосымша  шет  елде  жұмыс  істейтін 
тілшілер  үшін  өте  ыңғайлы.  Бұл  тегін  қосымша  мәтіндер  мен 
суреттерді аудару үшін  iPhone немесе  Android камерасын қолданады. 
Айналадағы  сәулет  ескерткіштері  мен  өнер  туындылары  туралы 
ақпаратты ұсына алады.  
11. Tumblr (блогтар)
Tumblr – бұл тек блог жүргізу үшін ғана емес, iPhone компаниясы үшін 
арнайы жасалған платформа. Өзіңіз жазған барлық фото, аудио және 
бейне баяндарыңызды еш қиындықсыз Tumblr-ге жүктей аласыз.  
12. Google analytics
Google Analytics (қысқаша GA) — веб-сайттарға келетін қонақтардың 
толық есебін жүргізу үшін Google компаниясы ұсынған тегін сервис. 
Барлық сандар Google  серверінде тіркеледі, қолданушы тек өзінің 
сайтында JS-кодты орналастыруы қажет. 
Сервистің  тегін  нұсқасында  сайт  беттерін  бір  айдың  ішінде  тек    10 
миллион  рет  қарауға  мүмкіндік  беріледі.  Белсенді  Google  AdWords 
аккаунты  бар қолданушылар  сайт беттерін қарауға шексіз мүмкіндік 
алады. Сервистің басты ерекшелігі  вебмастердің қолданушылардың 
сайтта қанша уақыт отыратындығы және географиялық орналасқан 

79 >>
жері труалы мәлімет беретін Google Analytics сервисінің көмегімен 
алынған деректердің сараптамасына жүгіне отырып Google AdWords 
жарнама  және  маркетинг  кампанияларын  оңтайландыра  алуында. 
http://www.google.com/analytics/
13. EtherPad  
EtherPad  -  веб-интерфейстің  көмегімен  жұмыс  істейтін  мәтіндік 
редактор.    Бұл  редактор  бірнеше  авторлардың  мәтіндік  құжатты 
өңдеуіне  және  дәл  сол  кездегі  жасалып  жатқан  өзгертулерді  қарап 
отыруға  мүмкіндік  береді.  Әр  автор  енгізген  мәтін  бөліктері  жеке 
түспен көрсетіліп тұрады.  http://etherpad.org/
14. Openoffice
Openoffice – мәтіндерді, электронды кестелерді, презентацияларды, 
кескіндемелерді, деректер қорын және басқа көптеген мәліметтерді 
өңдеуге  мүмкіндік  беретін  тегін  бағдарлама.    Көптеген  тілдерге 
аударылған және барлық дербес компьютерлерде жұмыс істей алады. 
Сіздің  деректеріңізді  халықаралық  ашық  форматтағы  ODF  түрінде 
сақтауға  мүмкіндік  береді,  сонымен  бірге  файлдарды  басқа  да  кең 
көлемде таралатын офистік бумаларда сақтау және ашу мүмкіндігіне 
ие боласыз. Бұл бағдарламаны тегін жүктеп, әрі кез келген мақсатта 
қолдана аласыз.  http://www.openoffice.org/ru/why-main.html
15. Evernote
 
Evernote  —  жазбаларды  жасау  мен  сақтау  үшін  қажетті  веб-сервис 
пен  бағдарламалық  жасақтама  жиынтығы.  Жазба  ретінде  мәтін 
бөлігі, тұтас веб-парақ, фото,  аудиофайл немесе қолжазба қолдануы 
мүмкін.  Сонымен  бірге  жазбалар  басқа  типтегі  файлдардан  тұруы 
да  мүмкін.  Жазбаларды  қойын  дәптерлер  бойынша  жинақтауға, 
таңбалар қоюға, өңдеуге және өзге тұтынушыларға ұсынуға болады.  
http://evernote.com/intl/ru/

80 >>
Хост 
(ағыл. host - қожайын, қонақтарды қабылдайтын тұлға) - қандай 
да болсын интерфейс арқылы «клиент-сервер» форматында сервер 
тәртібінде қызмет көрсететін кез келген құрылғы. Көптеген жағдайда 
бұл түсінік жергілікті немесе жаһандық желіге қосылған компьютер 
немесе сервер деген мағына береді.
Инфографика
  -  (лат.  informatio  -  түсіндіру,  хабарлау,  баяндау; 
және  ежелгі  грек.  γραφικός  -  жазбаша,  γράφω  -  жазамын)  -  бұл 
ақпаратты,  мәліметті  таратудың  кескіндемелік  жолы.  Оны  қолдану 
саласы  өте  кең  ауқымды:  география,  журналистика,  білім  беру, 
санақ жүргізу, техникалық мәтіндер. Ақпараттық кескіндеме тек қана 
үлкен көлемдегі ақпаратты жинақтау үшін ғана емес, сонымен бірге 
заттар  мен  деректердің  уақыт  пен  кеңістіктегі  ара  қатынасын  және 
тенденцияларды көрсету үшін пайдаланылады. 
Контент
 (сонымен қатар: «толықтыру» (мағынасына қарай), «сайтты 
толықтыруы») - веб-сайттың құрамындағы барлық ақпарат түрлерін 
(мәтіндік  және  мультимедиялық  -  суреттер,  аудио,  бейнежазбалар) 
білдіреді.  Бұл  ұғым  сайттың  сыртқы  құрылымы  туралы  ақпаратты, 
экранда көрсетілетін ақпараттан айыру үшін қолданады. 
Үнхабар
 (ағыл. podcasting, iPod дегеннен және ағыл. broadcasting[2] - 
жаппай немесе кең көлемде хабар тарату) - Интернеттегі (Интернетте 
хабар  тарату)  радио  және  теле  хабарлар  стилінде  дыбыстық  және 
бейнефайлдарды  құру  және  тарату  үдерісі.  Әдетте  MP3,  AAC,  Ogg/
Vorbis  (аудио  үшін),  Flash  Video  и  AVI  (видео  үшін)  форматында 
жазылады. Ереже бойынша олардың өз тақырыбы және басылымның 
кезеңдік  сипаты  болады.    Үнхабарларды  тыңдау  қолайлығы  үшін 
олардың  автоматты  түрде  жүктелуін  бақылайтын  Zune  Software, 
iTunes, Rhythmbox, gPodder, AmaroK немесе Banshee сияқты көптеген 
бағдарламалық өнімдер ұсынылады. 
Глоссарий

81 >>
Жаңа  медиа
  (ағыл.  New  media)  -  ХХ  ғасырдың  соңында  контент 
өндірушілердің  тұтынушылармен  байланыс  орнатудағы  жаңа 
формалар  мен  интерактивті  электронды  басылымдарды  газеттер 
тәрізді  дәстүрлі  медиадан  айырмасын  көрсету  үшін  қолданған 
жаңа термин, яғни бұл термин сандық, жүйелік технологиялар мен 
коммуникациялардың даму үрдісін анықтайды.  
Веб-сараптама
  (ағыл.  Web  analytics)  -  веб-сайттардың  жұмысын 
жақсарту  және  оңтайландыру  мақсатында  оған  келетін  қонақтар 
туралы ақпаратты жинау, сараптау және көрсету. Веб-сараптаманың 
басты міндеті веб-ресурстың функционалды мүмкіндіктерін дамыту 
және  кеңейту  мақсатында  веб-аудиторияны  анықтау  және  веб-
қонақтардың  тәртібін  зерттеу  жұмыстарына  байланысты  веб-
сайттарға кіріп-шығу үрдісін бақылау мониторингі. 
Блог
 (ағыл. blog, «web log» дегенен, «желілік журнал немесе оқиғалар 
күнделігі»)  -  негізгі  құрамы  тұрақты  түрде  толықтырылып  тұратын 
жазбалар  (мәтін,  суреттер  және  мультимедиа)  құрайтын  веб-сайт.  
Блогтар  кері  хронологиялы  ретпен  жарияланатын  (соңғы  жазба  ең 
үстінде) қысқаша жазбалардан тұрады. Блогтың дәстүрлі күнделіктен 
айырмашылығы  қоршаған  ортаға  тікелей  байланысты:  блогтардың 
көпшілікке  қол  жетімділігі  және  сырттан  келетін  оқырмандарының 
болуы. Ол оқырмандар блогжазбаға қалдырылатын пікірлер немесе 
өздерінің блогжазбалары арқылы автормен пікіралмасуы мүмкін.    
Контент
 (ағыл. content - ішкі құрам) - ақпараттық ресурстың (мысалы, 
вебсайттың) кез келген ақпараттық мәнді құрамы  - мәтіндер, графика, 
мультимедиа.
Баннер
 (ағыл. banner - жалау, транспарант) - жарнамалық сипаттағы 
кескіндемелік сурет.

СПРАВОЧНИК
 
ПО МУЛЬТИМЕДИА

При поддержке Министерства культуры и информации Республики 
Казахстан  акционерным  обществом  «Казконтент»  с  2012  года 
реализуется  проект  «Переход  печатных  СМИ  в  Интернет».  В 
рамках Проекта более 700 редакциям оказана консультационная и 
информационная  поддержка,  в  том  числе  по  созданию  интернет-
ресурсов редакциям печатных СМИ.
Деятельность проекта направлена на поддержку редакций печатных 
СМИ  в  создании  интернет-ресурсов,  обучению  контентному 
сопровождению, а также использованию мультимедиа инструментов 
в своей работе. 
В  рамках  реализации  проекта  участниками  озвучены  множество 
вопросов по мультимедийной журналистике. Принимая во внимание 
актуальность  новых  медиа  в  работе  СМИ  мы  решили  создать 
данный  справочник  в  целях  предоставления  базовых  знаний  по 
мультимедийной журналистике.
Надеемся, что справочник станет  настольной книгой журналистов и 
информация будет полезной в вашей деятельности.
 
Предисловие

ПЕРВАЯ ГЛАВА
Появление термина «конвергенция». 
Отношение конвергенции к медиа. Краткая 
история медиа-конвергенции.
Международный опыт. 
В чем отличие казахстанской модели медиа-
конвергенции от зарубежной?

86 >>


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет